Мемлекеттік борыш пен мемлекеттік кредит

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Марта 2012 в 21:04, курсовая работа

Описание работы

Қойылған мақсатты жүзеге асыру төмендегі міндеттерді шешуді көздейді:
- нарық жағдайындағы мемлекеттік қарызды басқарудың теориялық негіздерін зерттеу;
- нарық жағдайындағы сыртқы қарыздардың тиімділігін қарастыру, мемлекеттік сыртқы қарызды басқарудың қаржылық әдістерін жіктеу;
- Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызының өсімін талдау, сыртқы қарыздардың тиімділігін бағалау;
- Қазақстан Республикасының сыртқы қарызын басқару стратегиясының тәсілдерін, мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыз алудағы ұстанымдары мен ұйымдастыру негіздерін дайындау;
- қарыз алу және жекеменшік сектордың қарыз капиталының сыртқы нарығындағы міндеттемелерін өтеу мәселелерін мемлекеттік реттеудің тетіктерін анықтау;

Содержание

КІРІСПЕ
1 МЕМЛЕКЕТТІК КРЕДИТ ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ
1.1 Мемлекеттік кредиттің мәні, нысандары, әдістері 4
1.2 Сыртқы кредит 9
1.3 Мемлекеттік борыш ұғымы және оның түрлері 12

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШЫ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Елдің сыртқы борышы 16
2.2 Мемлекеттік борышты басқару 21
2.3 Мемлекеттік борышты басқарудың заңнамалық нысандары 25

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШЫН БАСҚАРУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Мемлекеттік борышты басқаруда кездесетін мәселелер 28
3.2 Мемлекеттік борышты басқаруындағы кездесетін мәселелерді шешу жолдары
32

ҚОРЫТЫНДЫ 35

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37
ҚОСЫМШАЛАР

Работа содержит 1 файл

курстык жумыс.doc

— 371.50 Кб (Скачать)

5)              борыш құрылымын оңтайландыру және оған қызмет көрсету жөніндегі, соның ішінде борышты мерзімінен бұрын өтеу,ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмитенттің сатып алуы мен сатуы, мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген борышты, мемлекеттің кепілгерлігі бойынша борышты қайта құрылымдау, борышты қайта қаржыландыру, мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыш, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыш және мемлекеттің алдындағы борыш тәуекелдерін басқару жөніндегі іс-шаралар дайындап, іске асыруын;

6)              мемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың тәуекелдерін басқару өзіне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган рәсімдер мен операцияларды регламенттеу, белгіленген лимиттер мен талаптарды сақтау, құралдар мен рыноктарды әртараптандыру, әр түрлі туынды қаржылық құралдарды (тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін рынокта пайдаланылатын опциондар, своптар, форвардтық, фьючерлік және басқа мәмілелер) қолдану әдістерін пайдаланып, оларды анықтауды, сәйкестендіруді, бағалау мен барынша азайтуды, сондай-ақ үшінші тұлғалардың алдындағы борыштық міндеттемелері мемлекеттік кепілдіктермен және кепілгерліктермен қамтамасыз етілген заңи тұлғалардың борышын басқаруда уақтылы ден қою мен қажетті шаралар қабылдауды кіріктіреді.

Мемлекеттік қарызды басқарудың классикалық үлгісі қарызқорлық және ақша-кредит саясатының байланысы жөнінде мәселені қозғамайды. Ол мемлекет активтеріне қарызға алу мен жұмсалымдар көмегімен тұрақты салықтарды уатыты бойынша қайта бөлгенде оңтайлы серпінді салық салу үдерісін сипаттайды. Егер қазыналық өкіметтін салықтық жүктемені таңдап алудың нақты мүмкіндігі болғанда, бұлай қойылу заңды. Шындығында, онымен бірге өтпелі экономикаларда ғана емес, тұрақты салық салу деңгейі қазыналы өкімет тарапынан тиімді әсер ету объектісі бола алады. Бұл, дұрысы, көрсеткіш, ол қоғамдық таңдап алу тетіктерінің іс-қимылымен анықталатын немесе лоббистік мүдделер тобының ойын нәтижесі болып табылатын саяси-экономикалық тепе-теңдікті сипаттайды. Бұл секілділер айтарлықтай шамада мемлекеттік шығынды қалыптастыру деңгейіне де жатады. Сондықтан салық жүктемесі деңгейін тек шарттылықтың үлкен дәрежесімен  мемлекеттін макроэкономикалық саясатының құралы ретінде қарастыруға болады.

Мемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың тәуекелдерін басқару Үкімет айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады

Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен тиісті мемлекеттік құрылымдар үшін қарыз алудың шектелімдері белгіленген. Бұл шектелімдер тиісінше республикалық бюджетте, жергілікті бюджетте жоспарланатын, алынған және өтелмеген қарыздардың тіркелген сомалары болып табылады, бұл сомалар берілген күнге (қаржылық жылдың аяғына) тиісті құрылымның нақты борышынан аспауы тиіс [14].

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік қарыз алуы республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген үкіметтік борыш лимитімен және үкіметтік қарызға қызмет көрсетуге бағытталатын бюджеттік қаражаттар көлемімен шектеледі.

Облыстың жергілікті атқарушы органының, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік қарыз алуы тиісті жергілікті атқарушы органның белгіленген борыш лимитімен және тиісті жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталатын жергілікті бюджет қаражаттарының көлемімен шектеледі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышын өтеуді және оған қызмет көрсетуді, ол шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында сатып алуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджеттік қаражаттар есебінен Ұлттық банк арқылы Үкімет белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

Тиісті қаржы жылына жергілікті атқарушы орган борышының лимитін Үкімет белгілейді. Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге және қызмет көрсетуге арналған шығыстардың көлемі тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет кірістерінің он пайызына тең мөлшерден аспауға тиіс.

Заңмен мемлекеттік кепілдіктерді берудің лимиті – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттіің құрамында бекітілетін тіркелген сомасы белгіленеді, бұл соманың шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі – үкіметтің кредитор алдында Қазақстан Республикасының қарыз алушы-резиденттерінің одан тиісті соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда берешекті толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі.

Жергілікті атқарушы органдардың борышын өтеу және оған қызмет көрсетуді олар жергілікті бюджеттерде қарастырылған қаражаттар есебінен Үкімет анықтаған тәртіппен жүзеге асырады.

Мемлекеттік борышты басқарудың әлемдік практикасы сонымен бірге мынадай әдістерді қарастырады: қайта қаржыландыру, жаңғырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру, кемімелі арасалмақ бойынша облигацияларды айырбастау, қарызды өтеудің мерзімін ұзарту, мемлекеттік борыштан бас тарту.

Қайта қаржыландыру мемлекеттік берешекті жаңа қарыз шығару есебінен өтеуді білдіреді. Бұл ретте, бұрын шығарылған қарыздардың орнына бірдей құндық арасалмақпен бағамдық айырмашылықты есепке алмай жаңа қарыздың облигациялары беріледі.

Жаңғырту деп бұрын шығарылған қарыздардың шарттарын табыстылығы бойынша аз жағынан да, көп жағынан да өзгертуді айтады. Бірінші жағдайда үкімет борыш бойынша елеулі шығыстар кезінде, екіншісінде инфляцияның болуы кезінде немесе қарыздық облигацияларды сатып алудағы халықтың мүдделігін күшейту мақсатымен істейді.

Мерзімді ұзарту мерзімі бойынша қарыздың бастапқы шарттарын оларды ұзарту немесе қысқартумен байланысты өзгерту болып табылады. Сәйкестендіру бірнеше қарыздарды бір қарызға біріктіруді білдіреді, бұл мемлекеттік борышты басқаруды оңайлатады.

Облигацияларды кемімелі арасалмақ бойынша айырбастау ұлттық ақша бірлігінің дефляциясы жағдайында және мемлекетке қарыздар бойынша тым қымбат ақшамен есептесу тиімсіз кезде жүргізіледі.

Қарыздарды өтеудің мерзімін ұзарту мемлекеттің едәуір берешегі кезінде, сондай-ақ олармен байланысты болатын қаржылық қиыншылықтар кезінде қолданылады, үкімет қарыздарды өтеудің және олар бойынша төлемақының мерзімдерін кейінге қалдыра тұру туралы мәлімдейді.

Мемлекеттік борышты төлеуден бас тарту (күшін жою) елде саяси режім ауысымы және жаңа үкіметтің бұрынғы міндеттемелерді олардың заңсыздығы себепті орындауды мойындамауы кезінде болады. Бас тарту мемлекет банкроттығының салдарынан болуы мүмкін.

Мемлекеттік борышты басқарудың аталған әдістері әр түрлі үйлесімде бір мезгілде, мысалы айырбастау, мерзімді ұзарту және сәйкестендіру немесе айырбастау және сәйкестендіру және т.с.с. қолданылуы мүмкін.

Қаржыны сауықтыру, соның ішінде мемлекеттік борыштың өсу қарқынын төмендету жөніндегі шаралардың ішінде мемлекеттік меншіктің бір бөлігін өткізуге болады, яғни жекеше секторға сату жолымен активтердің бір бөлігінен бас тарту; бұл тиімділігі аз меншікті қолдау жөніндегі мемлекет көтеретін ауыртпалықты азайтады.

