Кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қорлары,тиімділік арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2012 в 10:18, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық қатынастар, нарықтық экономика жағдайында қол жеткізілген ғылыми-техникалық прогресті, өндірістің шаруашылық етуі мен басқаруының тиімді нысандарын игеру негізінде кәсіпорыннан іс әрекетсіздікті жоюды, кәсіпкершілікті белсендіруді, өндіріс тиімділігін, өнім мен қызметтің бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылатуды талап етеді.
Бұл міндетті жүзеге асырудағы маңызды рөлді шаруашылық субъектілердің қызметін экономикалық талдау алады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорының теориялық аспектісі 5
1.1Негізгі өндірістік қордың экономикалық мәні мен құрамы 5
1.2 Айналым қорларының негізгі қорлардан айырмашылығы 8
1.3 Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері мен негізгі қорды қолданудың тиімділік көрсеткіштері 11
3.1 Кәсіпорындағы қорлардың тиімді пайдалануын жоспарлау және бөлу 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 39

Работа содержит 1 файл

курс испрэ.doc

— 335.00 Кб (Скачать)

                                                    Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

 

 

 

 
Кіріспе

         Нарықтық қатынастар, нарықтық экономика жағдайында қол жеткізілген ғылыми-техникалық прогресті, өндірістің шаруашылық етуі мен басқаруының тиімді нысандарын игеру негізінде кәсіпорыннан іс әрекетсіздікті жоюды, кәсіпкершілікті белсендіруді, өндіріс тиімділігін, өнім мен қызметтің бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылатуды талап етеді.

Бұл міндетті жүзеге асырудағы маңызды  рөлді шаруашылық субъектілердің қызметін экономикалық талдау алады. Оның көмегімен кәсіпорын дамуының стратегиясы мен тактикасы пайда болады, жоспарлар мен басқару шешімдері негізделеді, олардың орындалуына қадағалау жүргізіледі, өндіріс тиімділігін жоғарылату резервтері анықталады, кәсіпорын, оның бөлімшелері мен қызметкерлерінің қызмет нәтижесі бағаланады. Негізгі өндірістік қорлардың өндірістік және технологиялық құрылымын білу аз шығындар жұмсаумен, жоғары еңбек өнімділігіне жету мақсатында өндіріс пен жұмыс орындарын ұйымдастыруды тиімді жобалауға мүмкіндік береді.

«Болашақтың экономикасы» секторларына жеке тоқталғым келеді. Нәтижелі де тиімді қызмет ететін ұлттық инновациялық жүйе оның негізі болуы тиіс.

Бізде қазірдің өзінде бұл бағыттағы  әзірліктер бар. Біз одан әрі ілгері кетеміз. Жаңа Университеттің аясында Астанада үш жаңа ғылыми орталық құрылатын болады.

Өмір туралы ғылымдар орталығы органдарды көшіру, жасанды жүрек және өкпе, бағаналы жасуша және ұзақ жасау медицинасы саласында әлемдік жетекші ғылыми орталықтармен бірлескен әзірліктер жүргізеді.

Энергетикалық зерттеулер орталығы қайталанба энергетика, жоғары энергиялар физикасы мен техникасы мәселелерімен  айналысатын болады.

Тақырыпаралық аспаптық орталық инжиниринг орталығы, зертханалық база және конструкторлық бюро болып табылады.

Барлық үш орталық биылғы жылы құрылатын  болады.

Үкіметке біздің индустрияның 2010 жылғы  басымдықтарын ескере отырып, елдің  ғылыми технологиялық дамуының 2020 жылға  дейінгі салааралық жоспарын әзірлеуді  тапсырамын.

Сондай-ақ, “Ғылым туралы” жаңа заңның әзірленуін жеделдету қажет.

Бұл біздің болашақ дамуымыз үшін маңызды»- деген болатын ел Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің биылғы жылғы  халыққа жолдауында [1, 3б.].

Негізгі өндірістік қорлар – қандай да бір өндірістің бірден бір маңызды  факторы. Олардың жағдайы мен тиімді пайдалануы, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесіне тікелей әсер етеді. Кәсіпорынның негізгі қоры мен өндірістік қуаттарын тиімді пайдалану барлық технико-экономикалық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік береді, оның ішінде өнім шығаруды арттыруға, өзіндік құнды, дайындаудың еңбек сыйымдылығын төмендетуге.


Тақырыптың өзектілігі:өндірістің барлық факторларын пайдалану тиімділігін жоғарылату резервтерін үнемі іздестіруге байланысты, әсіресе негізгі өндірістік қорды пайдалану тиімділігін арттыруда.

