Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 20:01, курсовая работа
Көптеген елдер, оның ішінде Қазақстан да борышкерлік міндеттемелермен, әсіресе, активтер мен пассивтердің құрамы мөлшерінің құбылмалы пайыздарының үлкен көлемдері және қысқа мерзімдер мен сипатталатын инвестициялардың ағындары дұрыс болжауда қиындықтарды кездестіруде. Үйлестіру қажеттілігі түрлі мемлекеттік инвестициялық бағдарламалар мен қарыз алу жөніндегі бағдарламалардың өсуімен арта түседі. Біз, бұл мәселеге қатысты кешігіп қалмауды төтенше маңызды санаймыз, өйткені, кейін борышқорлық міндеттемелерді өтеу құны мемлекеттің әлі келмейтін мәселе болуы мүмкін, оның көптеген дамушы елдерде орын алғанын байқауға болады.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
МЕЛЕКЕТТІК НЕСИЕ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ.................. .............5
Мемлекеттік несие мен мемлекеттік қарыз мәні......................................5
Мемлекеттік несиелердің негізгі қызметтері............................................9
Мемлекеттік несиенің нысандары мен әдістері......................................11
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫ ТАЛДАУ..............16
Мемлекеттік қарыз және оны басқару.....................................................16
Мемлекеттік қарызды басқарудың заңнамалық нысандары..................20
Мемлекеттік қарызды басқару стратегиясы............................................23
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЫЗДЫ БАСҚАРУЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ.................................................................................................28
Мемлекеттік қарызды басқаруда кездесетін мәселелер.........................28
Мемлекеттік қарызды басқарудағы кездесетін мәселелерді шешу жолдары......................................................................................................31
Мемлекеттік қарыздың экономикалық салдары.....................................34
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................39
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................
Үкіметтің кепілгерлік шартына сәйкес концессиялық шарт шеңберінде тартылған, қарыз бойынша қарыз беруші алдындағы қарыз алушының борышын толық немесе ішінара өтеу міндеттемесі мемлекет кепілдігі болып табылады.
Кепілгерлік бойынша міндеттемелер қарыздың негізгі сомасын және ол бойынша сыйақыны кіріктіреді. Сөйтіп, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздық қаражаттар. Концессия объектілерін құруға ғана пайдалынады.
Мемлекеттік кепілдік және кепілгерлік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мен қарыз беруші арасында жазбаша келісімшарт жасасу арқылы беріледі.
Кірістер түспеген немесе жеткіліксіз түскен кезде қарастырылған шараларды бюджеттен қаржыландыру кезінде ақшалай ресурстардағы қысқа мерзімді қажеттіліктерді жабу үшін кредиттің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері (МҚМ) сияқты нысаны пайдаланылады. МҚМ қағазсыз (заттандырылмаған) нысанда заңи тұлғаларға – коммерциялық банктерге, кәсіпорындарға, фирмаларға арналып үш, алты, тоғыз, он екі ай мерзіміге шығарылады. Ұстаушылар арасында МҚМ-ді орналастыру аукциондық сауда-саттықта жүргізіледі, онда міндеттемелердің кезекті шығарылымының дисконтталған бағасы белгіленеді. Айналыс мерзімі өткеннен кейін Қаржы министірлігі оларды көрсетулі құны бойынша сатып алады, бұл бағалы қағаздың атаулы (номиналды) құны мен дисконттық бағасы расындағы айырма инвестордың табысын құрайды. Мемлекет МҚМ-ға конъюктураны ескере отырып, қалыптасып отырған рыноктық бағалар бойынша шаруашылық операциялар бойынша оларға есеп айырысу және төлемдер құралының мәртебесін бере отырып, МҚМ-ның орнықтылығына кепілдік береді.
МҚМ
бюджеттің «кассалық
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжаттамалық емес нысанда ғана, атаулы және дисконтталған құны бойынша сыйақының тіркелген және тіркелмеген (құбылмалы) мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.
Мемлекеттің
шығыстарын қаржыландыру үшін халықтың
мемлекеттік банктердегі
Мемлекеттік несиенің қисынды нысаны – бұл елдің орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту болуы мүмкін. Бұл нысан, тіпті егер мұндай қарыз алу коммерциялық негіздерде, яғни несиелік пайыздың қолданыстағы нормасын ескере отырып жүзеге асырылса да, айналыстағы ақша массасының инфляциялық құнсыздануымен қабаттаса жүреді, бұл экономикаға ақшаның едәуір біржолғы құйылуымен байланысты, ал оны алу (егер бұл болған жағдайда) ұзаққа созылмауы мүмкін. Мемлекет бұл нысанға мемлекеттік несиенің әр түрлі келеңсіз себептерден – дағдарыстық жағдаяттардан, мемлекеттік бағалы қағаздарға сенімнің жоғарылауынан, төтенше жағдайлардан туатын басқа нысандарын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда иек артады.
Үкіметтің, жергілікті органдардың қарамағына ақшалай қаражаттарды тартуға қарама-қарсы мемлекеттің операциялары олар жағынан заңи және жеке тұлғаларға несиелер беру болып табылады. Несиенің бұл нысаны мемлекеттік (қазынашылық) несиелер деп аталады және бұл несиелер шаруашылық жүргізуші субъектілерге немесе бюджеттік қаражаттар есебінен мемлекеттік билік пен басқару органдарының халыққа қаржылық көмек көрсету жөніндегі ақшалай қатынастарын білдіреді.
Қазақстан
Республикасы Үкіметінің және жергілікті
атқарушы органдардың қарыз алуы,
мемлекет кепілдендірілген қарыз алу
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы мемлекеттік қарыз алу болып табылады.
