Мемлекеттік борыш пен мемлекеттік кредит

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 21:04, курсовая работа

Описание работы

Қойылған мақсатты жүзеге асыру төмендегі міндеттерді шешуді көздейді:
- нарық жағдайындағы мемлекеттік қарызды басқарудың теориялық негіздерін зерттеу;
- нарық жағдайындағы сыртқы қарыздардың тиімділігін қарастыру, мемлекеттік сыртқы қарызды басқарудың қаржылық әдістерін жіктеу;
- Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызының өсімін талдау, сыртқы қарыздардың тиімділігін бағалау;
- Қазақстан Республикасының сыртқы қарызын басқару стратегиясының тәсілдерін, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыз алудағы ұстанымдары мен ұйымдастыру негіздерін дайындау;
- қарыз алу және жекеменшік сектордың қарыз капиталының сыртқы нарығындағы міндеттемелерін өтеу мәселелерін мемлекеттік реттеудің тетіктерін анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІК КРЕДИТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ
1.1 Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары, әдістері 4
1.2 Сыртқы кредит 9
1.3 Мемлекеттік борыш ұғымы және оның түрлері 12

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШЫ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Елдің сыртқы борышы 16
2.2 Мемлекеттік борышты басқару 21
2.3 Мемлекеттік борышты басқарудың заңнамалық нысандары 25

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШЫН БАСҚАРУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Мемлекеттік борышты басқаруда кездесетін мәселелер 28
3.2 Мемлекеттік борышты басқаруындағы кездесетін мәселелерді шешу жолдары
32

ҚОРЫТЫНДЫ 35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

курстык жумыс.doc

— 371.50 Кб (Скачать)

Халықаралық мемлекеттік кредитте тараптар арасындағы уағдаластық әдетте кредиттік желілер – кредитордың (донордың) қарыз алушыға (реципиентке) келісілген лимит шектерінде шарттасылған мерзім ішінде кредиттер беру міндеттемелері ретінде ресімделеді. Ашық кредиттік желілер шектерінде жекелеген кредиттік келісімдер жасасылады, мұның негізінде несиелер сериялармен – транштармен беріледі. Кредиттік желілер нысанын пайдалану несие капиталдарының әлемдік рыногында конъюнктураның өзгеруі кезінде қарыз алушы үшін де, сондай-ақ кредитор үшін де кредиттік қатынастарда орнықтылық пен сенімділікке жетуге жағдай жасайды.

Халықаралық кредиттің негізгі нысаны сыртқы қарыздар болып табылады. Бұл қарыздар кезінде қарыз алушыға қарыз берушінің ақшалай қаражаттардың шарттасылған сомасын (не осы сомаға тауарлар немесе қызметтер) мерзімге беру орны болады, мерзім біткеннен кейін қарыз алушының кредиторға пайыздарымен (кейде оларсыз) алынған соманы қайтаруға міндеттенеді. Қарыздық қаражаттар сыртқы сауда мәмілелерін жүзеге асыру немесе экспорт пен импортқа жәрдемдесу – сыртқы сауданы несиелендіру үшін пайдаланылады. Сыртқы сауданы несиелендіру кезінде кредиттерді беру, пайдалану және өтеу елдердің тиісті бағдарламалары мен бюджеттерінде қарастырылады, мұның өзі оларға өздерінің міндеттемелерін толық әрі бөгетсіз орындауына мүмкіндік береді.

Халықаралық кредит нысандарында экономикалық дамуды қолдау мақсатымен шетел мемлекеттері мен көпжақты ұйымдар (ХҚДБ, ЕҚДБ, АДБ) беретін дамуға ресми көмек ерекшеленеді. Рыноктық шарттарда берілетін қарыздардан айырмашылығы көмек беру мақсаттарының коммерциялық емес сипаты болады, яғни көпжақты валюта-кредит ұйымдары өздерінің пайдасын барынша көбейтуге ұмтылмайды, керісінше, құрылымдық жаңғыртуды және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін сфераларды қаржыландырады. Мысалы, Халықаралық валюта қорының кредиттері Қазақстанға макроэкономикалық тұрақтандырудың және құрылымдық реформалардың бағдарламаларына, теңгенің бағамын қолдауға беріледі, мұның өзі басқа халықаралық ұйымдар қарыздарының елге түсу шарттарының бірі болып табылады.

Халықаралық экономикалық қатынастар практикасында сондай-ақ экспорт­тық немесе «байланыстырылған кредиттер» нысаны қолданылады. Мұндай кредит­терді беру қарыз алушы-елге нақтылы тауарларды сатып алуға берілетін кредит олар­дың жеткізілімімен «байланыстырылады». Әдетте байланыстырылған кредиттер жеңілдік жағдай­ларда беріледі, мұның өзі өз еліндегі сұранымы жеткіліксіз тауарларды басқа елдердің рыноктарында қозғаудың қажеттігінен туады.

Экспорттық кредиттерді пайдаланудың елдің сауда балансына ықпал жасайтын зардабы болады. Қосымша қаржыландырудың есебінен импорт өседі, ал бұл сауда балансының тапшылығын тудырады немесе көбейтуі мүмкін. Бұдан басқа, экспорттық кредиттер реципиент-елдегі экономикалық өсуге ықпал жасайды, өйткені, біріншіден, тиісті қаражаттарды өндірістік сфераға салуға мүмкін болар еді және болашақта ағымдағы қажеттіліктерді мезеттік қанағаттандырудың орнына табыс әкелер еді, екіншіден, импортталатын тауарлар неғұрлым сапалы және арзан тауарлар ретінде отандық тауарларды ығыстырады немесе оларды өндіру- ді жаншиды.

Қазіргі жағдайларда жабдықты, материалдарды, азық-түлікті сатып алу кезінде дамыған елдерде сыртқы сауда ұйымдары мен сыртқы экономикалық банк контракттар мен келісімдер, соның ішінде өтемдік келісімдер негізінде бұл елдердің банктері мен фирмаларынан алатын банктік және коммерциялық кредиттерді пайдаланады. Өтемдік келісімдер – бұл сыртқы сауда келісімдерінің түрі, бұл келісімдер кезінде тауарды сатып алушы оның құнын басқа тауарлар жеткізілімімен төлейді. Өтемдік келісімдер, әдеттегідей, шетел банктерінен ұзақ мерзімді кредиттер алуды қарастырады, бұл кредиттердің есебінен шетелдік фирмаларға белгілі бір объектіні салу үшін олардан сатып алынатын тауарлар төленеді. Жеткізілім құнын өтеу салынған объектілер өнімінің есебінен берілген кредиттің сомасын пайыздарды қоса, толық жабатын көлемде жүргізіледі.

Мемлекеттік сыртқы қарыздардың мақсаттары республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру және төлем балансын қолдау болып табылады. Үкіметтің сыртқы қарыздар бойынша алған қаражаттары республикалық бюджетке есепке алынады және бюджеттің атқарылуы ретінде пайдаланылады, ал Ұлттық банктің алған қарыздары ақшалай-кредиттік саясатты жүзеге асыру мақсаттарына пайдаланылады. Бұл қаражаттар мақсатты арналымына қарай тікелей өтеусіз пайдалануға бағытталуы немесе ішкі (түпкі) қарыз алушыға қайтарылатын негізде берілуі мүмкін. Өтеусіз пайдалану бюджеттік жұмсау (қаржы бөлу) немесе Ұлттық банктің қаражаттарды пайдалануы арқылы жүзеге асады. Ішкі (түпкі) қарыз алушылар үшін қаражаттарды кредиттік келісімшарттар бойынша қарыз берушілер болып табылатын Үкімет немесе Ұлттық банк береді. Қарыздық қаражаттарды мақсатты пайдалануға бақылау жасауды заңнама мен кредиттік келісімшартқа сәйкес қарыз беруші жүзеге асырады, ал келісілген шарттар сақталмаған кезде тиісті санкциялар қолданылады.

