Кәсіпорыннын фирмаішілік жоспарлауын уйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 09:02, курсовая работа

Описание работы

Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы аркылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.

Содержание

Кіріспе
І-тарау. Фирма табиғаты
1.1 Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесі.....................................................................................2
1.2 Фирма кәсіпкерлік өндірістік звеносының негізі..................................7
1.3 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылықтары мен олқылығы........................................................................................................10
Негізгі бөлім
ІІ-тарау. Нарықтық экономикадағы фирма
2.1 Нарықтың мәні, оның эконмикалық субъектілері...............................13
2.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту ерекшеліктері........................................................................................................
2.3 Нарықтық тәуекел жағдайындағы фирма қызметі және мінез-құлқы.....................................................................................................................
Қорытынды
ІІІ-тарау. Фирма шаруашылығын жүргізу
3.1 Фирма ішілік жоспарлау..........................................................................
3.2 Фирма табысы және оны бөлу................................................................
3.3 Фирма пайдасын көбейту және щығындар мәселесі............................

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 108.40 Кб (Скачать)

 Кеден қызметтері Өндірушілердің әртүрлі ассоциациясы

 Тұтынушыны қорғайтын қоғам Және басқалар

 Нарықтық экономиканың қажетті элементтерінің бңрң болып инфрақұрылым жатады.

 Инфрақұрылым – бұл институттар(ұйымдар, фирма, мекемелер) жиынтығынан тұрады және оның мән-мағынасынарықтың дамуы мен қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып өызмет көрсетеді.

 Нарықтың инфрақұрылымының элементіне – тауарлық, қор биржасы, еңбек биржасы, делдалдық және маркетингтік қызметтер, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер, көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер және т.б. жатады.

 Нарықтық экономиканың бой көтеруі нарықтық инфрақұрылым негізгі элементтерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Құрылған объектілер қалыпты экономикалық рыноктық қызметті қамтамасыз етуге тиіс. Оларға:

- топтасқан тауарларды көтерме сауда жасау үшін сауда биржасы;

- Бағалы қағаздарды саудалау үшін қор биржасы;

- өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттарын сату үшін коммерциялық көтерме сауда кәсіпорындары;

- акционерлік кәсіпорын мен бірлестіктер №қаржысына құралған қоймалар, элеватор, тоңазытқыш, транспорт шаруашылықтары;

- коммерциялық банктердің коммерциялық несиелер арқылы қызмет жасауы, ол несиелер құрылтайшы-кәсіпорын пай жарнасынан немесе акцианерлік негізде құрылуы керек;

- коммерциялық ақпараттық орталықтар және кәсіпорындағы маркетингтік бөлімдер. Нарық коньюктурасы мен сұранымды зерттеу орталықтары;

- жарнамалық сипаттағы қызмет үшін құрылтайшылар;

- сервистік, ремонттық, консультациялық, банктік және құқықтық қызметтер жүйесі жатады.

2.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері

 Нарықтық қатынастардың Қазақстан Республикасындағы қалыптасуының ерекшелігі көптеген факторлармен байланысты түсіндіріледі: ұлттық , әлеуметтік-демографиялық, ғылыми-техникалы

