Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 11:11, дипломная работа
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты тұтыну несиесінің дамуна талдау жасау және туындаған мәселерге шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыста қойылған міндеттері келесідей:
1. Тұтыну несиесінің теориялық негізін білу, оның ішінде: тұтыну несиесіне жалпылама сипаттама беру, оның мәні мен қажеттілігіне талдау жасау.
2. Тұтыну несиесінің түрлерін талдау және оларға сипаттама беру.
3. Тұтыну несиесінің шетел мемлекеттеріндегі даму қарқынын анықтау және олардың тұтыну несие нарығындағы туындайтын мәселерге қолданатын әдістерін талдау, ол әдістерді отандық нарықта қолдану тәжірибесін талдау;
4. Тұтыну несие нарығында туындаған мәселелерін анықтап көрсету.
5. Тұтыну несиесінің мәселелеріне шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың обьектісі тұтыну несиесінің дамуы мен мен оның мәселелері болып табылады. Ал куртсық жұмыстың ақпараттық базасы негізінде өндірістік тәжірибе өткен, Қазақстан Халық Жинақ Банкісі болды.
Кіріспе
1. Тұтыну несиесінің экономикалық мәні
1.1 Тұтыну несиесіне жалпы түсінік , оның қажеттілігі мен мәні
1.2 Тұтыну несиесінің түрлері
1.3 Шетел мемлекеттеріндегі тұтыну несиесінің даму ерекшеліктері
2. Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
2.1 Қазақстан Халық Жинақ Банкінің экономикалық сипаттамасы2010 -2012жж. қаржылық жағдайына сиппаттама
2.2 Қазақстан Республикасы бойынша 2004-2006жж берілген тұтыну несиесінің даму қарқыны
3. Тұтыну несиесінің проблемелеры мен жетілдіру жолдары
3.1 Тұтыну несиесінің қазіргі проблемалары
3.2 Тұтыну несиесін жетілдіру жолдару
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Көпшілікке арналған алдағы сауда – саттық туралы ипотекаларды сататын мамандырылған ұйым (оны өткізгенге дейін бір айдан кешіктірмейді)баспасөзге толық жариялауы керек. Сауда – саттықта кепілге салынған мүлікті сатып алған сатып алкшыға мамндырылған ұйым сатып алынған мүліктің меншік құқығының оған (сатып алушыға) өткенін растайтынкуәлікті табыс етуге міндетті.
Бүгінгі таңда меншік үйін сатып алу кез келген отбасының бірінші қажеттілігі болып табылады. Сондықтан әр тұтынушының құқықтарын қорғау әлеуметтік жағынан қоғалу терең қарастырылады. Бұл мәселе әлеуметтік және экономикалық мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасының Президентінің 2005 жылындағы жолдауында тұрғын үй құрылысын 2005-2007 жылдарында төрт миллион шаршы метріне жеткізуге бағытталған. Ол мақсаттқа жету үшін ең алдымен елге 300 млрд. теңге инвестициялар қажет. Негізгі инвесторлар болып Қазақстан Ипотекалық Компаниясы және Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі болып табылады.. Ипотекалық несиесінің дамуы Қазақстан Республикасы Президентінің 23 желтоқсанда 1995 жылғы заңынанан бастау алды. Елдегі тұрғын үй проблемасын шешу мақсатында және халықтың тұрмыс жағдайын көтеру мақсатында, құрылыс жұмыстарын ұзақ мерзімді қаржыландыру және ипотекалық несиені дамыту үшін 21 тамыздың 2000 жылында Үкіметтің концепциясы шықты. Соған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі 2001 жылы арнайы қаржылық институтты-КИК-ті құрды. КИК банктік ұйымдар арасында делдал ретінде қызмет етеді, яғни ипотекалық несиелеуді дамыту үшін инвестицияларды бағыттап отырады. Қазақстанда ипотекалық несиелеу екі деңгейлі болып табылады. Бірінші деңгейінде банктер мен банктік емес ұйымдар болса, екінші деңгейінде КИК. КИК партнерлері екінші деңгейлі банктер болып табылады. Каспий банк, Астана - финанс, ЦентрКредит банкісі, БТА, Нұрбанк. 