Компанияның қаржылық жағдайын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2013 в 11:19, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын коэффициенттерді қолдана отырып талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................................3
Негізгі бөлім.
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері .............5
1.1. Қаржылық жағдай мәні............................................................................................5
1.2. Қаржылық коэффициенттердің мәні және оны талдаудың мақсаты............. 7
2. Компанияның қаржылық жағдайын талдау ..........................................................12
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау ............................................................................................................................12
2.2. Компанияның төлем қабілеттілігін талдау .........................................................16
2.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау .............................................19
2.4. Кәсіпорынның табыстылығын талдау .................................................................24
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары .............29
3.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары ..........29
3.2. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру....31
4. Қорытынды................................................................................................................35
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................37

Работа содержит 1 файл

Курсик р.doc

— 368.00 Кб (Скачать)

Тәжірибеде кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі үш проблема кездеседі:

-Төлемқабілеттіліктің  төмен болуы, яғни ақша қаражаттарының  жетіспеушілігі. Бұған кәсіпорынның  кредиторлар, жұмысшылар және  бюджет алдындағы мін-деттемелерін  өтеуге қаражаттарының жетіспеушілігі дәлел бола алады.

-Меншік иелерінің  мүдделерін толық қанағаттандырмау. Бұған меншік иелері алатын  табыстарының олардың салған  салымдарына қарағанда әлдеқайда  төмен болуы дәлел бола алады.

-Қаржылық тәуелсіздігінің  немесе қаржылық тұрақтылығының төмендеуі. Тәжірибеде қаржылық тұрақтылықтың төмен болуы болашақта міндеттемелерді өтеу бойынша қиыншылықтар тудыруы мүмкін, ал бұл өз кезегінде кәсіпорынның кредиторларға тәуелді болуына алып келеді. Жоғарыда жасалынған талдау негізде біздің кәсіпорында алғашқы екі проблеманың (өте төменгі төлем қабілеттік және рентабельділік) қаржылық тәуелсіздігіне келсек, ол ұзақ мерзімді қарыздардың жоқ болуы және кәсіпорын қызметінің негізінен меншікті капиталмен қаржыландырылуына байланысты кәсіпорын кредиторларға тәуелді емес, яғни қаржылық тұрақты. Талдау барысында анықталған кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлсіз жақтары негізінен төлемқабілеттілік пен рентабельділіктің төмен болуынан туындап отыр. Осыған байланысты біз кәсіпорынның қаржылық тұрақтандыру үшін төлемқабілеттік пен рентабельділікті арттыру жолдарын іздеу керек деген қорытындыға келеміз.

Кәсіпорынның төменгі  төлемқабілеттілігі мен рентабельділігін талдау кезінде ұзақ мерзімді міндеттемелерді  алу қажет пе деген сұрақ туындайды. Бір жағынан, ұзақ мерзімді міндеттемелерді пайдаланбау кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, яғни тәуекелсіздігін білдірсе, екінші жағынан, ұзақ мерзімді міндеттемелер кәсіпорынның төлемқабілеттігі мен рентабельділігін арттыруға көмектеседі. Бұл жағдайда біз “тәуекел-табыс” деген екі факторлы моделіне тоқталып кеткен жөн. Бұл модельдің негізгі қағидаты - тәуекелсіз табыс та жоқ. Яғни тәуекел мен табыстың қолайлы қатынасын тапқан жөн. Алайда қарыз қаражаттарын пайдалану қажеттілігі болмайды егер кәсіпорын өз пайдасын өзіндік құнды төмендету негізінді арттырса.

Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың бірнеше жолдарын атап көрсетуге болады: өзіндік құнды  азайту қажет. Ол үшін өзіндік құнға  факторлық талдау жасау, оның өсу  себептерін анықтау және азайту жөнінде  шаралар қолдану қажет. Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының тиімді пайдалануына көп көңіл бөлу қажет.

Негізгі көзі меншікті капитал  болып табылатын капитал салымдарын азайту не болмаса ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын немесе лизингті пайдалану.

Капитал салымдарын белгілі бір уақытқа дейін қысқарту пайда алуға мүмкіндік береді, алайда бұл капитал салымынан мәңгі-бақиға бас тарту қажет екендігін білдірмейді. Сондықтан ол үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелер алуы немесе лизингті пайдалануы қажет. Сонымен қатар жаңа техникалар енгізу, ғылыми–зерттеу, тәжірибелі–конструкторлық және технологиялық жұмыстар жүргізуді ұмытпаған жөн. Бұл өндірістік шығындардың азаюына септігін тигізіп, кәсіпорын табыстылығын арттырады.

Жоғарыда айтылғандарға  қосымша кәсіпорынның өндірістік қуаттылығына талдау жасау, олардың 100 % пайдаланылуын қамтамасыз ету және олардың қолданылмайтын бөлігін сату немесе жалға беру қажет. Сонымен қатар жоспарлардың жасалуы мен орындалуына көп көңіл бөлген жөн .

