Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 21:04, курсовая работа
Қойылған мақсатты жүзеге асыру төмендегі міндеттерді шешуді көздейді:
- нарық жағдайындағы мемлекеттік қарызды басқарудың теориялық негіздерін зерттеу;
- нарық жағдайындағы сыртқы қарыздардың тиімділігін қарастыру, мемлекеттік сыртқы қарызды басқарудың қаржылық әдістерін жіктеу;
- Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызының өсімін талдау, сыртқы қарыздардың тиімділігін бағалау;
- Қазақстан Республикасының сыртқы қарызын басқару стратегиясының тәсілдерін, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыз алудағы ұстанымдары мен ұйымдастыру негіздерін дайындау;
- қарыз алу және жекеменшік сектордың қарыз капиталының сыртқы нарығындағы міндеттемелерін өтеу мәселелерін мемлекеттік реттеудің тетіктерін анықтау;
КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІК КРЕДИТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ
1.1 Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары, әдістері 4
1.2 Сыртқы кредит 9
1.3 Мемлекеттік борыш ұғымы және оның түрлері 12
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШЫ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Елдің сыртқы борышы 16
2.2 Мемлекеттік борышты басқару 21
2.3 Мемлекеттік борышты басқарудың заңнамалық нысандары 25
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШЫН БАСҚАРУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Мемлекеттік борышты басқаруда кездесетін мәселелер 28
3.2 Мемлекеттік борышты басқаруындағы кездесетін мәселелерді шешу жолдары
32
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37
ҚОСЫМШАЛАР
Ағымдағы кезеңде пайдаланылатын қаражаттар кредиторға ондаған жылдардан кейін, яғни келешектегі ұрпақтардан өндіріп алынатын салықтар есебінен қайтарылуы мүмкін болғанда мемлекеттік кредиттің қайта бөлгіштік функциясы сонымен бірге оның «мерзімінен бұрын төлену» қасиетінде көрінеді, сөйтіп, келешектегі ұрпақтардың қаражаттарын бүгінгілердің пайдасына қайта бөлуге қол жетеді («уақытқа қарай қайта бөлу»).
Мемлекеттік кредиттің екінші қосалқы функциясы – реттеуші функциясы. Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша ағындарын реттейді: несие капиталдарының рыногында қарыз алушы бола отырып, ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие капиталының нормасы артады. Бұл ретте мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады («ығыстыру әсері»). Бұл олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады. Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы ақшаның (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалардың) қысқаруына жеткізеді, мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.
Сөйтіп, егер кредиттің қайта бөлгіштік функциясының көмегімен мемлекет ақшалай ресурстарды тікелей белгілі бір салаларға (немесе қажетті өндірістерді дамытуға) бағыттайтын болса, реттеуші функция арқылы мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастарға қатыспайтын шаруашылық қатынастарының субъектілеріне қосымша жанама ықпал етуге қол жетеді.
Мемлекеттік кредиттің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және оларды мемлекеттің кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға саяды. Мемлекеттік кредит түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып ажыратылады.
Ішкі кредитте мемлекеттік-кредиттік қатынастар жан-жақты тұрғыда – қарыз алушылар ретінде де, сондай-ақ кредиторлар ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында пайда болады.
Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің жергілікті органдары, басқа жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері, банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.
Шартты мемлекеттік кредит отандық қарыз алушылар: кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің кредиторларына берілген кепілдіктер мен кепілгерліктер бойынша үкіметтің міндеттемелері ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық қарыз алушының уақыты келген міндеттемелері бойынша жауап береді – қарыз алушының мүлкінен немесе басқа активтерінен бюджеттік қаражаттар есебінен қарыздың сомасын төлейді.
Мемлекеттік қарыздар шығару; коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға айналдыру; қазынашылық несиелер мемлекеттік кредиттің нысандары болып табылады.
Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредиттік қатынастарды білдіретін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарыз алушы ретінде болады.
Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы, эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша: қысқа мерзімді (бір жылға дейін), ортамерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін), ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың облигацияларын шетелдік азаматтар мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және мәжбүри қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей, ақшалай нысанда шығарылады, бірақ қажет болғанда олардың заттай нысаны да болады [2].
