Мемлекеттік борыш пен мемлекеттік кредит

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 21:04, курсовая работа

Описание работы

Қойылған мақсатты жүзеге асыру төмендегі міндеттерді шешуді көздейді:
- нарық жағдайындағы мемлекеттік қарызды басқарудың теориялық негіздерін зерттеу;
- нарық жағдайындағы сыртқы қарыздардың тиімділігін қарастыру, мемлекеттік сыртқы қарызды басқарудың қаржылық әдістерін жіктеу;
- Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызының өсімін талдау, сыртқы қарыздардың тиімділігін бағалау;
- Қазақстан Республикасының сыртқы қарызын басқару стратегиясының тәсілдерін, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыз алудағы ұстанымдары мен ұйымдастыру негіздерін дайындау;
- қарыз алу және жекеменшік сектордың қарыз капиталының сыртқы нарығындағы міндеттемелерін өтеу мәселелерін мемлекеттік реттеудің тетіктерін анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІК КРЕДИТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ
1.1 Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары, әдістері 4
1.2 Сыртқы кредит 9
1.3 Мемлекеттік борыш ұғымы және оның түрлері 12

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШЫ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Елдің сыртқы борышы 16
2.2 Мемлекеттік борышты басқару 21
2.3 Мемлекеттік борышты басқарудың заңнамалық нысандары 25

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШЫН БАСҚАРУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Мемлекеттік борышты басқаруда кездесетін мәселелер 28
3.2 Мемлекеттік борышты басқаруындағы кездесетін мәселелерді шешу жолдары
32

ҚОРЫТЫНДЫ 35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

курстык жумыс.doc

— 371.50 Кб (Скачать)

Дереккөз: Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, Статистика жөніндегі агенттік

 

Кестеден көрініп тұрғандай, 2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы сыртқы борышы 119,2 миллиард долларды құрады

( 2009 ж. – 113,2 миллиард доллар). Жалпы сыртқы борыштың негізгі өсуі берешек 112 миллиардтан 119 миллиардқа өскен 2010 жылдың төртінші тоқсанында болды. Соның ішінде есепті жылы қысқа мерзімді борыш 12,6 %-ға – 9 миллиард долларға төмендеді, ұзақ мерзімді борыш, керісінше, 7%-ға – 110,2 миллиард доллларға өсті. 2010 жылдың қорытындысы  бойынша мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген борыштың үлесі 4,3%-ға немесе 5,1 миллиард долларға өсті (2009 жылы тиісінше 3,3 және 3,7). Қазақстаннның банк секторының міндеттемелері 2010 жылы 10 миллиард долларға қысқарып, 20 миллиард доллларды құрады. Фирмааралық берешек жалпы соманың 44  %-ын немесе 53 миллирад 246 миллион долларды құрады, өсім – 3 миллиард долларға жуық.

Сонымен бірге сыртқы борыштың салыстырмалы параметрлері айтарлықтай  жақсарды, бұл бірінші кезекте ІЖӨ көлемінің артуымен, сондай-ақ тауарлардың экспорты мен қызметтер көлемінің өсуімен байланысты болып отыр. Мәселен, 2010 жылдың  қорытындысы бойынша борыштың ІЖӨ-ге ара қатынасы 81,7%-ға дейін, ал тауар экспорты мен қызметтерге  ара қатынасы 179,9%-ға дейін төмендеді, осы уақытта 2009 жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіштер тиісінше 98,6 және 234,6 %-ды құраған болатын.

2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша өзара талаптарды есепке алмағанда мемлекеттік борыш 2 триллион 39 миллиард, соның ішінде үкіметтік борыш 1 триллион 618 миллиард теңге болды. Үкіметтік борыштың құрылымында ішкі борыш 1 тириллион 289 миллиард теңгені, сыртқы борыш 329 миллиард теңгені құрады.

Сонымен бірге елдің ішкі жалпы борышы бесінші жыл қатарынан әлуеттік қауіптілік (ІЖӨ-нің 80%-ы) болып табылатын сыни деңгейден жоғары болып қалуда бұл аттап өтуге болмайтын белгі. Ел бұған әзір жетпесе, сыртқы борыш аса қауіпті болып саналмайды. Бірақ берешек сомасы бұл планкадан асатын болса, мемлекетте төлем балансымен проблемалар бола бастайды, ал қарыз алушылардың өздері үшін дефолт ықтималдығы артады.