Жұмыстың мақсаты:Кәсіпорын қорларын және оларды жоспарлау мен бөлуді қарастыру болып табылады. Жоғарыда аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет.

Кәсіпорындағы негізгі капиталдың жағдайы мен оны тиімді пайдалануды талдау міндеттері келесідегілерді анықтау болып табылады:

  • негізгі өндірістік қордың құрамы мен құрылымын өзгерту;
  • негізгі қорды пайдалану деңгейі және оны анықтайтын факторлар;
  • айналым қорларының негізгі қорлардан айырмашылығын анықтау;
  • Өндірістік Бірлестігінің құрылымдық бөлімшесінің (ӨБ ҚБ) негізгі өндірістік қорының тиімді падалануын талдау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Кәсіпорынның негізгі  өндірістік қорының теориялық  аспектісі

1.1Негізгі өндірістік қордың экономикалық мәні мен құрамы

 

Кәсіпкерліктің ең белсенді түрі - өндіріс: өнім, тауар, жұмысты өндіру, әртүрлі қызметтер көрсету және белгілі бір рухани құндылықтарды өңдеу.

Өндірістік кәсіпорынның тиімді қызмет етуі көбінесе өндірістік факторларды, оның ішінде негізгі қорды тиімді пайдаланумен анықталады.

Негізгі қор (құндық бағада негізгі  капитал) – бұл еңбек құралы ретінде  қолданылатын, өзінің табиғи қалпын сақтай отырып ұзақ мерзім бойы әрекет ететін, өзінің құнын өндірген өнімге біртіндеп  аударатын материалдық-заттық құндылық.

Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі тек қана материалды, еңбек және қаржы қорларын пайдалану есебінен ғана қамтылмайды, мұндағы негізгі қорлардың ролі айтарлықтай. Бұл еңбек құралдары және еңбек процесіндегі материалды жағдайлар, міне соның арқасында өндіріс процесі (кәсіпорын қызметі) жүзеге асырылады.

Еңбек құралдары – станоктар, жұмыс  машиналары, беріліс құралдары, құрал-саймандар  мен сол тәрізділер, ал еңбек процесіндегі материалды жағдайлар – өндірістік ғимараттар, көлік құралдары және өзгелер – «...бұл зат немесе адам өзі мен еңбек заты арасында орналастыратын заттар жиынтығы, және олар осы затқа әсер етуде жолбасшы ретінде қызмет етеді». Халық шаруашылығының негізгі қоры дегеніміз Қазақстан Республикасының ұлттық табысының айтарлықтай тез арттыратын және маңызды бөлігі. Негізгі қордың көлемі іс әрекеттегі негізгі қорды қайта құру және жаңғырту есебінен жоғары өндірісті машиналар және жабдықтармен үнемі толықтырылады. Негізгі қордың ерекшелігі өндіріс барысында бірнеше рет қолдануда және ұзақ мерзім бойы бастапқы сыртқы түрін (пішінін) сақтауда. Өндірістік процесс және сыртқы ортаның әсер етуінен олар бірте-бірте тозады және өз құнын жасаған өнімге өзінің тозуына қарай бірте-бірте бөлшектеп аударады

Негізгі қор дегеніміз материалдық  өндіріс саласында, сондай-ақ өндірістік емес салада әрекет ететін, материалды-заттық құндылықтардың жиынтығы. Негізгі қор кәсіпорын мүлігі болып табылып, оның негізгі бөлігін құрайды.

Негізгі қорға өнім өндіру, жұмыс  орындау немесе қызмет көрсету кезінде  еңбек құралы ретінде, немесе құны қырық айлық есептік көрсеткіштен асатын немесе он екі айдан асатын кезең бойы кәсіпорынның басқарушылық қажеттілігіне пайдаланылатын материалды құндылықтар жатады. Пайдалы пайдалану мерзімі дегеніміз негізгі қор объектісін пайдалану кезінде кәсіпорынға табыс әкелетін немесе кәсіпорын қызметінің мақсатын орындауға қызмет ететін мерзім [2, 75б.].

Есептеу және статистика тәжірибесінде  негізгі қорға еңбек құралын  пайдалану мерзімі бір жылдан кем емес мүліктер жатады.

Негізгі қордың кеңейтілген ұдайы өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты оларды өндірістік және өндірістік емес деп бөледі.

Негізгі өндірістік қор – материалдық  өндіріс саласында тікелей қызмет етеді, өндіріс процесіне бірнеше  рет қатысады, біртіндеп тозады, ал оның құны өндірілетін өнімге қолдану мөлшеріне байланысты біртіндеп ауысады. Олар қаржы салымы есебінен толықтырылады.

Негізгі өндірістік емес қор –  кәсіпорын балансындағы тұрғын үйлер, бала-бақшалар және спорт мекемелері, мәдени-тұрмыстық бағыттағы басқа  да объектілер жатады. Негізгі өндірістік қорға қарағанда, олар өндіріс процесіне тікелей қатыспайды, олардың құны пайдаланғанда жоғалады. Олар ұлттық табыс есебінен қайта өндіріледі.

Өндірістік емес қор өндіріс  көлеміне және еңбек өнімділігіне тікелей  әсер етпейді, бірақ олардың қызмет етуі кәсіпорын жұмысшыларының әл-ауқатын жақсартумен, материалдық және мәдени өмір деңгейін көтерумен байланысты, түбінде ол кәсіпорын қызметінің нәтижесіне әсер етеді.

Еңбек процесінде негізгі қордың рөлі мынандай жағдайда анықталады яғни, өзінің жиынтығымен өндірістік-техникалық базаны құрайды, кәсіпорынның өнімді шығару бойынша мүмкіндігін, еңбектің техникалық қарулану деңгейін анықтайды. Жинақталған негізгі қор және еңбекті техникалық қаруландыруды жоғарылату еңбек процесін жеделдетеді, еңбекке шығармашылық сипат береді, қоғамның мәдени-техникалық деңгейін көтереді.

Қоғамның материалдық ресурстарының  ең көп маңызды бөлігі негізгі  қорда біріктірілген. Ол елдің ұлттық байлығының басты бөлігін құрайды.

Негізгі өндірістік қор жүйелі түрде  жаңартылуы тиіс. Негізгі қордың, әсіресе еңбек құралының дамуы, олардың сапасын жаңа техникалық және ғылыми жетістіктер негізінде жақсарту, еңбектің техникалық қарулануын жоғарылатады, аз еңбек шығынын жұмсай отырып, жоғары сапалы өнім өндірудің маңызды шарты болып табылады, сонымен қатар еңбек өнімділігін арттырып, өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.

Негізгі қордың жеке бөлшектері өндірістік процесте пайдалану мақсатына және есептеу тәртібіне байланысты натуралдық көрсеткіште келесі топтарға жіктеледі:

  1. кәсіпорын меншігіндегі жер телімдері және табиғатты пайдалану объектілері;
  2. ғимараттар;
  3. құрылғылар;
  4. таратушы құрылғылар;
  5. машиналар мен жабдықтар;
  6. өлшеуіш және реттеуіш құралдар, қосалқы және лабораториялық жабдықтар;
  7. есептеуіш техникалар;
  8. транспорттық құралдар;
  9. пайдалану мерзімі 12 айдан асатын құрал-саймандар;
  10. өндірістік - шаруашылық инвентарь;
  11. ішкі шаруашылық жолдар;
  12. негізгі қорға қатысты жабдықтарды, кеңселерді, жалға берілетін ғимараттарды, жер телімдерін және басқа да объектілерді жақсартуға салынған қаржы.

Өндірістік негізгі қордың құрылымы қордың әрбір тобының өнеркәсіптегі жалпы құнымен сипатталады.

Негізгі қорды өндіріс процесіне  қатысуына байланысты екі топқа  жіктейміз: активті және пассивті.

Меншік иесі үшін негізгі қордың топтарына қаржы салу маңызды  болып келеді. Ол негізгі қордың активті бөлігі болып саналатын машиналар мен жабдықтардың үлес салмағының оңтайлы ұлғаюына көп көңіл бөледі. Транспторттық құралдар, есептеуіш машиналар мен құрал-саймандарды активтік бөлігіне жатқызуға болады. Негізгі қордың бұл элементтері технологиялық процеске қатысады, тікелей өндіріс қуаты мен жұмыстың өнімділігіне ықпал етеді. Негізгі қордың басқа топтары өндірістік процестер үшін қажетті жағдай жасайды, бірақ олар пассивті бөлігіне жатады. Бұлар ғимараттар, құрылғылар, таратушы құрылғылар, инвентарь.

Негізгі өндірістік қордың активті  бөлігінің үлес салмағы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым өнім көлемі мен  қорқайтарымдылық көрсеткіші артады. Сондықтан негізгі қордың құрылымының  жақсаруы өндірістің маңызды мәселесі, яғни өнімнің өзіндік құнының төмендеуі, фирманың қаржы салымдарының өсуі болып табылады [3, 38б.].

