Кәсіпорыннын фирмаішілік жоспарлауын уйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 09:02, курсовая работа

Описание работы

Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы аркылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.

Содержание

Кіріспе
І-тарау. Фирма табиғаты
1.1 Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесі.....................................................................................2
1.2 Фирма кәсіпкерлік өндірістік звеносының негізі..................................7
1.3 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылықтары мен олқылығы........................................................................................................10
Негізгі бөлім
ІІ-тарау. Нарықтық экономикадағы фирма
2.1 Нарықтың мәні, оның эконмикалық субъектілері...............................13
2.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту ерекшеліктері........................................................................................................
2.3 Нарықтық тәуекел жағдайындағы фирма қызметі және мінез-құлқы.....................................................................................................................
Қорытынды
ІІІ-тарау. Фирма шаруашылығын жүргізу
3.1 Фирма ішілік жоспарлау..........................................................................
3.2 Фирма табысы және оны бөлу................................................................
3.3 Фирма пайдасын көбейту және щығындар мәселесі............................

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 108.40 Кб (Скачать)

    Фирма  ішін жоспарлауды ұйымдастыру бойынша екі теоретикалық көзқарас, жоспарлауды ұйымдастырудың екі схемасы бар: жоғарыдан төменге, төменнен жоғарыға.

    -жоғарыдан төменге жоспарлау. Осы схема бойынша жұмыс жоғарыдан басталады. Фирма басшысы пайда бойынша жоспар көрсеткіштерін, мақсаттар мен міндеттерді анықтайды. Содан кейін осы көрсеткіштер бөлшек нысанда фирманың ең төменгі құрылымдарына және бөлімшелеріне жеткізіледі, олар бөлімшелер жоспарларына енгізіледі.

    -төменнен жоғарыға қарай жоспарлау.

    Жоспарлаудың осы схемасын қолданғанда фирманың төменгі бөлімшелері жоспарлық есептерді бастайды. Осыдан кейін осы көрсеткіштер алдағы уақыт кезеңіндегі фирманың шаруашылық қызметінің біртұтас жоспарына енеді.

    Жоспарлаудың кез келген схемасын қолданғанда фирманың барлық бөлімшелерінің жоспарларының өндірістік және өткеру операцияларын жалпы үйлесімі мен сәйкестігі қажет.

    Фирма  ішілік жоспарлаудың артық элементтері болып біртұтас жоспарлық баланста біріктірілеті пайда бойынша жоспар мен қаржы жоспары. Соңғысында фирманың тұрақтылығының көрсеткіштері көрініс алады.

    Фирма  тұрақтылығының негізгі көрсеткіштеріне мыналар жатады: активтер – жыл аяғындағы негізгі және айналымдағы құралдардың құны өнімдер мен қызметтерді өткеруден бір жыл ішінде түскен ақша құралдарының соммасы сатылу көлемі; нақты негізгі капитал, жер, ғимарат. Амортизациялық құны шегерілген қондырмалар мен жабдықтар; «кэшлоу» пайда мен амортизациялық түсімдердің құралатын кассалық түсімдер бұл фирманың қысқа мерзімді рентабелділігін анықтауға мүмкіндік береді.

Микроэкономикалық жоспарлау

Микроэкономикалық жоспарлау деп жеке кәсіпорын мен оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің өндірістік-шаруашылық қызметінің шаралары мен көрсеткіштері жүйесінің жоспарын жасауды айтады. Мұнда ең алдымен техникалық-экономика есептер жасалады, жалпы кәсіпорын бойынша да, оның құрылымдық бөлімшелері бойынша да қажетті нормалар мен көрсеткіштер әзірленіп негізделеді, сондай-ақ шаруашылық қызметтің жүзеге асырылуына басшылық жасалып, бақылау орнатылады, ішкі өндірістік резервтер анықталып пайдаланылады. Кәсіпорын нарық жағдайында ойдағыдай жұмыс істеуі үшін бірқатар мән-жайлар ескерілуге тиіс. Олар: сұраныс пен ұсыныс, өз өнімінің икемділігі, өндірістің ағымдағы шығыны, шекті пайда мен тиімділік (табыстылық), бәсеке, негізгі құрал-жабдықтың бағасы, шикізат пен материалдар, т.б. Сонымен, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіне тек микроэкономикалық орта ғана емес, елдегі макроэкономикалық саясат та ықпал жасайды. Кәсіпорынның жоспарлары рыноктың, бәсекенің талаптарын ескеруге, оның тұрлаулы экономика және әлеуметтік дамуын көздеуге, жоғары табыс алуға жәрдемдесуге тиіс. Микроэкономикалық жоспарлау ағымдағы жоспарлау және оралымды жоспарлау түрлеріне бөлінеді. Ал оралымды жоспарлау өз кезегінде күнтізбелік жоспарлау және маркетингілік жоспарлау болып бөлінеді.

Күнтізбелік жоспарлау

Күнтізбелік жоспарлау – жалпы кәсіпорын және оның жеке құрылымдық бөлімшелері (цехтар, телімдер, бригадалар, жұмыс орындары) үшін қысқа мерзімге (айға, тәулікке, ауысымға, сағатқа) арналған нақты өндірістік тапсырмаларды әзірлеуді қамтитын оралымды-өндірістік жоспарлаудың бір бөлігі. Жоспарлы тапсырмалар нормалар мен нормативтердің, шарттық міндеттемелер мен мемлекет тапсырыстардың негізінде әзірленеді, мұнда сондай-ақ оларды іске асырудың сол сәтте қалыптасқан нақты жағдайлары ескеріледі. Күнтізбелік Жоспарлау, әдетте, үш кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде көлемді Жоспарлау орындалады, яғни тапсырмалар тәптіштеліп, цехтарға бөлінеді. Әрбір цехқа (телімге) берілетін тапсырма заттай, еңбек және құндық өлшемдермен белгіленеді. Екінші кезеңөндірістің күнтізбелік жоспарларын әрбір цех үшін мерзім мен нысандар бойынша жасау және күнтізбелік нормативтерді әзірлеу. Үшінші кезең – жоспарлы тапсырмаларды әрбір жұмыс орнына жеткізуді қамтиды. Осы мақсатпен күнтізбелік жоспарлар орындаушылар арасындағы жеке тапсырмаларға бөлінеді, сөйтіп, ауысымдағы әрбір жұмысшыға берілетін жеке тапсырмалар көрсетілетін жоспар жасалады. 

Маркетингілік Жоспарлау

Маркетингілік Жоспарлау  – кәсіпорынның (фирманың) маркетингілік қызметінің барлық бағыттар бойынша егжей-тегжейлі жоспарларын әзірлеу. Мұндай маркетинг-жоспарлардың құрылымында мыналар қамтылады: негізгі көрсеткіштердің тізбесі; рыноктардың, олардың негізгі буындарының, тұтынушылардың (сатып алушылардың), бәсекелестердің сипаттамасы; бәсеке салдарынан болатын негізгі қиындықтарға жасалған талдау; фирма қол жеткізуге тиіс жоспарлы кезең мақсаттарының тұжырымдамасы; маркетинг стратегиясын әзірлеу; жоспардың орындалу барысына бақылау белгілеу. Фирма өнімнің бірнеше түрлерін, топтарын өндіретін, түрлі рыноктарда жұмыс істейтін жағдайда әрбір сала бойынша жеке маркетинг-жоспар жасалады; қысқаша Маркетинг.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Фирмаішілік жоспарлаудың ерекшеліктері мен оның функциялары, қағидалары. 

Информация о работе Кәсіпорыннын фирмаішілік жоспарлауын уйымдастыру