Эмитентке қарай қарыздар орталық үкіметтің қарыздарына және биліктің жергілікті органдарының қарыздарына(муниципалдық қарыздарға) ажыратылады.
Табыстылық түрлері бойынша қарыздар қарыз иелері жыл сайын тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алатын пайыздық, ұтыстық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін.
Шартты мемлекеттік кредитте кепілдер мен кепілгерліктер нысандар болып табылады.
Елдің қарыз алушы-резиденті одан тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда Үкіметтің берешекті толық немесе ішінара өтеуге қарыз берушінің алдындағы міндеттемесі осы елден мемлекеттік (үкіметтік, егеменді) кепілдігі (мемлекеттік кепілдік) болып табылады. Мемлекеттік кепілдіктер қарыз берушілерге осы ел резиденттерінің өздері алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі ретінде беріледі.
Үкіметтің кепілгерлік шартына сәйкес концессиялық шарт шеңберінде тартылған, қарыз бойынша қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілгерлігі болып табылады.
Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны кіріктіреді. Сөйтіп, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздық қаражаттар. Концессия объектілерін құруға ғана пайдаланылады.
Мемлекеттік кепілдік және кепілгерлік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз беруші арасында жазбаша келісімшарт жасасу арқылы беріледі.
Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге Үкіметтің айрықша құқығы бар.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің, жергілікті атқарушы органдарының қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан кепілдіктер беруге құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің тапсыруымен мемлекеттік кепілдіктер беруді Қаржы министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы, мемлекет кепілдендірген қарыз алу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыз алуы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыз алуы мемлекеттік қарыз алу болып табылады.
Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері кез келген мөлшерде, кез келген валютада және кез келген нысанда Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, өз бетінше жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттік кепілдікпен және мемлекет кепілгерлігімен тарта алады. Жедел басқару құқығында мүлкі бар заңи тұлғаларға мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға тыйым салынады. Бюджеттік кодексте мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары карастырылған;
1. Мемлекеттік қарыздар қарыз алушыға қатысты алғанда:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;
Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.
2. Несие капиталының рыноктары бойынша мемлекеттік қарыздар:
сыртқы мемлекеттік қарыздар;
ішкі мемлекеттік қарыздар болып бөлінеді.
3. Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік қарыздар:
мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;
қарыз келісімшарттарын жасасу болып бөлінеді.
4. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылу мерзімі бойынша:
айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;
айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін, орта мерзімді;
айналыс мерзімі 5 жылдан артық, ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
5. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару мақсаттары бойынша:
бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылатын;
борыштық құралдардың ішкі рыногын дамытуға жәрдемдесу мақсатында шығарылатын болып бөлінеді [3].
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжаттамалық емес нысандарда, ал ұсынушыға арналып тек құжаттамалық нысанда ғана, атаулы және дисконтталған құны бойынша сыйақының тіркелген және тіркелмеген (құбылмалы) мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.
Мемлекеттік емес қарыз – Үкіметті, Ұлттық банкті және жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті- қарыз алушы болатын қарыздық қатынастар.
Мемлекеттік кредиттің әдістері сан алуан және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда – бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері. Олар қарыздарды шығарудың келісімшарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістерімен, іс-қимылдың мерзімімен, орналастыру амалдарымен(облигацияларды, боналарды еркін сатып алу және сату, жазылу, мәжбүри орналастыру), өтеу амалымен (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп сатып алу, мерзімсіз қарыздарда – пайыздық кірісті кезеңдік төлеу).
Қарыздардағы әдістерге сондай-ақ мемлекеттік борышты басқару әдістері де жатады (ары қарай қараңыз: жаңғырту, мерзімді ұзарту,сәйкестендіру, қайта қаржыландыру).
Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерде мыналар әдістер болып табылады: дисконттың мөлшері, кесіп тастау бағасы,*. көрсетулі құны бойынша МҚМ-ды өтеу, өтеу мерзімі, аукциондарды өткізудің тәртібі (реті).
