Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Октября 2011 в 09:02, курсовая работа
Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы аркылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс. Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.
Кіріспе
І-тарау. Фирма табиғаты
1.1 Фирма стратегиясының теориясы және оның шаруашылық жүргізудегі негізгі ережесі.....................................................................................2
1.2 Фирма кәсіпкерлік өндірістік звеносының негізі..................................7
1.3 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылықтары мен олқылығы........................................................................................................10
Негізгі бөлім
ІІ-тарау. Нарықтық экономикадағы фирма
2.1 Нарықтың мәні, оның эконмикалық субъектілері...............................13
2.2 Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту ерекшеліктері........................................................................................................
2.3 Нарықтық тәуекел жағдайындағы фирма қызметі және мінез-құлқы.....................................................................................................................
Қорытынды
ІІІ-тарау. Фирма шаруашылығын жүргізу
3.1 Фирма ішілік жоспарлау..........................................................................
3.2 Фирма табысы және оны бөлу................................................................
3.3 Фирма пайдасын көбейту және щығындар мәселесі............................
Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы сауданың дамуы патриархалдық-феодалдық шаруашылық ыдырауына ,капиталистік элементтердің пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ, оны түгелдей іріте алматы.Оның негізгі себептерінің бірі – Қазақстанда өнеркәсіп дамуының арта қалғандығы еді .
Қазірге тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында жоғарыда көрсетілген тарихи әділетсіздіктерді жою міндеті тұр.Негізгі стратегиялық мақсат-демократияны дамыту,меншіктік қатынастарды реформалау, нарықтық экономиканы өндіру болыптабылады.
Біздің алдымызда да нарықтық экономиканы реттеу жүзінде жинақталған бай тәжірибиесін қолдану қажеттігі тұр.Әрине олардың бәрі біздің жағдайымызға сәйкес бола қоймайды және олай болуға тиісте емес.
Нарықтық экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы
Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығын, фирма және үкіметті жатқызамыз. Бұл субъектілер бір-бірімен ресурс нарығында, қаржы мен тұтыну нарығында өзара іс-әрекет жасап, шығыс пен кірісті айналым жасайды. Мұның өзі кестелік түрде көрсетілген.
Үй шаруашылығы материалдық (жер мен капитал) және адами (еңбек пен кәсіпшілік) ресурстарды өткере (өткізу)отырып, оларды фирмаларға нарық ресурстары арқылы ұсынады.Соңғылары тауар өндірісіне қажетті сұраным ресурстарын талап етеді.Сұраным мен ұсыныстың өзара әрекеті әрбір ресурс түріне нарықтық бағаны белгілейді.Үй шаруашылығы тұтыным нарығында тауарға сұраным жасай отырып, ресурстарды сатудан алынған табысты қажетті өнім мен қызмет жасауға жұмсайды. Ал, фирмалар өз өнімін өткере отырып, ақшалай табыс алады.
Үй шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды, белгілі бөлігін жинайды(қор) және ресурстар мен салықты төлеуге жұмсайды.
Фирмалар өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп, өнім шығарады, қызмет көрсетеді және осы тауарды ұсынады. Оларды нарықта сату фирманың ақшалай табысын қалыптастырады. Үй шаруашылығы сияқты фирмалар да алынған табысты (өткруден түскен табыс) ресурстарды төлеуге толық жұмсайды. Фирмалар үй шаруашылығындай қажетті салықтарды төлейді, инвистицияны жүзеге асырады және т.б.
Табыс пен шығындардың айналуы үкіметке кәдімгідей әсер етеді және ол елді мемлекеттің басқару қызметін жүзеге асырып, экономиканы әр деңгейде – жалпы мемлекеттен аймаққа дейін – реттеп отырады.
Үкімет фирмалардан салық алып, жеке кәсіпорындарға дотация, субсидия береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарды сатып алады.
Үкімет жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізді және инфляция деңгейіне, ұлттық өнімнің қозғалысы мен құрылымына әсер етіп, табыстарды үлестіреді. Салықтан түскен ақшалай қаржыны шоғырландырып, үкімет жалақыны, трансферттік төлемдерді (мемлекеттік зейнет ақы, табыс азарға көмек ақы, жұмыссыздарға көмек ақы) төлейді. Құқықтық негізде қамтамасыз етіп, экономиканы тиімді дамыт үшін мемлекеттік қызмет көрсетуді ұсынады. Демек, табыс пен шығындардың шеңбер айналымы үнемі қозғалыста болып теңгеріледі. Түпкі есепте (нәтижеде) өндірістің жалпы көлемін байқатып, тұрғындардың жұмыстылығымен табысы көрсетіледі.
Нарықтық инфрақұрылым
Аукциондар Консультациялық – делдалдық фирмалар
Биржа мен брокерлік конторлар Бизнестің коммерциялық орталықтары
Банктер Сақтандыру және аудиторлық компаниялар
Коммерциялық орталықтар және компаниялар Жарнамалық – ақпараттық қызметтер
Мемлекеттік резервтік және сақтандыру қорлары Складтық, элеваторлық, тоңазтқыштық және транспорттық шаруашылық
Баға мен стандартты бақылаушы мемлекеттік инспекция Сауда үйлері
Мемлекеттік салық инспекциясы Маркетингтік зерттеу орталықтары
Бағалы қағаздарды бақылау инспекциясы Көтерме сауда орталықтары
Құқық қорғау органдары Кадрларды дайындау орталықтары
Лизингтік компаниялар Жәрмеңкелер
Информация о работе Кәсіпорыннын фирмаішілік жоспарлауын уйымдастыру