Кәсіпорыннын фирмаішілік жоспарлауын уйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 09:02, курсовая работа

Описание работы

Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы аркылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.

Содержание

Кіріспе
І-тарау. Фирма табиғаты
1.1 Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесі.....................................................................................2
1.2 Фирма кәсіпкерлік өндірістік звеносының негізі..................................7
1.3 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылықтары мен олқылығы........................................................................................................10
Негізгі бөлім
ІІ-тарау. Нарықтық экономикадағы фирма
2.1 Нарықтың мәні, оның эконмикалық субъектілері...............................13
2.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту ерекшеліктері........................................................................................................
2.3 Нарықтық тәуекел жағдайындағы фирма қызметі және мінез-құлқы.....................................................................................................................
Қорытынды
ІІІ-тарау. Фирма шаруашылығын жүргізу
3.1 Фирма ішілік жоспарлау..........................................................................
3.2 Фирма табысы және оны бөлу................................................................
3.3 Фирма пайдасын көбейту және щығындар мәселесі............................

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Office Word.docx

— 108.40 Кб (Скачать)

    -статистикалы әдіс, өндіріс пен өткізудің бұрынғы көлемдегі кезінде алынған максималді пайданың статистикалық ақпараттарына негізделеді;

    -эксперттік  баға әдісі, өндіріс пен өткеру көлемдерінің және шығындар көлемінің экспорттық баға негізінде максималді пайда алу мүмкіндіктерін талдауға сүйенеді.

    Менеджерлік  теория және пайданы ұлғайту моделінің  теориясына келіссек нарықтық әуекел жағдайында қатаң бәсекелестің  ортада фирманың одан шығуға ұмтылуында пайданы ұлғайту мен тек қана аз уақытқа ғана емес, сонымен бірге ұзақ уақыттағы кезеңде де айналысуы тиіс.

    Практика  көрсеткендей, осында осы немес басқа фирманың сайланған басшыларының тәртіптеріне байланысты мәселе туады.

    Сайланған басшылар өздерін жұмыста уақытша сезініп, пайданы ұлғайтуды өздері орнынан кеткенше жақсы сыйлық алуға үлгеру үшін тек қана аз уақыт кезеңінде жүзеге асыруға ден қояды.

    Ірі фирмалардың контракты бойынша сайланған басшылары, сайланған басшылар емес, максималды пайданы алудың бағдарламасын тек қана аз уақыт кезеінде ғана емес, сонымен қатар ұзақ уақыт кезеңінде де жасайды.

    Маржиналды  теория мен пайданы көбейтудің моделі.

    Осы теория  шекті табыс және шекті шығындар тепе-теңдігінде пайданы көбейту туралы тезиске сүйенеді.

    Шекті  табыс – фирманың қосымша өндірілген өнімнің әр бірлігінен алынған қосымша табыс.

    Шекті  шығындар - әрбір қосымша өнімнің бірлігінің өндірісімен байланысы қосымша шығындар.

    Шекті  табыс – шекті шығындар жағдайы фирма жұмысы үшін жетілген және жетілмеген бәсеке жағдайларында да қолданылады.

    Осымен қатар осында мыналарды есепке алу керек:

-жетілген бәсеке жағдайында жұмыс істейтін фирмалар тек қана бір параметріне - өндірілген өнім көлеміне бақылау жүргізе алады;

    -жетілмеген  бәсеке жағдайында фирмалар екі параметрлерге - өндірілген өнім көлемі мен олардың бағаларына бақылау жүргізе алады. Бұл мына жағдаймен түсіндіріледі: фирма жетілмеген бәсеке жағдайында бағаға әсер ету мүмкіндігі бола тұрып максималды пайда беретін өндіріс көлемі мен бағаладың оптималды үйлесуіне табуы керек. 
 
 

ІІ тарау. Фирма  шығыны мен кірісі.

2.1. Фирманың шығындары және олардың түрлері.

   

      Фирманың шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы, оны өніруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды, тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.

    Шығындар – бұл фирма өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Фирма шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:

    -өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететі шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар.

    -өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей, бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі күрделі қаржы шығындары.

    -өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан қаржыландырылады.

Информация о работе Кәсіпорыннын фирмаішілік жоспарлауын уйымдастыру