Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 11:11, дипломная работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты тұтыну несиесінің дамуна талдау жасау және туындаған мәселерге шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыста қойылған міндеттері келесідей:
1. Тұтыну несиесінің теориялық негізін білу, оның ішінде: тұтыну несиесіне жалпылама сипаттама беру, оның мәні мен қажеттілігіне талдау жасау.
2. Тұтыну несиесінің түрлерін талдау және оларға сипаттама беру.
3. Тұтыну несиесінің шетел мемлекеттеріндегі даму қарқынын анықтау және олардың тұтыну несие нарығындағы туындайтын мәселерге қолданатын әдістерін талдау, ол әдістерді отандық нарықта қолдану тәжірибесін талдау;
4. Тұтыну несие нарығында туындаған мәселелерін анықтап көрсету.
5. Тұтыну несиесінің мәселелеріне шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың обьектісі тұтыну несиесінің дамуы мен мен оның мәселелері болып табылады. Ал куртсық жұмыстың ақпараттық базасы негізінде өндірістік тәжірибе өткен, Қазақстан Халық Жинақ Банкісі болды.

Содержание

Кіріспе
1. Тұтыну несиесінің экономикалық мәні
1.1 Тұтыну несиесіне жалпы түсінік , оның қажеттілігі мен мәні
1.2 Тұтыну несиесінің түрлері
1.3 Шетел мемлекеттеріндегі тұтыну несиесінің даму ерекшеліктері
2. Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
2.1 Қазақстан Халық Жинақ Банкінің экономикалық сипаттамасы2010 -2012жж. қаржылық жағдайына сиппаттама
2.2 Қазақстан Республикасы бойынша 2004-2006жж берілген тұтыну несиесінің даму қарқыны
3. Тұтыну несиесінің проблемелеры мен жетілдіру жолдары
3.1 Тұтыну несиесінің қазіргі проблемалары
3.2 Тұтыну несиесін жетілдіру жолдару
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Тутынут несиесі.doc

— 390.50 Кб (Скачать)

1960 жылдың аяғына  қарай жинақ   кассаларындағы салымшылар  саны 1 770 мың  адамға  жетті,  ал  салым  ақшаның  көлемі 322,7 млн сомды,  салымның  бір  адамға шаққандағы  орташа  мөлшері 182 сом  болды. Жинақ кассаларының  саны 1950 – 1960 жылдар арасында 1,8 есеге  өсіп, 1960 жылдың  аяғында 2805 – ке  жетті. Қазақстан  жинақ ісі мен  жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең  алдымен еліміздегі  тың және  тыңайған жерлердің игерілу нәтижесінде халық шаруашылығының  қарқынды мамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс  жағдайының  айтарлықтай жақсаруымен байланысты  болды. Тек 1955 жылдың  өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1  пайызы,  ал салымшылар қалдығының 44  пайызы  тың жерлерді игеру  жаппай  жүргізілген  солтүстік  өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының  үлесіне  тиді.

60-жылдарының басында жинақ кассаларын  тұрғындардан пәтерге, коммуналдық қызметтерге төлейтін төлемақыларын қабылдау  операцияларын жүргізу қолға алынады.Сонымен   бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт – фабрикаларының,  жергілікті кәсіподақ комиттерінің,  өзара  көмек кассаларының және  шаруашылықпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың  ағымдағы шоттарын жүргізу берілді.

Жинақ  жүйесінің   одан  әрі  дамуы  үшін  ақша  бірлігін  күшейтудің маңызды зор  болды. Алайда 1961  жылы  жүргізілген  реформа  айналымдағы  ақша  массасын  бақылау  және  ақша шығаруды  шектеу  шарасы  ретінде ойластырылғанымен,  көздеген  мақсатқа  қол  жеткізілмеді, ол үшін  бүкіл  шаруашылық  құрылымы қайта өзгертілуде  тиіс  еді, сондықтан  аталған  реформа  ақша  белгілерін   ауыстырумен   және  сомның  жаңа бағамын белгілеумен ғана  шектелді.

1963 жылдан  бастап  жинақ кассалары  Қаржы министрлігінің  құрамынан   шығарылып,Мемлекеттік  банк  қарамағына  берілді,  халық   салымдарының  қаржысы  бұндай  былай  банктің  несие   ресурстарын толықтыруға  жұмсалатын  болды.60 – жылдардың аяғында  жинақ  ісінің  нағыз  даму  шегіне  жетіп,  көркейген  кезеңі  болды: дәл  сол  жылдары халық шаруашылығына  несие  беруге  күрделі  капитал  жіберілді, ал оның негізгі  көзін  тұрғындардың кассаларындағы  жинақ салымдары құрады.

    1. жылғы  банктің  реформа  бойынша  банк  жүйесін  екі  деігейге көшіру  көзделді:орталық  банк  және  арнаулы  юанктер. Мемлекеттік  еңбек  жинақ  кассалары  КСРО Жинақ банкіне айналдырылып,  халыққа  және  заңды тұлғаларға  қызмет  көрсететін мемлекеттік арнаулы  банк болып  құрылды. Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  тәуелсіздік пен  егемендікке  жеткезуімен  жинақ  ісінің  дамуында үшінші  қайта  құру  кезеңі  басталды -  дәл  осы  кезден  бастап  Қазақстан  Халық  Банкінің құрылымдық банкингке  және  функционалдық  қайта бағдарлауға  негізделген  ісі  қолға  алынады.
    2. жылдың  желтоқсанынан  бастап  Қазақстан  өзінің  нарықтық  экономика талаптарына жауап  бере  алатын  банк  жүйесін құруға  кірісті. 1991  жылдың  қаңтарында – ақ “ Қазақ  ССР – індегі  банктер әне  қызметі  туралы” деген  заң  қабылданды, мұның  өзі  тәуелсіз Қазақстанның банк  ісіндегі реформа  жұмысының алғашқы қадамы  болған  еді. Мемлекеттік  тәуелсіздігіміз  ресми түрде  жария етілген  соң  бір  жылдан кейін, 1992  жылы Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды,  оның  заңды түрдегі ресми құқықиеленушісі бугінгі Қазақстан Халық Банкі.

. Жаңа  1993 жылы Жинақ Банкі   Қазақстан Республикасының Үкіметіне   қарайтын  дербес  заңды құрылым  – “Қазақстан Халық  Банкі”  болып  ұйымдастырылды. 1995  жылы  Банк жабық тұрпаттағы акционерлік  қоғам болып  қайта  құрылды.  Қайта құру  рәсімі  банк  басшылығын ауыстырумен,  жұмыс  стилін  түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк  жұмысына әмбебапқызмет көрсету  қағидатын  негіз  етіп  алды  және  бүгінгі  күнге дейін  банк  қызметі түрлерін  барынша кеңейтуді,  банкигктегі ақпараттық – коммуникативтік  технологиялардың  соңғы  жетістіктерін  пайдалануды  барынша  қолдап  әрі  дәйектілікпен  іске  асырып  келеді.

1995 жылдың  аяғында – ақ Қазақстан  Халық Банкі  республикадағы  бірі  операциялық  банк  болып   танылады. Қазіргі  Уақытта   Банк  қаржы  рыногындағы   өзінің  сол  айқындамасынан  ауытқымай,  қол  жеткізген  жетістіктерін  сақтап  қалуға  ұмтылып  келеді.

1998  жылдың  шілдесінде  акционерлердің  жалпы  жиналасының  шешімімен  Банк  жабық тұрпаттағы  акционерлік   қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100  пайыз  құрайтын “Қазақстан  Халық жинақ  банкі” ашық  акционерлік  қоғамына  айналдырылды.

Сол  жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998  жылдың 6  шілдісінде  шыққан № 644 “Қазақстан Акционерлік Халық  жинақ  банкін 1998 – 2001  жылдары  кезең – кезеңмен  жекешелендірудің  негізгі  бағыттары  туралы” деген  қаулысына  сәйкес акционерлік  қоғам  капиталын  ұлғайту  бағытында  жұмысжүргізілді.

2001 жылдың  қараша айында  өткен  сауда – саттық  аукционында   Қазақстан Үкіметі  өзіне   тиесілі 33 пайызбен  бір бір  акцияның  бақылау  пакетін   сатты.  Осы уақыттан  бастап  Қазақстан  Халық Банкі   еліміздегі  ірі әмбебап әрі жетекші коммерциялық  банктердің  бірі  болып келеді. 80 Жылдан  астам өз  клиеттеріне қалтысыз  қызмет  етіп,  сенімді   қаржылық мекемеге  айналып отыр.

