Кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қорлары,тиімділік арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2012 в 10:18, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастар, нарықтық экономика жағдайында қол жеткізілген ғылыми-техникалық прогресті, өндірістің шаруашылық етуі мен басқаруының тиімді нысандарын игеру негізінде кәсіпорыннан іс әрекетсіздікті жоюды, кәсіпкершілікті белсендіруді, өндіріс тиімділігін, өнім мен қызметтің бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылатуды талап етеді.
Бұл міндетті жүзеге асырудағы маңызды рөлді шаруашылық субъектілердің қызметін экономикалық талдау алады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорының теориялық аспектісі 5
1.1Негізгі өндірістік қордың экономикалық мәні мен құрамы 5
1.2 Айналым қорларының негізгі қорлардан айырмашылығы 8
1.3 Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері мен негізгі қорды қолданудың тиімділік көрсеткіштері 11
3.1 Кәсіпорындағы қорлардың тиімді пайдалануын жоспарлау және бөлу 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 39

Работа содержит 1 файл

курс испрэ.doc

— 335.00 Кб (Скачать)

Баланс  пассивінің  бөлімдері  мен  баптары  төлем мерзімінің жеделдік дәрежесіне байланысты мына принципке  сай  құрылды:   төлем мерзімінің  жеделдігі бағыттарынан жеделдігі көп бағыттарға дейін.

Бухгалтерлік стандарттың іске қосылуынан баста бухгалтерлік баланс жаңаша анықталады және оның екі бөлігі   мен    элементтері   де   жаңаша   сипатталады. Олардың  түсіндірмесі нарықтық экономикасы дамыған елдердің бухгалтерлік есеп және аудит тұрғысында жетекші ғалымдардың еңбектеріне арқа сүйейді. Осыған орай ағылшын тілінен орыс тіліне аударылған оқулықтардың   және  тәжірибе  құралдарының   авторларына пікірлері теориялық қөзқарас болып табылады. Жоғары оқу   орындарында   экономикалық   мамандық   алатын студенттерге,   бизнес   мектептер   мен   экономика лицейлерге арналған ағылшын авторының "Бухгалтерлік талдау деген оқулығында қелесідей анықтама берілген: "Баланс - бұл   кәсіпорынның   белгілі   бір   күндегі қаржылық   жағдайының    кестесі    болып    табылады Активтер дегеніміз бұл кәсіпорын нені иеленеді ол нені алуға тиіс, соны көрсетеді (немесе активтер бұл кәсіпорынның иелігіндегі және алуға, тиісті мүлкі);  пассивтер -   бұл кәсіпорынның өзінің біреуге берешек қарызы немесе борышы. Активтер сомасы әрқашан пассивтер сомасына тең болуы тиіс.

Баланс бұл - белгілі   бір   күнге   кәсіпорынға   тиісті   барлық активтер   мен   оның   борыштарын   анықтайтын   пассивтерінің тізімі. Бұл берілген уақыт мерзіміндегі бизнестің (іскерлік қызметтің) қаржы жағдайының бейнесі болып табылады. Актив пен пассивтің әр бабы ақшалай ие болады және де активтер сомасы әрқашан сомасына тең болуы тиіс.

Әрі қарай олар баланстың негізгі  элементтерін келесідей сипаттайды:

Баланстық есеп - бұл белгілі   бір   кезеңде   жасалған   және   осы   кезеңдегі ұйымның  жалпы қаржылық жағдайын  бағалау  үшін пайдаланылатын фотосурет. Қаржылық жағдай ұғымының тікелей байланысқан  баланстық есеп элементтері дегеніміз бұл   активтер,   пассивтер   және   капитал. Баланстық есеп кәсіпорынның әрі қарайғы жұмысын қамтамасыз ету үшін қазіргі уақытта қолда бар ресурстар туралы ақпаратты қамтиды. Ол сондай-ақ, бұл активтерді  қаржыландыру  көздері туралы  ақпараттан . Мысалы, бұл көздер қарызға алынған ба, жоқ, де меншікті ме"

 Бухгалтерлік баланстың бөлімдері  (жақтары) мен элементтері келесідей  анықталады:

Актив бұл - бұл өткен жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.

Пассив  бұл - өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның    ағымдағы    міндеттемесі. Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты   кәсіпорын ресурстарының шығынына   (сыртқа   кетуіне)   әкеліп соқтырады.

Капитал бұл - пассивтерді   активтерден тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты».

Көріп отырғанымыздай, бухгалтерлік баланс жән оның элементтері туралы бұл анықтамалар біздці бухгалтерлік есеп теориясы бойынша оқулықтарымызда  берілген анықтамалардан өте ерекшеленеді. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп туралы заңды жасаушылар негіз ретінде батыс ғалымдарының еңбегін алып отыр  "Қаржылық есептің, субъектінің қаржылық жағдайың бағалаумен байланысқан негізгі элементтері - активтер, меншікті капитал және субъектінің міндеттемесі" болып табылатынын айта келе, олар қаржылық есептің элементтеріне келесідей сипаттама береді.

Активтер - бұл құндық бағасы бар кәсіпорынның мүлкі, мүліктік, жеке мүліктік емес иелігі және құқығы  болып табылады.

Меншіктік капитал  бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі активтері».

Сонымен, қаржылық есептің негізгі  элементтерінің анықтамасын  түсіндіруде   батыс   елдерінен   ешқандай айырмашылық жоқ деп айтуға болады.

Баланс  бухгалтерлік  есептің  "Бухгалтерлік және қаржылық есеп берудегі негізгі анықтаулар" №2 стандартымен  анықталады. Ол  активтердің,  меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ  қаржылық  есеп   беруде  анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады. Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық  сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық  жағдайын бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдауда қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.

Қаржылық жағдайды талдау барысында  тек бухгалтерлік баланс мәліметтеріне  ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл  біршама  қарапайымдау,  себебі  бу: терлік баланс кемшілік пен  шек  қоюшылықтан  адам емес, олардың  ең маңыздылары келесілер больып табылады:

1. Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады. Баланста келтірілген мәліметтер оны құрған кезеңдегі шаруашылық   қызметінің   нәтижесін   көрсетеді.   Бұл жағдайда баланс ақпараттары ретроспективалық және  перспективалық талдау мақсаттары үшін қолданылуы  мүмкін.

2. Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелерінде статус-квоны сипаттайды, яғни   пайдаланылып жүрген   есеп  саясатына  сай  осы  кезеңде  кәсіпорын жалпы   қандай   жағдайда   тұр   деген   сұраққа   жау береді, бірақ бұл жағдайға ненің нәтижесінде жеткені жауап бермейді. Бұл сүраққа жауап беру үшін, тек қосымша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар есеп және   есеп   беруде   көрсетілмейтін   көптеген   факторлардың талдануы қажет (мысалы, ғылыми-техникалық прогресс,  контрагенттегі қаржылық қиындықтар  және басқалар).

3. Баланста   салыстырмалы   шаруашылық   арал талдау жүргізу үшін қажетті база жоқ. Ол кеңісті және уақыттық салыстырулармен қамтамасыз етпейді. Сондықтан оның талдауы динамикада жүргізілуі тиіс және  мүмкіндігінше көрсеткіштерге,  олардың орташа салық және орташа прогрессивтік маңыздылығына шолу жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай мақсатпен ұқсас кәсіпорындар  тобы бойынша негізгі есептік көрсеткіштерді ашық жариялау қажет. Бұл қажетті орташа көрсеткіштерді есептеп шығаруға мүмкіндік береді.

4.Баланста  кәсіпорынның  қаражаттарының  айналымы туралы мәлімет жоқ. Баланстың сол немесе басқа  бабы бойынша соманың аз немесе көптігі туралы қортындыны баланстың көрсеткіштерін айналымының сәйкес сомаларымен салыстырғаннан кейін ғана жасауға юлады. Мысалы, екі кәсіпорынның баланстарындағы "материалдар" бабы бойынша сомасы бірдей, яғни 5 млн. теңге. Бір жылдағы материалдар айналымы, бірінші кәсіпорында 60 млн. теңге, ал екіншеде 10 млн. теңгені құрады.

5. Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің жиынтығы болып табылады, яғни онда  осы  балансты  толтыру   кезіндегі   шаруашылық операцияларының   жиынтығы   жазылып   отырады.   Ол кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың динамикалық баптарына қатысты, олар "материалдар", "дайын өнім", "тауарлар", "дебиторлық борыш" және басқалар.

Осы шектеулерғе қарамастан, бухгалтерлік баланс  кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды ақпараттық қамтамасыз етудің бірден-бір басты көзі болы табылады, ал оны оқу осы талдаудың алғашқы сатысы болып табылады.

Ақша қаражаттары  бұл - кассадағы  және  банк шоттарындағы қолма-қол ақша.

Операциялық  қызмет деп - субъекгің   табыс жөніндегі негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқада бір  қызметін түсінеміз.

Инвестициялық   қызмет   дегеніміз   -   бұл мерзімді активтерді сатып алу және сату, өтелмеген  несиелерді беру және алу.

Сонымен, кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаған  кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері ғана емес сонымен бірге басқа да қаржылық есеп беру нысандарының көрсеткіштері, түсіндірме хаттағы мәлімет және де есеп берудегі қосымша ақпараттар мәліметтері  де қолданылады.

Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің  кепілі  болып табылатын өнім  өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Индустриалды-инновациялық даму жағдайындағы кәсіпорынның негізгі қорын пайдалану тиімділігін арттыру жолдары

3.1 Кәсіпорындағы қорлардың тиімді пайдалануын жоспарлау және бөлу

Қор қайтарымы – негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің маңызды жалпылама көрсеткіші.

Қор қайтарым көрсеткіштерін есептеу  кезінде бастапқы деректер салыстырмалы түрге келтіріледі. Өнім (жұмыс, қызмет) көлемін көтерме баға мен құрылымдық қозғалыстардың өзгеруіне, ал негізгі  құралдар құнын оларды қайта бағалауға түзету керек [8, 276б.]

НӨҚ қор қайтарымына факторлардың әсер етуін анықтау үшін келесі формуланы  қолданумен тізбектей қосу тәсілін  қолданамыз:

 

                                                        (13)

 

мұндағы ү – НӨҚ актив бөлігінің үлес салмағы;

F – бірлік жабдық жұмысының  іс әрекеттегі жылдық жұмыс  уақыты, с;

К – іс әрекеттегі жабдықтардың орташа жылдық саны

СҚ – бірлік жабдықтың орташа сағаттық қазуы, теңге.

Қор қайтарымының өсуі негізгі қорлардың орташа жылдық құны шамалы ғана өскендегі өндіріс көлемінің өсуіне байланысты. 

Сонымен, факторлық талдау нәтижесін  негізге алып, 2010 жылы негізгі өндірістік қорлар 2009 жылға қарағанда анағұрлым  тиімді пайдаланылды деп тұжырым  жасауға болады.

Қормен жарақтану деңгейінің кемуі көбіне ӨПП орташа жылдық санының кемуі есебінен болғанын көрсетеді.

Курстық жұмыстың аталмыш бөлігінде негізгі өндірістік қорлардың құрамы, құрылымы, сондай-ақ қозғалысына (енгізу, шығару) толық талдау жүргізілген. Сонымен бірге, кәсіпорынның негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері есептелген және талданған: қор қайтарымы, қор сыйымдылығы, қормен жарақтану, олар негізгі қорлардық толық пайдалануын көрсетті.

Негізгі қорларды пайдалануды жақсарту өнім шығару көлемін көбейту,өзіндік  құнды  төмендету, өнім сапасын жоғарылату,мүлікке деген салықты төмендету және жалпы пайданы жоғарылату есебінен кәсіпорын жұмысының қаржылық нәтижесінен байқалады [ 301б.]. 

Негізгі қорды тиімді пайдалануды  жоғарлатуға әсер ететін факторларды  толық қарастырамыз, оларға:

  1. Негізгі қорды уақытылы, сапалы  жоспарлы – алдын ала және күрделі жөндеулерден  өткізу;
  2. Жоғары сапалы негізгі қорларды сатып алу;
  3. Қызмет атқаратын жұмыскерлердің  біліктілігін жоғарлату
  4. Негізгі қордың әсіресе қарқынды бөлігінің тым моральдік және физикалық тозуын өткізу алмау мақсатында уақытылы жаңартулар жүргізу;
  5. Жоғары технологиялы негізгі қорларды сатып алу;
  6. Кәсіпорынды артық жабдықтар,машина және  басқа да негізгі қорлардан немесе оларды жалға беруден  босату. 

Жоғарыда көрсетілгендей  кез келген келтірілген шара негізгі қорды  тиімді қолдануын  жоғарылатуға әсерін тигізеді.

Негізгі қорды тиімді қолдануының  өзгеруіне әр бір фактордың әсері  қарастырылған:

1) Негізгі қорды уақытылы, сапалы  жоспарлы – алдын ала және  күрделі жөндеулерден  өткізу:

Бұл шара негізгі қорларды  уақытылы жоспарлы-алдын ала және күрделі  жөндеулер жүргізбеуге байланысты туындайтын жоспарланбаған жеке тораптардың  және агрегаттардың жүйеден шығуынан сақ болуға әсерін тигізеді.

2) Жоғары сапалы негізгі қорларды  сатып алу:

Қарастырып отырған шара  да, жоғары сапалы негізгі қорларды сатып  алу себебімен  алдын ала қарастырылмаған  негізгі қорлардың  тоқтап тұруынан  сақтайды.

3) Қызмет атқаратын жұмыскерлердің  біліктілігін жоғарлату:

Практика көрсеткендей қызмет атқаратын қызметкерлердің төмен біліктілігі өндірістің жұмыс нормативін және технология процесін сақтамаған себептен, негізгі қорлардың  тоқтап қалуына  әкеліп соғады.

4) Негізгі қорлардың әсіресе  қарқынды бөлігінің тым моральдік  және физикалық тозуын өткізіп  алмау мақсатында уақытылы жаңартулар жүргізу:

Кез келген кәсіпорын пайда табу мақсатымен, сонымен қатар кәсіпорын  қызметін қарқынды өсіруді қамтамасыз етуге, өнімнің  негізгі түрлерін  тоқтаусыз өндіруге  қабілетті  негізгі қорлармен  жабдықталуға ұмтылады.

Егер де, кәсіпорында моральдық және физикалық тозған негізгі қордың болуы, оның нарықта бәсекеге түсу және тұтынушылардың қажеттілігін өндіретін өніммен қамтамасыз ету жағдайы болмайды. Бұл жағдай кәсіпорынның  барлық қызметіне, шығынға ұшырауына және банкротқа түсуіне әсер етеді.

Осыған байланысты, кәсіпорынынға негізгі қорлардың физикалық және моральдік жағдайын қадағалау қажет. Ол үшін осы бағыттағы шаралардың бірі, уақытында жаңарту, әсіресе  негізгі қордың активті бөлігін шамадан тыс моральдік және физикалық тозуын жіберіп алмау мақсаты.

Сонымен қатар, қарастырылған шара осындай мақсатқа байланысты  негізгі  қорлардың  жұмыс істеу сағатының  санының өсуіне  әсерін тигізе алады.

5) Жоғары өндірісімен жоғары  технологиялы негізгі қорларды  сатып алу: Бұл шара негізгі қорды тиімді қолдануының өсу көрсеткішіне  көп ықпал етеді.

6) Кәсіпорынды артық жабдықтар,машина  және  басқа да негізгі қорлардан  немесе оларды жалға беруден   босату

3.2 Индустриалды-инновациялық даму  жағдайындағы кәсіпорынның негізгі  қорын пайдалану тиімділігін арттыру

 

           Қазақстан үшін ғылыми-техникалық саясатты дамыту – дағдарыстан шығудың тиімді жолдарының бірі. Ғылым мен өндірісті ұштастыру, озық технологияларды игеру жаңа жұмыс орындарын ашуға мол мүмкіндіктер туғызады. Мұның өзі саяси-әлеуметтік мәселелерді шешудің бір жолы. Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өркендеуі тікелей ғылыми-техникалық саясаттың дамуымен байланысты.

Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қорлары,тиімділік арттыру жолдары