2010  жылы  ЖІӨ-ге  шаққандағы  мемлекеттік  және  мемлекет  кепілдік берген  қарыздың  үлесі  2008  жылғы  8,7%-дан  14,9%-ға  дейін  көбейген,  яғни 1,7 есе              өсіп              отыр.              Бұл              ретте              сыртқы мемлекетті борыш              2008              жылмен салыстырғанда  2,3  есеге  ұлғайып,  598,7  млрд.теңгеге  жетті [6]. Республикада жалпы сыртқы борыштың өсу үрдісі сақталуда, 2010 жылы оның көлемі 119,2 млрд. долларды құрап, ЖІӨ-ге шаққандағы оның үлесі 81,2% болды, бұл ретте оның шекті мөлшері халықаралық стандарттарда қабылданған шамадан  21,2%-ға  асып  кеткен.  Жалпы  сыртқы  борыш  құрылымында  басқа секторлардың  қарызы  басым  болып  отыр.  2010  жылдың  аяғында  олардың көлемі 94,4 млрд. долларды немесе жалпы борыш көлемінің 79,2%-ын құрады.

34

 



Сурет – 3

Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышының серпіні мен құрылымы

 

 

 

 

 

Дерекөз: 2010 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп комитетінің есебі

 

Сөйтіп, Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы боыршының елдің ішкі жалпы өніміне ара қатынасы ( фирмалық берешекті қоса алғанда) 2010 жылдың соңына 81,7 %-ды, фирмааралық берешекті шығарып тастағанда 42,5 %-ды құрады.  Ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда ( фирмаарлық берешекті шығарып тастағанда ) 4,5 мың долларды құрайды.

Мемлекеттік борыштың болуы мезгілі келген пайыздарды және борыштық міндеттемелерді өтеуді төлеу жөніндегі жыл сайынғы шығындарды қажет етеді, олар мемлекеттік борышты басқару жөніндегі шығындар деп аталады.

Қазақстан Республикасының үкіметтік борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді Қаржы министрлігі республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасы заңында көзделген қаражат есебінен Ұлттық банк арқылы, Ұлттық банктің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді Ұлттық банк өзінің билігіндегі активтер есебінен, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді ол тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетте көзделген қаражат есебінен Ұлттық банктің келісімі бойынша жергілікті атқарушы органның қарыздарына қызмет көрсету үшін тартылатын екінші деңгей банктері арқылы жүзеге асырылады.

Барлық мемлекеттік қарыздар Үкімет белгілеген тәртіппен Қаржы министрлігінде тіркеліп, есепке алынуға тиіс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышын есепке алу үшін Ұлттық банк пен жергілікті атқарушы органдар келісілген тәртіппен Қаржы министрлігіне өз қарыздарының талаптары, алынуы, оларға қызмет көрсетілуі және өтелуі туралы ақпарат тапсырып отырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің қаражатымен қамтамасыз етілетін үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету, Ұлттық банк өзінің билігіндегі барлық активтермен қамтамасыз етілетін Ұлттық банктің борышын өтеу және оған қызмет көрсету, жергілікті атқарушы орган билігінде тұрған меншік құқығындағы мүлікпен, қаржылық ресурстармен және басқа активтермен қамтамасыз етілетін өз борышын өтеу және оған қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелерді атқарады.

Борыштың негізгі сомасы қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдер толық көлемінде төленген жағдайда мемлекеттік борыш өтелген болып саналады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық банкінің және жергілікті атқарушы органдарының осындай шарттың (келісімнің) талаптарында, осындай қағаздарды шығару талаптарында көзделген жағдайда, қарыз туралы шарт (келісім) бойынша міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге, мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын сатып алуға құқығы бар.

2011 жылғы 2-тоқсанда Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы борышының (бұдан әрі – ЖСБ) көлемі 2009 жылғы 1-тоқсаннан бергі динамикамен (азаю жағына қарай) нақтыланды, ол негізінен респонденттердің өткен кезеңдердегі есептерінің түзетілуімен байланысты болды. Мәселен, аудиторлық тексеру нәтижесінде ірі респонденттің фирмааралық берешегінің бір бөлігі қайтаруға жатпайтын капитал ретінде танылды [7].

Осы деректерді есептегенде 2011 жылғы 1-тоқсанның аяғында ЖСБ 123,2 млрд. АҚШ долл. мөлшерінде бағаланды (қайта бағалауға дейінгі 124,2 млрд. АҚШ долл. қарағанда).