Негізгі өндірістік қордың құрылымын  жақсарту мыналарға мүмкіндік береді:

  • жабдықты жаңарту және жаңғырту;
  • жабдықтың құрылымын машина мен станоктың, әсіресе соңғы операцияларды атқаратын станоктардың, автоматты және жартылай автоматты станоктардың, әмбебап агрегатты станоктардың, автоматты желілердің, сандық бағдарламалық басқару станоктарының прогрессивті түрлерінің үлесін арттыру арқылы жетілдіру;
  • ғимараттар мен құрылғыларды тиімді пайдалану, бос алаңдарға қосымша жабдықтар орнату;
  • құрылыс жобасын дұрыс өңдеу және кәсіпорын құрылысының жоспарын жоғары сапада орындау;
  • артық және аз қолданылатын құралдарды жою және оның басқа бөлек топтармен дұрыс пропорциялық қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жабдықты құру.

Негізгі қорды тиімді басқаруда  оның негізделген бағасы көп мағынаны білідіреді. Негізгі қордың есептеу  және талдау тәжірибесінде натуралдық және ақшалай формасы қолданылады. Негізгі қордың натуралды түрін  бағалауда машина саны, олардың өнімділігі, қуаты, өндірістік алаңдардың мөлшері және басқа да сандық өлшемдері анықталады. Бұл мәліметтер кәсіпорынның және оның салаларының өндірістік қуатын есептеу, өндірістік бағдарламаны жоспарлау, жабдық өнімділігінің резервін көбейту, жабдық балансын құру үшін қажет. Осы мақсатпен жабдықты құжаттау және түгендеу, оның кіруі мен шығуын есепке алу жүргізіледі.

Негізгі қордың ақшалай немесе құндық бағасы негізгі қордың кеңейтілген  ұдайы өндірісін жоспарлау мен  амортизациялық аударымдардың өлшемін  және тозу дәрежесін анықтау үшін қажетті.

Негізгі қордың өндірістік процесте ұзақ қатысуы мен тозуы және осы  кезең ішінде ұдайы өндіріс шарттарының  өзгеруіне байланысты негізгі қорды  бағалаудың бірнеше түрі бар, олар:

  1. Негізгі өндірістік қордың бастапқы құны,
  2. Негізгі өндірістік қордың қалпына келтіру құны
  3. Негізгі өндірістік қордың қалдық құны.

Негізгі өндірістік қордың бастапқы құны – қорды дайындауға немесе сатып алуға және оларды жеткізу  мен монтаждауға кеткен шығын  сомасынан тұрады. Ол амортизация нормасы мен амортизациялық аударымдардың өлшемін, кәсіпорын пайдасын, рентабелділігін және олардың көрсеткіштерінің қолданылуын анықтау үшін қолданылады.[2, б.64].

Негізгі қордың ликвидтік құны –  бұл негізгі қордың өндірістен алынып тасталған және тозған құнын шегеруі (көп жағдайда бұл сыну құны).

Экономикалық көрсеткіштерді есептеуде  негізгі қордың орташа жылдық құны анықталады. Бұл есептеу бастапқы құн негізінде оларды енгізу және шығару арқылы есептеледі және мына формуламен анықталады:

НҚор.жыл. = НҚб.қ. + (НҚен. * n1 ) / 12 – (НҚшек. * n2 ) / 12                 (1)

мұндағы,  НҚор.жыл. – негізгі қордың орташа жылдық құны;

НҚб.қ. -  негізгі қордың жыл басындағы (баланстық) құны;

НҚен. – негізгі қордың енгізілген құны;

НҚшек. – қордың ликвидтік құны;

n1 – негізгі қорды енгізген бастап ай саны;

n2 – негізгі қордың шығуынан бастап ай саны.

Негізгі қорды тиімді пайдаланудың ұлттық экономика үшін маңызы зор. Осы  мәселені шешу қоғамға керекті өндірістің артуына, мемлекеттің жабдықтық  балансының өсуіне, өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне, өндіріс рентабельділігінің өсуіне алып келеді.

1.2 Айналым қорларының негізгі  қорлардан айырмашылығы

 

Кәсіпорынның тұрақты жұмысын  қамтамасыз ету үшін негізгі құралдармен  бірге еңбек заты, материалдык  ресурстар, яғни айналым, қорлары қажет. Айналым қорлары - өндіріс үдерісінің басты элементі және өзіндік құнның негізгі бөлігі болып табылады. Шикізатқа, материалдарға, отынға және энергияға кеткен шығындар аз болса, ол сондықтан арзан болады.

Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қорлары,тиімділік арттыру жолдары