Мемлекеттік
емес қарыз алуды Қазақстан
Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттік кепілдікпен және мемлекет кепілгерлігімен тарта алады.
Жедел басқару құқығында мүлкі бар заңи тұлғаларға мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға тыйым салынады.
Бюджеттік кодексте мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары қарастырылған;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;
Жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.
сыртқы мемлекеттік қарыздар;
ішкі
мемлекеттікқарыздар болып
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;
Қарыз келісімшарттарын жасасу болып бөлінеді.
айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;
айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін, орта мерзімді;
айналыс мерзімі 5 жылдан артық, ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылатын;
борыштық құралдардың ішкі рыногын дамытуға жәрдемдесу мақсатында шығарылатын болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында, борыштық құралдардың ішкі рыногын дамытуға жәрдемдесу мақсатында, борыштық құралдардың ішкі рыногын дамытуға жәрдемдесу мақсатында жүзеге асырылады. Үкімет бюджет профициті кезінде үкіметтік борышты қайта қаржыландыру үшін қарыз алуды жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы Үкімет белгілеген тәртіппен қарыз алудың мақсаттары мен қаржылық шегін белгілеу, қарыз алудың инвестициялық басымдылықтарын айқындау, қарыз алудың инвестициялық басымдылықтарын айқындау, болжамды үкіметтік қарыздардың тізбесін қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.
Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы Үкіметтен қарыз алу және республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін олардың жергілікті атқарушы органдарының ішкі рынокта айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы жөнінде жүзеге асырылады. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің тапшылығын қаржыландыру үшін облыстың жергілікті атқарушы органдарынан қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.
Облыстық жергілікті атқарушы органының, республикалық маңызы бар қала, астананың мемлекеттік қарыз алуы тиісті жергілікті атқарушы органның белгіленген борыш лемитімен және тиісті жергілікті органның борышын өтеуге және оған қызмет көрсетуге бағытталатын жергілікті бюджет қаражаттарының көлемімен шектеледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қарыздар тартуды әрбір жекелеген қарыз шарты немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар түрі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бұл орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарының эмитенті болып табылады, ол осындай мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың әрбір шығарылымының көлемдерін мерзімдерін және шарттарын айқындайды.
Жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуы Қазақстан Республикасы Үкіметінен қарыз алу және республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру үшін жергілікті атқарушы органдардың ішкі рынок айналысқа жіберу үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруы, атқарушы органының қарыз алу түрінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік
емес қарыз – Үкіметті, Ұлттық банкті
жергілікті атқарушы органдарды қоспағанда,
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік несиенің әдістері сан алуан және баяндалған нысандарға сай келеді. Мемлекеттік қарыздарда – бұл қаражаттарды тартудың және оларды кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың келісімшарттарымен анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістерімен, іс-қимылдың мерзімімен, орналастыру амалдарымен (облигацияларды, боналарды еркін сатып алу және сату, жазылу, мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалымен (облигациялар бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп астып алу, мерзімсіз қарыздарда – пайыздық кірісті кезеңдік төлеу).
Қарыздардағы әдістерге сондай-ақ мемлекеттік борышты басқару әдістері де жатады (ары қарай қараңыз: жаңғырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру, қайта қаржыландыру).
Мемлекеттік
қазынашылық міндеттемелерде
Мемлекеттік
несиенің нысандары кезінде –
мемлекеттік банктердің депозиттік
ресурстарының қалдықтарын
Мемлекеттік
несиелер нысанындағы әдістер кәдуілгі
банк несиесінің әдістеріне ұқсас болып
келеді.
2. МЕМЛЕКЕТТІК
ҚАРЫЗ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУДЫ
2.1. Мемлекеттік қарыз және
оны басқару
Мемлексттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Мемлекеттік қарыз — бұл алынған және белгілі бір күнге өтелмеген мемлекеттік қарыздардың сомасы (олар бойынша ессптелген пайыздарды қоса).
Мемлекеттік қарыз үлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады.
Мемлекеттік қарызды мемлекет мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына, қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік қарыз мемлекеттік ішкі және сыртқы қарыз болып бөлінеді. Сондай-ақ күрделі және ағымдағы мемлекеттік қарыз болып бөлінеді. Күрделі мемлекеттік қарыз деп мемлекеттің шығарылған және өтслмегсн борышқорлық міндеттемелсрінң бүкіл сомасын (бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса) айтады.
Мелекеттік қарызды басқару – мемлекеттің өзі және оның кепілдігімен алынған қарызға қызмет көрсету, оны жоспарлы өтеу, жаңа қарыздарды тарту мен жүзеге асырудың шарттарын жасау жөніндегі мемлекет шараларының бүкіл спектрі; мемлекеттің оған уәкілетті органдары арқылы ұтымды және тиімді қарыз алуды қамтамасыз ету және мемлекеттік несиеге қызмет көрсетудің құнын оңтайландыру жөніндегі қызметі. Мемлекеттік қарызды басқару келешекте макроэкономикалық қиыншылықтардан және төлем балансының проблемаларынан аман болу мақсатында жүзеге асырылады. Бұл ретте – қарызды есепке алу, талдау және қалыптасу, өзерту және оған қызмет көрсету үдерістерін қадағалап, бақылап отырап жөніндегі уәкілетті органдардың қызметі ретіндегі мемлекеттік қарыз мониторингі жүргізіледі.
Информация о работе Мемлекеттік қарызды басқаруда кездесетін мәселелер