Жалпы алғанда, 2011 жылғы 1-жартыжылдықта ЖСБ шамамен 6,0 млрд. АҚШ долл. өсті, оның ішінде 2011 жылғы 2-тоқсанда 0,9 млрд. АҚШ долл. өсті. Сонымен қатар 2011 жылғы 2-тоқсанда борыш Ақша-кредиттік реттеу органдары бойынша 0,9 млрд. АҚШ долл. (2011 жылғы 1-жартыжылдықта 1,5 млрд. долл. өсу) және Банктер бойынша 1,2 млрд. АҚШ долл. (2011 жылғы 1-жартыжылдықта 1,3 млрд. долл. төмендеу) төмендеді. Ақша-кредиттік реттеу органының сыртқы борышы негізінен резидент еместердің Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноттарымен операцияларына байланысты өзгерді. Банктердің сыртқы борышының төмендеуі көбіне Банктердің резидент еместердің портфеліндегі облигацияларының нарықтық бағаларының айтарлықтай азаюымен байланысты болды [8].

Мемлекеттік басқару секторы сыртқы борыштық міндеттемелердің 0,2 млрд. АҚШ долл. ұлғайғанын көрсетті, ол негізінен Қаржы министрлігінің резидент еместердің қолындағы бағалы қағаздары көлемінің ұлғаюы есебінен болды. Басқа секторлардың сыртқы борышы 2011 жылғы 1-жартыжылдықта 5,5 млрд. АҚШ долл., оның ішінде 2011 жылғы 2-тоқсанда 2,8 млрд. АҚШ долл. өсті, оның ішінде фирмааралық борышқа тиісінше 4,0 млрд. АҚШ долл. және 2,6 млрд. АҚШ долл. тиесілі. 

Осылайша, 2011 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша республиканың ЖСБ 124,1 млрд. АҚШ долл. құрады, оның ішінде 6,5 млрд. АҚШ долл. немесе 5,3%-ын мемлекеттік сектордың сыртқы борышы құрайды, 56,2 млрд. АҚШ долл. немесе 45,3% фирмааралық берешектің, 18,6 млрд. АҚШ долл. немесе 15,0% банк секторының үлесіне тиесілі.

Тауарлардың және қызметтердің экспортына (ТҚЭ) және ЖІӨ қатысты  сыртқы борыштың салыстырмалы өлшемдері жақсара түсуде, бұл ТҚЭ мен ЖІӨ-нің озып өсуіне байланысты болды. Атап айтқанда, 2011 жылғы 30 маусымда ТҚЭ-ге ЖСБ-нің қатынасы 2011 жылғы 31 наурыздағы 178,9%-ға және 2010 жылғы 31 желтоқсандағы 181,5%-ға қарағанда 156,8% құрады. ЖІӨ-ге ЖСБ-нің қатынасы есепті күні 2011 жылғы 1-тоқсанның аяғындағы 80,2%-ға және 2011 жыл басындағы 79,8%-ға қарағанда 77% болды.  

Елдің мемлекеттік секторы ретіндегі сыртқы борыштық активтерінің (негізінде Ұлттық Банктің резервтік активтері және Ұлттық қордың активтері есебінен), сондай-ақ банктердің және Басқа секторлардың (борыштық қаржы құралдарының барлық түрлері бойынша) айтарлықтай өсуі салдарынан Қазақстанның 2011 жылғы 2-тоқсандағы таза сыртқы борышы 5,1 млрд. АҚШ долл. қысқарғанын атап көрсету керек. Нәтижесінде Қазақстанның 2011 жылғы 30 маусымдағы таза сыртқы борышы 15,6 млрд. АҚШ долл. құрады. Бұл ретте 2011 жылғы 30 маусымда банктер таза борышкер позициясынан таза кредитор позициясына көшті. Қазақстанның халықаралық инвестициялық позициясы да айтарлықтай жақсарғанын көрсетті (2011 жылғы 1-тоқсанда 6,4 млрд. АҚШ долл.  және 2011 жылғы 1-жартыжылдығында  9,8 млрд. АҚШ долл.). [9].