Жоспарлау, экономикада  – нақты нысанның (мемлекеттің, кәсіпорынның, ұжымның, т.б.) экономикалық және әлеуметтік дамуының белгілі бір мерзімге арналған жоспарын, сондай-ақ оны жүзеге асыруға бағытталған нақтылы іс-шаралар кешенін талдап жасау. Микроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау өңдіріс ішілік, фирма ішілік көрсеткіштерді қамтыса, макроэкономикалық деңгейдегі Жоспарлау қоғамды басқару жүйесінің маңызды құрамдас бөлігі, мемлекеттің әлеуметтік-экономика саясатын жүзеге асыруының негізгі құралы болып табылады. Макроэкономикалық жоспарлау белгілі бір кезеңде елдің экономика және әлеуметтік даму жоспарын жасауды, оны жүзеге асыруды ұйымдастыру мен орындалуын бақылауды қамтиды. Макроэкономикалық жоспарлау директивалықұсқаулық) жоспарлау және индикативтік жоспарлау болып бөлінеді. Директивалықұсқаулық) жоспарлау – тоталитарлық қоғамдағы халық шаруашылығын мемлекет басқарудың орталық буыны болып табылды. КСРО-дағы, т.б. елдердегі директивалық, яғни бір орталықтандырылған жоспарлауды жүзеге асыру тәжірибесіндегі мемлекет тапсырыстардың, разнарядкалардың, ресурстарды жинақтаудың, т.б. қатаң белгіленген жүйесі өнім өндірушіні еркіндіктен, дамуға деген ынталылықтан айырып, экономика өсу қарқынының баяулауына, сөйтіп, халық шаруашылығындағы дағдарысқа әкеліп соқты. Жоспарлаудың бұл түрінің зиянды салдарлары Қазақстанда да анық байқалды (қ. Бесжылдықтар, Жоспарлы экономика). Қазақстан Республикасы дербес мемлекетке айналып, нарықтық экономикаға көше бастаған кезден бастап (1991), елдегі экономика және әлеуметтік өзгерістерді индикативтік жоспарлау үлгісі қолданылды. Индикативтік жоспарлау немесе экономикалық бағдарламалау – ел экономикасын мемлекеттік реттеудің құрамдас бөлігі болып табылады. Ол – елдегі қоғамдық өндірістің дамуы мен әлеуметтік-экономика саясаттың стратегиялық тұжырымдамаларының ең оңтайлы нұсқасы таңдап алынған кешенді жалпы экономика бағдарламалар негізінде экономиканы реттеп отыру жүйесі саналады және индикативтік, яғни ұсыныстық сипатқа ие. Ондағы жоспарлы көрсеткіштер ел дамуының жалпы бағдарлары түрінде болады. Жоспарлаудың бұл түрі 2-дүниежүзүзілік соғыстан соң Францияда, Нидерландта, Норвегияда, Жапонияда қолданылды, 20 ғасырдың 50 – 60-жылдары Швецияда, Финляндияда, Ұлыбританияда, Италияда, Бельгияда, Германияда, Испанияда, 70-жылдары АҚШ пен Канадада кең таралды. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінде (1991 – 98) индикативтік жоспарлау елдің эконмика және әлеуметтік дамуының стратегиялық бағыттарын айқындауға, неғұрлым ірі ғылыми-техника және құрылымдық бағдарламаларды жүзеге асыруға, экономиканы ырықсыздандыруға және кәсіпорындарды жекешелендіруге, нарықтық инфрақұрылымдар жасауға, салық және несие-қаржы жүйесін жетілдіруге, тұрақты ақша айналысын қамтамасыз етуге, т.б. бағытталды. Онда халықты әлеум. қорғау жүйелерін жетілдіру мәселелері де қамтылды. Әсіресе, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың таяу болашақтағы ел дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын айқындаған “Қазақстан-2030” Жолдауының маңызы зор болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанда ел дамуының таяу болашақтағы негізгі көрсеткіштерін айқындауға бағытталған 3, 5, 10 жылдық индикативті жоспарлау ісі қолға алынды. 
 
 
 
 
 

1.3. Фирма ішілік  жоспарлау теориясы.

   

      Жалпы  экономикалық теория фирма ішілік жоспарлаудың мәніне, міндеттеріне, мқсаттары мен кезеңдеріне көзқарастардың біртұтастығы әзірше жоқ.

    Сондық оның жүзеге асуының жалпы қабылданған негізгі элементтеріне тоқтаймыз.

    Жоспарлау  – белгілі бір болашақта фирманың мақсаттарын анықтау, ресурстармен қамтамасыз ету мен жетістіктерге жету әдістерін талдау процесі, ол стратегиялық (ұзақ мерзімді) және ағымдағы (қысқа мерзімдегі) жоспарлау болып бөлінеді.

    Оның негізгі элементтері қатарына мына элементтер кіреді:

    -болжам  жасау, мемлекеттік деңгейде жасалған ұлттық экономиканың және оның жекелеген аймақтарының даму болжамарына сүйене отырып, фирма өзінің болашақта дамуын зертеуді қарастырады;

    -жалпы  міндеттерді қалыптастыру, бұл фирманың даму болжамдарының негізінде оның орындалуымен ресурстармен қамтамасыз етілуінің белгілі уақыты мен жүзеге асады;

    -фирманың әрбір бөлімшесімен жоспарды нақты орындау бағдарламаларын жасау, бұнда өндіріс сатылатын шикізат, материалдары дер кезінде жеткізуді, өндірістік және өткеру операцияларын есепке ала отырып байланыстыу;

    -фирмалар  бөлімшесінің арасында ресурстарды бөлу фирманың ақшалай табыстары мен шығындары балансын құру бағдарламаларын жасау, онда шикізат, материлдар, еңбек ақы, күрделі құрылыс шығындарының көрінісі орны алады.

    -осының негізінде фирманың әрбір бөлімшесінің функциялары, оларды орындаушылардың және бөлек процесстермен операцияларды орындауды жауапты адамдар анықталады;

    -аяқтаушы кезек – фирманың төменгі буындарына қабылданған шешімдерді тарату мен нақты тапсырмаларды жасау, осыдан жоспарда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру басталады.

Информация о работе Кәсіпорыннын фирмаішілік жоспарлауын уйымдастыру