  АО Қазақстан  Халық   Банкінің  қазіргі  кездегі   дамуы  бұл  нарықтық  экономиканың  жаңа  банктік  технологияларын  қолдану,  банктік  қызмет  спектрінің  кеңеюі, жинақ  салымдар құрылымын  жетілдіру кезеңі  болып  табылады. 2002 жылдың  желтоқсанында   «Жыл  таңдауы»  Халықаралық  конкурс-фестивалінде «2002  жылдың Қазақстанның №1 – ші  Банкісі»  болып танылды.  2003 жылдың  мамырында Қазақстан ХалықБанкісі  сапалы  қызмет көрсеткені  үшін   «INTERNATIONAL  GOLD  MEDAL  AWARD» халықаралық сыйға ие  болды. Сыйды беру  салтанаты Ұлыбританиядағы ұлы Hampton Court  Palace  сарайында  өтті.

Қазақстан  Халық  Банкінің   қызмет  көрсету  спетрі  өте  кең  болғандықтан,  оның  қызметнің  жағдайын 2003 – 2005жылдарындағы  қаржылық  баласы  бойынша анықтауға.

2005-2007 жылдарындағы  даму  стратегиясының  негізгі  мақсаты  европалық  стандарт  бойынша қызмет  ететін  қазақстан мен шетел мемелекеттерінде  барлық  сегменттерінде қолданылатын  клиенттердің   қызығушылығына  бағытталған қаржылық  топ құру.

 

  • Өнімдер  мен  қызметтер  диапазоны
  • Құрылатын  топ  клиенттерге  банктің  филиал жүйесі  және  неші  компаниялары  арқылы  максималды   қаржылық  өнімдер  ассортиментін ұсыну. Топ  жаңа  өнімдер  енгізу  бағытында  қызмет етіп,  регионда  қаржылық  инновация   облысында бірінші  орынға   ие  болмақ.
  • География
  • Топ  Қазақстан, Ресей, Орта  Азия  және  СНГ  елдерінде,  Қытай  қаржылық  нарықтарында  қызмет етуге  көздеп  отыр. Сонымен  қатар,  егер  клиент  талабы  болса,  басқа   да  елдердің  нарықтарына  өзінің  партнерлері  арқылы  шықпақ.
  • Клиенттері
  • Топ   қызметтерін  заңды  тұлғаламен  қатар  жеке  тұлғаларға ұсынбақ.  Тек  бар  клиенттерге  ғана  емес,  сонымен қатар  жаңа  клиенттерді  тарта  отырып,  қызметтер  сапасын  арттыра  отырып, топ  орта  бизнеске, жобалық  қаржылардыруға және  жастарға  және  орта  классқа  қызмет  көрсетеді.
  • Сату  каналдары
  • Топ  үшін  негізгі  сату  каналы   басқа  да  елдердегі  Халық  банк  филиалдары,  неші  компаниялары және  стратегиялық  партнерлерінің  каналдары   болып  табылады.
  • Стандарт

2007 жылдың  қаңтарына  дейін   стратегиялық  партнерлерімен  бірге  барлық  салаларда, яғни  тәуекелдермен  басқару, информацилық  технологиялар  және  корпоративті  басқару  салаларында қызметтер  сапасын  ЕС стандартына  жеткізуге  ұмтылуға  тырысады.

