Компанияның қаржылық жағдайын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2013 в 11:19, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын коэффициенттерді қолдана отырып талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................................3
Негізгі бөлім.
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері .............5
1.1. Қаржылық жағдай мәні............................................................................................5
1.2. Қаржылық коэффициенттердің мәні және оны талдаудың мақсаты............. 7
2. Компанияның қаржылық жағдайын талдау ..........................................................12
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау ............................................................................................................................12
2.2. Компанияның төлем қабілеттілігін талдау .........................................................16
2.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау .............................................19
2.4. Кәсіпорынның табыстылығын талдау .................................................................24
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары .............29
3.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары ..........29
3.2. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру....31
4. Қорытынды................................................................................................................35
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................37

Работа содержит 1 файл

Курсик р.doc

— 368.00 Кб (Скачать)

Әрі қарай кәсіпорынның мүліктік жай-күйінде қандай сапалық  өзгерістер болғанын зерттеу қажет. Бұл кәсіпорынның  материалды-техникалық  базасын құрайтын және негізгі қорлары болып саналатын, оның өндірістік потенциалының маңызды элементінің жағдайын зерттеу қажет.                 

Кәсіпорын мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі құралдардың  нақты құнының (қалдық) үлес салмағының өзгеруі, ерекше назар аударады. Өйткені бұл көрсеткіш кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің көлемін анықтаудағы басты бағыт болып табылады. Кәсіпорын мүліктерінің жалпы жиынындағы Негізгі құралдардың нақты құнының коэффициентінің мөлшері баланс активтерінің барлық сомасының 50 пайызынан кем болмауы тиіс.                                               

Біздің мысалымыз бойынша  баланс валютасындағы негізгі құралдардың  қал-дық құнының үлесі жыл басында - 40,03%-ды, ал жыл соңында - 58,44%-ды құрайды, яғни бұл көрсеткіштің теориялық мәнінен 8,44 пунктке асып отыр.                                 

Әрі қарай ағымдағы активтердің  құрамы мен құрылымын талдау қажет. Кес-теде келтірілген мәліметтер кәсіпорынның ағымдағы активтерінің жағымсыз динамикасын  көрсетеді. Оларды жеке элементтер тұрғысынан зерттеу келесідей қортындыларды жасауға мүмкіндік береді. Ең мобильді активтер-яғни ақша қаражаттары бір жылда 3965 мың теңгеге немесе 263,46%-ға артқан болса, ал қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар жыл соңында - 670 мың теңгені құрады.                                                                                                             

     Кәсіпорынның  материалдық айналым қаражаттары  есепті жылы 7,23%-ға төмендеді және  ол жыл аяғында 53600 мың теңгені  құрады. Олардың үлесі 0,75 (15,65-14,90) пунктке азайған. Бұл жағдай, материалды айналым каражаттарының құрамында сұранысы жоқ немесе шектеулі сұранысқа ие болатын және де сол себептен өтімділігі төмен болып табылатын басы артық және қалып қойған материалдық құндылықтар, дайын өнімдер, нормадан тыс шикізат қорлары, материалдар, аяқталмаған өндірістер жоқтығын көрсетеді.

 Есепті жылы дебиторлық  борыш та әжептеуір азайған.  Егер оның көлемі жыл басында  - 91595 мың теңгені құраса, жыл аяғында  ол - 47525 мың теңгені құрайды немесе 48,11%-ға төмендеген, ал ағымдағы активтер құрамындағы оның үлесі 11,6 пунктке азайды (24,81-13,21).                                                                             

Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржы жағдайына дебиторлық борыштың нақты бар болуы емес, онын көлемі, қозғалысы және түрі, яғни бұл борыштың пайда болу себебі әсер етеді. Дебиторлық борыштың пайда болуы кредиторлық борыш сияқты ақшаны аудару арқылы есеп айырысу жүйесі кезеңіндегі шаруашылық қызметтегі объективті процесс болып табылады. Дебиторлық борыш барлық уақытта есептеулер тәртібінін бұзылуы нәтижесінде туындап, барлық уақытта да қаржылық жағдайды нашарлатады деуге болмайды. Сондықтан да, оны меншікті қаражатты толығымен айналымнан шығару деп есептеуге бол-майды, өйткені оның бір бөлігі банктік несиелендірудің нысаны болып табыла-ды да кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне ешбір ықпал етпейді. Кәсіпорынның дебиторлық борышы қалыпты және өтелмеген болып екіге бөлінеді. Өтелмеген дебиторлық борышқа, төлеу мерзімі өтіп кеткен есеп айырысу құжаттары бойынша тиеліп жіберілген тауарлар үшін қарыздар жатады. Өтелмеген дебиторлық борыш айналым қаражаттарының заңсыз бұрмалануын және қаржы тәртібінің бұзылуын көрсетеді. Осыған байланысты талдаушы оның құрылы-мын зерттеу негізінде өтелмеген дебиторлық борышты анықтауы тиіс.

 

2.2. Компанияның төлем қабілеттілігін талдау

 

Баланс өтімділігін  талдаудың мәні – активтегі өтімділік  дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері  келесідей топтарға бөлінеді:

А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік  тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

А2. Тез өткізілетін  активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Бұларға тауарлы-материалдық қорлар жатады.

А4. Қиын өткізілетін активтер. Бұлардың құрамында ұзақ мерзімді активтер жатқызылады.

Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне  байланысты топтастырылады:

П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер. Бұларға уақытында  төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер  – қысқа мерзімді несиелер мен  заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4. Тұрақты міндеттемелер. Бұған меншікті капитал жатқызылады.

Баланс өтімділігін  анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын  салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:

Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің  әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс  өтімді емес.

Жоғарыда келтірілген  жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздікті “баланстау” сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді. 

Баланстың топтастырылған баптарын 4-кесте түрінде көрсету  орынды болады.

  Кесте-2

«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының 2009 жылғы мәліметтері негізінде баланс активінің өтімділік дәрежесі және оның пассивінің мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы.

 

Жалпы баланс өтімділігі мына формуламен анықталады:

К = (А1+0,5А2+0,3А3)/(П1+0,5П2+0,3П3)

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:

жыл басында – 1,3;

жыл соңында – 1,07;

Бұл көрсеткіштің қолайлы  мәні 0,9 болып табылады.

Алайда бұл көрсеткіш  кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін  өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете  алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады.

Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әртекті төлем қаражаттары кіреді, бұлардың ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті. Олар туралы төмен-де айтылады.

Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттігін анықтау анықтау  үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық  және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен қолданылады.

Үш көрсеткіш жиі  қолданылады:

-абсолютті өтімділік  коэффициенті;

-аралық өтеу (жабу) коэффициенті;

-жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.

Абсолютті өтімділік  коэффициенті ақша қаражаттары мен  тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.

Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың  қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.

Осы көрсеткіштің  дұрыс  шектеуі келесі түрде болады:

Ка.ө  0,2 0,5

Бұл – ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек  екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі.

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:

жыл басында – 0,02;

жыл соңында – 0,1;

Аралық өтеу коэффициентін есептеу  үшін (немесе оның басқа аталуы: қауіпті өтім коэффициенті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша қаражатының құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына  дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер бойынша түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.

Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі:

Кар.ө  1

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:

жыл басында – 1,5;

жыл соңында – 0,98;

Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффициенті) барлық ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді жіне дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді.

Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.

Берілген көрсеткіш  үшін мына шектеу қалыпты мән болып  табылады:

Кағ.ө  2

Біздің кәсіпорын үшін оның мәні:

жыл басында – 2,6;

жыл соңында – 2,2;

Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден  2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді.   

Жалпы алғанда соңғы  екі өтімділік коэффициенттерінің шамалары талап етілген шектеуге жауап бергенімен, жыл соңында  олардың мәндері азайып отыр. Сондықтан  алдағы уақытта бұл құбылыстың қайталанбасы үшін, оның себептерін анықтаған жөн.

 

2.3. Кәсіпорынның қаржылық  тұрақтылығын талдау

 

Кәсіпорының қаржылық тұрақтылығын талдаған кезде меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қоймай, сонымен бірге капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды. Бұл көрсеткіш арнайы әдебиеттерде әр түрлі атпен берілген (тәуелсіздік коэффициенті, автономдық коэффициенті), бірақ оның мәні бір ғана - бұл коэффициентке қарап кәсіпорын сырттан тартылған қаржыдан қаншалықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын қаншалықты жұмсай алатынын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті капиталды барлық авансталған капиталға бөлумен анықтайды:

Ктс = Мк:Ак

Мұндағы: Ктс - тәуелсіздік  коэффициенті;                                                                        

Мк - меншікті капитал;                                                                                                                       

Ак - авансталған капитал (баланс валютасы жиыны, яғни қаржыландырудың  жалпы сомасы).                                                                                                               

Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары екен-дігін көрсетсе, алдағы уақытта  қаржылық қиындықтардың азаятындығын көр-сетеді.                                                                                                                            

Батыс экономистері тәуелсіздік  коэффициентінің неғұрлым жоғары деңгейде болғаны дұрыс деп санайды. Себебі бұл қаржы көздерінің тұрақты  құрылымын сақтауға мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін жоғарылатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі. Сон-дықтан кәсіпкерлер әр түрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге тырысады.                                                                                                

Қаржылық талдаудан  кітаптардың бірқатар авторлары  инвесторлар мен несие берушілерді  қамтамасыз ететін, меншікті капиталдың оның жалпы сомасына қатынасының  ең аз мәні 0,6 болып табылады деп есептейді.

АҚШ және Еуропа елдерінде  тәуелсіздік коэффиентінің жоғары жетерлік деңгейі болып, 0,5-0,6 тең болатын меншікті капиталдың баланс валютасына қатынасы саналады. Бұл жағдайда несие берушілердің тәуекелдігі төмен болады: өз қаражаттарынан қалыптастырылған мүліктің жартысын сатып (қарызға алынған каражаттар салынған, екінші жартысы кейбір себептермен құнсызданған болса да), кәсіпорын өзінің қарыз міндеттемелерін жабуына болады.                                                                                                            

Жабдықтаушылар мен  сатып алушылар арасындағы келісім-шарттық міндеттемелер қатаң сақталатын және фирманың атағына үлкен мән берілген нарық-тық экономикасы дамыған елдерде тәуелсіздік коэффициентіне мұндай жоғары талаптарды қоймайды (Жапонияда оны 0,2-ге дейін төмендетуге болады).                                                                                                                   

Жоғарыда келтірілген  меншіктік коэффициентін 0,5-0,6 деңгейінде шектеуді орындау,  қарызға берушілер  үшін ғана емес, кәсіпорынның өзіне  де маңызды. Сонтықтан талдаушыға, қаражат көздерін орналастырудың тиімділігін белгі-леуге мүмкіндік беретін, құрылымына зерттеу жүргізіп баға беру қажет. Нарық жағдайында ол акпарат ішкі және сыртқы пайдаланушылармен жүзеге асыры-лады.

Информация о работе Компанияның қаржылық жағдайын талдау