Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 11:11, дипломная работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты тұтыну несиесінің дамуна талдау жасау және туындаған мәселерге шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыста қойылған міндеттері келесідей:
1. Тұтыну несиесінің теориялық негізін білу, оның ішінде: тұтыну несиесіне жалпылама сипаттама беру, оның мәні мен қажеттілігіне талдау жасау.
2. Тұтыну несиесінің түрлерін талдау және оларға сипаттама беру.
3. Тұтыну несиесінің шетел мемлекеттеріндегі даму қарқынын анықтау және олардың тұтыну несие нарығындағы туындайтын мәселерге қолданатын әдістерін талдау, ол әдістерді отандық нарықта қолдану тәжірибесін талдау;
4. Тұтыну несие нарығында туындаған мәселелерін анықтап көрсету.
5. Тұтыну несиесінің мәселелеріне шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың обьектісі тұтыну несиесінің дамуы мен мен оның мәселелері болып табылады. Ал куртсық жұмыстың ақпараттық базасы негізінде өндірістік тәжірибе өткен, Қазақстан Халық Жинақ Банкісі болды.

Содержание

Кіріспе
1. Тұтыну несиесінің экономикалық мәні
1.1 Тұтыну несиесіне жалпы түсінік , оның қажеттілігі мен мәні
1.2 Тұтыну несиесінің түрлері
1.3 Шетел мемлекеттеріндегі тұтыну несиесінің даму ерекшеліктері
2. Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
2.1 Қазақстан Халық Жинақ Банкінің экономикалық сипаттамасы2010 -2012жж. қаржылық жағдайына сиппаттама
2.2 Қазақстан Республикасы бойынша 2004-2006жж берілген тұтыну несиесінің даму қарқыны
3. Тұтыну несиесінің проблемелеры мен жетілдіру жолдары
3.1 Тұтыну несиесінің қазіргі проблемалары
3.2 Тұтыну несиесін жетілдіру жолдару
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Тутынут несиесі.doc

— 390.50 Кб (Скачать)

Жалпы  алғана тұтыу несиесінде  туындайтын  мәселелер негізінен заңдық  базасының жетілмегендігінен болып отыр.

 

3.2  Тұтыну  несиесін  жетілдіру  жолдару

 

Өткен  бөлімдерде   тұтыну  несиесінің  мәселерінің  көп  екендігіне  көз  жетті. Олардың  пайда  болу  себептері  де  көп.  Бірақ  оларды  шешу  жолдары  табыла  бермейді.  Осы  мәселерді  шешу   жолдарын  біріншіден  мемлекет  тарапынан  қарастырылуы  керек  және  шешуде  тек  мемлекет қана  емес  сонымен  қатар    банктер  тарапынан да  шаралар  болуы  керек.

Осы  мәселелерді  шешуде келесідей  ұсыныстар  қойылады.

Ең  алдымен  тұтыну  несиесі  жайлы тұтынушылардың несиелеу  мәдениеті деңгейін  жоғарылату.    Тұтыну  несиесі  жайлы заң негізін жетілдіру   және оларды  қолданылуын   қатаң реттеу. Өйткені банк  пен клиент  арасындағы  қатынас осы заңдылық  негізінде жүзеге  асырылады. Шетел мемлекеттеріндегі   заң нормалары тұтыну несиесіндегі   барлық  аспектілерді  қамтиды. Сонымен қатар   тұтыну  несиесіндегі  несие  субьектілеріне  қызмет  көрсететен   бюролардың  инфрақұрылымдарын  жоғарылату. Тұтыну  несиесі  жайлы  заңдылықты  жетілдіре  отырып, несие ұйымдарының  тұтынушыларға  несие  өнімдерінің  жаңа  түрлерін   ұсынуға үнемі  дайын  және  икемді  болуын  қарастыру  керек.  Өткен  бөлімде  атап  өткендей  банктер тәуекелдерді  төмендету мақсатында  жоғарғы пайыздарды  орнатады. Осы мәселені  шешуде  келесі  банктер   келесі жағдайларды   мұқият  қарастыруы  керек:

  • Қарыз  алушымен  келісім  шартқа  отырғанды  қарыз  алушының  несие  қабілеттілігі  мен   қарыз  алушының  адамгершілігіне  көңілді  көп  аударуы  керек.  Олардың  ішінен  несие  қабілеті жоқ  несие алушыларды  анықтау.
  • Несие алушының  өз міндеттерін  дұрыс  және  толық  орындалуын   тексеру.
  • Несие  алушының  өз  міндеттерін орындамауы  жағдайында   несиенің  қайтарымдылығын несие алушыны жауапкершілікке тарту арқылы  қайтару.

