Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 20:01, курсовая работа
Көптеген елдер, оның ішінде Қазақстан да борышкерлік міндеттемелермен, әсіресе, активтер мен пассивтердің құрамы мөлшерінің құбылмалы пайыздарының үлкен көлемдері және қысқа мерзімдер мен сипатталатын инвестициялардың ағындары дұрыс болжауда қиындықтарды кездестіруде. Үйлестіру қажеттілігі түрлі мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар мен қарыз алу жөніндегі бағдарламалардың өсуімен арта түседі. Біз, бұл мәселеге қатысты кешігіп қалмауды төтенше маңызды санаймыз, өйткені, кейін борышқорлық міндеттемелерді өтеу құны мемлекеттің әлі келмейтін мәселе болуы мүмкін, оның көптеген дамушы елдерде орын алғанын байқауға болады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
МЕЛЕКЕТТІК НЕСИЕ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ.................. .............5
Мемлекеттік несие мен мемлекеттік қарыз мәні......................................5
Мемлекеттік несиелердің негізгі қызметтері............................................9
Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері......................................11
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ..............16
Мемлекеттік қарыз және оны басқару.....................................................16
Мемлекеттік қарызды басқарудың заңнамалық нысандары..................20
Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы............................................23
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.................................................................................................28
Мемлекеттік қарызды басқаруда кездесетін мәселелер.........................28
Мемлекеттік қарызды басқарудағы кездесетін мәселелерді шешу жолдары......................................................................................................31
Мемлекеттік қарыздың экономикалық салдары.....................................34
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................
Қазақстан
Республикасының мемлекеттік
-мемлекет
үшін қарыз алудың төмен
-мемлекеті шығарған қаржы құралдары үшін жергілікті өтемпаздыққа қол жеткізу;
-ішкі эмитенттер шығарған құралдар үшін ең трансперенттік бағаны анықтау үшін құралдар үшін бенчемаркті орнату;
-тартылған қаражатты тиімді орналастыру және қарызды белсенді басқару есебінен қарыз алу құнын төмендету.
Берілген міндеттемелерге сәйкес келесі мемлекеттік ішкі қарызды басқару стратегиясы ұсынылады.
Еліміздің ішіндегі инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру үшін мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандыру үкіметтің жергілікті нарықта теңгемен қарыз алу арқылы жүреді.
Мұнда өтімділікті қамтамасыз ету және тартылған қаражатты мақсатты пайдалану мақсатында келесі тәртіп пайдаланылады. Ішкі нарықта қаражатты тарту жүйелі негізінде және белгілі бір салалық сегменттер бойынша жүреді. Мемлекеттік органдар шығарылған құралдар бойынша тиімді бенчмарктар белгілейді. Реттеуші органдар бағалы қағаздар нарығына қатысушыларға айқын және ашық талаптарды белгіледі. Мемлекеттік органдар операциялардың ашықтығы мен мемлекеттің нарыққа сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ішкі қарызды басқарудың мемлекеттік стратегиясының барлық негізгі ережелерін борышқорлық құралдар нарығынығ барлық қатысушыларының назарына жеткізеді.
Келесі мемлекеттік ішкі қарызды басқару қағидалары ұсынылады:
-нарықтағы
сәйкес өтімділікті қолдау
-инвесторлық базаны әртараптандыру;
-қарыз
алу қаржысының оңтайлық
-қарыз
алудың барлық құралдары
-қарыз
алу мөлшерлемесін қайталама
нарықтағы белсенді сауда
-МБҚ
негізінде туынды құралдар
-зейнетақы қорларының бағалы қағаздарының ішкі сауда нарығын жандандыру;
-қаржы
агенттігінің атқарымын
-коммерциялық
сектор үшін құнын төмендету
мақсатымен бенчмарк қарыз
-пайыздық мөлшерлемені төмендету мақсатымен бенчмарк құралдарымен белсенді сауда;
-туынды
құралдар нарығы
-коммерциялық
банктердің ұзақ мерзімді
-екінші дәрежедегі орташа және шағын банктердің несиелеу жүйесін құру;
-ұлттық капиталдың шетел нарықтарына деңдеп енуі.