              Жалпы сыртқы борыштың басым бөлігін қазақстан резденттерінің резидент еместердің алдындағы фирмааралық берешегі құрайды. Фирмааралық берешекке акцияны сатып алуды, акционер емес кәсіпорындардың жарғылық капиталына жарнаны салу және қайта инвестицияланған пайданы қоспағанда республикаға келген барлық тікелей инвестициялар кіреді. Мұндай тәсіл жалпы алғанда Сыртқы борыш статистикасы жөніндегі нұсқаулықта берілген методологикалық принциптерге сәйкес келеді. Бірақта республикада сыртқы борыш статистикасынын қалыптастыру ерекшеліктерінің бірі - шетел компанияларының қазақстандағы филиалдарының өздерінің бас компанияларынан алатын қаржыларын сыртқы қарызға қосу. Қазақстан заңы бойынша шетел компанияларының қазақстандағы филиалдары резидент еместер болып табылады, сондықтан шетел компаниялары филиалдарының міндеттемелері құқықтық тұрғыдан сыртқы борыш болып есептелмейді. Методологияға келсек, Сыртқы борыш нұсқаулығында шетел заңды тұлғалар филиалдары өздерінің бас компанияларынан тартатын қарызын капиталға қатысу құралы ретінде жіктеу мүмкіндігі қарастырылады. Бұл жағдайда егерде осындай займдар белгілі бір шарттарды қанағаттандырса, онда олар сыртқы қарыз болып есептелмеуі мүмқін. Осыған қарамастан қазіргі кезде, қарызды тарту мен қайтару туралы толық деректердің жоқтығына байланысты, тікелей инвесторлардың өз филиалдарына берген займдары сыртқы қарыз ретінде есепке алынады [10]. Сыртқы борыш статистикасын қалыптастыру методологиясы Халықаралық Валюта Қорының, Дүниежүзілік Банктің және басқа да халықаралық ұйымдардың Сыртқы борыш статистикасы нұсқаулығында (2001 ж.) баяндалған методологияға негізделген және БҰҰ-ң ұлттық есепшоттар жүйесі (1993ж.) мен төлем балансы статистикасының (Төлем балансының нұсқаулығы, ХВҚ, 1993ж.) негізгі прициптеріне сәйкес келеді. Сыртқы борыш статистикасының нұсқаулығындағы анықтама бойынша – “жалпы сыртқы борыш нақты төленбеген борышты және белгілі бір уақытта негізгі борышты және/немесе пайыздарды төлеуді талап ететін резидент еместер алдындағы осы елдің резиденттерінің ештеңемен шарттастырылмаған міндеттемелерін білдіреді”[12]. 2011 жылдың 1 қазанындағы жай-күйі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің сыртқы борышы 4028 миллион АҚШ долларын құрады. Ұлттық банктің мәліметтері бойынша бірінші жартыжылдықта Қазақстанның жалпы сыртқы борышы 4,1%-ға, әсіресе 124,1 миллиард долларға дейін өсті. 2011 жылдың 30 - маусымында мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген сыртқы борышы 1,2%-ға көбейіп, жалпы сыртқы борыштың 5,5%-ын құрады. Мемлекет кепілдендірген сыртқы борыш 94,5%-ды құрады. 2011 жылдың екінші тоқсанының аяғында жалпы сыртқы борыштың 45,3%-ы фирмааралық берешекке тиіп отыр (56,21 миллиард АҚШ доллары). 2011 жылдың басында фирмааралық берешек сыртқы борыштың  44,7%-ын құрды [13].

 

                    

               2.1 Мемлекеттік борышты басқару

 

 

Мемлекеттік борышты басқару – мемлекеттің өзі және оның кепілдігімен алынған борышқа қызмет көрсету, оны жоспарлы өтеу, жаңа қарыздарды тарту мен жүзеге асырудың шарттарын жасау жөніндегі мемлекет шараларының бүкіл спектрі; мемлекеттің оған уәкілетті органдары арқылы ұтымды және тиімді қарыз алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік кредитке қызмет көрсетудің құнын оңтайландыру жөніндегі қызметі. Мемлекеттік борышты басқару келешекте макроэкономикалық қиыншылықтардан және төлем балансының проблемаларынан аман болу мақсатында жүзеге асырылады. Бұл ретте борышты есепке алу, талдау және қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету үдерістерін қадағалап, бақылап отыру жөніндегі уәкілетті органдардың қызметі ретіндегі мемлекеттік борыш мониторингі жүргізіледі.

Мемлекеттік борышты басқарудың нақтылы үдерісі:

1)              алдағы жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі мен болжамын онда оған сәйкес үкіметтік борышты және жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу және қызмет көрсету көлемдері, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерлігін ұсынудың лимиттері белгіленетін көрсеткіштерді айқындай отырып жыл сайынғы бағалауды кіріктіреді. Алдағы жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі мен болжамын жыл сайынғы бағалауды дайындауды мемлекеттік жоспарлауды жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен бірлесіп, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қатысуымен жинақталған мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың көлемдері мен құрылымының негізінде жүзеге асырады;

2)              мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін тәртіппен үкіметтік борыш лимитін және жергілікті атқарушы органның борышын, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерлігін беру лимиттерін айқындауын;

3)              бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алу көлемдерін, нысандары мен шарттарын, үкіметтік борышты өтеу мен қызмет көрсету көлемдерін айқындауын;

4)              бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның мемлекеттік қарыздарды және мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты талаптарды тіркеуін, мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты алу, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету мониторингін, сондай-ақ оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты туындаған мемлекет талаптарын жүзеге асыруын;

Информация о работе Мемлекеттік борыш пен мемлекеттік кредит