Тұтыну  несие  нарығының   дамуы  несие  тарихынсыз  мүмкін емес.  Несиелік  тарихтың  болмауы   айлакер тұтынушыларға көптеген  кері  әрекеттеріне  жол  ашады.   Осыған  тағы  да  Оңтүстік  Корея  мен  Гонконгтегі   жағдай   мысал   бола  алады.   Сондықтан  мұндай  жағдайларды  шешу  үшін  елде  заң  негізінде   құрылған  және  несиелік  тарихты  қатаң  реттейтін  несиелік  бюролар жүйесін құру  қажет.  Сонымен қатар несиелік  бюролар Ұлттық  банктердің  тарапынан құтылу  міндетті  емес,  несиелік  бюролар  екінші  деңгейлі  банктер  сияқты  АҚ  немесе  ЖШС   формасында  құрылу  қажет.  Несиелік   бюролар   міндеті түрде ең  алдымен келесі  сұрақтарды  шешулері  қажет:

    • Несиелік  бюроның  мәртебесімен   өзінің  міндеттері  мен  құқықтарын;
    • Несиелік  тарихтарының  мазмұнын;
    • Несиелік  тарихты  ұсыну   шарттары;
    • Несиелік  тарихты  банкпен  клиентпен  ашу  міндеттерін;
    • Несиелік  тарихты  ашудағы  кері  жағдайларды ескеру;

Атап  өткендей  банктер  клиенттерінің  несиелік  тарихын   бәсекелес  банктерге  бермейді.  Сондықтан  несиелік  бюроның   банктердің  клиенттері  жайлы  несиелік   тарихтарына  араласуы кейбір  кедергіге тіреледі.  Бірақ     банктер тәуекелдерін  төмендету мақсатында  мұндай  кедергілерді  алып  тастау  үшін  банктер тарапынан арнайы  несиелік  бюроларының құрылғаны дұрыс болады. Сонымен  қатар атап  өтетін  бір жағдай   клиенттерінің несиелік  тарихын несиелік  бюроларға   аудару кезінде банктер банктік құпияны ұмытпауы  керек.  Өйткені банктік құпияны сақтамауы банктердің  өздеріне  кері  әсері тиеді.

Банктердің   несиені  өтемейтін   клиенттерге  сот  арқылы  шағымданады. Бірақ  көптеген  банктер  үшін  бұл   дұрыс шешім болып  табылмайды. Сондықтан  банктер  үшін  бұл  процестің тиімді  жақтары  көбірек болуы үшін  банктермен  қауіпсіздік орындары  араларында  арнайы  келісушілік болуы керек.  Соның арқасында банктер   клиенттерінен   несие сомасын  өтеуін қамтамасыз  ете алады.  Банктер үшін  бұл әрекеттер көп шығындарға  ұшырамауына әкеледі.

Жоғарыда  атап  өткен  шараларды  жетілдіру  әркеттері  негізгі   бағыттарда  жүргізілу  керек:

  • Тұтыну  несиесі  жайлы  арнайы     заңдар  жобасын;
  • Автокөлік  транспортының  арнайы  тіркелу  жүйесін;
  • Банктік  құпия  бойынша  мәселерді;
  • Үмітсіз  несиелердің  қайтарылу  жүйесін  банктер  үшін  жетілдіру;

Жалпы  банктерде  несиені  рәсімдеу  процесінде   несие  алушының  төлемділік  қабілеттілігін  анықтау   кезінде  үлкен  мәселеге тіреледі. Көбіне  банктер   тәуекелден  сақтану  үшін   несеиелерін    мүлік   кепілдігіне  береді.  Бірақ    кепілге  қоятын  мүлік  барлық  тұтынушыларда  бола  бермейтінін  атап  өткенбіз.  Сонымен  қатар  клиенттің  несие  қабілеттігін анықтау  клиенттің  айналысатын  ісіне,  кепілдік  мүлкінің  өтімділігін анықтаудан  тұрады.  Осы аталған банктер мен клиенттердің  уақытын алады.   Несие алушылардың несие қабілеттілігін  анықтау процесінің  осылайша  болуы   банк  және   тұтынушыларға   тиімсіз  болып  табылады. Бүгінгі  күні    клиенттердің  несие қабілеттілігін анықтауда  бірнеше  әдістері  қолданылады.  Бұл  әдістер  бір-бірінен   қолднылатын   көрсеткіштерінен  ғана  айырмашығы  бар. 

