Кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қорлары,тиімділік арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2012 в 10:18, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастар, нарықтық экономика жағдайында қол жеткізілген ғылыми-техникалық прогресті, өндірістің шаруашылық етуі мен басқаруының тиімді нысандарын игеру негізінде кәсіпорыннан іс әрекетсіздікті жоюды, кәсіпкершілікті белсендіруді, өндіріс тиімділігін, өнім мен қызметтің бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылатуды талап етеді.
Бұл міндетті жүзеге асырудағы маңызды рөлді шаруашылық субъектілердің қызметін экономикалық талдау алады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорының теориялық аспектісі 5
1.1Негізгі өндірістік қордың экономикалық мәні мен құрамы 5
1.2 Айналым қорларының негізгі қорлардан айырмашылығы 8
1.3 Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері мен негізгі қорды қолданудың тиімділік көрсеткіштері 11
3.1 Кәсіпорындағы қорлардың тиімді пайдалануын жоспарлау және бөлу 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 39

Работа содержит 1 файл

курс испрэ.doc

— 335.00 Кб (Скачать)

Жоғарыда   берілген    анықтамалар    қарастырылып ұғым  мәнін  жеткілікті  дәрежеде  ашпайды, олардың   әрқайсысында   бұл   ұғымды   дәлірек ауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда   (мысалы, еңбек   өнімділігі,   қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесін және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика    жағдайындағы   кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын  және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.

Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін  және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.

Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды  ұсынамыз:

Кәсіпорынның қаржы  жағдайы осы кәсіпорынның белгілі  бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мені өзінің   қарыз   міндеттемелерін  уақтылы   өтеуі   үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.

Енді біреулер "өз қаражаттары  есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым  қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады.

"Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан  табыстың шығыннан артуының өзіне  тән айнасы - қаржылық тұрақтылық  болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді.

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың  қаржылық жағдайын талдаудың басты  мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:

•  қаржылық жағдайға баға беру және оның есеі беру мерзіміндегі өзгерісі;

•  активтер мен олардың қалыптасу  көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы  тиімділікті зерттеу;

•  айналым   капиталының   көлемін,   оның   өсуі (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;

•  қаржы-есептік және несие  ережесін сақтау;

• кәсіпорын  активтері және оның міндеттемелерінің  құрылымын зерттеу;

• ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның, ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;

• баланстың  өтімділігін,  кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік, және  салыстырмалы   көрсеткіштерін анықтау;

•  кәсіпорын табыстылығын бағалау;

• кәсіпорын  табысының салыстырмалы көрсеткіштерін,  сондай-ақ  олардың деңгейінің  өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;

•  кәсіпорынның іскерлік белсенділігін  анықтау;

• кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Қаржылық  жағдайды талдау кәсіпорыннңң шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды жабдықтау, өңдіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды.

Кәсіпорынның  қаржылық  қызметі  - бұл  оның  осы, қызмет нәтижесінде  меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады.  Ол  қаржы  ресурстарының  жүйелі түрде  түсуі мен тиімді  пайдаланылуына,  есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын   қызметінің   қаржылық,   өндірістік   және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік-сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.

"Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы  - бұл тәуекелділіктің мүмкін  болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі  мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы".

"Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.

Сандық фактор сомасы бойынша жыл басына және жыл аяғына есептеліп, 2-ге бөлінген, активтердің орташа жылдық құны жатады, ал сапалық факторға кәсіпорынның таза табысы жатқызылады.

Бұл екі фактордың талданып отырған  көрсеткіш бойынша алынған ауытқуға ықпалын анықтау үшін, өткен жылғы табыс және есепті жылға жалпы бойынша активтердің қосымша табыстылық коэффициентін есептейміз.

  Алайда айта кеткен жөн,  факторлар әсерін бұл әдістеме  бойынша өлшеу біршама қате, себебі  оны есептеудің математикалық  формуласы дұрыс және ешқандай  күдіксіз болғанына қарамастан, ол көрсеткіштің экономикалық мазмұнына жауап бермейді. Таза табыс бойын-барлық активтердің табыстылық деңгейі - (қаражатты тарту көздеріне тәуелсіз) активтер құнының бірлігінен табыстың қанша ақшалай бірлігі алынғанын көрсетеді. Осыған қарағанда, неғұрлым кәсіпорын кеңейген сайын және оның өндірістік потенциялы өскен сайын, соғұрлым активтер тиімділігі төмен болады. Керісінше, авансталған капитаддың табыстылық деңгейі жалпы активтерді пайдалану тиімділігіне тәуелді болуы тиіс. Осы түсініктерді қарастыра келе, біз екінші көз-қарас әлдеқайда ғылыми негізделген және дұрыс деп есептейміз.   Және   оның   соңғы  жылдардағы  арнайы әдебиеттерде кең таралуы кездейсоқ емес.

Айта кету керек, біз қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек қарастырдық, әйткенмен біз олардың кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың мәні қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" деп жазады В.Т. Артеменко мен М.В. Беллендир.

Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д. Шеремет мен В.С. Сайфуллин дәлірек  және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні — бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі деп түсіндіреді.

. "Кәсіпорынның өз міндеттемелері  бойынша есептесу мүмкіндігі" немесе "Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін төлем қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады". Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе түсті.

 

2.3Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары

 

Кәсіпорынның қаржысын басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқару және оператиитік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді.

Кәсіпорын  қаржысын жалпы басқару  кәсіпорындағы ақша  қаражаты, ақша  айналымы, алдағы  жоспарды  болжау,  шағынды  азайтып, қызметкерлерді  жалақымен қамтамасыз ету. Кәсіпорын  өз кезегінде нақтылы функциялық міндеттерді орындайтын басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады.

Кәсіпорынның кірістерін жұмылдыру  жөніндегі аса маңызды функцияларды салық қызметшісі  орындайды.

Салық  қызметшісі-салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттер жүктеледі.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың  ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.

Субъектілерге қаржылық есепті бухгалтерлік есеп стандартында анықталған жеңілдетілген  түрде толтырып, көрсетуге рұқсат етіледі. Бұл егер де төмендегі көрсетілген 3 шарттың кез келген екеуі орындалғанда ғана (соңғы 2 қаржылық жыл үшін) маңызға ие болады:

1) зейнетақыны,  жәрдем  ақша  және  басқа  әлеуметтік төлемдерді  есептеу,  сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа ҚР төлемдерін  салу үшін жылдық табыс ҚР  заңымен көрсетілген 10000 есе есептік  көрсеткіштен аспайды;

2) қаржылық жыл  бойы  қызметкерлердің   орташа саны 50-ден аспайды;

3) активтердің жалпы құны 60000 еселіқ  есептік көрсеткіштен аспайды.

Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отаны қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау процесі белсенді жүргізілді, ол біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен, екіншіден, біздің еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке кіруімен байаланысты.

.«Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есепті №2   «Бухгалтерлік   баланс  және   қаржылық   есептеген негізгі ашылулар» деген стандартында көрсетілгендей, бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз болып табылады.

Қаржылық   есеп   негізінен   өтелген   жағдайларды қаржылық нәтижелерін және де кәсіпорын үшін инвестициялық шешімдер мен несие беру бойынша шешімдерді шешу үшін, сондай-ақ субъектінің болашақта ақша ағымдарын және осы субъектіге сеніп тапсырылған  ресурстар  мен   басқарушы  органдардың  жұмыс тарымен   байланысты  ресурстар   мен   міндеттемелерді бағалау  үшін   қажетті  пайдалы   ақпараттарды   сипаттайды. Алайда қаржылық есеп қолданушыларга экономикалық шешімдерді қабылдау үшін қажетті барлық ақпараттарды қамтымайды.  Қаржы есебін пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер субъектінің ақша қаражаттарын айналдыру мүмкіндігін бағалауды, сондай-ақ оларды айналдыру уақытын есептеу және нәтижеге сенімді болуын талап етеді. Бұл нәтижесінде, субъектіңің өз  жұмысшыларына және  жабдықтаушыларына ақы төлеу, пайызды төлеу, несиені  қайтару табысты тарату қабілетін  анықтайды.  Егер де  қолданушылар  тек  қана  субъектінің  қаржылық жағдайын, қызметін және оның өткен есепті мерзімдегі қаржылық есебінің өзгерісін сипаттайтын ақпараттармен емес, сонымен  қатар  барлық  қажетті  ақпараттармен жабдықталған болса, онда олар, яғни қолданушылар ақша қаражаттарының айналдыру мүмкіндігін одан да жақсы бағалайды. Бірақ коммерциялық құпияны қорғау туралы заң қолданушылар алатын қаржылық ақпаратқа шек  қояды,   дегенмен   олардың  ішінде   кейбіреулері  (тергеу органдары, ревизорлар, аудиторлар) өкілдігі болған жағдайда қаржылық есепте көрсетілген ақпараттарға қосымша ақпараттарды талап ете алады. Қолданушылардың көпшілігі қаржылық есепке қаржылық ақпараттың басты көзі ретінде сенуі тиіс.