Сыртқы қарызды басқару саясатының мақсаты – сыртқы қаржыландыру көздерінен ең үлкен пайда табу және болашақта төлем балансындағы макроэкономикалық қиындықтар мен проблемалардан құтылу. Сыртқы қарыздардың болуы өз өздігінен теріс көрсеткіш болып есептелмейді, егер оның деңгейі мемлекетпен оның резиденттері өз борышына қызмет көрсете алмайтын одан жоғары сыни белгісіне жетпесе.
Баяндалғанды
жалпылай отырып мемлекеттік қарыздыбасқарудың
тиімді тетігін жасау, мемлекеттік емес
қарыз алушылардың сырттан қарыз алушылардың
бірте-бірте төмендей бастағанда, сол
кезде ішкі қарыз алудың көлемі артуына
жағдай жасауға мүмкіндік беретінін атаған
жөн. Бұл валюта бағамдарының ауытқуын
төмендетеді және ішкі институтционалдық
инвесторларға қажетті құралдары нарығын
қамтамасыз етеді.[2.105]
3.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
3.1.
Мемлекеттік қарызды басқаруда
кездесетін мәселелер
Соңғы уақытта республиканың жалпы сыртқы қарызының көлемi едәуiр қарқынмен өсiп отыр. 2009 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша бағалау бойынша елдiң жалпы сыртқы борышының көлемi 2004 жылдың осындай кезеңiмен салыстырғанда абсолюттiк мәнде 13,8 млрд. АҚШ долларынан 53,9 млрд. АҚШ долларына дейiн, елдiң ЖIӨ-не шаққанда 68,2%-тен 80,9%-ке дейiн артты.
Сыртқы
борышты есепке алудың әдiснамалық
проблемалары бар, ол жалпы сыртқы борыштың
салыстырмалы параметрлерiне әсер етедi.
Негiзiнен, бұл (I) шетелдiк жер қойнауын
пайдаланушылардың олардың филиалдары
мен еншiлес кәсiпорындары жүзеге асыратын
барлауға жұмсайтын шығыстардың есебiне
және (2) еврооблигацияларды есепке алу
бөлiгiнде мемлекеттiк сектордың сыртқы
қарызының статистикасын қалыптастыру
әдiснамасына қатысты. Құрастырушылар
мен пайдаланушылар үшiн сыртқы борыштың
статистикасы жөнiндегi басшылық (ХВҚ, 2006
ж.) (бұдан әрi - сыртқы борыш жөнiндегi басшылық)
шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылардың
барлауды қаржыландыруға арналған шығындарын,
егер бұл жер қойнауын пайдаланушылар
оларды барлаудың терiс нәтижелерi жағдайында
есептен шығарылуға тиiс күрделi шығындар
ретiнде қарайтын болса, капиталға қатысу
құралы ретiнде жiктеу мүмкiндiгiн көздейдi.
Қазiргi уақытта мұндай шығындарды жүзеге
асырудың көлемi мен шарттары туралы қажеттi
егжей-тегжейлi ақпарат жоқ.
Сыртқы борыштағы сыртқы қарыз жөнiндегi басшылығына сәйкес резидент еместерде нақты бар резиденттердiң борыштық бағалы қағаздарын ғана есепке алу қажет. Алайда, Қаржы министрлiгi қалыптастыратын және жалпы сыртқы борыштың статистикасын қалыптастырған кезде Ұлттық Банк ұстанатын мемлекеттiк борыштың статистикасы бастапқы эмиссия бойынша Үкiметтiң еврооблигацияларын ескередi және қайталама нарықта резидент еместен оларға арналған меншiктiң резидентке көшу фактiсiн назарға алмайды.
Мемлекеттiк қарыз бөлiгiнде елдiң сыртқы қарызының қолданылатын талдамалық құрылымы халықаралық әдiснама ұсынатын жiктемеге сәйкес келмейдi. Бұл мемлекет басым қатысатын ұйымдардың борышына жатады, ол қазiргi уақытта мемлекеттiк сектордың борышы ретiнде жiктелмейдi.
