Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2013 в 11:19, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын коэффициенттерді қолдана отырып талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.
Кіріспе...............................................................................................................................3
Негізгі бөлім.
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері .............5
1.1. Қаржылық жағдай мәні............................................................................................5
1.2. Қаржылық коэффициенттердің мәні және оны талдаудың мақсаты............. 7
2. Компанияның қаржылық жағдайын талдау ..........................................................12
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау ............................................................................................................................12
2.2. Компанияның төлем қабілеттілігін талдау .........................................................16
2.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау .............................................19
2.4. Кәсіпорынның табыстылығын талдау .................................................................24
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары .............29
3.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары ..........29
3.2. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру....31
4. Қорытынды................................................................................................................35
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................37
Ақпаратты сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер сыртқы пайдаланушылар, мысалы, банктер, несие берушілер капиталдың авансталынған капиталдың жалпы сомасындағы үлесінің өзгеруін, келісімшарттарға отырған кездегі қаржылық тәуекелдік жағынан баға береді. Меншіктік капитал-дың үлесі төмендегенде тәуекелділік өседі. Кәсіпорын капиталының құрылы-мын зерттеу оларға кәсіпорын қызметінің кеңейгені немесе қысқарғаны жайлы айтуына мүмкіндік береді. Қысқа мерзімдік несиелердің төмендеуі және меншіктік капиталдың өсуі кәсіпорын қызметінің қыскарғанын көрсетеді. Бірақ бірыңғай мұндай қорытынды жасауға болмайды, себебі бұл қаражаттардың үлесі басқа факторлардың несие үшін және дивидендке пайыздық мөлшерлемелер әсерінен болуы мүмкін. Егер несие үшін пайыздық мөлшерлемелер дивиденттердің мөлшерлемелерінен төмен болса, онда тартылған қаражаты өсірген дұрыс, ал егер керісінше болса, онда меншікті капиталды пайдаланған дұрыс.
Әрине, авансталған капиталдың
құрылымы жоғарыда қарастырылған жағдайларға
тәуелді болады.
Каржылық есеп берудің активтерінің қалыптасу көздерінің құрылымын зерттеу үшін келесідей талдау 3-кестесі құрылады.
Кесте-3
«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының 2009 жылғы авансталған капиталының құрамы мен құрылуы.
Көрсеткіштер |
Сомасы, мың тг. |
Құрылымы, % |
Өзгеріс (+;-) | |||
Жыл басында |
Жыл соңында |
Жыл басында |
Жыл соңында |
Мың тг. |
Үлес салмағы% | |
Меншікті капитал |
||||||
Жарғылық капитал |
13 395 |
13 395 |
3,63 |
3,72 |
0 |
|
Қосымша капитал |
223 375 |
223 375 |
60,49 |
62,09 |
0 |
|
Резервтік капитал |
3 225 |
3 225 |
0,87 |
0,90 |
0 |
|
Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) |
60 480 |
59 415 |
16,38 |
16,51 |
-1 065 |
-1,76 |
Жиыны |
300 475 |
299 410 |
81,37 |
83,22 |
-1 065 |
-0,35 |
Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
0 |
0 |
0,00 |
0,00 |
0 |
|
Қысқы мерзімді міндеттемелер |
||||||
Қысқы мерзімді несиелер және овердрафт |
5 325 |
3 175 |
1,44 |
0,88 |
-2 150 |
-40,38 |
Кредиторлық борыш |
44 325 |
41 835 |
12,00 |
11,63 |
-2 490 |
-5,62 |
Алдағы кезең кірістері |
3560 |
3 570 |
0,96 |
0,99 |
+10 |
+0,28 |
Басқа да несиелік борыштар |
15 565 |
11 775 |
4,22 |
3,27 |
-3 790 |
-24,35 |
Жиыны |
68 775 |
60 355 |
18,63 |
16,78 |
-8 420 |
-12,24 |
Барлығы |
369 250 |
359 765 |
100,00 |
100,00 |
-9 485 |
2,57 |
3-кестеден кәсіпорынның есеп беру жылындағы активтерінің қалыптасу көзі 9485 мың теңгеге немесе 2,57%-ға төмендегені көрініп тұр. Тәуелсіздік коэффициенті 0,814-ден 0,832-ге дейін немесе 0,018 пунктке өскен. Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының (тұрақтылығының) аз да болса жақсарғанын көрсетеді. Бұны тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш болып табылатын қатыстырылған капиталдың барлық авансталынған капиталдағы үлес салмағы да дәлелдейді. Оны тәуелділік коэффициенті деуге де болады. Ол мына формулармен анықталады:
Кт = Қк:АК немесе Кт = 1 - Ктс
Мұндағы: Кт - тәуелділік коэффициенті;
Қк - қатыстырылған
капитал;
Ак - авансталған капитал
(баланс валютасы, жиыны);
Ктс- тәуелсіздік коэффициенті.
Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың
үлесін сипаттайды.
Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы каржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарылайды. Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі жылдың басында 0,186 (1-0,814), ал жыл соңында 0,168 (1-0,832) болды.
Келесі, кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын
Кқ = Мк:Қк
Мұндағы: Кқ - қаржыландыру
коэффициенті;
Мк - меншікті капитал;
Қк - қатыстырылған капитал.
Бұл коэффициент жоғары
болған сайын, соғұрлым банктер мен
инвесторлар қаржыландыруға соғұрлым
сенімді кіріседі.
Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражатымен қаржыландырылатынын көрсетеді. Қаржы-ландыру коэффициенті <1 болатын жағдай (кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды қиындатқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымыз-да бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:
жыл басында – 4,37 (300475:68775);
жыл аяғында – 4,96 (299410:60355).
Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасымен анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті:
Кқ/м = Қк:Мк
Мұндағы: Кқ/м - қарыз және
меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті;
Қк - қатыстырылған капитал;
Мк-меншікті капитал.
Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Біздің кәсіпорынымызда бұл көрсеткіш келесі берілгендермен сипатталады:
жыл басында - 0,23 (68775: 300475);
жыл аяғында - 0,2 (60355: 299410).
Бұның мәні кәсіпорын есеп беру кезеңінің басында активтерге салынған меншіктік қаражаттардың әрбір теңгесіне қарыз қаражатының 23 тиынын тартқанын дәлелдейді. Есеп беру кезеңінің ішінде қарыз қаражаттары меншіктік са-лымдардың әрбір теңгесіне 20 тиынға дейін азайған.
Арнайы әдебиеттерде
[2, 10] бұл көрсеткіш үшін қалыпты
шектеу: Ккм<1. Егер оның мәні 1-ден асып кетсе,
онда кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі
мен тұрақтылығы қауіпті нүктеге (жағдайға)
жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты
бола бермейді. Қарыз және меншікті қаражаттар
қатынасының коэффициенті салалы ерекшеліктерге,
кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
сипаты-на және айналым қаражатының айналу
жылдамдығына байланысты болады. Материалдық
айналым қаражатының айналымдылығының
жоғары көрсеткіштері және дебиторлық
борыштың одан да жоғары айналымдылығы
кезінде коэффициенттің қауіпті мәні
бірден де асып кетуі мүмкін, ол сонда
да кәсіпорынның қаржылық дербестігіне
ешқандай әсерін тигізбейді. Кәсіпорынның
ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау
үшін бұл коэффициент ағымдағы және ұзақ
мерзімді активтердің қатынас коэффициентінің
мәнімен шектелуі қажет [10].
Кәсіпорынның тәуелсіздік (дербестік) дәрежесін сипаттайтын ең бір маңызды көрсеткіштердің бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады немесе оны басқаша инвестицияларды жабу коэффициенті деп атайды. Ол мен-шікті және ұзақ мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін сипаттайды және мына формуламен анықталады:
Кқт=( Мк + ҰМ ) / Ак
Мұндағы: Кқт - қаржылық тұрақтылық
коэффициенті;
ҰМ - ұзақ мерзімді міндеттемелер;
Ак - авансталған капитал (баланс валютасы,
жиыны);
Бұл дербестік коэффициентімен
салыстырғанда анағұрлым жұмсақ көрсеткіш.
Батыс тәжірибесінде бұл коэффициенттің
қалыпты мәні 0,9-ға тең болуы керек ал оның
0,75-тен төмендеуі қауіпті [6]. Біздің кәсіпорынымызда
бұл көр-сеткіштің мәні ұзақ мерзімді
міндеттемелердің жоқтығына байланысты
тәуелсіздік коэффициентінің мәніне тең.:
жыл басында - 0,814 ((300475+0):369250);
жыл аяғында - 0,832 ((299410+0):359765).
Капиталдың құрылымын
қалыптастырудың тиімділігін (қолайлылығын)
анықтау үшін жоғарыда келтірілген
көрсеткіштермен қатар
Ки=Мк / Нк
Мұндағы: Ки - инвестициялық коэффициенті;
Мк – меншікті капитал;
Нк - негізгі капитал;
Біздің мысалымызда - ол жылдың басында 2,03-ке тең (300475:147795), со-ңында 1,42 (299410:210260) болады. Бұл берілгендерге қарап меншікті капитал тек қана негізгі құралдарды сатып алуға ғана емес, кәсіпорынның қаржылық беруінің басқа да активтерін, соның ішінде ағымдағы активтерін сатып алуға да пайдаланылады деуге болады. Активтерді құрудың ең дұрыс жолы болып, меншікті капитал барлық негізгі капиталды (айналымнан тыс активтер) және айналым капиталының бір бөлігін жабатын кездегі жол саналады. Кәсіпорын, барлық қарыз каражаттары алынып қойып жатса да өмір сүре беретін болады. Кәсіпорынның капиталын пайдалану тағы бір қызық ой - меншікті капиталды тек қана негізгі құралдарды сатып алуға жұмсап, ал айналым каражаттары (ағымдағы активтер) келесі жолмен қалыптасуы керек: 1/4 - ұзақ мерзімді қарыздар есебінен, ал 3/4 - қысқа мерзімді қарыздар есебінен. Кәсіпкер, егер өзінің капиталы аз, ал басқанікі көп болса, жақсы жұмыс істейтін болады. Нарықтық қарым-қатынас осы принцип (қағида) бойынша құрылған. Аз ғана капиталың бола тұра, көп табыс алуға болады.
2.4. Кәсіпорынның табыстылығын талдау
Табыстылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – таза табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады :
Д = Д - Р
Мұндағы: Д - негізгі қызметтен алынған табыс;
Д - жалпы табыс;
Р - кезең шығындары.
Кесте-4
«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы қызметінің 2009 жылғы нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер.
Көрсеткіштер |
Жыл соңы жжжжжжжжылжыл |
Жыл басы |
Өзгеріс |
Сатудан түскен түсім |
377 085 |
364 805 |
+12 280 |
Өзіндік құн |
376 690 |
356 350 |
+20 340 |
Жалпы табыс |
395 |
8 455 |
-8 060 |
Таза табыс (шығын) |
-1 065 |
-2 025 |
+960 |
Сатудан түскен түсімнің алдыңғы жылмен салыстарғанда 3,4%-ға, яғни 12280 мың теңгеге өскеніне қарамастан, кәсіпорынның жалпы табысы 95%-ға немесе 8060 мың теңгеге азайған. Сонымен қатар кәсіпорын өткен және ағымдағы кезеңдердегі таза табыс таппай отыр. Алайда шығын мөлшері алдыңғы жылмен салыстырғанда 960 мың теңгеге азайған және ол 1065 мың теңгені құрады. Жалпы табыстың азаюы рентабельділіктің төмендеуі мен өндірістік шығындардың өсуін білдіреді.