2005-2007 жылдарындағыбизнесті дамытудағы  негізгі  бағыттары

  • Түрғындарға  бағытталған  бөлшек сауда  нарығында  бірінші  банк  болу. Ол  үшін  алдымен  тұрғындардың  сатып  алуға  мүмкіншілігі  болатын  банктің  филиал  жүйесі  арқылы  қаржылық  қызметке   арнайы  сату  жүйесін  ұйымдастыру.
  • Активтерді  басқару  нарығында  өз позицияларын  бекіту (активтерді  басқару  жөніндегі  зейнетақы қоры,  өмірді  сақтандыру  жөнінде компания,  брокерлік  компаниялары)
  • Жалпы  сақтандыру  нарығында  өз  позициясын  бекіту
  • Нарықтың  барлық  сегменттерінің   25 пайызын  жаулап  алу
  • Орта және  кіші  бизнесті  несиелендіру  бойынша  бірінші  банк  болу
  • Ірі  экспортпен  айналысатын  кәсіпорындарға  қызмет  көрсетуде өз   позицияларын  бекіту
  • Тауарларды  сатып  алуда  клиенттердің  қажеттіліктерін  бірінші  ретте   қанағатандыруды  көздейтін  лизингтік  компанияны  құру.
  • Топ  шеңберінде  қызмет ететін  құрылымдық  тауарлар  бойынша  Қазақстан  региондарында  бизнес  құру.
  • 5жыл ішінде  стратегиялық партнерлерімен   Қазақстан мен оның  тыс жерлерінде   шетел бизнестің үлесін жалпы  көлемнен   30%-ға   жеткізу. Ресеймен  бірігіп саудаға қызмет  ететін  бизнес  құру.
  • Қорлану  мерзімін  ұзарту  арқылы   қорлану  негізін  диверсификациялау.

 

Халық  банктің  «HALYK  GROUP» қаржылық  тобының  даму  стратегиясы.

Ірі  қаржылық  жүйесі,  аты және  мәртебесі бар Қазасатан жинақ банкісі өзінің  неші  компанияларымен,  жеке  тұлғаларға  қызмет  етуге бағытталған   ірі қаржылық  топқа айналуы керек. Ол үшін:

  • алдымен  бәсекелестік артықшылығы  бар  сегменттерге  бағыт  алып,  оларға  жаңа  технонлогияларын  негізу.  Мысалы,  телефонды  банкинг және  супербанкоматтар және  т.б.
  • банктің   филиал  жүйесі  арқылы   бір  клиентке  кем  джегенде  4 өнім  сату: төлем  карточкалары,  салымдар,тұтыну  және тұрғын үй  несиесі, бағалы  қағаздармен  операциялары  мен  активтермен  басқару.
  • бәсекелестерде   жоқ  жаңа  өнім  түрлерін  енгізу  арқылы  жаңа  клиенттерді  тарту, сапалы  қаржылық  қызмет  ала  алмайтын  клиенттерге  икемді  сервиз  ұсыну.

Топтағы  процесстерді  дамыту  жөніндегі  негізгі  бағыттар:

  • топтың  қаржылық  стратегиялық  патртнеры  ретінде европалық  қаржылық  институтты  тарту
  • тәуекелдермен  басқару, орталықтанған есепті   және  банктің  филиал  жүйесі  арқылы  өтімділікті  көмек беріп  отыратын  жүйені   қалыптастыру
  • европалық  стандарттарға  сәйкес  келетін  тәуекелдерді  басқаратын  стратегиялық  партнермен  жүйені  құру
  • банктің барлық  филиал  жүйесі   арқылы  өнім   сататын  клиенттерге  қызмет  көрсететін  банктің  жұмыскерлердің  біліктілігінің  сапасын  арттыру
  • топтағы  шешілетін шешімдерде  акционерлерінің   құқықтарын  қоғайтын  толық қорғайтын   корпоративті  жүйені   құру
  • банкте  СКМ  жүйсін  қалыптастыру  (клиенттермен  қатынасты  басқару)

Қазақстан  Халық  Банкісі  әр  түрлі  қаржылық  және  қоғамдық  компанияларымен қарым   қатынасы   тығыз. Біздің  банктің  партнерлері  отандық  және  шетел  компаниялары,  инвестициялық  қорлар,  заң компаниялары,  рейтингті агенттіліктер,  бизнес  құрылымдар және  т.б.  болып  табылады.Бүгінгі  күні  Департаментпен  елдегі  35  банктермен  корреспонденттік НОСТРО қатынастары орнатылған. Оның  ішінде  23-шетел  банктері,  6 - СНГ  банктері, оларда  59- корреспонденттік  шоттары  тұрақты  және 49- шоты  құбылмалы  валютасында  ашылған.

ЛОРО  шоттарының  саны 89,  олардың54 қазақстандық  теңгеде, қалғаны  шетел  және  рубльде  ашылған.

Қазақстан  Халық  Банкісі  рейтингті  компанияларымен,олар Moody  Standard  Poors, Thomson  Bankwatch  Bree. Жыл сайын  бұл  компанияларымен  банкте  тексерулер  өткізіледі.