Мемлекеттік кредиттің нысандары кезінде – мемлекеттік банктердің депозиттік ресурстарының қалдықтарын пайдалану кезінде – мұндай пайдаланудың шарттары әдістер болып табылады: мемлекеттің қаржылық ресурстары ретінде тартылатын ресурстардың үлесі, қайтару мерзімі, табыстылық нормасы. Елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту келісімшарттары – әдістері ұқсас болады, бұл әдістер мұндай қарыз алудың инфляциялық ықпалын азайтуы тиіс.
Мемлекеттік несиелер нысанындағы әдістер кәдуілгі банк кредитінің әдістеріне ұқсас болып келеді.
1.2 Сыртқы кредит
Өзінің шығындарын жабуға мемлекет шетелдік кредиттерді де тартады. Сыртқы экономикалық байланыстардың қарқындап өсуі халықаралық мемлекеттік кредиттің тез дамуына жеткізіп, соның негізінде сыртқы берешектердің шапшаң өсуіне себепкер болып отыр. Мемлекеттер өзіне қажет қаржылық ресурстарды жұмылдыру үшін ұлттық шекарадан тысқары жерлердегі бос ақшалай көздері барған сайын белсенді пайдалануда. Компаниялар, банктер, сондай-ақ әр түрлі елдердің мемлекеттік органдары кредиттік мәмілелердің қатысушылары болып отыр.
Сыртқы (халықаралық) кредит – бұл бірқатар елдер мемлекеттерінің, банктерінің, сондай-ақ басқа заңи және жеке тұлғаларының басқа елдердің мемлекеттеріне, банктеріне және өзге де заңи және жеке тұлғаларына берілетін қарыздары.
Халықаралық мемлекеттік кредит – халықаралық экономикалық қатынастар сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет әлемдік қаржы рыногында борышкер немесе кредитор ретінде болатын қатынастардың жиынтығы.
Бұл қатынастар сыртқы мемлекеттік қарыздар нысанын қабылдайды және ішкі қарыздар секілді олар да қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық жағдайында беріледі.
Алынған сыртқы қарыздардың сомасы есептелген пайыздармен бірге елдің мемлекеттік борышына қосылады.
Мемлекеттік сыртқы қарыздар ақшалай және тауар нысанында беріледі. Кредит субъектілері мемлекеттік уәкілетті органдар арқылы елдер болып саналады.
Өзінің мәні жағынан халықаралық мемлекеттік кредит ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады, бірқатар жағдайда дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің құралы болып саналады.
Халықаралық кредиттің қажеттігі экономикалық заңдардың бүкіл жиынтығымен айқындалады.
Халықаралық кредиттің дамуы мына факторларға байланысты болады:
1) еңбектің халықаралық бөлінісінің тереңдеуі және экономикалық бірігу;
2) өндірістің мамандандырылуы, қауымдасуы;
3) елдердің табиғат ресурстарымен және жұмыс күшімен әр түрлі қамтамасыз етілуі;
4) жеке елдердің экономикалық дамуының біркелкі еместігін жеңіп шығудың қажеттігі;
5) дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің қажеттігі;
6) дамушы елдердің дамыған елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығы.
Халықаралық кредитке берілетін мемлекеттің кредиттік ресурстары:
1) қорланым қорларына жататын мемлекеттік бюджеттердің қаражаттарынан; 2) ұжымдық несие қорларынан (ұлттық және халықаралық банктердің меншікті және тартылынды (тартылған) қаражаттары); 3) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттарынан(коммерциялық кредиттер бергенде) тұрады.
Халықаралық кредит ақшалай нысандағы ұлттық валюталарда және еркін айырбасталымды валюталарда беріледі.
Халықаралық кредиттің функциясы мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметі үдерісінде мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық жағдайында олардың тауар және ақшалай ресурстарын қайта бөлу болып табылады.
Халықаралық кредитті пайдалану экономиканың дамуын тездетуге, экономикалық дамудың деңгейлерін теңестіруге, сыртқы сауданың өсуіне, экономикалық интеграцияны тездетуге жәрдемдеседі.
Информация о работе Мемлекеттік борыш пен мемлекеттік кредит