 

3.2. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру

 

Біз 2.2. “Кәсіпорынның  төлем қабілеттілігін талдау” параграфында кәсіпорын активтерінің өтімділігі, яғни активтердің ақша қаражаттарына  айналу жылдамдығының төмен екенін анықтадық.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, өтімділігі мен рентабельділігі ең алдымен ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты.

Активтердің өтімділігі туралы мәліметтерге сүйене отырып біз  айналым активтерінің меншікті қаражаттар есебінен қаржыландыруының төмендегенін көре аламыз. Бұл өз алдына кәсіпорын қызметіне кері әсерін тигізуде, яғни қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеу кезінде кәсіпорын проблемаға тап болады.

Осылайша кәсіпорынның өз жабдықтаушылары мен кредиторлар  алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелерін  уақытында өтеу мүмкіншілігі төмендейді.

М.А.Федотов өзінің “Кәсіпорынның  табысын талдау” атты еңбегінде  өтімділікті арттырудың келесі әдістерін  ұсынады:

а)жарғылық капиталды  арттыру;

ә)ұзақ мерзімді заемдар  алу;

б)міндеттемелерді қайта  құрылымдау;

в)қысқа мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;

г)ұзақ мерзімді несиелер (депозиттер) тарту;

д)активтерді қайта құрылымдау, сонымен қатар активтердің кейбір бөлігін сату;

е)шығындар мөлшерін азайту, соның ішінде басқару шығындарын (жұмысшылардың жалақысын қоса алғанда).

Мен бұл курстық жұмыста активтердің өтімділігін арттырудың келесі әдістерін ұсынамын:

1) Қысқа мерзімді қарыздарды  ұзақ мерзімді қарыздарға қайта  құрылымдау. Бұл әрине өз алдына  банктің өзінің несиелік саясатын  қайта қарауына, яғни несие бойынша  пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне алып келеді. Бірақ кәсіпорын осы іс-шаралардың нәтижесінде өзінің өтімділігінің артуына қол жеткізеді.

2) Тауарлы материалдық  қорлардың мөлшерін азайта отырып, ақша қаражатта-рының көлемін  арттыру. Сол арқылы активтердің  абсолютті өтімділігін артты-руға қол жеткізу болады.

Жоғарыдағы айтылған жолдардың  бірінші нұсқасы тиімді және іске асуы оңай болып келеді.

Қысқа мерзімді қарыздарды ұзақ мерзімді қарыздарға қайта құрылымдау қосымша ақша қаражаттарын қажет  етеді. Ол ақша қаражаттарын қосымша облигациялар шығарумен алуға болады.

Осы іс-шараларды іске асыру барысында 2008 жылдың аяғына дейін  баланс құрамында өзгерістер күтіледі.

Бірінші әдіс  25 млн. теңгені  қысқа мерзімді міндеттемелерден ұзақ мерзімді міндеттемелерге ауыстыруды қарастырады. Бұл жағдайда баланстағы “ұзақ мерзімді міндеттемелер” статьясы 0-ден 25 млн. теңгеге артады, ал “кредиторлық борыш” 41835 мың теңгеден 16835 мың теңгеге дейін азаяды. Жүргізіліп отырған іс-шараның тиімділігін дәлелдеу үшін баланстың басқа статьялары өзгеріссіз қалады делік.

Сонда жүргізілген іс-шараның  нәтижесін төмендегі 7-кестеден көруге болады:

Кесте-5

Қысқа мерзімді міндеттемелерді  ұзақ мерзімді міндеттемелерге қайта  құрылымдау нәтижесіндегі кәсіпорынның өтіділігі мен төлем қабілеттілігіндегі өзгерістер.

Көрсеткіштер

Өзгеріске дейін

Өзгерістен кейін

Өзгеріс

Меншікті айналым қаражаттары

52 625

67 625

+15000

Ағымдағы өтімділік  коэффициенті

2,2

3,7

+1,5

Аралық өтімділік коэффициенті

0,98

1,68

+0,7

Абсолюттік өтімділік коэффициенті

0,1

0,2

+0,1


    Жалпы осы есептеулерден кейін 25 млн. теңге қысқа мерзімді міндеттеме-лерді ұзақ мерзімді міндеттемелерге қайта құрылымдау бойынша іс-шаралар активтердің өтімділігін арттыратына, яғни тиімді екеніне көз жеткізуге болады.

Екінші әдіс тауарлы-материалдық  қорлардың көлемін 25 млн. теңгеге азайтып, оларды ақша қаражаттарына аударуды қарастырады. Бұл жағдайда баланстағы “ақша қаражаттары” статьясы 5470 мың теңгеден 30470 мың теңгеге дейін артады, ал “тауарлы-материалдық қорлар” 53600 мың теңгеден 28600 мың теңгеге дейін азаяды.

Жіргізіліп отырған  іс-шаралардың тиімділігі төмендегі 8-кестеден көруге бо-лады.

Кесте-6

Тауарлы-материалдық  қорлардың көлемін азайту нәтижесіндегі  кәсіпорынның өтіділігі мен төлем  қабілеттілігіндегі өзгерістер.

Көрсеткіштер

Өзгеріске дейін

Өзгерістен кейін

Өзгеріс

Меншікті айналым қаражаттары

52 625

52 625

0

Ағымдағы өтімділік  коэффициенті

2,2

2,2

0

Аралық өтімділік коэффициенті

0,98

1,4

+0,42

Абсолюттік өтімділік  коэффициенті

0,1

0,5

+0,4


 

Кестеден көріп отырғанымыздай тауарлы-материалдық қорлардың көлемін азайту және оларды ақша аражаттарына айналдыру тек екі көрсеткіштің, яғни аралық және абсолюттік өтімділік коэффициенттерінің өсуіне әкеледі.

Сондықтан бұл әдісті басқа әдістермен біріктіріп пайдалану  ұсынылады.

Мен бірінші және екінші әдістерді біріктіріп пайдалануды ұсынамын.

Екі әдісті бірге пайдалану  кезіндегі кәсіпорын өтімділігінің артуын төмендегі 7-кестеден көруге болады.

Кесте-7

Екі әдісті қатар пайдаланудың нәтижесіндегі кәсіпорынның өтіділігі  мен төлем қабілеттілігіндегі өзгерістер.

Көрсеткіштер

Өзгеріске дейін

Өзгерістен кейін

Өзгеріс

Меншікті айналым қаражаттары

52 625

67 625

+15000

Ағымдағы өтімділік  коэффициенті

2,2

3,7

+1,5

Аралық өтімділік коэффициенті

0,98

2,4

+1,42

Абсолюттік өтімділік  коэффициенті

0,1

0,9

+0,8


 

Кесте мәліметтерін қорытындай келе екі әдісті қатар пайдалану кәсіпорынның қысқа мерзімді қарыздарды меншікті активтерімен жабу қабілетін арттырады. Бұл өз алдына кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттігінің артқанын білдіреді.

Жүргізген талдау қорытындылары кәсіпорын қызметінің рентабельсіз екенін анықтады . Өйткені кәсіпорын талдау жүргізілген уақытта таза табыс таппай отыр. Бірақ та уақыт өте келе кәсіпорынның шығындылығы аз да болса азаюда екенін айтпай кетуге болмайды.

Кәсіпорын активтері  рентабельді болуы үшін ең бірінші табыс табуы және оны арттыруға тырысуы қажет. Сатудан түскен түсімді арттыру үшін және қосымша пайда алуы үшін бөлшектеп сату желісіне көп көңіл бөлген жөн.

Сонымен қатар кәсіпорын:

-өнімнің өзіндік құнының  құрылымын қайта қарап, шығындардың артуының себептерін анықтап, оларды азайту жолдарын іздеу қажет.

-баға саясатын өзгертуі  қажет, яғни өнім бағасына қосылатын  рентабельділіктің пайыздық мөлшерін  арттыру.

Өнімнің өзіндік құны-кәсіпорын  қызметінің маңызды көрсеткіші болып табылады.

Соңғы жылдары өнімді өндіру мен сату шығындарының өсуі байқалады. Өзіндік құнның өсуіне шикізаттардың, материалдардың, көлік қызметтеріне тарифтердің қымбаттауы алып келеді. Қайта бағалаумен байланысты Негізгі құралдардың амортизациялық аударымдар сомасының артуы, жалақы бойынша шығындардың артуы жалпы шығындардың артуының негізгі себептері болып табылады.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін  арттырудың ең бір маңызды жолы - өзіндік құнды азайту болып табылады. Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің көлемін арттыру болып табылады, өйткені бұл жағдайда өнім бірлігіне келетін тұрақты шығындардың мөлшері азаяды.

Өнім өндірудің қандай көлемінде, өткізуден түскен табыс  өнімнің толық өзіндік құнына тең болатын және табыс та, шығын да болмайтын өткізудің қауіпті көлеміне қалай қол жеткізеді деген сұрақ туады. Егер өнімді өткізуден алынған нақты табыс, оның толық өзіндік құнынан жоғары болса, онда кәсіпорын ұшрайды. Сондықтан кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында көптеген кәсіпорындарда “рентабельділік шегі” деген атпен белгілі әдіс қолданылады.

Оның негізгі мақсаттары:

- Өндірістің қаупі  көлемін анықтау;

- Өнім өткізуден түскен  табыстың қаупті көлемін анықтау;

- Тұрақты шығындардың  қаупті деңгейін есептеу;

- Өткізудің қаупті бағасын  есептеу болып табылады.

“Рентабельділік шегі”  – кәсіпорынның қаржылық жағдайын оңтайландырудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар оны өнімнің рентабельді ассортиментін қалыптастыруда, баға белгілеуде және тиімді баға саясатын әзірлеуге пайдалануға болады.

Информация о работе Компанияның қаржылық жағдайын талдау