Тұтастай алғанда, ел үшiн қарызды басқару жөнiндегi жүйелiк шараларды қабылдау үшiн негiз болып қызмет ететiн қарыздың қауiпсiз деңгейiн айқындау саясаты жоқ.
Бұдан басқа, мемлекеттiк деңгейде қарызды басқарудың нақты стратегиясы қалыптастырылмаған, тәуекелдердi басқару жүйесiнде икемдiлiк пен уақтылылық жоқ, корпоративтiк сектордың қарыз алуын реттеу тетiгi жоқ, мемлекет басым қатысатын ұйымдар қарызының тиiстi мониторингi жүргiзiлмейдi, тұтастай алғанда, уәкiлеттi мемлекеттiк органдар арасында өзара ic-қимыл жасаудың және ақпарат алмасудың толыққанды жүйесi жоқ.
Қолданыстағы заңнамада елдiң қарызын басқару мәселелерi жеткiлiктi регламенттелмеген, бұл жоғарыда көрсетiлген проблемаларға әкеп соқтырады.
Тұтастай алғанда, мемлекеттiк органдардың елдiң жалпы сыртқы қарызын үйлестiру жөнiндегi функциялары заңнамада жеткiлiктi нақты айқындалмаған, атап айтқанда мемлекеттiк органдардың мемлекет қатысатын ұйымдардың қарыз алуы мен қарызын басқару, сондай-ақ жеке сектордың сыртқы қарыз алуы мен борышын реттеу жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруы көрсетiлмеген. Осылайша, жалпы iшкi қарызды басқару үшiн жеткiлiктi құқықтық база құрылмаған.
Сонымен
катар, халықаралық қаржы ұйымдарымен
жұмыс жөнiндегi бiрыңғай мемлекеттiк
саясат әзiрленбеген, олардың жұмыс
ерекшелiгiне және қарыз қаражатын
беру шарттарына қарай олармен ынтымақтасу
бағыттары айқындалмаған.
1. Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген
қарыз
2009 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша мемлекеттiк
және мемлекет кепiлдiк берген қарыз тиiсiнше
7,9 және 0,626 млрд. АҚШ долларын құрады. Мемлекеттiк
және мемлекет кепiлдiк берген сыртқы қарыз
1,8 және 0,595 млрд. АҚШ долларын құрады.
Соңғы
бес жылда Yкiметтiң орта мерзiмдi
фискалдық саясатында көзделген
мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк
берген қарыз алу мен қарызды
басқару мақсаттары, атап айтқанда ЖIӨ-ге
проценттiк қатынаста үкiметтiк борыштың
мөлшерiн үдемелi түрде қысқарту және үкiметтiк
борыш құрылымында сыртқы қарыз үлесiн
бiртiндеп азайту орындалып отыр. Сонымен
бiрге, бүгiнгi күнi үкiметтiк борышты басқару
тиiмдiлiгiн арттыру үшiн шешудi талап ететiн
бiрқатар мәселелер бар.
1.1. Борыштық құралдардың iшкi нарығын дамыту.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес Үкiметтiң қарыз алуы республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру мақсатында жүзеге асырылады. Бюджеттiң профицитi болған кезде Үкiмет үкiметтiк борышты бiрлесiп қаржыландыру үшiн қарыз алуды жүзеге асыра алады.
Сонымен бiр уақытта, көптеген елдерде үкiметтiк қарызын тиiмдi басқару мақсатында қабылданатын шаралар сонымен қатар бағалы қағаздардың iшкi нарығының тиiмдi жұмысын дамытуға және қолдауға бағытталған.
Мысалы,
Жапонияда мемлекеттiк бағалы қағаздар
нарығын дамыту мемлекеттiк борышты басқарудың
маңызды мақсаты болып саналады, өйткенi
бұл нарық кредит тәуекелiнiң төмен деңгейiнiң
арқасында iшкi қаржы нарығына бағдар болып
қызмет етедi және неғұрлым белсендi сауда
жүргiзiлетiн iшкi бағалы қағаздар нарығының
сегментi болып табылады.