Ұлттық экономиканы дамыту шикізат салаларына шетел кредиттерін, инвестицияларын салмайынша, экспорт және импорт алмастырушы салаларға, аграрлық сектор мен тұтыну тауарларының өндірісіне озат технологияларды тартпайынша мүмкін емес. Бірақ шетел капиталы мен валюталық ресурстарды тарту оларды жоғары тиімділікпен пайдалануға, лайықты қарыздық қара- жаттардың қайтарымына дәлелді тәсілдемені қажет етеді: негізгі борыштың сомасы мен пайыздарын төлеу бұл жағдайда нақты өнімнің бір бөлігін басқа елдердің қарамағына беруді қажет етеді. Елеулі сыртқы борыштың көбеюі ұлттық валюта бағамының, экспорт пен импорттың арасалмағының өзгеруімен, отандық экономиканың дамуындағы қиыншылықтармен байланысты ұзақ мерзімді теріс экономикалық зардаптарды тудыруы мүмкін.

 

 

2.3 Мемлекеттік борышты басқарудың  заңнамалық нысандары

 

Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы тек қана Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі.

Мемлекеттік емес қарыз алу осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерімен және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы ¥лттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі. Мемлекеттік органдардың қарыз алу мен борышты басқару саласындаы өкілеттігі Қазақстан Республикасының Парламенті өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілері жүктеген республикалық бюджетті бекіту және мемлекеттік заемдардың мәселелері бойынша халықаралық шарттарды бекіту жөніндегі өкілеттікті жүзеге асырады.

    Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заемдарды тарту, Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік емес заемдары бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру қажеттігі туралы шешімдер қабылдайды;

2) орталық және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты басқару саласындағы құзыретін белгілейді;

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдарының заем туралы шарттарды (келісімдерді) жасасу, олардың мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың әрбір түрі бойынша жеке мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шыпару, орналастыру, оларға қызмет көрсету және өтеу, мемлекеттік кепілдіктер беру үшін
инвестициялық жобаларды іріктеу, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік емес заемдар бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру тәртібін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген заемдарды алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету, оларды тіркеу және есепке алу тәртібін, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі мен басқару тәртібін белгілейді;

4) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты басқару жөніндегі Қазақстан Республикасының заң және өзге де нормативтік қүқықтық актілерінің жобаларын әзірлейді және Қазақстан Республикасының Парламенті мен Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді [11].

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік заемдарды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің келісімімен сыртқы заемдарды тарту қажеттігі туралы шешімдер қабылдайды; осындай заемдарды тартудың қаржыльщ шарттарын белгілейді; осындай заемдар бойынша шарттар (келісімдер) жасасады;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің заемдарын алады, пайдаланады, өтейді және оларға қызмет көрсетеді, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар эмиссиялаған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды, Қазақстан Республикасы ¥лттық Банкі борышының мониторингін және оны басқаруды жүзеге асырады;

6) Қазақстан Республикасының барлық резиденттері үшін міндетті мемлекеттік кепілдіктері жоқ, мемлекеттік емес сыртқы заемдар туралы шарттарды тіркеуді және олардың әрі қарай мониторингін жүзеге асырады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы борышын бағалауды түзеді.

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган: үкіметтік заемдардың қаржылық шарттарын белгілейді, жергілікті атқарушы органдардың заемдарды тартуын келіседі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсыруымен келіссөздер жүргізеді, үкіметтік заемдардың шарттарына қол қояды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарын шығарады, Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік емес заемдары бойынша мемлекеттік кепілдіктер береді.

Үкіметтік заемдарды алады, пайдаланады, өтейді және оларға қызмет көрсетеді, ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында олар  миссиялаған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуды және үкіметтік борышты басқаруды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік емес заемдарының мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді; қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойьшша үкіметтік және мемлекеттік кепілдіктері бар мемлекеттік емес сыртқы заемдарға қызмет көрсетуге екінші деңгейдегі банктерге уәкілдік береді. Барлық мемлекеттік заемдарды және мемлекеттік кепілдіктерді тіркеуді, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингін және оны басқаруды жүзеге асырады. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен  борыш саясатын әзірлеуге қатысады. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борышты жоспарлау мен талдауды жүзеге асырады [13].

Жергілікті өкілді орган жергілікті атқарушы органның заемдарды тартудың қажеттігі мен шарттары туралы шешімдер қабылдайды.

Жергілікті атқарушы орган:

1) жергілікті өкілді органға жергілікті инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бюджет заңдарында көзделген басқа да мақсаттарға ішкі заемдарды тарту қажеттігі туралы үсыныстар енгізеді;

Информация о работе Мемлекеттік борыш пен мемлекеттік кредит