Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2013 в 11:19, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын коэффициенттерді қолдана отырып талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.
Кіріспе...............................................................................................................................3
Негізгі бөлім.
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері .............5
1.1. Қаржылық жағдай мәні............................................................................................5
1.2. Қаржылық коэффициенттердің мәні және оны талдаудың мақсаты............. 7
2. Компанияның қаржылық жағдайын талдау ..........................................................12
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау ............................................................................................................................12
2.2. Компанияның төлем қабілеттілігін талдау .........................................................16
2.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау .............................................19
2.4. Кәсіпорынның табыстылығын талдау .................................................................24
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары .............29
3.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары ..........29
3.2. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру....31
4. Қорытынды................................................................................................................35
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................37
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл
фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің
және цехтардың жекелеген көрсеткіштері
бойынша есе-бінің құрама көрсеткіштерін
шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ
берілген фирманың керсеткіштерін орташа
салалық және орташа жалпы экономикалық
мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың
көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық
аралық талдау болып тыбалады.
Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе реттел-меген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау қорытын-ды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды керсеткішке біріктіргенде ол - кері (синтез) болуы мүмкін.
Тереңдетіліп нақтыланған
Кәсіпорынның төлем
қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының
маңызды белгілерінің бірі және сондықтан
онымен тығыз байланысты болады. Сол
себепті нарық экономикасы
Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы активтердің, баланстың және кәсіпорынның “өтімділігін” анықтап алу керек.
Өтімділіктің екі
Өтімділік кәсіпорынның сөзсіз төлем қабілеттілігін білдіреді және активтер мен міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойьшша да, келіп түсу уақыты бойынша да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігі шын мәнінде баланс өтімділігін көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.
Нарық қатынасы жағдайында кәсіпорынның қызметі және оның дамуы көбіне өзін өзі қаржыландырумен, яғни меншікті капиталдың көмегімен жүзеге асырылады. Тек ол капитал жетпегенде ғана шеттен капитал тартылады. Бұл кезде қиын болса да сырттан тартылған капиталдан қаржылық тәуелсіздік аса маңызды орын алады, бірақ онсыз әрине мүмкін емес. Сондықтан да қаржылық есеп берудің ағымдағы активтерінің құрастырылу көздерін шектеу керек. Оның ең аз бөлігі өндірістік бағдарламаны қамтамасыз ету үшін өзінің кейбір кезеңдерінде ағымдағы активтерге әдеттегіден жоғары, яғни қосымша қажеттілік ту-анда, ол банктердің қысқа мерзімді несиелерімен және коммерциалық несиелерімен жабылады. Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді.
2. Компанияның қаржылық жағдайын талдау
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау
«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы 1919 жылы құрылған. Оның негізгі қызметі мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скаважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтаумен айналысу болып табылады.
Компанияның орталық офисі Хьюстонда (Техас штаты) орналасқан.
Жұмысшылар саны 85 мың адамды құрайды.
Кәсіпорынның әлемнің 120 мемлекетінде бөлімшелері бар, солардың қатарында Қазақстан да бар. Қазақстандағы кәсіпорынның бөлімшесі Каспийдегі мұнай жобаларын әзірлеумен айналысады.
Компанияның айналымы 2006 жылы 30,5 млрд. АҚШ долларды құрады.
Соңғы 12 жылда «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы Нарьян-Марда, Няганда, Ханты-Мансийскте, Пермьде, Тюменьде, Нижневартовскте, Нефтеюганскте, Сургутте, Губкинскте, Ноябрьскте, Архангельскіде, Мегионда, Радужда, Охада, Тенгизде, Ақтөбеде, Атырадау, Актауда, Астраханда, Причал-да, Небит-Дагта, Туркменбашыда және Южно-Сахалинскте жобаларды іске асырумен айналысты.Компанияның Energy Services Group бөлімшесі мұнай және газ саласында қызмет етеді және скажиналар құрастыру, оларды аяқтау және жөңдеу бойынша қызметтер көрсетеді.
Компанияның екінші білімшесі Halliburton Engineering and Construction Group теңіздегі платформаларды, мұнай және газ өңдеу зауыттарын жабдықтаумен және өндіріс объектілерін салумен , жөңдеумен айналысады.
Әлемнің 30 халықаралық тәуелсіз компанияларымен бірлесіп қызмет ету тәжірибесі бар.
«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы Қазақстанда Қашағанды игеріп жатқан Agip KCO консорциумымен, «Казахойл Актобе» компаниясымен және «Тенгизшевройлмен» (ТШО) қызмет жасайды.
«Халлибуртон Интернэшнл
Инк.» компаниясының
Сурет-1. «Халлибуртон Интернэшнл
Инк.» компаниясының
Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды
элементі болып саналатын активтерді,
талдау барысында, осы активтердің
нақты қолда бары, құрамы, құрылымы
және оларда болған өзгерістер зерттеледі.
Активтердің жалпы құрылымын
және оның жеке топтарын талдау, олардың
рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік
береді.
Активтердің өсуі (артуы)
кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін болғандықтан, ол осы кәсіпорын
жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Алайда,
кәсіпорын мүлік құныньщ өсу себептерін
талдағанда, жоғары деңгейі баланстық
есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты
көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына
әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру
қажет. Отандық тәжірибеде инфляцияны
есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық
құнын құру барысында жүргізіледі.
Отандық есептік-аналитикалық
тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын
өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді.
Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық
фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.
2009 жылдың баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына талдау жасау үшін келесі 1-аналитикалық кесте құрылады.
Кесте-1
«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының баланс активтерінің құрамы мен құрылуы.
Активтер |
Сомасы, мың тг. |
Құрылымы, % |
Өзгеріс (+ ; -) | |||
|
Жыл басында |
Жыл соңында |
Жыл басында |
Жыл соңында |
Мың тг. |
Үлес салмағы, % |
Ұзақ мерзімді активтер: |
||||||
Негізгі құралдар |
147 795 |
210 260 |
40,03 |
58.44 |
+62 465 |
+42,26 |
Аяқталмаған өндіріс |
45 300 |
17 280 |
12,27 |
4,80 |
-28 020 |
-61,85 |
Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар |
18 590 |
18 590 |
5.03 |
5.17 |
0 |
0 |
Алдағы кезең шығындары |
395 |
655 |
0,11 |
0,18 |
+260 |
+65,82 |
Жиыны |
212 080 |
246 785 |
57.44 |
68,60 |
+34 705 |
+16,36 |
Қысқа мерзімді активтер; |
||||||
Тауарлы-материалдық қорлар |
57 780 |
53 600 |
15,65 |
14,90 |
-4 180 |
-7,23 |
Дебиторлық борыш |
91 595 |
47 525 |
24,81 |
13,21 |
-44 070 |
-48,11 |
Қысқа мерзімді қаржылық салымдар |
0 |
670 |
0,00 |
0,19 |
+670 |
0 |
Ақша қаражаттары |
1 505 |
5 470 |
0,41 |
1,52 |
+3 965 |
+263,46 |
Басқа да қысқа мерзімді активтер |
6 290 |
5 715 |
1,71 |
1,58 |
-575 |
-9,14 |
Жиыны |
157 170 |
112 980 |
42,56 |
31,40 |
-44 190 |
-28,12 |
Барлығы |
369 250 |
359 765 |
100,00 |
100,00 |
-9 485 |
2,57 |
Кесте мәліметтерінен активтердің
нақты құнын көрсететін баланс валютасының
есепті жылы 9 485 мын теңгеге немесе 2,57%-ға
кемігенін көруге болады. Бұл кәсіпорын
дамуының теріс нәтижесін сипаттайды.
Алайда активтерді тал-дай отырып, олардың
қалай таратылғанын және есепті жылы неге
көбірек көңіл бөлінгенін, сондай-ақ кәсіпорынның
өндірістік потенциалы мен оның негізгі
құралдарының жағдайын және кәсіпорын
мүлкінің мобильділігін (іске тартылу
деңгейін) анықтау қажет.
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы
ағымдағы активтер үлесін анықтау маңызды:
ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның
барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталатын
кәсіпорын активтерінің іске тартылу
(мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды
өтеуге арналған қаражат үлесін сипаттайды.
Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның
үздіксіз жұмысты қамту және кредиторлармен
есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі.
Қаржы тұрғысынан алғанда оның өсуі актив
құрылымындағы жағымды өзгеріс болып
табылады - яғни мүлік әлдеқайда мобильді
(іске тартылған) болады, бұл оның айналымдылығының
жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің
өскендігін көрсетеді.
Талдау жүргізіп отырған кәсіпорындарда
бұл коэффициенттің деңгейі жыл
басында 0,43 (157170:369250), ал жыл соңында
0,31 (112980:359765) құрады. Кәсіпорын активтерін
таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі
көрсеткіш - мобильді және иммобильді
қаражаттар қатынасының коэффициенті.
Ол ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді
активтер құнына бөлу арқылы анықталады.
Бұл қатынастың қолайлы
және қауіпті көлемі, кәсіпорынның
салалық ерекшіліктеріне
Талданып отырған кәсіпорында
бұл көрсеткіш деңгейі жыл
басында - 0,74 (157170:212080), ал жыл аяғында
– 0,46 (112980:246785) құрайды. Бұл коэффициент
деңгейі иммобильді қаражаттардың өсу қарқыны мобильді қаражаттардың
өсу қарқынан артуының нәтижесінде кеміп
отыр. Есепті жылы біріншілер, яғни иммобильлді
қаражаттар 1,2 есеге (246785:212080) өссе, ал екіншілері
- 28,12%-ға (-44190:157170
100) азайған. Кәсіпорын ең төменгі қаржылық
тұрақ-тылыққа, кәсіпорын міндеттемелері
кепілдендірілген түрде ағымдағы активтер-мен
өтелген жағдайда қол жеткізеді және келесі
шарттың орындалуы осы тұрақтылықтың
белгісі болып табылады: ағымдағы және
ұзақ мерзімді активтер қатынасының коэффициенті
қарыз капиталы мен меншікті капитал қатынасы-ның
коэффициентінен артық болуы керек.