Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2012 в 10:18, курсовая работа
Нарықтық қатынастар, нарықтық экономика жағдайында қол жеткізілген ғылыми-техникалық прогресті, өндірістің шаруашылық етуі мен басқаруының тиімді нысандарын игеру негізінде кәсіпорыннан іс әрекетсіздікті жоюды, кәсіпкершілікті белсендіруді, өндіріс тиімділігін, өнім мен қызметтің бәсекелестік қабілеттілігін жоғарылатуды талап етеді.
Бұл міндетті жүзеге асырудағы маңызды рөлді шаруашылық субъектілердің қызметін экономикалық талдау алады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорының теориялық аспектісі 5
1.1Негізгі өндірістік қордың экономикалық мәні мен құрамы 5
1.2 Айналым қорларының негізгі қорлардан айырмашылығы 8
1.3 Кәсіпорынның негізгі қорының қозғалысын бағалау көрсеткіштері мен негізгі қорды қолданудың тиімділік көрсеткіштері 11
3.1 Кәсіпорындағы қорлардың тиімді пайдалануын жоспарлау және бөлу 29
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 39
Кәсіпорынның айналым қоры бұл өндірістік негізгі қордың бір бөлімі. Онда әрбір өндірістік циклдар толығымен тұтынылады немесе қолданылады. Өндіріс процесінде өзінің натуралдық түрін өзгертіп толық бағасын өндіретін өнімге аударады.
Айналым өндірістік қорлары дегеніміз - еңбек үдерісінде негізгі өндірістік қорларына қарағанда әр өндірістің циклінде жұмсалатын және олардың құны еңбек өніміне бірден және тұтас көшетін өндіріс қаражаттарының бөлігі заттық элементтер. Айналым қорларының заттық элементтері еңбек үдерісінде өзінің натуралды формасы мен физикалық -химиялық қасиеттерін өзгертеді. Олар өндірістің тұтынылу шамасы бойынша өз тұтыну құнын жоғалтады. [3, 120б.]
Айналым қорларының жеке элементтерінің проценттер немесе олардың құрамдас бөлшектері арасындағы өзара қатынасты айналым қорларының құрамы деп атайды. Осыған байланысты айналымдылық белгісіне ие 2 ұғым бар:
1. Айналым қаражаттары
2. Айналым қорлары
Айналым қорлары дегеніміз - өндірісте
бірақ рет қатысып өздерінің
құндарын өндіретін өнімге лезде
және толығымен аударатын ресурстард
Айналымға арналған қорлар - ол кәсіпорынның дайын өнім қорларына жөнелтілген бірақ ақшасы төленбеген тауарларға кассадағы және есеп шоттағы ақшалай қаражаттардан тұрады. Бұл қорлардың мақсаты өндірістік процестің үздіксіздігін және өнімді өткізуді қамтамасыз ету. Бұл қорлар құнның пайда болуына қатыспайды бірақ онын тасымалдаушысы болып табылады. Өндірістік цикл аяқталғаннан кейін тұтынылған айналым қаражаттары өнімді өткізуден түскен табыспен қайтарылады. Бұл өндіріс процесін қайтадан жалғастырып кәсіпорынның қаражатының қайталама айналымын қамтамасыз етеді.
Жоспарлау, есеп және талдау тәжірибесінде айналым қаражаты келесі белгілер бойынша жіктеледі:
- өндіріс процесінде
- бақылау, жоспарлау және
- айналым қаражаттарының
- өтімділікке байланысты: абсолютті өтімді айналым капиталы: тез өтімді айналым капиталы, баяу өтімді айналым капиталы;
- капитал салымының тәуекел деңгейіне байланысты: салымның минималды деңгейімен айналым капиталы, салымның аз тәуекелімен айналым капиталы, салымның орташа тәуекелімен айналым капиталы, салымның жоғары тәуекелімен айналым капиталы;
- кәсіпорынның балансындағы
- материалды-заттық мазмұнына байланысты: еңбек заттары (шикізат, материалдар, аяқталмаған өндіріс және т.б.), дайын өнім мен тауарлар, ақша қаражаттары және есеп айырысу қорлары [4, 169б.].
Функционалдық белгісі бойынша айналым капиталдарын айналым қорлары мен айналыс қорларына бөлу айналым каипталының өндіріс және айналыс процесінде келу уақытын бөлек есептеу мен талдау үшін қажет (Қосымша).
Басқару деңгейіне қарай айналым капиталдары нормаланатын және нормаланбайтын болып бөлінеді. Нормаланатын айналым капиталдарына барлық өндірістік айналым қорлары жатады. Сонымен қатар кәсіпорын қоймасында өткізілмеген дайын өнім қалдықтары түріндегі айналым қорларының бөлігі жатады.
Нормаланбайтын айналым
Айналым капиталының жеке меншік қарыздық
болып бөлінуі олардың
Кәсіпорынның меншік айналым капиталына
қажеттілігі жоспарлау
Қарыздық айналым
Негізгі өндірістік құралдар мен айналым құралдары тығыз байланысты. Бухгалтерлік есептеулерде жұмыс жасап тұрған негізгі қорлар баланстық құны бойынша есептеледі.
Кәсіпорынның іс- әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым қаражаты - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады [7, 124б.].
Сонымен, айналым қорының заттық мазмұны - еңбек заттары. Негізгі қордан айырмашылығы сол - айналым қор өндіріс процесінде бір рет қана қатысады да, сол жолы түгелдей пайдаланылып кетеді және өзінің бүкіл құнын пайда болған жаңа өнімге қосады.
Негізгі қордың ерекшелігі - өндірістік процесте көпреттік қолданылуы болып табылады. Бірақ олардың қызмет ету уақытының шегі болады, яғни олардың тозуымен қалыптасады.
Негізгі өндірістік қордың қазіргі техникалық деңгейі мен құрылымында өнім өндірудің артуы мен өзіндік құнының төмендеуі, кәсіпорын жинағының өсуі, оны пайдалану дәрежесіне байланысты.
Негізгі қорды пайдалану көрсеткіштері үш топқа біріктіріледі:
Экстенсивті пайдалану көрсеткіші. Оған жататындар: құрал-жабдықты экстенсивті пайдалану коэффициенті, жабдықтың қызмет етуінің ауысымдық коэффициенті [5, 48б.].
Жабдықты экстенсивті
Кэкст. =
tжаб.н. / tжаб.жос.
мұндағы, tжаб.н. - жабдық жұмысының нақты уақыты, сағ;
tжаб.жос. - жабдық жұмысының жоспарланған уақыты, сағ.
Жабдықты экстенсивті
Интенсивті пайдалану көрсеткіші. Негізгі қорды интенсивті пайдалану оларды қуаты бойынша (өнімділік) пайдалану деңгейін көрсетеді. Оның ең негізгі көрсеткіші болып жабдықты интенсивті пайдалану коэффициенті саналады.
Жабдықты интенсивті пайдалану коэффициенті негізгі технологиялық жабдықтың нормативті өнімділігінің оның нақты өнімділігіне, яғни өнімділігі негізделген үдемелі техникаға қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткішті есептеу үшін мына формула қолданылады:
Кинт. =
Ө нақты / Өнорм.
мұндағы Ө нақты - уақыттың бір өлшемінде жабдықтың нақты өнім өндіруі;
Өнорм - уақыттың бір өлшемінде жабдықтың техникалық негізделген өнім өндіруі (жабдықтың паспорттық мәліміттері негізінде анықталады).
Интегральды пайдалану көрсеткіштері. Оған жабдықты интегральды пайдалану коэффициенті, қор қайтарымы, қор сыйымдылығы және қор қарулануы жатады.
Жабдықты интегральды
Кинтегр
= Кэкст. * Кинт.
Бұл көрсеткіштің нәтижесі алдыңғы көрсеткіштерге қарағанда салыстырмалы төмен болады, өйткені бұл жабдықты пайдаланудың әрі экстенсивті, әрі интенсивті кемшіліктерін бір мезгілде көрсетеді.
Негізгі өндірістік қорды қолдану тиімділігі жалпы және жеке көрсеткіштердің көмегімен бағаланады. Жалпы көрсеткіштер негізгі қор жиынтығының қолдануының соңғы нәтижесін көрсетеді. Оларға келесі көрсеткіштер жатады:
1) Қор қайтарымы - бұл жыл ішіндегі негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құнының осы қорды қолданумен шығарылған өнім құнына қатынасы. Қор қайтарымы негізгі құралдардың бір теңгесіне немесе бір данасына келтірілген өнімнің көлемін көрсетеді.
Ққ = V / Қорт
Мұндағы V – жыл ішінде өндірілген өнімнің құны, заттай немесе құн есебімен;
Қорт – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.
Қор қайтарымы – қорды пайдаланудың негізгі жалпылама көрсеткіші. Бұл көрсеткіштің мәні өндірістік ғимараттар, құрылғылар, жұмысшы және күш машиналары мен жабдықтардың, яғни негізі қордың барлық топтарының қаншалықты тиімді пайдаланып жатқанын көрсетеді. Қор қайтарымын арттыру – кәсіпорынның негізгі міндеті. Сондықтан қор қайтарымын арттыру факторларын қарастырайық (сурет 1).
Сурет 1. Қор қайтарымын арттыру жолдары
2) Қор сыйымдылығы – бұл қор
қайтарымының кері көрсеткіші, яғни
бұл өнімнің бір теңгесін
Қс = Қорт / V
3) Қор қарулануы – бұл кәсіпорын
жұмыскерлер санының (N) негізгі
қордың орташа жылдық құнына
қатынасы. Бұл бір жұмысшыға қанша
негізгі құралдан келетінін
Ққар = Қорт / N
Негізгі қордың қозғалыс процесін бағалау және олардың қозғалысын сипаттау үшін бірқатар көрсеткіштер қолданылады.
Олардың бірі негізгі қорды жаңарту интенсивтілігін көрсетеді. Ол үшін белгілі кезең ішіне негізгі қорды жаңарту коэффициенті есептеледі:
Кжаң = Қенг / Қ ж.аяғ
мұндағы Кжаң – жаңарту коэффициенті;
Қенг – белгілі кезең ішінде қайтадан енгізілген (жаңадан түскен) негізгі қордың құны;
Қж.аяғ – негізгі қор талданып жатқан кезеңнің жыл аяғына негізгі қор құны.
Негізгі қорды жаңарту процесі олардың шығуын да зерттеуді талап етеді. Бұл процесті белгілі бір кезеңге негізгі қордың шығу коэффициенті бағалайды.
Кшығ = Қшығ / Қ ж.
бас
мұндағы Кшығ – шығу коэффициенті;
Қшығ – белгілі кезең ішінде өндірістен шығарылған негізгі қор құны;
Қж. басы – сол кезеңнің жыл басына негізгі қор құны.
Информация о работе Кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қорлары,тиімділік арттыру жолдары