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы шетелдерден едәуір кредиттер алды. Сондықтан валюталық қаражаттарды ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта түсуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарларды шығаратын кәсіпорындарды құру және жаңғырту және басым өндірістерді, яғни экономиканы сауықтыру үшін белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін пайдаланылуы тиіс.

 

 

1.3 Мемлекеттік борыш ұғымы және оның түрлері

 

Мемлекеттік борыш – мемлекеттің өтелмеген қарыздары, міндеттемелері, несиелері және оларға байланысты төленбеген пайыздары бойынша берешегінің жалпы сомасы. Барлық елдер экономикалық саясатты жүзеге асыру тетіктерінің бір ретінде мемлекеттік қарызды пайдаланады. Мемлекеттік борыш бір жағынан, экономикаға ауыртпалық түсіреді және экономикалық жағдаяттың нашарлауына байланысты өсе түседі. Екінші жағынан, Мемлекеттік борыш пен бюджеттен қаржыландыру - экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді құралы. Ол ақша айналысына, тұтыну, жинақ ақша, инвестиция деңгейіне тұрақтандырушы ретінде де, тұрақсыздандырушы ретінде де әсер етуі ықтимал, яғни экономикалық өсуге серпін беруі де, оны тежеуі де мүмкін. [4]. Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік борыш – бұл алынған (игерілген) және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың, белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса). Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақшалай ресурстарды тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Несие қаражатының қайдан алынғанына қарай Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы борыштарға, қызмет көрсету мерзіміне қарай күрделі және ағымдағы борыштарға, мерзіміне қарай:

        қысқа мерзімді - 1 жылға дейін;

        орта мерзімді - 1 жылдан 10 жылға дейін;

        ұзақ мерзімді - 10 жылдан аса мерзімге - борыш түрлеріне бөлінеді.

Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Ішкі мемлекеттік борыш – Үкіметтің, Ұлттық банктің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы ішкі мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі. Сыртқы мемлекеттік борыш – Үкімет пен Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы сыртқы мемлекеттік қарыздары мен басқа борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі [5]. 

Сонымен қатар күрделі және ағымдағы мемлекеттік борыштарды ажыратады. Күрделі мемлекеттік борыш деп мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл сомасын (бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса) айтады. Ағымдағы борыш – бұл мемлекеттің бар­лық борышқорлық міндеттемелері бойынша кредиторларға табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу жөніндегі шығыстар.

Мемлекет кепілдендірген борыш – Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері* бар белгілі бір күнге алынған және өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы.

 

Сурет – 2. Мемлекеттік кредиттегі себеп-салдарлық өзара байланыстар

 

 

 

Мемлекеттік борыштың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады. Ол бюджеттің шығыс бөлігіне қатысты 1993-1998жж. 12-16 %-ды құрады; 2000 жылдан тапшылық қатты қысқара бастады: 2000ж. 0,5%-ды, 2002ж. --1,6, 2003ж.-4,3, 2004ж.–1,4%-ды құрады. 2005 жылы профицитке қол жетті--+2,4%, 2006 ж.--+3,8%; қайтадан тапшылық 2007 ж – 8,0%-ды, 2008 ж – 9,8%-ды, 2009 жылы 13,1%-ды құрады. 2009 жылы республикалық бюджет осы жылға жоспарланған ІЖӨ-ге қатысты 3,1%, 2010 жылы 2,7% тапшылықпен атқарылды.

Ішкі мемлекеттік борыштың болуын экономикада шығарып тастауға болмайды, қайта көп жағдайда қағида болып табылады: экономикалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы болады. Ішкі мемлекеттік борыш 2009 жылдың басында Қазақстанға 1213 миллиард теңгені (10 миллиард АҚШ долларын) құрады, бұл ІЖӨ-нің 7,6%-ын құрайды; соның ішінде, үкіметтің борышы - 820,2 миллиард теңге (6,8 миллиард долл.) 

Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі және жұмыс істеу ерек­шеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың кiріктірілген факторлары болып табылады. Халықтан, корпорациялардан, банктерден, басқа қаржы және кредит мекемелерінен қарызға алынған ақшалар өнімді пайдаланылады және аталған қарыз алушылардың активтері ретінде қаралады. Мемлекеттік борыш «ұлттың өзіне өзінің қарызы» ретінде қаралады және ұлттың жиынтық байлығының жалпы мөлшеріне әсер етпейді. Ішкі борышты басқару жөніндегі пайыздарды төлеу қажеттігі түріндегі оның белгілі бір теріс зар­даптары инвестицияларға немесе елдің экономикасын дамытуға қосымша қаржылық ресурстарды жұмылдырудан болатын оңтайлы нәтижелермен жабылады. Ішкі борыштың өсуі кезінде ұлттық табыс пен байлық кемімейді, мұның өзі, әрине, табыстардың қайта бөлінісімен байланысты болатын бірқатар келеңсіз салдарларды жоққа шығармайды, олар мынаған саяды:

1.              Берешекті өтеу мен пайыздарды төлеу бюджет қаражаттары есебінен, яғни салық төлеушілер есебінен жүргізіледі, сөйтіп, табыстар мемлекеттік бағалы қағаздар иелеріне, әдеттегідей, қоғамның дәулетті жіктеріне ағылады.

2.              Салықтарды көбейту жолымен мемлекеттік борышты азайту жөніндегі мемлекеттің іс-қимылы кезінде макроэкономикалық тәуекелдер қосылады, жиынтық сұранымның қысқаруы тепе-теңді таза ұлттық өнімнің азаюына ұрындырады, кәсіпкерлер тарапынан қаражаттардың жұмсалымына деген ынталандырмалары төмендейді, экономикаға қаражаттарды инвестициялау қысқарады.

3.              Жекеше кәсіпкерлердің «инветицияларын ығыстыру» нәтижесі әрекет етеді. Бұл құбылыс мынадан туып отыр. Мемлекет бюджет тапшылығын немесе борышты жабу мақсатымен несие рыногына шыға отырып, ақша рыногында бәсекені күшейтеді, мұның нәтижесінде ақшалай капиталдың пайыздық мөлшерлемелері артады. Бұл жекеменшіктік секторды инвестициялардың бір бөлігінен айырады, ал инвестициялық шығыстардың төмендеуі тепе-теңді таза ұлттық өнімді азайтады.

Ішкі мемлекеттік борыштың басқа нысандары мыналар болды: бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алынған кредиттер бойынша Ұлттық банкке берешек; облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен ресімделген халықтан, шаруашылық жүргізуші субъектілерден алынған қарыздар бойынша борыш.

Сыртқы борыш – шетелдік кредиторлар турасында белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы. Елдің сыртқы борышының болуы орынды әлемдік практика болып саналады. Алайда, оның шегі болады, ол шектен мемлекеттік борыштың артуы қауіпті бола бастайды. Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын қаражаттардың көлемі елдің Ұлттық банкінің таза алтын-валюта резервтерінің 50 пайызынан аспауы тиіс. Сыртқы қарыздарды көптен-көп ауқымда тарту кредитор - елдерге экономикалық және саяси тәуелділікке ұрындыруы мүмкін

              Елдің жиынтық сыртқы борышының едәуір бөлігін мемлекет кепілдендірмеген, жекеменшіктік сектордың борышы, соның ішінде фирмааралық берешек алып отыр. Борыштың бұл бөлігі несиелік капиталдың сыртқы рыноктарында экономикалық субъектілердің кредиттік өзара қатынастарының кеңеюімен байланысты. Фирамааралық берешек Қазақстанда жұмыс істеп тұрған еншілес кәсіпорындарға шетелдік бас компаниялар мен фирмалар тарапынан берілген кредиттер бойынша өзара қатынастарды білдіреді. Бұл тәрізді берешекті ел экономикасы мен қаржылары үшін бейтарапты берешек деп санауға болмайды. Жекеменшіктік сектордың сыртқы кредиттері валюта бағамының ұнамсыз ауытқуларын туғызады, монетарлық биліктердің ақшалай-кредиттік саясатының таңдап алынған бағыттарын жүргізуде проблемаларды тереңдете отырып, валюта рыногында қалыптасқан тепе-теңдікті бұзуы мүмкін, ақша айналысының тұрақтылығына әсер етеді. Егер фирмааралық берешек үлкен көлемдерге жетсе немесе пайыздардың жоғары мөлшерлемелерімен ресімделсе, онда шығындарға кіріктіріле отырып, салықтық төлемдердің азаюына соқтыра отырып, салықтық шегерімнің мөлшерін көтеріп жібереді. Және тұтас алғанда кредиттік, лизингтік және соған ұқсас мәмілелерді ресімдеу (әдетте, сырт көріністе) шетелдік субъектілер үшін керекті түсінікте экономикалық қызметтің ақиқатты нәтижелерін бұрмалауға алып келеді. Сыртқы борыштың болуы жасалынған өнімнің бір бөлігін елден тыс жерге берудің қажеттігін білдіреді. Мемлекеттік борыш бойынша пайыздық төлемдердің тез өсу үрдісі бар. Мұндай төлемақылар болашақ экономикалық дамуды тежейді және реципиент-ел бюджетінің тапшылығын ұлғайтады.

 

 

 

 

 

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШЫ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

2.1 Елдің сыртқы борышы

 

1992 жылы бұрынғы КСРО-дан мұра болып қалған Қазақстанның сыртқы борышы 3,2 миллиард АҚШ долларын құрады. 1993 жылдың аяғында Ресей Федерациясымен бұрынғы КСРО-ның сыртқы борышындағы Қазақстанның үлестік борышы мәселесін реттеген «нөлдік нұсқалы» келісімге қол қойылғаннан кейін және берешектің бір бөлігін мемлекеттік борышқа қайта ресімдегеннен кейін Қазақстанның сыртқы борышы 1.9 миллиард. долларды құрады. Бұл борыш экспорттық мүмкіншілігі бар Қазақстан Республикасы үшін көп емес еді. 1995 жылдың аяғында Халықаралық валюта қорынан сатымды ресурстарды қоса жалпы сыртқы борыш 3,09 миллиард. долларды құрады (шамамен ІЖӨ-нің 19%). 1999 жылдың аяғында жалпы сыртқы борыш ең жоғарғы мөлшерге – 8,0 миллиард долларға жетті (IЖӨ-нің 50,5 %), соның ішінде тура мемлекеттік және Үкімет кепілдендірген сыртқы борыш – 4,0 миллиард доллар, Үкімет кепілдендірген сыртқы борыш – 2,8 миллиард доллар. Ішкі жалпы борыштың жылдық экспортқа қатынасы 115,3%-ды, ал берешекке қызмет ету сомасының экспортқа қатынасы 27,3%-ды, халықтың жан басына шаққандағы ішкі жалпы борыш 533,8 долларды құрады. Бұл уақытта сыртқы борыш статистикасында жекеше сектордың борышын, соның ішінде фирмааралық берешекті бөліп көрсету басталды .

 

        Кесте 1. Жалпы сыртқы борыштың динамикасы, млрд  АҚШ долларында.

 

 

2004 ж

2005 ж

2006 ж

2007 ж

2008 ж

2009 ж.

2010 ж.

Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген борыш

3,1

2,2

3,1

2,1

2,2

3,7

5,1

жиынға %-бен

9,6

5,0

4,2

2,2

2,0

3,0

4,3

Мемлекет кепілдендірмеген борыш

29,6

41,2

70,9

94,8

106,0

109,5

114,1

жиынға %-бен

90,4

95,0

95,8

97,8

98,0

96,7

95,7

Жиыны

32,7

43,4

74,0

96,9

108,1

113,2

119,2

Соның ішінде фирмааралық берешек

16,7

19,2

25,5

30,1

37,0

50,1

53,2

жиынға %-бен

51,0

44,3

34,5

31,0

34,2

44,2

44,7

Информация о работе Мемлекеттік борыш пен мемлекеттік кредит