Қазақстанда даму институттары, сондай-ақ
мемлекет құратын жыл сайын республикалық
бюджеттен оларды капиталдандыруға қаржы
бөлiнетiн ұлттық компаниялар бос ақша
қаражатын мемлекеттiк бағалы қағаздарға
орналастыруды жүзеге асыру практикасы
бар. Нәтижесiнде мемлекет қосарланған
шығыстарды жүзеге асырады - даму институттарын
капиталдандыру кезiнде және мемлекеттiк
бағалы қағаздар бойынша проценттер төлеу
кезiнде.
1.2. Валюталық тәуекелдер
Бiрнеше жылдар бойы Қазақстанның валюта нарығында ғана емес, барлық халықаралық нарықтарда жалғасып келе жатқан АҚШ долларының әлсiзденуi қарыз алушы ретiнде Қазақстан үшiн тиiмдi. Алайда, валюта бағамдарының тұрақсыздығы тәуекелдерi бар. Сондықтан валюталық тәуекелдi төмендету мақсатында үкiметтiк борыштың валюталық құрылымына енетiн валюталардың бағамдарына әсер етуi мүмкiн экономикалық және саяси факторларды талдау қажет.
Yкiметтiк қарыздың валюталық құрылымының төмен әртараптандырылуы дағдарыс және валюталар бағамының тұрақсыздығы нәтижесiнде қаржы шығындарының пайда болуы тәуекелiне бейiм және бұл тұрғыдан осал болып табылады, бұл мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiк жағдайына терiс әсер ететiн болады.
1.3.
Жергiлiктi атқарушы органдардың
реттелмеген қарыздары
Жергiлiктi атқарушы органдардың реттелмеген
және танылмаған қарыздарын есепке алу
жөнiндегi проблемалар шешiлмеген мәселелер
болып табылады, оларды екi топқа бөлуге
болады:
1) несиелер бойынша мiндеттемелердi уақтылы орындамау. Жергiлiктi атқарушы органдардың борыштарын жүйелi қайта құрылымдау республикалық бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң атқарылуына терiс әсер етедi;
2)
Yкiметтiң және жергiлiктi атқарушы
органдар әкiмдерiнiң
1.4.
Мемлекеттiң шартты
Тәжiрибе
көрсетiп отырғандай, үшiншi тұлғалар
алдында қарыздық мiндеттемелерi мемлекеттiк
кепiлдiктермен қамтамасыз етiлген заңды
тұлғалардың қарыздарды тартуы және оларға
кейiннен борышкерлердiң тiкелей қызмет
көрсетуi тиiмсiз жүзеге асырылады. Yшiншi
тұлғалар алдында қарыздық мiндеттемелерi
мемлекеттiк кепiлдiктермен қамтамасыз
етiлген заңды тұлғалардың қаржы жағдайын
бақылаудың тиiстi жүйесi жоқ. Заңнамада
көзделген берiлген (берiлетiн) кепiлдiктер
бойынша мемлекет мiндеттемелерi басталуының
ықтимал тәуекелдерiн азайту жөнiндегi
шаралар үшiншi тұлғалар алдында борыштық
мiндеттемелерi мемлекеттiк кепiлдiктермен
қамтамасыз етiлген заңды тұлғалардың
борышын басқарудағы кемшiлiктерге уақтылы
ден қою және оларды жою жөнiнде шаралар
қабылдауға мүмкiндiк бермейдi.
2. Мемлекет басым қатысатын ұйымдардың
борышы
Үкiметтiң, жергiлiктi атқарушы органдар
мен Ұлттық Банктiң борышының мониторингi
мен оны басқарудан басқа, мемлекет басым
қатысатын ұйымдардың, олардың еншiлес,
тәуелдi және бiрлесiп бақылайтын ұйымдарын
қоса алғандағы борышының мониторингi
мен оны басқарудың қажеттiлiгi бар.
Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес қоғамның акционерi оның мiндеттемелерi
бойынша жауап бермейдi және оған тиесiлi
акциялар құнының шегiнде қоғамның қызметiне
байланысты шығындар тәуекелiн көтередi.
Бұл норма бүкiл әлемдегi барлық корпоративтiк
құрылымдар үшiн тән екендiгiн атап өткен
жөн.
Информация о работе Мемлекеттік қарызды басқаруда кездесетін мәселелер