 Нарықтық экономика жағдайында  қаржылық есеп шаруашылық субъектілерінің  қызметі жөнінде қаржылық ақпараттардың  жүйелендірілген бірден-бір көзіне, әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы  шаруашылық субъектілерінің өзара  негізгі байланысына және басқару шешімдерін қабылдауға қажетті аналитикалық есептердің ақпараттық базасына айналды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда негізгі ақпарат көзі қызметін бухгалтерлік баланс атқарады. Баланс — есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  сипаттайды  және маңызды   қызметтер    атқарады:    Біріншіден,    баланс меншік  иелерін  шаруашылық  субъектісінің жағдайымен   таныстырады.   Осы   арқылы   олар бұл субъекті   нені   иеленеді,   материалдық құралдардың сандық және сапалық қорлары қандай, кәсіпорын жақын арада үшінші жақ алдындағы өз міндеттемелерін ақтай ала ма, соны білдіреді. Екіншіден, басшылар кәсіпорынның басқа ұқсас кәсіпорындар жүйесіндегі өз орны, таңдап  алынған  стратегиялық бағытының дұрыстығы туралы, ресурстарды пайдалану тиімділігінің салыстырмалы сипаты және кәсіпорынды басқару бойынша әр түрлі сұрақтарға шешімдер қабылдау туралы түсінік алады.

Баланс ақпараттары негізінде  сыртқы қолданушылар берілген кәсіпорынмен өзінің серіктесі ретінде жұмыс  жүргізудің мақсатқа сәйкестігі және оның шарттары туралы шешімдер қабылдай алады; өз салымдарының мүмкін болатын тәуекелділіктерін және берілген кәсіпорынның акцияларын иеленудің орындылығын және басқа шешімдерді бағалайды. Баланстың маңыздылығы соншалық, көп жағдайда қаржылық жағдайды талдауды баланстық талдау деп атайды. Бухгалтерлік баланс - қаржылық есептің негізгі түрі бола отырып, ол есепті кезеңдегі, кәсіпорын мүлкінің құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің айналымдылығы мен өтімділігіні меншікті капитал мен міндеттеменің қолда барын, дебиторлық және кредиторлық борыштың динамикасы мен жағдайын және кәсіпорынның несие қабілеттілігі мен төлеу қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді,

Активтер, баланс кәсіпорынының есепті кезеңде бақылап, таратып отыратын мүмкіндік және қарыздық құқық құны ретінде көрсетіледі. Пассивтер кәсіпорынның заемдар мен кредиторлық қарыздар бойынша міндеттемелері болып хабылады, оларды өтеу мүлік құнының немесе келіп түсетін табыстың төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мүліктің түрлері және олардың қалыптасу көздері сапалық біркелкі белгілері бойынша топтастырылады. Актив пен пассивтегі бұндай жеке элементтер мен қорытындыланған көрсеткіштер баланс баптары деп аталады.

Баланстың актив бөлімінің құрылымына сай ерекшелік - бұл яғни баланс бөлімдері мен баптарының әр бөлім ішінде (шегінде) қатаң, белгілі бір дәйектілікпен орналасуы - яғни олардың өтімділік дәрежесіне байланысты мына принцип бойынша: өтімділік дәрежесі аз активтерден өтімдшігі көп активтерге дейін, демек басында баланстың өтімділігі жағынан төмен бөлімдері мен баптары жазылады, содан кейін өнімділігінің өсу деңгейіне байланысты жоғары өтімді активтер жазылады. Осы принцип бойынша активтің қорытынды баптары  ең  өтімді  айналым  қаражаттары  (ағымда активтер) болып табылады олар қысқа мерзімді қаржылық салымдар, кассадағы, есеп айырысу және валюталық шоттардағы ақша қаражаттары, сондай-ақ басқа да ақша қаражаттары.

Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қорлары,тиімділік арттыру жолдары