2003 жылдың соңында ипотекалық несиелендіруді кепілдендіру қоры құрылды. Бұл елдегі тпотекмлық несиенің тұрақты және сенімді дамуындағы үлкен қадам болды. Бұл қор ипотекалық несиенің барлық мерзімдегі барлық тәуекелдердің 30 – 50% дейін өзіне алады. Қордың бірінші қатысушылары болып АҚ Альянс банк, АҚ БТА ипотека және АҚ Казкоммерцбанкілері болды. Бірақ республикамызда ипотека несиесін кез келген тұрғын ала алмайды. Оған кедергі келтіретін негізгі мәселе ол отбасының нақты алатын табыстарын көрсету. Ипотекалық несиесін алуда бұл бүгіндегі негізгі мәселе болып отыр. Соған қоса құрылыс шығындарының артуына үйлердің бір шаршы метрінің қымбаттауы ипотекалық несиені ала алмаудың бір проблемасы. Ал жаңа салынған үйлердің бағалары ескі үйлерге қарағанда жоғары. Елдегі жіберілген ипотекалық несиелеудің ары қарай дамуы үшін КИК-тегі бағалы қағаздармен операциялар жүргізетін бөлімнің бастығы ипотекалық несиесінің қалыпты қызмет етуі үшін құрылыс жинақтарын басқаратын жүйенің керектігін айтты. Сөйтіп 2003 жылдың 23 қыркүйегінде Тұрғын құрылыс жинақ банкісі қызметін бастады. Ол өз қызметі «Тұрмыстық құрылыс жинақтары туралы заңға » сәйкес реттеледі. Оның жарғылық капиталы мемелекеттік бюджет қаражаттарынан құрылған, 1,5 млрд. теңгені құрады. Сәйкесінше Тұрғын үй құрылысының жинақ банкісі жеке тұлғалардың жинақтарын кепілдендеру қорының қатысушысы болып табылады. Тұрғын құрылыс жинақ банкісінің бірінші салымшысы елдің бірініші банкирі Г. Марченко болды. Тұрғын құрылыс жинақ Банкісінің клиенті екі кезеңнен өтеді. Бірініші ол келісім шартқа отырып, салымшы статусын иеленеді. Келісімдегі соманы салымшы шотқа аударады. Оған 20% сыйақы ай сайын қосылып отырады. Салымның минималды мерзімі 3 жыл. Клиент сатып алатын үйдің құнының жартысына жетерлік соманы жинағаннан кейін , екінші кезеңде салымшы болған клиент, банктен қалғанын қарыз алу арқылы алады. Тұрғын құрылыс жинақ жүйесіне қатысу үй сатып алу кезінде алғашқы жарна енгізу және сол сияқты мәселердің шешуі болып табылады.
Тұтыну несиесінің келесі түрі ол - тауарларды несиеге сатуды барлық меншік формасындағы бөлшек сауда кәсіпорындары сатылу күніндегі баға бойынша жүзеге асырылады. Несиеге жихаз, тоңазытқыш, мұздату камерасы, теледидар және т.б. сияқты ұзақ уақыт пайдаланылатын тауарлар сатылады. Несиеге алынатын тауардың қолма-қол ақшамен төленетін бастапқы жарнасы сондай-ақ, оны бөліп төлеудің мерзімі (несие мерзімі) тауардың құнына қарай анықталады. Егер несиеге сатылатын тауардың бағасы ең аз шамадағы бір айлық еңбекақының 12 еселік мөлшерінен аспайтын болса, онда сатып алушы бірден осы тауар құнының ең аз дегенде 20%- ін төлейді және қалғанын 6 айдан үш жылға дейін бөліктеп төлейді. Егер тауардың бағасы аталған шектен асатын болса, онда тауарды несиеге алу барысының бастапқысында оның құнының 40%-ын төлейді, ал қалған бөлігі 5 жылға дейінгі мерзімде төленетін болады.
Ұзақ уақыт пайдаланатын несиеге сатудың жаңа ережесіне сәйкес несиелеудің шегі азаматтардың еңбекақы деңгейіне қарай анықталып белгіленетін болады. Мәселен, алты айға дейінгі мерзімде бөліп төленетін тауар сатылатын болса, берілетін несиенің сомасы тауарды алушының екі айлық еңбекақысынан аспауы керек, 24 айға – 8 айлық еңбекақысынан, 36 айға – 12 айлық еңбекақыдан, 48 айға – 18 айлық еңбекақыдан аспауы тиіс және 60 ай мерзімінде төленіп беруі тиіс несиенің шекті сомасы сатып алушының 24 айлық еңбекақы деңгейінде белгіленеді.
Тауардың құны несиенің шекті сомасынан асып түсетін жағдайда тауар құны мен несие сомасы арасындағы айырмашылық қолма - қол ақшамен немесе ақшасыз есеп айырысу бойынша төленуі қажет.
Сатып алушыдан сауда кәсіпорынның пайдасына несие сомасының проценті өедіріп алынады. Бұл прцнеттің мөлшерін сауда кәсіпорны банк несиенің қолданыстағы мөлшерімесі ескере отырып белгілейді, берілген несие тауарды құнын сатып алушы айына бір мәрте бірдей үлестермен өтейтін болады. Тұрғын үйге арналмаған жеке тұлғалардың қарызының маңызды көзіне, оны қалыптастырылатын әрі ауыстыратын құралға несие карточкалары жатады.
Банк карточкалары үш тараптың қатысуын ұйғарады:
Клиент несие карточкасын алу үшін банк белгіленген ақшалай қаражат сомасын банкке аударуы қажет. Тауар мен көрсетілген қызметттердің ақысынан несие карточкасымен клиент шотында қаражат болмаған жағдайда да, яғни банк иесінің есебінен төлеуге болады.
Банк өз қызметі үшін
әрбір операцияның сомасынан
белгілі бір процнет өндіріп
Төлем карточкасын пайдаланушылар, сонымен бірге, жыл сайын белгілі бір соманы карточкаға қызмет қызмет көрсетуі үшін және оны жыл сайын жаңартуға аударып отыруға міндетті.
Тұтыну несиесін тұрақтарды түрде берудің бұл тәсілі шетелдерде де кеңінен тарап отыр. “ВИЗА”, “Американ Экспресс”, “Мастер кард” сияқты халықаралық қаржы ассоцияциялары осы пластикалық карточканың кез келген түрін көрсетуде.
Бүгінгі таңда көптеген қазақстандық банктер де әр түрлі несие карточкаларын шығара басталады.
Тұтыну несиесіне, сондай – ақ, ломбард та жатады.
Ломбардтар ( несиені) халыққа жеке пайдаланатын және үйде тұтынылатын заттың кепілдігімен береді.
Ссуданың мөлшері кепілге
салынған заттың түріне,
оны нарықтың құнына және
ломбард белгіленген
Бүгінгі таңда, әсіресе, жекеше ломбардтар кеңнен тараған. Сол себепті де ломбард несиенің проценттік мөлшерлемелері жоғары болып келеді. Тіпті банктік проценттің мөлшерлемелерінен асып түсктін кездері де болады.
Тауар кепілдігіне берілетін ломбард несиесі. Бұл несие көбіне заңды тұлғаларға беріледі. Ломбард несиесінің кепіл затына бағасы тұрақты болатын биржада саудасында сатылатын тауарлары қойылады. Мысалы, олар қант, кофе, жем және т.б.
Биржалық емес тауарлар, биржалық тауарлар сияқты банкке тапсырылады, банк бұл тауардың құнды қағаздарының құқықтық үлесіне байланысты сатылады. Ордерлік складтік куәлік - бұл құжат бойынша тауар сақтаушы тауарды алғандығын куәландырады және оны складық куәлікпен бірге беруге міндетті. Мұндай құжатты мемлекеттік мекемелері береді.
Қарыз алушыға ломбард несисінің құны процент пен коммисиондық төлемдерден құралады. Ал коммисиондық төлемдер деңгейі кепілдік затын сақтау шығындарының деңгейіне байланысты.
Кейінгі жылдары тұтыну несиесінің қарқынды дамуы әсіресе банктердің ресурстық базаларының көбеюіне, тұрғылықты халықтың және нақты сектордағы кәсіпорындардың несиеқабілетінің өсуіне байланысты болып отыр. Банктердің несиелік потенциалы негізінен экономиканы несиелеуге бағытталған, банктік активтерінің 60% - ы шаруашылық етуші субьектілерге несие түрінде берілген. 2006 жылы экономиканы дамыту мақсатында 147,8 млн. тг берілсе, оның ішінде заңды тұлғаларға 87,1 млн, тг. , жеке тұлғаларға 60,7 млн,тг. несие сомалары берілді.
Банктер кейінгі кезде ірі корпоративті клиенттерге қарағанда, жеке тұлғаларға көбірек қызмет көрсетуде, өйткені тұрғылықты халықтың несиеге деген кызығушылығы артып отыр. Жеке тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге банктердің ұсынатын несиелердің ішінен тұтыну несиесіне сұраныс басым болып келеді. Қоғам табысынң және төлемқабілетінің өсуіне байланысты тұрғындар өз тұрмыс жағдайларын тузету мақсатында банктерге тұтыну несиесін алуға көп келеді. Тұтыну несиесін көбінесе ұзақ қолданылатын тауарды сатып алу үшін, қымбат тұратын қызметтерді: медициналық емдеумен байланысты, әр түрлі мейрамдарды өткізу, демалыс пен туризм мен шығындарды өтеу үшін бағытталған. Көптеген банктер тұтыну несиесін алу үшін арнайы бағдарламары арқылы береді. Бүгінгі күні тұтыну несиелері несиеге алынатын товарларды кепілге қоя отырып беріледі. 2006 жылмен 2005 жылды салыстырғанда тұтыну мақсатында алынған несиелер 2,8 есеге өскен және ол 35,8 млрд ,тг. құрады. Сонымен қатар тұтыну несиенің өсімі несиенің ұлттық валютада алуына да байланысты. Бұл ұлттық валюта бағамының АҚШ долларын қатысты тұрақтылығын сақтайды. Ұлттық валютада берілген несиелер көлемі 2006 жылды өткен жылмен салыстырғанда 2,2 есеге өскен, 98 млрд тг құрады.
Қаржы нарығындағы
Банктердің несиелеу перспективасы жоғарғы қарқынмен дамиды, егер тұрғылықты халық несиеге өмір сүруден қорықпаса, банктердің сыйақы мөлшерлемесі төмендейді және несиелеудің икемді бағдарламаларын ұсынады.
Кесте 1 - Қазақстан Халық Банкінің микронесиені беру шарттары.
Атауы |
Сипаттамасы |
Микронесиенің тұтынушылары |
Жасы 21 мен 60- тың арасындағы Қ.Р-ның жеке тұлғалары,тұрақты табыстары бар бірақ оларды тұрақты зейнетақы аударымдарымен кепілдей алмайтын қарызалушылар |
Микронесие бойынша пайыз мөлшерлемелері |
21-26 % жылына |
Микронесиенің минималды деңгейі |
70 000 тенге |
Микронесиенің максималды деңгейі |
1 500 000 тенге |
Несиелеу мерзімі |
6, 12, 24, 36 айлар |
Комисия |
Комисия – несие беру бойынша қызмет көрсеткені үшін берілетін несие сомасынан алынады. |
Қамтамасыз етілу деңгейі |
Несие алушы міндетті түрде еңбек ақысын осы банк арқылы алуы керек |
Микронесиенің өтелуі |
Ай сайынғы аннуитеттік төлемдер |
Микронесие бойынша міндеттемелерді орындамауынан салынатын айыппұлдар |
Өтелмеген сомадан 1% көлемінде |
Уақытына дейін (толық және бөліп) несиенің өтелуі |
Уақытынан бұрын несиенің өтелуі несие алынған күннен кейін үш ай мерзім ішінде өтелуіне мүмкіндік беріледі Уақытына дейін бөліп өтеу сомасы үш айлық төлемдер шегінде болу керек. Несиенің толық өтелуі шектелмеген. |
Микронесиені берудің әдістері |
Клиенттерді несиелеу үшінші тұлғаның қатысуынсыз жүреді. Несиенің берілуі :
|
Міндетті шарттар |
Егер клиентте немесе оның туыстарында кепілге жылжымайтын мүлік болған жағдайда оны сәйкес құжаттармен растауы керек. |
Микронесиенің келесідей қызмет көрсетуі |
Несие шарттарының өзгеруі жайлы барлық құжыттарды банк кассирлері немесе регионалды менеджерлермен қабылданады. |
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы