Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 11:11, дипломная работа
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты тұтыну несиесінің дамуна талдау жасау және туындаған мәселерге шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыста қойылған міндеттері келесідей:
1. Тұтыну несиесінің теориялық негізін білу, оның ішінде: тұтыну несиесіне жалпылама сипаттама беру, оның мәні мен қажеттілігіне талдау жасау.
2. Тұтыну несиесінің түрлерін талдау және оларға сипаттама беру.
3. Тұтыну несиесінің шетел мемлекеттеріндегі даму қарқынын анықтау және олардың тұтыну несие нарығындағы туындайтын мәселерге қолданатын әдістерін талдау, ол әдістерді отандық нарықта қолдану тәжірибесін талдау;
4. Тұтыну несие нарығында туындаған мәселелерін анықтап көрсету.
5. Тұтыну несиесінің мәселелеріне шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың обьектісі тұтыну несиесінің дамуы мен мен оның мәселелері болып табылады. Ал куртсық жұмыстың ақпараттық базасы негізінде өндірістік тәжірибе өткен, Қазақстан Халық Жинақ Банкісі болды.
Кіріспе
1. Тұтыну несиесінің экономикалық мәні
1.1 Тұтыну несиесіне жалпы түсінік , оның қажеттілігі мен мәні
1.2 Тұтыну несиесінің түрлері
1.3 Шетел мемлекеттеріндегі тұтыну несиесінің даму ерекшеліктері
2. Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
2.1 Қазақстан Халық Жинақ Банкінің экономикалық сипаттамасы2010 -2012жж. қаржылық жағдайына сиппаттама
2.2 Қазақстан Республикасы бойынша 2004-2006жж берілген тұтыну несиесінің даму қарқыны
3. Тұтыну несиесінің проблемелеры мен жетілдіру жолдары
3.1 Тұтыну несиесінің қазіргі проблемалары
3.2 Тұтыну несиесін жетілдіру жолдару
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан экономикасының дамуы жағдайында прогресс болуы үшін инвестициялар қажет. Сондықтан банк қызметін активизациялау қажет. Тұрғылықты халық үшін қаражат жетіспегенде жағдайда несие ресустарын алуға олар үшін банк ақырғы инстанция болып табылады. Ал банктер үшін несие беру қызметі негізгі функцияларының бірі болып табылады. Бүгінгі күні қалыптасқан ипотекалық несие бойынша 13% - 15%, тұтыну несиесінің басқа түрлері бойынша 18% - 26% пайыздық мөлшемелері потенциалды қарыз алушыларды шошытады. Нәтижесінде банктер де тұтынушалар да ұтылады. Сондықтан пайыз мөлшерлемелерін төмендету қажет. Несиені алудың тағы да негізгі кемшілігі ол – несиені рәсімдеуде уақыттың ұзақтығы. Несиені алу жөніндігі өтінішті тапсырғаннан бір ай мерзімді күту керек.
Сондықтан Қазақстанда микронесиелеуді негізу қажеттілігі болып отыр. Микронесиелеудің негізін қалаушы Мухаммад Юнус, тек микронесиелумен айналысатын Грамин банктің негізін қалаушы. Пайызсыз микронесиелеу Қазақстанның кейбір облыстарында 1998-1999 жылдары енгізілген. Бірақ бұл жағдай туралы халықта ақпараттың мүлдем болмауынан, микронесиелеудің таралуына жағдай түғызбады.
Қазақстанда микронесиелеуді әсіресе енгізу қажет. Өйткені шетелдік тәжірибе көрсеткендей микронесиелеуді қайтарымдылығы 98% - дан жоғары деңгейді құрайды. Бүгінгі күні микронесиелеумен банктердің көбі айналыса бастады. Микронесиені алу үшін келесідей құжаттар тапсырылады. Несиелеу процесінің сауатты бастауы мен әрі қарай дамуы экономикалық өрлеуге және мемлекет жағдайының жақсаруына әкеледі
1.3.Шетел мемлекеттеріндегі
тұтыну несиесінің даму
Тұтыну несиесімен таныса отырып шетел мемлекеттерінде мұндай несие формасы да дамуы кеңінен жайылуда. Мысалы Францияда ¼ - барлық тұтыну несиен банктермен берілсе, ¾ - арнайы несие мекемелерімен беріледі. Бірақ ақырғыдар көбінесе керекті ресурстерды банк несиелері арқылы толтыратын болса, онда тұтыну несиенің 9/10 барлық сомасы банктер арқылы беріледі.
Францияда тұтыну несиесі бір ретті немесе есеп айырысу төлемдерімен өтеледі.
Бір ретті өтелетін тұтыну несиесі. Мұнда тұтынушылардың универмагтарда 1 – 1,5 айға ашатын ағымдық шоттар кіреді. Берілетін несие сомасы көлемінде тұтынушылар тауарларды сатып алады, несиенің өтелу уақыты жақындағанда тұтынушы берілген несие сомасын бір реттік төлем жасау арқылы өтейді. Бір реттік төлем арқылы жасалатын несие төлемін кейінге қалдырылып өтелетін несие түрін қамтиды.( мысалы, коммуналдық қызметтер үшін төлемдер, медициналық қызмет үшін төлемдер;)
Төлемі кейінге қалдырылып төленетін несие тұтыну несиенің негізгі бөлімі болып табылады. АҚШ – та барлық несие сомасынан ¾ бөлігін төлемі кейінге қалдырылып төленетін несие алып отыр.
Тұтыну несиесін тұтынушылар амалсыз шара ретінде қарастырады. Ал банктер мен несие мекемелері үшін тұтыну несиесін беру өтімді операция болып табылады және тұтыну тауарлары нарығын кеңейтеді, табыс мөлшерін жоғарғы несие проценті арқылы арттырады.
Көптеген шетелдік экономистер мұндай проценттердің жоғары болуын тұтынушылардың төлемқабілеттілігін анықтаған кезде шығындардың жоғарғы деңгейімен және моралды тәуекелдің болуымен түсіндіреді. Мысалы, АҚШ – та автокөліктерді төлемі кейінге қалдырылып төленетін несиеде 6 – 12 % , тұтыну тауарларына 7 – 10%, орташа мөлшерде алғанда тұтыну несиесіне пайыздар 10 - 20% құрап отыр. Социализм кезіндегі тұтыну несиесіне пайыз мөлшерлемелері мерзімді бойынша жылына0,5% , 3 % пайыз өтелмеген сома бойынша алынып отырған. Кейде банктік пайыздар сауда пайыздарынан мүлдем айырмашылығы болмайды. Мысалы, АҚШ банктері жеке несиелері үшін 36 – 42% алады. Алайда тұтыну несиесін алғанмен де, тұтыну несиенің жоғарғы пайыздары сұранысқа кері әсерін тигізеді.
Мысалы, Эстонияда тұтыну несиесіне пайыздар деңгейі ,тұтыну ыдыстарын несиеге сатып алғанда пайыз мөлшерлемесі жылдық 5% - ы көлемінде болады. (бұл ыдыстың сомасы 10500 крон ыдыс комплектісі 3 кастрюлядан тұрады.)
Тауарлы формадағы тұтыну несиесі көбінесе ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алуды ұсынылады. Олар, автокөлік, тоңазытқыш, радиоқұралдары, теледидарлар және үй заттары. Бұл несие түрі тауарларды ұзақ мерзімге сатып алу деп аталады.
Тауарлады ұзақ мерзімге сатып алуға тұтынушылар талғамына анализ жасағанда келесі жағдайлар анықталды:
Мұндай жағдайлар тұтынушының тауарларды персоналды ссудаға, банктік овердрафтқа немесе несиелік карточкаға сатып алуда қарастырылады.
Бүгінгі күні тауарлады ұзақ мерзімге сатып алудың жаңа формасы бұл банктермен сауда фирмаларының келісе отырып, тұтыну тауарларын сауда фирмалары банктік несиеге сатады, банктер өз кезегінде сауда фирмаларына сатылған тауардығ сомасын өтейді. Ал тұтынушы сатып алған тауарының сомасын банкке төлейді.
50 – жылдары американ , кейіннен ағылшын банктері тұтыну несиесінің жеңілдетілген түрін қолдана бастады. Тұтыну несиесін несие карточкалары арқылы беру.
Бұл несиелендірудің мәні келесідей банктің берген несие карточкалары негізінде несие лимиті бойынша тұтыну тұтынушылардың тауарларды дүкеннен сатып алу мүмкіншілігі. Қарыз сомасы банкпен дүкендерге перодты түрде өтеліп отырады. Несие карточкаларының иелері өз кезегінде банк алдында қарыздарын өтейді. Өтеу сомасы мерзімінде минималды мөлшермен өтеледі. Егер минималды сома мерзімінде өтелмеген кезде , ол сомаға пайыздар қосылады.
Жалпы алғанда несие лимиті револьверді ( автоматты қайта қалыптасатын) , яғни несие карточкасының иесі несиенің негізгі бөлігін өтегеннен кейін, өтеген сома шегінде негізгі несие сомасын ұлғайта алады.Мысалы, несие карточкасының иесінің несие лимиті 800 крон , 500 крон қарыз. Лимитінің соңына дейін 300 кронын қолданылуы керек. Егер несие карточкасының иесі ай сайын 150 крон өтесе, оның болашақ несиелеу шегі 450 кронға дейін ұлғаяды. Өйткені ол енді тек 350 крон қарыз. Несие карточкасының компаниясы несие карточкасының иесіне карточкада қалған сомасы жайлы ай сайын есеп береді.
Көптеген банктер өз несие карточкаларын шығарады. Мысалы, Visa және Masterkard .Бірақ қаржы үйлері мен құрылыс қоғамдары да өз несие карточкаларын шығаралы. Мысалы, Amerikan Express өзінің Optima карточкасын шығарады.
Несие карточкаларын
Шығын карточкалары түсінігі Amerikan Express Diner”s Club кариочкаларына тән. Төлем құралы ретінде несие карточкалары сияқты банктермен шығарылады. Бірақ олардың айырмашылықтары бар:
Кесте 2 - Төлем құралылдарының айырмаршылықтары.
Сипаттамасы |
Несие карточкасы |
Шығын карточкасы |
Шығындары |
Тегін немесе жыл сайынғы үлестік төлемдерге шығарылады. |
Алғашқы жарна мен үлестік жарналары есебінен шығарылады. |
Төлемдері |
Ай сайын немесе бөліп өтеу.Несие мерзімі алты аптаға дейін болады. |
Барлық қалдық
бір ай ішінде қолданылуы
керек. Пролонгация |
Автоматты қалыптастырылатын несиелер. АҚШ – та тұтыну несиесі тауарларды ұзақ мерзімге және ағымдық шот арқылы сатып алу кең қолданылуда, яғни автоматты қалыптастырылатын несиелер. Бұл несиенің мәні келесідей. Банктер қарыз алушының төлемқабілеттілігін анықтау арқылы оған берілетін несие сомасының максималды деңгейін анықтайды. Мысалы, егер қарыз алушы табысынан ай сайын 100 доллардан банкке төлеп отырса, онда банк максималды несие сомасын 1200 – нан 2400 долларға дейін, 12 –24 айға анықтайды. Анықталған несие сомасын қарыз алушы банктің чек кітапшасы арқылы ұстайды. Ай сайынғы төлемдерді өтеу арқылы қарыз алушының негізгі қарызы азайып, несие лимиті артады. Банкпен анықталатын несие лимиті периодты түрде банкпен қарыз алышының төлемқабілеттілігін есепке ала отырып, қайта қарастырады. Автоматты қалыптастырылатын несиелер бойынша шотқа салық салынады. Бүгінгі күні көптеген ірі сауда орындары клиенттерге несие карточкаларына альтернатива ретінде автоматты қалыптастырылатын несиелерді қолданылуға ұсынады.
Персоналды ссудалар. Банктің берілетін персоналды ссудалары несие карточкаларының пайызы мен басқа да несие ұйымдарымен берілетін несиелерімен салыстырғанда арзан түрі болып табылады.
Ссуданы алу мақсаты:
Персоналды ссудалар келесі мақсаттарға беріледі:
Ссуда мөлшері: ссуда мөлшері 10 000 ф.ст. аспауы керек.
Капитал мен клиент үлесі. Персоналды ссудану алу үшін құнның 1/5 немесе 1/3 төлеу қажет. Бірақ оған қатаң ережелер бекітілмеген.
Төлемқабілеттілік. Төлем көзі ретінде тұтынушының тұрақты табысы болып табылады. Мұнда клиент сатып алатын тауарымен байланысты жөндеу шығындары кіреді.
Ссуданың берілу мерзімі. Ссуданың берілу мерзімі алынатын тауарға байланысты.
Несиенің қамтамасыз етілу деңгейі. Егер несие сомасы үлкен боған жағдайда банк кепіл талап етіге құқылы. Кепіл ретінде болашақ қарызға жылжымайтын мүлік және т.б.
Несие мекемелерінің тұтыну несиесі негізгі екі формасында беріледі.
Овердрафт. Овердрафты қолдануды тек сенімді клиенттнрге беріледі. Клиенттің шотының қалдығы бойынша берілетін несие формасы.
Овердрафтың келесідей факторлары бар:
Сомасы. Банк пен қарыз алушының арасындағы келісім бойынша дебет сомасы лимит шегінен аспауы. Лимит шегі табысқа байланысты блады.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы