Компанияның қаржылық жағдайын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2013 в 11:19, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын коэффициенттерді қолдана отырып талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................................3
Негізгі бөлім.
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері .............5
1.1. Қаржылық жағдай мәні............................................................................................5
1.2. Қаржылық коэффициенттердің мәні және оны талдаудың мақсаты............. 7
2. Компанияның қаржылық жағдайын талдау ..........................................................12
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау ............................................................................................................................12
2.2. Компанияның төлем қабілеттілігін талдау .........................................................16
2.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау .............................................19
2.4. Кәсіпорынның табыстылығын талдау .................................................................24
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары .............29
3.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары ..........29
3.2. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру....31
4. Қорытынды................................................................................................................35
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................37

Работа содержит 1 файл

Курсик р.doc

— 368.00 Кб (Скачать)

 

Жоспары:

Кіріспе...............................................................................................................................3

Негізгі бөлім.

1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері .............5

1.1. Қаржылық жағдай мәні............................................................................................5                                                                                                         

1.2.  Қаржылық коэффициенттердің мәні және оны талдаудың мақсаты............. 7

2.  Компанияның қаржылық жағдайын  талдау ..........................................................12

2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.»  компаниясының қаржылық жағдайын  талдау ............................................................................................................................12

2.2. Компанияның төлем қабілеттілігін  талдау .........................................................16

2.3. Кәсіпорынның қаржылық  тұрақтылығын талдау .............................................19

2.4. Кәсіпорынның табыстылығын  талдау .................................................................24

3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары .............29

3.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары ..........29

3.2. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру....31

4. Қорытынды................................................................................................................35

5. Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................37

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе.

 

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында, соңғы жылдары  еліміздің экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде түбегейлі өзгерістер болды.     

 Бухгалтерлік есеп стандарттары  мен субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметі шоттары Бас жоспарының 1997 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілуі және қаржылық есеп беру нысандарының халықаралық стандарт талаптарына сәйкестендірілуі нарықтық экономика жағдайына сай қаржылық талдау-дың жаңа әдістемесін жасауды қажет етті.                                                  

Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын  жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақ тілектеріне толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Іскерлік шешімдер қабылдау үшін бұл ақпарат белгілі түрде өзгертілуі және өңделуі қажет. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды камтамасыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп, айтарлықтай кеңейеді.                                                        

Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туыңдады: салмақ, ұзындық өлшемін және есептеу жүргізбей, шаруашылық субъектінің мүліктік жағдайы мен оған әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырмай, біріншісінің екіншісінен артық болуына қол жеткізбей шаруашылықты ойдағыдай жүргізу мүмкін емес.                                                                                                                              

Қай уақытта да болмасын бұл өте  маңызды. Қазіргі қоғамның әкімшілік -әміршілік жүйеден шығып, нарықтық қатынасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түседі. Басқаша айтқанда, жалпы мемлекеттік («иесіз») меншік жағдайында кеңінен орын алған ұқыпсыздық пен жауапкерсіздікті іскерлік, басқарушылық, қатаң орындаушылық тәртіп, ұқыптылық және үнемділікпен алмастыру - нарықтық экономиканың өзіне тән ерекшеліктері.                  

Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекетті талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере ал-майды.

Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір  теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.                                                                                                                            

Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т.б.) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады.

Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.                                                                                                                                    

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

    Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:

-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;

-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;

-кәсіпорынның қаржылық жағдайын коэффициенттерді қолдана отырып талдау;

-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша  жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Талдау объектісі ретінде «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы алдым. Оның негізгі қызметі  мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтаумен айналысу болып табылады.

Жұмыстың теориялық бөлімі қаржылық жағдайды талдаудың түсінігін ашуға негізделген және коэффициенттер жайлы түсінік берілген. Бұл бөлім өзіне қаржылық жағдайды талдаудың мақсаттары, міндеттері және қажеттілігі, қаржылық талдаудың ақпараттық негізі, әдістері мен тәсілдері туралы ақпараттарды кіріктіреді.

Жұмыстың тәжірибелік бөлігі «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компания-сының қаржылық жағдайын коэффициенттер арқылы талдауға және оның нәтижелері бойынша қорытынды жасауға, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынуға негізделген.

Жұмыстың теориялық базасы болып  К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегеновтың, Ж.Г. Жұмағалиеваның, Г.В.Савицкаяның еңбектері болып табылады.

Жұмыс барысында ҚР-ның заң актілері және Halliburton компаниясының 2009 жылғы қаржылық есебі пайдаланылды.

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім.

1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері

1.1. Қаржылық жағдай мәні

 

Нарықтық қатынастары  жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл  кәсіпорындардың тәуелсіздікке  ие болуымен, сондай-ақ және де басқа  контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік  қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай-күй" дегеніміз не, соны анықтап алған  жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет "Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оның қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер сипатталады" деп жазған.                                                                                 

Профессор Н.А Русак  бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын  жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

Кәсіпорынның уақтылы төлеу  мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді.                                                                                        

В.М. Радионова мен  М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы ресурстарының калаптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп жазады.                                                                                                                                          

М. Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов  қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: ''Қаржылық жағдай - бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы".                                                                                           

Профессор И.Т. Балабанов "Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы, бұл  оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу" - деп жазады.                                                                                              

С.А. Стуков осы ұғым бойынша  өзінің көзқарасын келесі сөздермен  баяндайды: "Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау".                                                                                                                                   

Жоғарыда берілген анықтамалар  қарастырылып отырған ұғым мәнін  жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ  олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық. Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс".                                                                                                                          

Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының  үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.                                                                                                

Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды  ұсынамыз:                                                                                                                                    

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.                                                                                              

Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы  нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану  қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық - меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады. Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады.                                                                                                                                                   

Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде  анықтайды. Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".                                    

В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: "Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан  табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы - қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ қәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді.                                                                      

Информация о работе Компанияның қаржылық жағдайын талдау