Қазақстан  Халық  Банкінің  халықаралық  нарықтағы   партнерлері   Халық  банкінің евробонна  шығаруға  қатысқан,  рейтингті   кеңесші    блоған ағылшын компаниясы  Lehman  Brother,  1998  жылы Халық  банкісі  үшін  синдициндерленген  қарызды  алып  берген  American Express  Bank LTD, Халық банкімен  бірге АҚ Мангистаумұнайгаз  және  АҚ Казахмыс  көк  фишка  бағдарламасы  бойынша  мемлекеттік  акциялар  пакетін  құрастыруға    қатысқан  Credit Suisse  First  Boston банкісіболып табылады.

Сонымен қатар  Қазақстан  Халық  Банкінің  заң  партнері  акция  пакетінің   100 пайызы Халық  банкіне  тиесілі  ОАО Казпочта болып  табылады.  Басқа  да  Қазақстан  Халық  Банкінің  патнерлері  White Case ; Bracewell  Patterson; Baker  Mckenzie;  Cameron  McKeena; Stible Simont; Monahan   Duhot   компаниялары  болып табылады.

Қазақстан  Халық  Банкінің  2000жылы  1 маусымда  Интернет  банкинг  жүйесін  енгізген. Интернет  банкинг  бұл  клиенттің   интернет  жүйесі  арқылы   шоттарын  еркін  басқаруы. Итернет  банкиг  жүйесі  қазақстанның  барлық  орталықтарында  итернет кассаларының  ашылуы  болды. Бұл  жүйенінің  негізі  келесідн: кез  клиент  итернет  шотын ашқаннан кейін,  кез  келген  қазақстанның 17 қызмет  көрсетуші  орталықтарының  біреуінде    қызметін  ала  алады.  Итернет  банкинг  арқылы  шоттар 5  түрлі  валютада  ашылады: ұллық валютада,  АҚШ  долларында, Ресей  рублінде,  евро  валютасында  және  ағылшын  фунт  стерлинг  валютасында. Сонымен  қатар  интернет банкингте  жұмыс  мерзімі   шектелмеген. Ол  тәулігіне  24  сағат  істей  береді.   Интернет  банкинг  жүйесінің   артықшылықтары:

  • жұмыс  уақытының шектелмегені;
  • интернет  банкинг  шоты  арқылы кез  келген  шотпен  жұмыс  істеу  мүмкіндігі, яғни салым  шотымен, есеп  айырысу  шотымен, карточкалы  шотпен;
  • Жүргізілген  әр  операция  бойынша  көшірмелерді алу  мүмкіншілігі  және  т.б.

2010-2012 жылдардың арасында АҚ Қазақстан Халық Жинақ Банкісінің   пасситік  операцияларын талдай  отырып,   бұл жылдар  банк  үшін  тұрақты және  теңгермелі  өсу стратегиясын  табысты жүзеге  асырудың  кезекті  кезеңі  болды. 2012  жылы  Қазақстан Халық Жинақ Банкісі бірқатар  маңызды жұмыстарымен  өз  позициясын  өсірді.    2010-2012  жылдарында  Қазақстан Халық Банкі клиенттеріне  салымдар  ашу тәртібін  жүргізген. Соның нәтижесінде  банктің қарастырылып  отырған жылдарында  міндеттемелер сомасы  әр жыл сайын   екі   еселеніп  отырған.  Ал  несие ұйымдарындағы қаржылар  сомалары  2012  жылы  13  пайызға дейін    кеміген.   АҚ  қазақстан Халық Жинақ Банкі 2010-2012  жылдарында    бағалы  қағаздарды  шығару  үлесін  арттырып,  ол  2012  жылы  15  пайызға, яғни  екі есе көп   шығарған.  Өзге  де  міндеттемелер мен    Салықтық   органдардың алдындағы   міндеттемелер сомасы  2012  жылы  көбейіп,      16 643 993  мың соманы  құрады.  2010-2012 жылдар   арасында  банктің міндеттемелер сомаларының артуына сәйкесінше  резервтер сомалары  артқан. 2012  жылы олардың үлесі   3 021 276  мың соманы  құрады.   2012 жылдығ  соңында   банктің міндеттемелер жиыны үш  есеге өскен.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы