Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2013 в 11:19, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын коэффициенттерді қолдана отырып талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.
Кіріспе...............................................................................................................................3
Негізгі бөлім.
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері .............5
1.1. Қаржылық жағдай мәні............................................................................................5
1.2. Қаржылық коэффициенттердің мәні және оны талдаудың мақсаты............. 7
2. Компанияның қаржылық жағдайын талдау ..........................................................12
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау ............................................................................................................................12
2.2. Компанияның төлем қабілеттілігін талдау .........................................................16
2.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау .............................................19
2.4. Кәсіпорынның табыстылығын талдау .................................................................24
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары .............29
3.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары ..........29
3.2. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру....31
4. Қорытынды................................................................................................................35
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................37
Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызме-тінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады. Табыстылық коэффициенттері салыстырма-лы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер. Оларды толығырақ қарасты-райық:
Барлық активтердің тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептелінеді:
Д = Таза табыс / Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал)
Жалпы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,005 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,003 болды.
Осылайша жалпы активтердің табыстылық деңгейі (авансталған капитал) кәсіпорынның өз қызметін қаншалықты тиімді және табысты жүргізетінін көрсетеді.
Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ағымдағы активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :
Д = Д / Т
Мұнда: Т - ағымдағы активтер.
Д - таза табыс.
Д - ағымдағы активтердің табыстылығы.
Ағымдағы активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,012 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,009 болды.
Акционерлік компания құқығында жұмыс істеуші кәсіпорын үшін салынған капиталдың табыстылық деңгейін бағалаудың, яғни акционерлік капиталды тиімді пайдаланудың негізгі көрсеткіші болып, кәсіпорынның таза табысының оның меншікті капиталына пайыздың қатынасы есептеледі. Бұл көрсеткіш – меншікті капиталдың табыстылық коэффициенті немесе мөлшерлемесі деп аталады. Ол мына формуламен анықталады:
Д = Д / С
Мұнда: Д - меншікті капиталдың табыстылығы;
Д - таза табыс;
С - меншікті капитал.
Ол экономикалық және қаржылық талдауда маңызды көрсеткіш болып табы-лады.
Дәл осы көрсеткіш
биржада акционерлік
Меншікті капиталдың табыстылық деңгейі жыл басында – -0,007 пунктке өскен болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,004 болды.
Тәжірибеде ұзақ мерзімді активтердің табыстылығы деп аталатын көрсеткіш кеңінен қолданылады. Ол ұзақ мерзімді активтерге салған бір теңгеден кәсіпорын қанша табыс алатынын көрсетеді :
Д = Д / Т
Мұнда: Т - ұзақ мерзімді активтер;
Д - таза табыс;
Д - ұзақ мерзімді активтер табыстылығы.
Ұзақ мерзімді активтердің табыстылық деңгейі жыл басында – -0,009 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,004 болды.
Негізгі өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі мына формула бойынша есептелінеді:
Д = Д / З
Мұнда: Д - Өндірістік қорлардың табыстылығы;
Д - Таза табыс;
З - Өндірістік қорлар.
Өндірістік қорлардың табыстылық деңгейі жыл басында – -0,04 болса, ал жыл соңында оның мәні – -0,02 пунктке азайып отыр.
Сату көлемінің табыстылығы мына формула бойынша есептелінеді:
Д = Д / Д
Мұнда: Д - Сату көлемінің табыстылығы;
Д - Жалпы табыс;
Д - Өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден алынған табыс.
Сату көлемінің табыстылық деңгейі жыл басында – 0,023 болса, ал жыл соңында оның мәні – 0,001болды.
Жоғарыда жүргізілген
есептеулерден көріп
2.5. Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау
Кәсіпорынның іскерлік
белсенділігінің
1.Капиталдың жалпы
айналымдылық коэффициенті. Ол жылына
қанша рет айналу мен
К = Д / А
Мұнда, К - капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
А - авансталған капитал.
Біздің кәсіпорын үшін капиталдың жалпы айналымдылық коэффициенті жыл басында – 0,99 рет; жыл соңында– 1,05 рет болды.
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның жалпы капиталын (барлық ресурс-тарды) пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер жыл басында кә-сіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 99 тиын, ал жыл соңында 1теңге 5 тиын келтірді.
2. Негізгі құралдардың
айналымдылығы. Бұл көрсеткіш
қор қайтарымдылығын көрсетеді,
Қор қайтарымдылығы коэффициентінің артуына негізгі құралдардың үлес салмағының салыстырмалы жоғары болмауы немесе олардың техникалық деңгейінің жоғарылығы есебінен қол жеткізуге болады.
Алайда бұл жерде жалпы заңдылық былайша болады: коэффициент жоғары болған сайын, есеп беру кезіндегі шығындар азая түседі. Коэффициенттің төмен болуы өнімді сатудан түсетін табыстың жетімсіздігін не болмаса активтер түрлеріне тым жоғары деңгейде қаржы бөлінгендігін білдіреді.
Біздің кәсіпорын үшін
негізгі құралдардың
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның негізгі құралдардың пайдалану тиімділігінің төмендегенін көрсетеді. Егер жыл басында кәсіпорында негізгі құралдардың әрбір бірлігі 2 теңге 47 тиын келтірсе, жыл соңында 1 теңге 79 тиын келтірді.
3.Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті. Ол мына формула бойынша қаралады:
К = Д / С
Мұнда: К - меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
С - меншікті капиталдың шамасы.
Бұл көрсеткіш қызметті әр қырынан сипаттайды: коммерциялық көзқараспен қарағанда ол сатудығ артықтығын немесе жеткіліксіздігін анықтайды; қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан – кәсіпорынның меншікті иелері тәуекелдік етіп салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді. Егер коэффициент өте жоғары болса, салынған капиталдан сату деңгейінің едәуір артқандығын білдіреді, ал бұл несиелік қорлардың артуын, меншік иелеріне қарағанда істе кредиторлардың көбірек қатысуы мүмкін шекке жетуінен туындайды. Бұл жаңдайда міндеттемелердің меншікті капиталға қатынасы артады, кредиторлардың қауіпсіздігі төмендейді және табыстың кемуіне байланысты кәсіпорын айтарлықтай қиыншылықтарға кездесуі мүмкін. Керісінше, коэффициенттің төмендігі меншікті капиталдың бір бөлігінің әрекетсіз жатқандығын білдіреді. Бұл тұста коэффициент, меншікті қаражатты осы жағдайға сай келетін табыс көзіне салу қажеттігін көрсетеді.
Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі жыл басында – 1,21 рет, ал жыл соңында – 1,26 рет болды.
Көрсеткіш соңғы жылдары
кәсіпорынның меншікті капиталдың пайдалану
тиімділігінің артқанын көрсетеді.Егер
жыл басында кәсіпорында
4. Ағымдағы активтер немесе айналым капиталының айналымдылық коэффициенті. Ол өнім сатудан түскен табысының (жұмыс, қызмет көрсету) ағым-дағы активтердің орташа шамасына қатынасымен анықталады:
К = Д / Т
Мұнда: К - ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
Т - ағымдағы активтер.
Ағымдағы активтердің (айналым капиталының) айналымдылық коэффициенті олардың айналым жылдамдығын, яғни зерттелген кезеңдегі барлық айналым қаражатының айналым санын көрсетеді. Ағымдағы активтердің айналымдылығының үдеуі олардың қажеттілігін кемітеді де, кәсіпорындарға халық шаруашылығының мұқтажы үшін (абсолюттік босату) немесе қосымша өнім өңдіруге (салыстырмалы босату) айналым қаражатының бір бөлігін босатуға мүмкіндік береді.
Айналымның жылдамдауы
нәтижесінде айналым
Біздің кәсіпорында бұл көрсеткіштің деңгейі жыл басында – 2,32 рет, жыл соңында –3,34 рет болды.
Көрсеткіш соңғы жылдары кәсіпорынның ағымдағы активтердің пайдалану тиімділігінің артқанын көрсетеді. Егер жыл басында кәсіпорында активтердің әрбір ақша бірлігі 2 теңге 32тиынал жыл соңында 3 теңге 34 тиын келтірді.
5. Материалдық айналым қаражатының айналымдылық коэффициенті кәсіпорынның талдау кезіндегі шығындары мен қорларының айналым санын көрсетеді, яғни олардың сатылу жылдамдығын сипаттайды. Толықтай алғанда бұл коэффициенттің мәні жоғары болған сайын, осы аз өтімді бапта соғұрлым азырақ қаражат байланады, кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақтанып, айналым капиталында көбірек өтімді құрылым болады. Және керісінше, басқадай жағдайда тауардың шамадан тыс жиналып қорлануы, кәсіпорынның іскерлік белсенділігіне кері әсер етеді.
Өндірістік қорлар (материалдар) оларды дайындау (сатып алу) құны бойын-ша есептелетіндіктен, қорлардың айналымдылық коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес, сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады.
Онда есептеу мына формуламен іске асырылады:
К = S / З
Мұнда: К - материалдық айналым құралдарының айналымдылық
коэффициенті;
S - сатылған өнімнің толық өзіндік құны;
З - өндірістік материалдық қорлар.
Неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, соғұрлым қорлар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғанын немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсендегенін көрсетеді.
Біздің кәсіпорынымызда сатылған өнімнің өндірістік өзіндік құны негізінде есептелген материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті жыл басында – 6,52 рет; жыл соңында – 6,65 рет болды.
6. Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі дебиторлық борыштың шамасына қатынасымен анықталады:
К = Д / Д
Мұнда: К - дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
Д - дебиторлық борыш.
Дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті дебиторлық борыштың сапасы мен көлемін бағалау үшін пайдаланылып, кәсіпорын берген коммерциялық несиенің ұлғайғанын немесе төмендегенін көрсетеді.
Біздің кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті жыл басында – 3,98 рет; жыл соңында – 7,93 рет болды.
7.Кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті. Ол өнімді сатудан түскен табыстың (ақша) кезеңдегі кредиторлық борыштың шамасына қатынасымен анықталады:
К = Д /К
Мұнда: К - кредиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті;
Д - өнім сатудан (жұмыс, қызмет көрсету) түскен табыс;
К - кредиторлық борыштың кезеңдегі орташа шамасы.
Біздің кәсіпорынымызда дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті жыл басында – 8,23 рет; жыл соңында – 9,01 рет болды.
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
Кәіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық жалғасы – кәсіпорын қызметінің кемшіліктерін жою жолдарын іздеу болып табылады.
Жағымсыз жағдайлардың ауқымына байланысты кәсіпорын жағдайын жетілдіруге қажетті іс-әрекеттер көлемі анықталады. Жеңіл қаржылық дағдарыс кезінде ағымдағы қаржылық жағдайды бірыңғайлау, яғни ақша қаражаттарының кірістері мен шығыстарын үйлестіру жеткілікті. Ал терең қаржылық дағдарыс жағдайы қаржылық жағдайды тұрақтандырудың барлық ішкі және сыртқы механизмдерін қолдануды қажет етеді. Кәсіпорынның жағдайы аппаттық деңгейге жеткенде қаржылық жағдайды жетілдірудің жолдарын іздестіру қажет, ал табылмаған жағдайда кәсіпорынды жою туралы шешім қабылдауға мәжбүр болады.