Несие   қабілеттілікті  анықтауда  қолданылатын   әдістер:

  • Скоринг үлгісі;
  • Төлем қабілеттілікті  анықтау  әдісі:
  • Андеррайтинг;

Банктер  әр  үлгіні   әр  несиелендіру  түрлеріне  қолданылады.

Скоринг  үлгілері  банктермен  көбінесе   экспресс несиелендіру  кезінде  немесе  несиелік  карталарын  ұсыну  кезінде   қолданылады. 

Скоринг  үлгісі    математикалық  үлгі  болып  табылады.

  Осы  үлгі  арқылы  банктер  несиелік  тарихы  бар   клиенттің   несиені  қайтару  деңгейін   анықтайды. Скоринг   клиенттің сенімділігімен немесе сенімсіздік көрсеткіштерімен   тығыз   байланысты   көрсітеді.   Несиелік скоринг техникасы несиелік  тәуекелдің   нақты деңгейін  анықтауға көмектеседі.  Скоринг арқылы  жобалауда негізгі көрсеткіштері болып кеоесілер ьола  алады:  клиенттің жасы,   тұрғындар  саны,  мамандығы,  табысы,  үйдің  құны  және  т.б.

Бүгінгі  күнде  көптеген  банктерде  скоринг   пен қатар  басқа да  әдістер  қоланылады. Шетел   мемлекеттерінде  скоринг  пен  басқа да  жүйелер  өте  жақсы  дамыған. Оларда  ол  жүйелерді  қолдануда өзіндік тиімді  жақтары бар. Біздің  елімізде  скоринг жүйесі  төменде келтірілген экспресс несиелерінде қолданылады.  Ал басқа  тәсілдер   несиенің  түріне   және  шарттарына т.б. байланысты     анықталып қолданылады.

Әсіресе аталған  әдістер  банктерде қарыз алушының  төлем қабілеттігін анықтауда қолданылады.

 

Клиенттің  төлем  қабілттілігін    несиелік  испектормен  анықтау  көптеген  құжаттар  тізімін  талдауы  керек.  Мұндай  талдау біріншіден  банктердің  тәуекелін  төмендетеді,  тиімді несиелік  портфельді қалыптастыруға  мүмкіндік береді  және  екіншіден   банктің потенциалды қарыз  алушылардың  санын  азайтады.  Мұндай  үлгінің  артықшылығы   банк  қызметкерлеріне   тиімді  қызмет  етуі  үшін   түзету  коэффициенттерін  арнайы  формулалармен    қайта  есептеуге  болады. 

Жеке  тұлғаларды  ипотекалық  несиелендіру кезінде  банктердің  несие  туәекелін  төмендету мақсатында  андеррайтингті   жүргізу  керек.  Осы  тәсіл  арқылы  несиенің  өтелу  мүмкіндігі  анықталады. Ипотекалық  несиелендіруде  көптеген  бөлімдер  қызмет  атқарады. Осыдан  ипотекалық  несиелендіру  процесі  үлкен  көлемдегі  жұмыстың  қажет  екендігі  анықталады.  Андеррайтинг  арқылы   несие  алушының  несиені  өтеу  мүмкіндігі  қарастырылғандықтан,  оның  тек  табысы  мен  шығындарын  есепке  ала  отырып,  несиені  өтеу  қабілеттілігін  анықтайды.  Ипотекалық  несиемен  айналысатын  ұйымдардың қызметкерлері    анықталған   ақпаратқа  қосымша  сапалық  және сандық   көрсеткіштерді  анықтайды.  Сандық көрсеткіштерінің  арасында  клиенттердің  табыстарының  жеткіліктігі,  қарыз алушының  міндетті  төлемдерінің  жалпы отбасы   табысына  қатынасын анықтайды. Ал  сапалық көрсеткіштеріне клиенттің қызметінің  тұрақтылығы несиелік  тарихы,  несиелік  қамтамасыз етілу      деңгейі сияқтылары  жатады.

