Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 09:02, курсовая работа
Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы аркылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.
Кіріспе
І-тарау. Фирма табиғаты
1.1 Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесі.....................................................................................2
1.2 Фирма кәсіпкерлік өндірістік звеносының негізі..................................7
1.3 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылықтары мен олқылығы........................................................................................................10
Негізгі бөлім
ІІ-тарау. Нарықтық экономикадағы фирма
2.1 Нарықтың мәні, оның эконмикалық субъектілері...............................13
2.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту ерекшеліктері........................................................................................................
2.3 Нарықтық тәуекел жағдайындағы фирма қызметі және мінез-құлқы.....................................................................................................................
Қорытынды
ІІІ-тарау. Фирма шаруашылығын жүргізу
3.1 Фирма ішілік жоспарлау..........................................................................
3.2 Фирма табысы және оны бөлу................................................................
3.3 Фирма пайдасын көбейту және щығындар мәселесі............................
Нарықтың келесі қызметі – ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет көрсету, банктегі депозит пен несиеге проценттік (пайыздық) өсімнің призма арқылы тұрақты өзгеруі нарықтық экономиканың барометріне әрі айнасына айналды. Нарық өндіріске қатысушыларға қоғамдық қажетті өндіріс шығындары жайлы жедел объективті ақпарат береді. Сондай-ақ, әрқайсысы сатылатын әрі сатып алынатын тауар мен қызмет көрсетудің қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы да нарық хабар жеткізеді.
Нарықтық механизм «санациялық» (сауықтыру) қызметті де атқарады.Бәсекенің көмегімен ол қоғамдық өндірісті тиімсіз бірыңғай шаруашылықтан тазалап, үміт артатындардың дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.
Біздің нарық терең монополияланған. Нарықтағы барлық тауарлардың 50-70% солардың өндірген өнімін құраса, онда кәсіпорын (фирма) қызметі монополияланған саналады. Сондықтан нарықтан ортаны қалыпқа келтіру үшін бәсекелестер әлемін жасау қажет. Бұл нарықтың қатынастардың табиғи күй-жайы.Осы жағдайда тауар өндірушілер марапатталып, кәсіпкер өндіріспен айналысады және өнімді шығаруға қызыға түсіп, өндіріске белсене кіріседі.
Нарықтың қажеттілеу қызметтеріне – тауардың қоғамдық мақызын мойындау, еңбекті материалдық ынталандыруды экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және басқаларын жатқызамыз.
Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды. Оның ерекшіліктері неден деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру онай шаруа емес.Себебі, біздер әлі кунге дейін өз халқымыздың , жеріміздің тарихын білмейміз.Мысалы , Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан патриархалдық –феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан.Оны қазақтардың көшпелі мал-шаруашылығымен айналасумен байланыстырады.Осы пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте төиен болды,тауарлы ақша нарықтық қатынастардың қалыптасуын жағдай болған жоқ дейді.Менің бұл пікіріме әркім күмәнін, өз пікірлерін айта жатар.
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты: Өндіріс құрал-жалдықтарына жекеменшік .Ал Қазақстанда өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық меншік болды,Ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды. Көшпелі мал-шаруашылығы жағдайына жер өндірісінің шарты ғана емес , сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.
Жерге феодалдық меншіктің күшею қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыс байланысты.Оған Ресей империясының өте-мөте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті. Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына,өркендеуіне жағдай жасады.Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда болды.Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды.Академик С.Бәйішевтің мәлеметтері бойынша, Қазақстанда малмен сауда жасау,әсіресе XVI ғасырдан бастап мықтап өріс алған,оның едәуір бөлігі айырбас , шетке шығарып өткізу үшін өндіріліп отырған.
Өздеріңізге белгілі, қазақтардың күн көрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды,егіншілікпен жеткілікті көлемде айналыспаған деген жалған тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді.Егіншілік кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік , оңтүстік-шығыс аудандарда орналасқан болатын.Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде тұтыну ғана емес , басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін болған.Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды.
Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгі бір дәрежеде дамыған қолөнер кәсібі де,өнеркәсіп те әсер Қазақтар үй бастырды, жүннен мата тоқылды,терінен былған иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай білді, киім тікті,киіз бастыкілем тоқыды.Бұл салалардың бұйымдары айырбас үшін , ретінде де шығарылатын болды.
Информация о работе Кәсіпорыннын фирмаішілік жоспарлауын уйымдастыру