Кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қорлары,тиімділік арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2012 в 10:18, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастар, нарықтық экономика жағдайында қол жеткізілген ғылыми-техникалық прогресті, өндірістің шаруашылық етуі мен басқаруының тиімді нысандарын игеру негізінде кәсіпорыннан іс әрекетсіздікті жоюды, кәсіпкершілікті белсендіруді, өндіріс тиімділігін, өнім мен қызметтің бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылатуды талап етеді.
Бұл міндетті жүзеге асырудағы маңызды рөлді шаруашылық субъектілердің қызметін экономикалық талдау алады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорының теориялық аспектісі 5
1.1Негізгі өндірістік қордың экономикалық мәні мен құрамы 5
1.2 Айналым қорларының негізгі қорлардан айырмашылығы 8
1.3 Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері мен негізгі қорды қолданудың тиімділік көрсеткіштері 11
3.1 Кәсіпорындағы қорлардың тиімді пайдалануын жоспарлау және бөлу 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 39

Работа содержит 1 файл

курс испрэ.doc

— 335.00 Кб (Скачать)

Ғылыми-техникалық саясат көпқырлы кешенді  процесс, ол қоғамдағы барлық саяси-әлеуметтік, экономикалық үрдістерімен тығыз байланыста дамиды.

1777 жылы жарық көрген И.Беккманның  «Технология бойынша жетекшілік  немесе қолөнерді фабрикалар  мен мануфактураларды тану»- деп  аталатын еңбегінде, қоғамның  экономикалық өркендеуі тікелей  ғылым мен техниканың өзара  бірлікте дамуымен байланысты – деп тұжырымдаған [10].

Ғылымды – өндіргіш күш ретінде  танып, зерттеудің негізгі ХVII-XVIII ғасырға  тән деп айтуға болады. Ғылым мен  техниканың қоғамдық қатынастар жүйесіндегі  ықпалын зерттеуге ағылшын философы, әрі саяси қайраткері Ф.Бэкон зор үлес қосты. «Жаңа Атлантида» мемлекеті туралы әйгілі еңбегінде ол қоғамның өндіргіш күштері ғылым мен техниканың көмегімен дамыған мемлекеттерді атап көрсетті. Ф.Бэкон барлық қоғамдық проблемаларды ғылымның көмегімен шешуге болады – деп түсіндіреді.

Жалпы «ғылыми-техникалық саясат»  түсінігінің ғылыми айналымға енуі ХХ ғасырдың 50-жылдарына тән. Алғашқыда  батыстың ғалым-экономистері ғылыми салаға жаңа термин ретінде енгізіп, кең  қолданған. Бұл түсінік бірте-бірте  қоғамдық-гуманитарлық ғылымдардың  зерттеулерінде белсенді түрде қолға алынып, дербес зерттеу  саласы ретінде қалыптасқан.

 «Қазақстандағы ғылыми-техникалық  саясатты дамытудағы жаңа бағыттар (нанотехнология, биотехнология және  ғарыш салалары Мемлекет басшысы  Н.Ә.Назарбаевтың атап айтқанындай «әлемдік рынокта Қазақстан жоғары технологияларға ие болуы тиіс, сондықтан нақты нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін ғылыми-техникалық дамудың жаңа бағыттары белгіленді. Олар биотехнологиялар, нанотехнологиялар, ғарыш саласы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен көмірсутекті және тау-кен метталлургиялық өнеркәсіп үшін қажетті технологиялар».

Жаңа басым бағыттардың бірі нанотехнология саласына қысқаша тоқталатын болсақ, нанотехнология «си» өлшем  жүйесінде «нано» миллиардтың бір  бөлігі деген үлесті білдіреді [11].

Нанотехнологияның басты жетістіктерінің  бірі атомның ішіндегіні көруге болатын  микроскоптардың қолданысқа енуі. Нанотехнология арқылы иненің ұшына ағылшын сөздігінің 28 томын сыйдыруға болады. Нанотехнологияларды  дамытудың арқасында медицинада мүлдем таңғажайып дүниелер орын алып отыр. Бұлар осыған дейін көзге көрінбеген тың білімдерді ашатын мүлде жаңа технологиялар нәтижесінде, іс жүзінде жаңа әлем, жаңа өлшемдер ашылды.

 

Қазақстандағы перспективалы ғылыми-техникалық басым бағыттар



 


 

биотехнология

 

нанотехнология

 

ғарыштық қызмет


 

көмірсутекті және тау-кен металлургиялық өнеркәсіп үшін қажетті технологиялар

 

ақпарттық-коммуникациялық технологиялар


 

Сурет 2. Қазақстандағы ғылыми-техникалық саясатты дамытудағы жаңа бағыттар

 

Нанотехнологияның Қазақстанда қалыптасуы мен болашағы туралы Президентіміз  Н.Ә.Назарбаев Жаңа Қазақстан-ұлттың ұлы идеясы атты сұхбатында бұл бағыттардың  Қазақстан үшін саяси стратегиялық маңыздылығын тұжырымдап көрсеткендей, 10-15 жылдан кейін нанотехнологияларды пайдалану арқылы триллион доллардың өнімдері шығарылады. Бүгінде  дүниежүзінің көптеген елдері нанотехнология мен биотехнологияны дамытуға кірісті. Ресей үкіметі нанотехнологияны дамытуға миллиард қаржы бөліп, жаңа лабораториялардың негізі қаланса, Қазақстанда нанотехнологияны игеруге кадрлар дайындау туралы жаңа бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Демек, елімізде нанотехнологияны дамытудың іргетасы қаланды.

Келесі ғылыми-техникалық дамудың  жаңа бағыттарының бірі биотехнология  болып табылады. Биотехнология әлемде ерекше саяси сипат алып отыр. Дүниежүзінің көптеген елдерінде биотехнология ғылым мен саясаттың басын қосатын жаңа салалардың бірі, ғылыми-техникалық саясаттың маңызды бөлігі ретінде қарастырылады. Автордың пайымдауынша Қазақстанда биотехнология бағытын дамыту перспективалы болып табылады, себебі біздің елімізде бидай және басқа да дақылдар көп өсіріледі. Ғылыми-техникалық дамудағы биотехнологияны дамытудың саяси стратегиялық маңыздылығын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін күшейтуге және қайта қалпына келмейтін энергия қорын үнемдірек пайдалануға мүмкіндік береді»–деп тұжырымдағанындай биотехнология стратегиялық маңызды бағыттардың бірі. Ұлттық биотехнологиялық орталық Қазақстанда алғаш рет құс тұмауына қарсы «Қазақстан – 15» ауыл шаруашылығы вакцинасын жасап шығарды.Бұл қазақстандық ғалымдарымыздың ғылыми саладағы үлкен жетістіктерінің бірі болды. Биотехнологиялық орталықтың ендігі мақсаты – ғасыр дерті болған туберкулез, қатерлі ісік тағыда басқа аурулардың алдын-алу, одан адамдарды сақтандыру мақсатында жұмыс істейді. Ұлттық Биотехнологиялық Орталық отандық ғылымды әлемдік деңгейге жеткізуге өзіндік үлес қосатын халықаралық маңызы бар ғылыми зерттеу орталығы  ретінде қалыптасып келе жатыр. Автордың пайымдауынша Қазақстан үшін биотехнология саласын дамытудың саяси стратегиялық маңыздылығы зор. Себебі бұл сала адам денсаулығынан бастап, азық-түлік, қоршаған орта, жанар-жағармай тағыда басқа тұрғындар қажеттілігін өтеуге керек өнімдерді өндірумен айналысады. Біздің елімізде биотехнологиялық саланы әрі қарай дамыту үшін – қомақты қаржыландыру, осы заманғы құрал-жабдықтар ең бастысы сауатты ғылыми потенциал керек.

 

Ғылыми потенциалдың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың негізгі бағыттары



 

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

 

Стратегиялық мақсаттарды дамыту


 

Ұзақ мерзімді экономикалық бағыттар

Ғылымның жетістігін өндірісте  толықтай қолдау


 

Жоғарғы ғылымға қажеттілік пен  әдістемелікті қатар дамыту

Ғылым мен техниканы дамытудың  әлемдік талаптарға сай болуы


 

Сурет 3. Ғылыми потенциалдың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастырудың негізгі  бағыттары

 

Қазақстанда ғылыми-техникалық дамудың  жаңа бағыттарының бірі ғарышты бейбіт мақсатқа игеру, ғарыш кеңістігін зерттеу  болып отыр. Ғарышты игеру де –  осы заманғы ғаламдық мәселелердің бірі. Қазақстан әлемдік косманавтикада сирек кездесетін ғарыш кешенінің иесі, оны жалға беруші ғана емес өзінің ғарышкері, ғылыми-ғарышты игеру бағдарламасы бар ел. Ғарыштық қызметті дамыту – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы. Дүниежүзіндегі ең ірі ғарыштық кешен болып саналатын Байқоңыр Қазақстанның ғылыми-техникалық дамуына үлкен жол ашады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, Байқоңыр айлағында төрт ірі кешенді ғарыштық зерттеулер жүзеге асырылған. Отандық ғарышкерлердің қатысуымен қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайларды бақылау, ауыл шаруашылық дақылдарының жаңа түрлерін өндіру мақсатында ғарыштық кең көлемді ғылыми  бағдарламалар жасақталып жүзеге асырылуда. Қазақстандағы ғарыштық қызметті дамытудың саяси стратегиялық мәні зор. XXI ғасырда Қазақстан ірі ғарыштық державалардың қатарынан көріне алатын зор мүмкіндікке ие.

Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы, инновациялық дамудың  басты міндеттері мен негізгі механизмдерін анықтайтын саяси стратегиялық құжат болып табылады. Бұл қабылданған стратегияның мәні зор, еліміздің экономикасын әртараптандыруда ғылымның дамуы арқылы өндірісті іске қосу инновациялық дамудың деңгейін көтеру Қазақстанның стратегиялық міндеттерінің бірі. Бұл стратегияда еліміздегі ғылым мен білімнің, технологиялық дамудың негізгі механизмдері анықталған.

Индустриалдық-инновациялық дамудағы ғылыми-техникалық саясатты өркендетудің саяси стратегиялық маңыздылығы  жоғары.

Қазақстанның индустриалдық-инновациялық стратегиясын қабылдауы кемел келешекке ұмтылғанның белгісі.

Қазақстанның технологиялық дамуда артта қалуының басты себептері:

1.Экономиканың шикізаттық  бағыттылығы.

2.Әлемдік  экономикаға  ықпалдасудың  әлсіздігі.

3.Ғылыммен өндірістің арасында ұтымды байланыстың болмауы.

4.Өндірістік және әлеуметтік  инфроқұрылымның белсенділігінің  төмен болуы. Осы олқылықтардың  орнын толтыру мақсатында Қазақстанда  2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық  даму стратегиясы қабылданды.  Автордың пайымдауынша индустриалдық-инновациялық даму  демократиялық және экономикалық жағынан мықты дамыған білімді Қазақстан құрудың басты баспалдағы. Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасын дамыту, халықтың әл ауқатын көтеру, еліміздің технологиялық артта қалуын жою мақсатында қабылданған стратегия ғылыми-техникалық саясатты дамытудағы шешуші қадамдардың бірі. Стратегияның даму динамикасы 3 кезеңді қамтиды:

Инновация жаңа ғылыми идеялар мен  озық технологиялардың қоғамға енуі. Инновациялық процесс - ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын негізгі фактор болып табылады. Қазақстанның инновациялық саясаты отандық ғылымның интеграциялануымен әлемдегі ғылыми кеңістіктегі алатын орнымен тығыз байланысты. Жалпы алғанда, «инновация» сөзі латын сөзінен алғанда «жаңарту» (обновление), ағылшынның «inovation» (нововведение) «жаңалық енгізу» деген ұғымды білдіреді. Саяси ғылымда бұл сөздің мағынасы әлеуметтік ортаға, қоғам дамуына, заман талабына сай өзгерістер енгізу, қоғамның барлық саласындағы бұрынғы қолданылған  әдіс-тәсілдерді жаңалау, жетілдіру деп түсіндіріледі. Инновациялық қызметті, ғылымда, әлеуметтік өмірде, саяси жүйеде, қоғамның басқа салаларында да кеңінен қолдануға болады. Инновациялық процестерге бет бұру дегеніміз – қоғамның барлық  саласының даму динамикасын жаңарту, ғылым мен өндірісті ұштастыру деген сөз. Еліміздегі 2002 жылы қабылданған «Инновациялық қызмет туралы» заң қоғамның дамуына жаңаша сипат беруде. Инновациялық саясат мемлекеттік саясаттың құрамдас бір бөлігі, әлеуметтік-экономикалық дамуда инновациялық идеяларды басшылыққа алу тиімді болмақ. Автордың пікірінше Қазақстанның саяси-әлеуметтік-инновациялық дамуы қоғамдағы ғылыми-техникалық өркендеудің деңгейімен анықталады. Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарынан көрінуінде инновациялық дамудың рөлі ерекше. Жоғары технологиялы өндірісті дамытуға, ғылыми тұрғыдан ауқымды өнімдер көлемін өсіру арқылы бюджетке түсімдерді арттыруға, жаңа технологияларды пайдалану негізінде экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Инновациялық саясатты ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеу, оның нақты жетілдіру механизмдерін көрсету ғылыми-техникалық өркендеудің тиімділігін арттырады. Демек еліміздегі инновациялық дамудың әр саладағы нақты мақсаты мен міндеттерін айқындау оған теориялық терең талдау жасау, инновациялық саясатты әрі қарай жетілдіруге жол ашады. XXI ғасырда басым бағытқа ие болып отырған озық технологияларды игеру мен қоғамды дамытуға инновациялық саясаттың қосатын үлесі қомақты.

Дүниежүзілік ғылыми-техникалық инновациялық үрдіске ілесу, еңбек өнімділігін арттыру, ғылымды қажетсінетін жоғары технологиялық өндірісті құру мәселелері тек интеллектуалдық ресурстарды топтастырғанда оның ішінде ғылыми потенциалды осы міндетке жұмылдырғанда ғана жүзеге асырылады. Елдің бәсекеге қабілеттілігі сол елдің білім деңгейімен анықталады. «Ғылым мен білімді дамыту жалпы ұлттық саяси міндет» - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев тұжырым жасағанындай ғылыми кадрлардың біліктілігін, кәсіби шеберлігін дүниежүзілік стандартқа сәйкес дамыту қоғамдағы көкейкесті мәселе. Осы мақсатта Қазақстан үшін ғылыми потенциалдың бәсекеге қабілеттілігін көтеру басты міндет болып табылады. Еліміздің ғылыми-интеллектуалдық потенциалы елдің экономикалық потенциалының құрамдас бір бөлігі. Қазақстанда ғылыми потенциалдың қаржылық, материалдық қамтамасыз етілуін бір жүйеге келтіру керек. 90 жылдардағы экономикалық дағдарыс ғылыми потенциалғада кері әсерін тигізді. Ғылыми кадрлардың шетелге қоныс аударуы, басқа салаға ауысып кетуі ғылыми потенциалдың сандық және сапалық құрамына әсер етті. Қазіргі кезеңде отандық ғылыми кадрлардың қалыптасуындағы басты мәселе ғылыми ортадағы ұрпақтар сабақтастығындағы сәйкессіздік, ғалымдарымыздың қартаюы. Статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, ғылым докторларының орта жасы 55 жас, ғылым кандидаттарының орта жасы 48 жасты құрайды [13]. Ғылыми саланың кадрлар құрамына жасалған талдау бойынша 90 жылдардағы экономикалық дағдарыста ғылыми қызметкерлерінің санының күрт төмендеуі байқалса, 2001 жылдан бастап, бұл сала қызметкерлерінің біртіндеп өскендігін көруге болады. 2001-2007 жылдар аралығында ғылыми кадрлардың саны 3000 адамға дейін өскен. Осы уақыт аралығындағы ғылым докторларының 40,9 %-н 60 жастан асқан ғалымдар құрайды [14]. Еліміздегі ғылыми-техникалық потенциалдың дамуына талдау жасай отырып отандық ғылыми салаға жастарды тарту қажеттілігі басым  деп айтуға болады.Қоғамда үлкен қажеттілік туып отырған ұлттық инженер  кадрлардың негізін құрайтын физика, математика, химия, биология, география, физиология, кен-металлургия ғылымдарын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Ғылымның саяси-әлеуметтік мәртебесін көтерумен ғылыми саланы қаржыландыру мәселесі мемлекеттік деңгейде заңдық негізде бекітілуі тиіс және қаржыландыруға шетел инвестициясын ұлттық холдингтерді жеке секторды тарту керек. Сондай-ақ ғылыми салаға салықтық жеңілдіктер енгізіліп жеке фирмалармен венчурлық қорлардың құрылуы тиіс.

Соңғы жылдары  қалыптасқан жаңа ғылыми-өндірістік орталықтардың  бірі мұнайды өңдеумен айналысатын Ақтау  мұнай-химия кешенінің  құрылуы, бұл орталық сондай-ақ түсті металды құбыр шығарумен шыны өндірісімен айналысады. Осы аймақтағы жаңа технологиялық өндіріс орталығы Маңғыстаудағы еркін экономикалық  аймақтың бой көтеруі. Бұл аймақ екі жылда серпінді технологияларға қол жеткізіп отыр. Мұндағы ондаған кәсіпорындардың біразы қазірдің өзінде бүкіл әлемде сатып алатын бәсекелі өнімдер шығаруда. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен Астана және Алматы қалаларының жанынан аграрлық саланың ғылыми-өндірістік кластерлерін өндірістік-тәжірибелік және бизнес инфрақұрылымын қалыптастыратын  агроқалашықтар құрылып іске қосылып отыр. Технологиялық парктермен ғылыми-өндірістік орталықтардың басын қосатын инфраструктураның қалыптасуы біраз уақытты талап етеді. Қазақстан ірі аграрлық мүмкіндікке ие ел. Осы мақсатта елімізде агроөнімдерді инновациялық жолмен өңдеудің тәжірибелік зертханаларын жабдықтау мен қайта құру қолға алынуы тиіс. Қазақстанда ғылыми-технологиялық парктердің көп болуы мемлекет үшін тиімді. Болашақта технологиялық парктердің Алматы, Қарағанды, Астана, Орал қалаларында құрылғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қалаларда ғылым мен өндірісті ұштастыруға барлық мүмкіндіктер бар. Бұл қалаларда мықты ғылыми потенциалы бар жоғарғы оқу орындары көп шоғырланған. Қазақстанда технологиялық кеңістікті қалыптастыруда мына мәселелер міндетті түрде ескерілуі тиіс:

Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қорлары,тиімділік арттыру жолдары