Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Января 2013 в 11:19, курсовая работа
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын коэффициенттерді қолдана отырып талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.
Кіріспе...............................................................................................................................3
Негізгі бөлім.
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері .............5
1.1. Қаржылық жағдай мәні............................................................................................5
1.2. Қаржылық коэффициенттердің мәні және оны талдаудың мақсаты............. 7
2. Компанияның қаржылық жағдайын талдау ..........................................................12
2.1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау ............................................................................................................................12
2.2. Компанияның төлем қабілеттілігін талдау .........................................................16
2.3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау .............................................19
2.4. Кәсіпорынның табыстылығын талдау .................................................................24
3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары .............29
3.1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары ..........29
3.2. Кәсіпорынның активтерінің өтімділігі мен төлем қабілеттілігін арттыру....31
4. Қорытынды................................................................................................................35
5. Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................37
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
- бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын
деңгейінде төлем қабілеттілігі
мен несие қабілеттілігін сақтай
отырып, табысты өсіру негізінде
қаржыны тарату мен пайдалану
арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін
қаржы ресурсының жағдайы".
В.Г. Артеменко мен М.В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: "Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды.
Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық
өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде
қалыптасады және кәсіпорынның жалпы
тұрақтылығының негізгі бөлігі болып
табылады". Ал кәсіпорынның жалпы
қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым
табыстың шығыннан артуын қамтамасыз
ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді.
Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді
(жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың
тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері
мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие
берушілермен, жұмысшылармен және тағы
басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті
дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның
одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар
мен барлық міндеггемелерді орындағаннан
кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға,
оның материалдық-техникалық базасын
жаңартуға және де әлеуметтік климатты
жақсартуға және басқаларға мүмкіндік
беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет.
Айта біз олардын кейінгі
шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық
тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын
тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен
анықталады" - деп жазады В.Т.Артеменко
мен М.В.Беллендир.
Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д.Шеремет мен В.С.Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні — бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі деп түсіндіреді.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты
болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған
мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті
жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің
кепілі болып табылатын өнім өндірудің
үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық
жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Біздің ойымызша, қаржылық жағдайды талдауды қаржылық тұрақтылықтан
бастаған жөн және
оған мыналар жатады:
• кәсіпорын активтерінің
құрылымдық және құрамдық динамикасын
талдау;
• кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
• баланс өтімділігін
талдау;
• кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау.
1.2. Қаржылық коэффициенттердің мәні және оны талдаудың мақсаты
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық
қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі
(басқару) және сыртқы (қаржылық талдау)
талдау деп бөлуді кажет етіп отыр. Талдаудың
бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі
ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп
берудің екі түрі бар: Акционерлерді,
қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ
сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын
кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен
оның каржылық жағдайы және есепті кезеңдегі
шаруашылық кызметінің нәтижесімен таныстыру
үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде,
арнайы анықтамаларда басылып шығатын
қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне,
есепте субъектінің шаруашылық қызметін
динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты
мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға
мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың
мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің
екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын
шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің
өзіндік құнының нормативтері туралы,
сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе
тауардың мөлшерден тыс шығарылып,
өтпей қалуына байланысты мәліметтерден
тұратын қатаң құпияландырылған, басқа
тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады.
Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік
орталықтары мен пайда болу орындары бойынша
шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс
нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп
түрлері болады. Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі
шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау
шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім
қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік
береді және еңбекке ақы төлеуде қандай
да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару
есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп
негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы
нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық
жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Соңғы кездері мерзімді баспасөздерде, сондай-ақ жеке басылымдарда қаржылық талдауды жүргізу бойынша бірқатар әдістемелік ұсыныстар жарық көрді.
Бұл еңбектің авторлары кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның жекелей көрсеткіштерін талдаудың әр түрлі әдістемелерін ұсынып отыр. Бұл әдістемелердің көпшілігінде олардың маңызды ерекшелігі болып табылатын, кәсіпорынның қаржылық жағдайының біздің отандык тәжірибеде қолданылмаған жаңа көрсеткіштерінің жүйесін толық талдауда.
Ондаған жылдар бойы барлық басқару
деңгейлерінде және кәсіпорынның өзінде
пайдаланып келген қаржылық жағдайды
талдаудың қалыптасқан
Жаңа қаржылық есептің маңызды
ерекшеліктерінің бірі - онда жоспарлық
көрсеткіштер мен нормативтердің жоқтығы
болып табылады.
Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау
кәсіпорынға оның қызметі жөнінде
көптеген параметрлерді сырттан
бекітетін орталықтандырылған әкімшілік
сипатты жояды. Ол, ең алдымен бәсекелестік
нәтижесінде сарқынды өзгеріп отыратын
нарықтық коньюнктура жағдайында өзінің
хал-жағдайын нығайтуға ұмтылатын кәсіпорынның
шаруашылық әрекетінің икемді стратегиясы
мен тактикасын жасауға қызмет етеді.
Қаржылық қызметте нормативтерді пайдалану
кәсіпорынның өз еркінде, сондықтан нормативтер
туралы ақпараттар, коммерциялық құпияға
айналады. Жоспарланған номативтерден
ауытқуды талдау, кәсіпорынның ішкі талдауының
құрамдас бөлігі болып табылады. Бухгалтерлік
есеп беруге негізделген қаржылық жағдайды
талдау, сыртқы талдау сипатына ие болады,
яғни бұл кәсіпорынның қызметі туралы
ақпараттардың шектеулі бөлігінен тұратын
есеп мәліметтері негізінде осы кәсіпорынның
мүдделі контрагенттерінің, меншік иесі
немесе мемлекеттік органдардың берілген
кәсіпорынның шегінде жүргізетін талдауы.
Қаржылық жағдайды ішкі талдау әдістемесі,
әрбір кәсіпорын үшін тек потенциалды
әріптестерін бағалау мақсатында ғана
емес, сонымен қатар қаржылық есепті сыртқы
пайдаланушылардың көзқарасы тұрғысынан
алғандағы өзін-өзі бағалау үшін де қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережеле-рін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға бола-ды:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлық талдау;
6) қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің
әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру.
Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы
бухгалтерлік есептің түрлі баптарының
абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын
анықтауға мүмкіндік береді.
Тікалей (кұрылымдық) талдау - әрбір есеп
позициясының жалпы нәтижеге тигізетін
әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық
көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол
жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша
қорытынды көрсеткіштегі жеке баптардың
үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің
кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни
баланс валютасындағы үлес салмағы және
тағы басқалар.
Тікелей және көлденең талдаулар
бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан
да есептік бухгалтер үлгі құрылымы
секілді оның жеке көрсеткіштерінің
динамикасын да сипаттайтын кестелерді
жиі жасайды.
Трендтік талдау барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын
базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар
көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын
есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда,
трендтік талдау әрбір есеп позициясын
бір қатар өткен кезендермен салыстыруды
және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес
ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен
тазартылған көрсеткіш негізгі тенденциясын
анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен
болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын
маңызы қалыптасады, одан кейін перспективті,
болжамдық талдау жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың
нарықтық экономика жағдайындағы көбірек
таралған әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану
болып табылады.
Коэффициенттер салыстырмалы
шамалар болып табылады, оларды есептеу
кезінде шамалардың біреу бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке
қатынас ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді
есептеу баланстың жеке баптарының арасында
болатын өзара байланыстарға негізделген.
Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын
кезекті факторлық талдау үшін алғашқы
база болып табы-лады және де олар талдау
нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын
құбылыс-тарды ашуға мүмкіндік беретін
екі шаманың арасындағы өзара математикалық
қатынастарды көрсетеді.
Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады. Бұл – қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар.
Қатынастарды үлкен
Қатынасты талдаудың ролін асыра бағалаудың да кажеті жоқ, себебі олар-дың әмбебап мәні болмайды және диагностика үшін индикатор болып табылмайды. Әлдеқайда тереңдетілген талдау, қатынас негізінде жасалған шешімдерді әрқашан қолдай бермейді, себебі олардың деңгейіне келесілер әсер етеді, жекелеген кәсіпорындардың ерекшіліктері орташа салалық мәліметер.
Сондай-ақ, өткен жылдардағы нақты
қол жеткізілген деңгейдің қолайсыз бо-луы
немесе оның сол өткен жылдар жағдайы
үшін қолайлы болып, бірақ қазіргі және
болашақтағы жағдайлар талаптарына сәйкес
келмеуі әсер етеді.
Қаржылық талдауды салыстырмалы көрсеткіштер
негізінде жүргізудің шетелдік тәжірибесін
механикалық түрде көшіріп алу,
көп жағдайда тиімсіз, себебі бұл
жағдайда біздің кәсіпорындардың өз
ерекшеліктеріне назар