Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 09:02, курсовая работа
Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы аркылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.
Кіріспе
І-тарау. Фирма табиғаты
1.1 Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесі.....................................................................................2
1.2 Фирма кәсіпкерлік өндірістік звеносының негізі..................................7
1.3 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылықтары мен олқылығы........................................................................................................10
Негізгі бөлім
ІІ-тарау. Нарықтық экономикадағы фирма
2.1 Нарықтың мәні, оның эконмикалық субъектілері...............................13
2.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту ерекшеліктері........................................................................................................
2.3 Нарықтық тәуекел жағдайындағы фирма қызметі және мінез-құлқы.....................................................................................................................
Қорытынды
ІІІ-тарау. Фирма шаруашылығын жүргізу
3.1 Фирма ішілік жоспарлау..........................................................................
3.2 Фирма табысы және оны бөлу................................................................
3.3 Фирма пайдасын көбейту және щығындар мәселесі............................
Қалдық шығындар - өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлым шаруашылық қызметінің тоқтау уақыты ұзын болған сайын, соғұрлым қалдық шығындарының көлемі аз болады. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.
Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындарпдың бөлігі.
Старттық шығындар-өндіріс пен өткізу көлемдері өзгермегенде өзгермейтін болуы мүмкін. Егер өндіріс әлеуетін арттыру керек болса (техника мен жұмыскерлер санын), онда старттық шығындардың сандық өсуі және типті секірісі болады.
«Тұрақты шығындар» түсінігі – салыстырмалы, өндіріс пен өткезілу өзгеруінің әсерінен олар өзгеріссіз қалмайды.
Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өзгермелі шығындар өндіріс көлемі мен өнім өткеру көлемі азайғанда және артқанда қалай болады? Өзгермелі шығындар жұмысшы күшіне, шикізат пен материалдардың шығындары екенін білеміз. Бұл шығындар өндіріс пен өнім өткеру көлемінің өзгеруімен өзгереді.
Фирманың өндіріс пен өнім өткеруінің өзгеруіне байланысты өзгермелі шығындар құрылымында пропорционалды, прогрессивті, дегрессивті шығындар пайда болады.
Пропорционалды өзгермелі шығындар-өндіріс пен өнім өткеру пропорциясына қатысты өзгеретін шығындар.
Прогрессивті шығындар-өндіріс пен өнім өткеруге қарағанда көп деңгейде өзгеретін өзгермелі шығындар.
Дегрессивті шығындар-өндіріс пен өнім өткерілуіне қарағанда салыстырмалы түрде аз пропорцияда өзгеретін өзгермелі шығындар.
Өзгермелі шығындар өндіріс пен өнім өткерілу көлемдері өсуі бойынша көрінеді. Ең алдымен олар өндіріс көлемімен баяу өседі және осы уақытта дегрессивті шығындар пайда болады. Оның себебі мына жағдай: фирманың экономикалық қызметі кеңейген сайын жұмысшы күшін пайдалану, ұйымдастыру және еңбек бөлінісі жақсарады, арзан шикізат пен маериалдар алынады.
Бірақ та, белгілі бір сәтте шаруашылық қызмет тиімділікке жету, арзан шикізат пен материалдарды жақсы қолдану мен сатып алу мүмкіндіктері таусылатын деңгейге жетеді. Фирма өзінің әлеуетін толық пайдалану деңгейіне жақындағанда, өзгермелі шығындар прогрессивті шығындар сипатына еніп, олар өндіріс көлемі өсуден немесе тез өсе бастайды. Яғни жұмысшы күші осы немесе басқа да себептерден қымбаттайды, өнімнің бірлігіне есептегенде шығындары өсе бастайды, жұмысардың қарқыны ақаудың пайызын көтереді. Осылай, дегрессивті және прогрессивті шығындар басшылар үшін фирма шаруашылық қызметінің тиімділігінің барометрі болуы тиіс.
Фирманың шаруашылық қызметінің тиімділігі туралы шығындар құрылымының басқа өзгерістері де куә болады. Шығындар құрылымы деп жалпы шығындардың барлық көлемінде фирманың өзгермелі және тұрақты шығындардың пайыздық қатынасын түсінеміз.
Егер А және В екі фирмалардың жалпы шығындары мына түрде келтіріледі:
А Б
өзгермелі шығындар 70% 40%
тұрақты шығындар 30% 60%
жалпы шыіғындар .100% 100%
Осыдан олардың шығындарының құрылымы өзгеше деп қорытынды жасауға болады.
А фирмасында еңбекті төлеуге көп шығындардың болуы, осы фирмада қол еңбегінің үлесі көп екендігін көрсететді. Оған керісінше В фирмасында өндірістің жоғарғы деңгейлі автоматтандырылуына сай жоғаы тұрақты шығындар мен еңбек ақысында аз өзгермелі шығындар.
Өндіріс шығындары құрылымы қазіргі жағдайда айтарлықай өзгерді. Жаңа технологияларда қолданудың өсуіне байланысты құрылымында инженер-электроншиктер, инженер-программистер, инженер-механиктер оларға сай еңбек ақылары мен басым жоғары мамандықты жұмысшы күшіне қажеттілік өседі. Осы себептен өнімнің жалпы құқығына еңбек ақы үлесі айтарлықтай өсті. АҚШ-та өнеркәсіп жұмысшыларының еңбек ақысы екі проценттерден он процентке өсті. Фирманың маркетинг қызметіне байланысты шығындар жиырма проценттен қырық процентке өсті. Осыдан фирма стратегиясында пайданы көбейтуге жаңа мәселелер пайда болады. Пайданы көбейтуде мынадай теориялар мен моделдер болады. Пайданы көбейтудің дәстүрлі моделі. Дәстүрлі модел мына әдістерге сүйенеді:
Информация о работе Кәсіпорыннын фирмаішілік жоспарлауын уйымдастыру