           Андеррайтинг  әдістемесін  бағалай   отырып,    қарыз  берушіге  жүйелік  қатынасын  анықтауға  .  Әдістеменің  тиімді жағы   банктің  кез келген  қарыз   алушыға  жеке  қатынасты   орнатуға  болады. Ал  әдістеменің  тиімсіз  жағы  ол  орындайтын  банк  қызметкерлернің  жұмысы  ол  үшін  банк  қызметкерлерінің  арнайы  білітігі  керек. 

Банктердің  қатаң  бәсекелестік  жағдайында   тәуекелдерді минималдау  және  операциондық    шығындарды  азайту  үшін   үлкен  маштабты  жобаларды  қарастыруы  керек.  Мұндай  жобаларды  жүзеге  асыру  кезінде  міндетті  шарт  ол  бұл  жобаның дұрыс  механизмін  құрастыру.

Бұған  мысалы  банктердің   клиенттермен  және  өзара  қатынасы  бар,  арнайы  ережелер  мен  алгоритммен  қызмет  жасайтын  белгілі  қызметерлер  тобын  құру  керек.   Сосын  банкпен  қолданылатын   қарыз  алушы  жеке  тұлғалардың  төлем  қабілеттілігін  анықтайтын  технологияларды    топтастыру  керек. 

Банкпен  қарыз  алушы  жеке  тұлғалардың  төдем  қабілеттігін  анықтау  жүйесінің  модернизациясы

 

Жүйе  екі  негізгі  аналитикалық  блоктан  тұру  қажет: ақпаратты  жобалау  блогы  мен  шешім  қабылдау  блогынан.  Жобалау   блогында  банктердің қарыз  алушылары  туралы,  берілген  несиелер  турады, оларды  өтеу  тарих  туралы  ақпаратты  қамтиды. Бірақ жобалау  блогына  келесі  тапсырыстармен  толықтыру  керек.

  • Алынатын  табыстарын (зейнетақы  қордың  ақпараттық  базасының   пайдалануы  арқылы)  анықтау;
  • Жеке  меншіктегі  барлық   жылжымайтын  мүлік.  Жер  учаскелері  мен  олардың  орналасу  орнын (Техникалық  Инвентаризация  Бюросы мен  Әділет  министрлігінің   ақпараттар  қорынана  алу)  білу;
  • Жеке меншіктегі  автокөліктің  бар   болуы және  оның  жасын (ГИБДД мәліметтер қорынан)  анықтау;
  • Алынған  мәліметтердің  тіркелуін (  жеке  куәліктің  бар  болуына  қарамастан, өйткені  бұл  куәліктер  жалған  болуы  мүмкін  сондықтан  ПВС   арқылы)   тексеру;
  • Несиелік  бюролардың   ақпараттар  базасынан  басқа  банктерде  өтелген  несиелер  жайлы  ақпараттарды  алу;

Мұндай   тапсырмалармен  банктермен  клиенттермен  және  басқа  ұйымдармен  келісімге  келе  отырып,  максималды  қысқа  мерзімде   жүргізлуі  керек.

Әрине   банктермен  мұндай  ақпараттар  модернизациясын  басында  жүзеге  асыру  кезінде  шығындарын  көбейтеді. Бірақ  бұл  жүйені  тереңірек  енгізе  отырып,  банктердің  ақпараттар  алмасу  жүйесінің   жақсаруына  және  несиелік  тәуекелдерді  төменді,  банк  бұдан  максималды  табыс  қайтарып алады.

Ал шешімдер  блогы  талданған  ақпараттардың негізінде   нәтиже  шығарып,  шешім  қабылдайды. Клиентке  несие  беру  жайлы  және несиенің  максималды  сомасын  анықтайды  да  шешім  қабылайды.  Бұл  блоктағы   банк  қызметкері   клиентке   жаңа  анкетаны   жүргізеді  немесе  банктің  тұтыну  несиесі  бағдарламасын жүзеге  асыратын   сауда орнынан ала алады.

Тұтыну  несиесінің  шарттары әр  банкте  әр  қалай. Бірақ  мақсаты  бір – тұтынушылардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру. Казкоммерц банктің  тұтыну  несиесінің   түрлерінің  сан  түрін  ұсынады. Солардың  ішінде  экспресс несиесі. Казкоммерц банктің  экспресс  несиесі  тез  және  шығынсыз  әдісін  ұсынады. Экспресс несие  өзінің  аты  айтып  тұрғандай  жеңіл  несие  формасы,  яғни  қысқа  мерзімде  рәсімделуі. Рәсімдеу  процесі  үш  күн  мерзімді  алады.

Ұсынылатын    жетілдіру  жолдары   несие  алушының   төлем  қабілеттілігін анықтау   процесінде  несиелендіру  процедурасын  жеңілдетеді. Нәтижесінде   оны  тездету  мен   арзандатуға,  нақты  нәтиже  алуға,  банктік  тәуекелді  төмендетуге,  банктің    қызметін  тұрақты  жүргізуге  және  де  табыстың  деңгейін  көтеруге  болады. 

Сонымен  қатар  шетел  мемлекеттеріндегі  тұттыну  несие  нарығын   ынталандыру   мақсатында  мысалы, Франция  елінде   2004-2005  жылдарындағы   өтелген   тұтыну  несиесі  бойынша   тұтынушыларға  келесі  несие  түрлерін  қаолданғанында  ¼  бөлігі  көлемінде  салықтық  жеңілдіктер  жасалады.  Сол  сияқты  біздң  елімізде    сондай  жеңілдіктердің  болуы   тұтыну  несиесіне  деген   тұтыушылардың  қызығушылығын  арттырады.   Сол  сияқты  АҚШ  мемлекетінде  тұтыну  несие  нарығы  жақсы  дамыған.  Олырда  тұтыну  несиесі  жайлы  тұтынушыдарды  мықты  негіз  қалыптасқан.  Оларда  тұтыну  несиесін  алған  адамның  мәртебесі  жоғарылайды. 

Бүгінгі  күні  көптеген  тұтынушылар  тұтыну  несиесі   бойынша  пайыздарын  елемей   тек  несиену  алуды  көздейді.  Ал бұл дұрыс  емес. Тұтынушылар  өздерін  алдайды. Қазақстандағы  екінші  деңгейлі  банктерде  пайыз  мөлшерлемелерін  екі  әдіспен  есептейтіні   бәріне  мәлім.. Бірінші  әдіс   бұл  негізгі  қарыз сомаларына    пайыздарды  қосу  арқылы  есептейді.  Қазақстанда  бұл  әдіс  бойынша    Центр Кредит Банкісі,  Альянс  банкісі  және  т.б.   қолданылады.  Банктер бұл  әдісте  несиелерді  29 %  береді.   Бұл  әдістің есепетемесі  бойынша  тұтынушы несиені  көзге  көрінетінлей  аз пайыз  мөлшерлемесімен  алады. Бірақ   алынатынатын  несие  сомасы  алынатын  мерзімде  көп  есе  артық төлейтіні анықталады.

 Екінші  бір  пайыз мөлшерлемелерін  есептеу  әдісін  Қазақстан  Республиасында  Темірбанк, Қазақстан Халық  Жинақ  Банкісі  және  т.б.  қолданылады.  Бұл әдісті  қалдық сомаға  пайыздарды  есетеу деп  айтуға  болады. Осындай әдісті   қолданатын  банктердің   пайыз мөлшерлемелерін тұтынушылар  қымбат  деп санайды.  Алайда     екі  әдістің  нәтижелерінің  айырмашылығына  көз  жеткізсек,  айырмашылығының шамалы  екендігін  байқаймыз.      Осы  банктерден несиені  алуға  тұтынушыларға  тек  несиені  алу  шарттары  әсер етеді. Пайыз  мөлшерлемесін  негізгі  қарызға қосып  есептеу  тәсілін қолданылатын  банктерде  несиені  алу  шарттары  күрделірек  болып  табылады. Ал  пайыз  мөлшерлемені   қалдық  сомаға есептеу  арқылы  есептейтін банктерде   несиені алу  шарттары  керісінше  оңайырақ.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы