Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 11:11, дипломная работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты тұтыну несиесінің дамуна талдау жасау және туындаған мәселерге шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыста қойылған міндеттері келесідей:
1. Тұтыну несиесінің теориялық негізін білу, оның ішінде: тұтыну несиесіне жалпылама сипаттама беру, оның мәні мен қажеттілігіне талдау жасау.
2. Тұтыну несиесінің түрлерін талдау және оларға сипаттама беру.
3. Тұтыну несиесінің шетел мемлекеттеріндегі даму қарқынын анықтау және олардың тұтыну несие нарығындағы туындайтын мәселерге қолданатын әдістерін талдау, ол әдістерді отандық нарықта қолдану тәжірибесін талдау;
4. Тұтыну несие нарығында туындаған мәселелерін анықтап көрсету.
5. Тұтыну несиесінің мәселелеріне шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың обьектісі тұтыну несиесінің дамуы мен мен оның мәселелері болып табылады. Ал куртсық жұмыстың ақпараттық базасы негізінде өндірістік тәжірибе өткен, Қазақстан Халық Жинақ Банкісі болды.

Содержание

Кіріспе
1. Тұтыну несиесінің экономикалық мәні
1.1 Тұтыну несиесіне жалпы түсінік , оның қажеттілігі мен мәні
1.2 Тұтыну несиесінің түрлері
1.3 Шетел мемлекеттеріндегі тұтыну несиесінің даму ерекшеліктері
2. Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
2.1 Қазақстан Халық Жинақ Банкінің экономикалық сипаттамасы2010 -2012жж. қаржылық жағдайына сиппаттама
2.2 Қазақстан Республикасы бойынша 2004-2006жж берілген тұтыну несиесінің даму қарқыны
3. Тұтыну несиесінің проблемелеры мен жетілдіру жолдары
3.1 Тұтыну несиесінің қазіргі проблемалары
3.2 Тұтыну несиесін жетілдіру жолдару
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Тутынут несиесі.doc

— 390.50 Кб (Скачать)

 АҚ Қазақстан  Халық   Жинақ  Банкісі  өз  қызметін  жыл  сайын  кеңейтіп  келеді.  Мұндай  өзгерістер   банктің   меншікті   капитал  үлесінің  артуынан  байқауға  болады.    Банткің 2010-2012  жылдары жарғылық  капиталының үлесі 4 пайыздан  6  пайызға  дейін  көбейген.  Соның  нәтижесінде акция  бойынша   сыйақылар  резерві  үш  жыл  ішінде   артып, 3 245 840 мыңды құрады.  Сонымен қатар бөлінбеген  табыс пен өзге  де  резервтер  сомасы  1,4%  пунктке артып отырған.  Жалпы алғанды банктің үш  жылдағы міндеттемелер    мен капитал жиыны    үш  есеге өскен. Бұл жағдай  банктің нарықтағы орнын жоғалтпай,   қызметін  жетілдіріп  келе  жатқанын  айтады. 

Банктің  үш  ішіндегі  қаржылық  жағдайы  жаман  емес   деп  айтуға  болады.

АҚ Қазақстан  Халық  Жинақ   Банкісінің  үш  жылдағы  міндеттемелер  жиының  артуы  банктің  қаржылық  активтернің  және  несие  ұйымдарының  құралдарының  кемуіне  әкелді.  Дегенмен  АҚ  Қазақстан,  Халық  Жинақ  Банкінің  активтер  жиыны  соның ішінде өзге  активтер  сомасы    үш  есеге көбейген.

 

 

 

2.2.  Қазақстан Республикасы  бойынша 2010-2012 жылдарындағы  берілген тұтыну  несиесінің даму   қарқыны

 

Кейінгі  жылдары   Қазақстан  Республикасында  тұтыну  несиесінің   даму  қарқыны жоғары  болып  отыр. Бүгінгі  күні  тұтыну  несиемен тек  қоғамның  жоғарғы  сатысы  ғана  емес,  сонымен қатар  орташа  тұратын  жеке  тұлғалар  қолдана  алады.  Тұтыну  несиесін  басында  алу біршама  күрделі  болған. Ал  бүгінгі  күні   бұл  несие  түрін  алу  кез  келген  тұтынушының  қолынан  келеді  және несиені  алу  үшін  минималды  құжаттар тізімі  керек.  Қазақстан  Республикасында  банк  жүйесінің  дамуы,  тұтыну  несиесінің  дамуына  әкеледі.   Өйткені  тұтыну  несиесін  беретін  банктер саны  бүгінгі  күні  көп.

Нарықтық  экономикада   жоспарлы  экономикамен  салыстырғанда  тауарлар  саны  көп  және  оларды  сатып  алу  үшін  тек  ақшаң  болса  болды. Бірақ  бұл  тауарларды  сатып  алу  үшін  барлық  тұтынушылардың  ақшалары  бола  бермейді.  Сондықтан  тауарларды  несиеге  сату  бүгінгі  қолайлы  әдістердің  бірі  болып  табылады.

Казкоммерц банктің  тұтыну  несиесінің  бағдарламасы   ақшаны  қайдан алу  мәселесін  шешуге  бағытталған. Бұл  банктің  несиелеудегі  негізі  несиенің  мақсатты  жұмсалуын  растауын  қажет  етпейді.    

Несиенің   шарттары:

  • Несие  валютасы: теңге, АҚШ  доллары;
  • Несие  сомасы: 200 000АҚШ долларына дейін,  кейде үлкен мөлшерде  берілсе,  онда кепіл затының болуы қажет;
  • Несиенің  минималды  мерзімі:  6 ай;
  • Максималды  несие  мерзімі:  кез  келген  жасқа 15 жылға дейін;
  • Несие  төлемдер:  АҚШ  долларында, ұлттық  валютада  жылдық  он  алты  пайыз;
  • Несиенің  қамтамасыз  етілу  деңгейі:  жылжымайтын  мүлік;
  • Несиенің  өтелуі:  ай  сайынғы  аннуиетті  тең  мөлшердегі  төлемдер;
  • Шотты  жүргізулегі  коммисия:  Несие  сомасынан 0,10 пайыз
  • Сақтандыру:  банктің  есебінен  төтенше  жағдайлардан  сақтандыру;
  • Несие  бойынша  сыйақы  мөлшерлемесі 1 пайызға  дейін  төмендетілнді, егер:
  • Клиент банктің  жұмыскері  болса  және  жалақысын  сол банк  арқылы алса;
  • Клиент  банк  6  ай  мерзімінде  салымшысы болса;

Егер клиент  басқа  да  шарттарды  ұстаса,  сыйақы  мөлшерлемесі 2 пайызға  дейін  төмендетіледі.

Тұтну  несиесінің  шарттары әр  банкте  әр  қалай. Бірақ  мақсаты  бір – тұтынушылардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру. Казкоммерц банктің  тұтыну  несиесінің   түрлерінің  сан  түрін  ұсынады. Солардың  ішінде  экспресс несиесі. Казкоммерц банктің  экспресс  несиесі  тез  және  шығынсыз  әдісін  ұсынады. Экспресс несие  өзінің  аты  айтып  тұрғандай  жеңіл  несие  формасы,  яғни  қысқа  мерзімде  рәсімделуі. Рәсімдеу  процесі  үш  күн  мерзімді  алады.

 Казкоммерц банктің  экспресс несиесін  алу  шарттарын  жеңілдету  мақсатында банк  экспресс несиесін  интернет  желісі  арқылы  алуын  ұсынады.  Бұл  несие түрі  арқылы   ұзақмерзімді  пайдаланатын  тауарларды   сатып  алуға,    көзделмеген  шығындарды  өтеуге  қолдынылуға  болады. Бүгінгі  экспресс несиесін  зейнетақы  қорының  салымшылары  болатын  және  тұрақты табыстары  бар  клиенттер  ала  алады.

Казкоммерц банктің  экспресс несиесін  алуда  келесі  шарттарды  қарастырады:

  • Несиенің  берілетін  валютасы:   теңге;
  • Несиенің   сомасы:  минималды   70 000  теңге,  максималды  100 000  теңге;
  • Несиелеу  мерзімі: 6 айдан – 36  айға  дейін;
  • Несие  үшін  төлем: жылына 18 – 20 пайызға дейін;
  • Несиені  рәсімдегені  үшін  комисия  төлемі:  несие  сомасынан 2 – 3 пайыз;
  • Қарыз жүргізгені  үшін  ай  сайынғы комисия  төлемдері: несиес  сомасынан 0,5  пайыз;
  • Несие  бойынша  пайыз  мөлшерлемелері  бір  пайызға  дейін  төмендетіледі, егер клиент:
  • Ұлар – Үміт,   Касий  Мұнай  Газ, ABN – AMRO  зейнетақы қорларының  салымшылары  болса;
  • Егер клиенттің  сол  банкте  несие  тарихы  жақсы  болса;
  • Егер  клиент  сол  банкте  алты  айдан   астам  салымы  болған  жағдайда;

Сонымен  қатар пайыз мөлшерлемесінің екі пайызға дейін төмендетілуі  қарастырылады,егер клиент  банктің талаптарын орындаса. Бұл несиені алуда банктің кез келген  филиалына баруға,  клиентке  тіркелетін  менеджерден барлық  ақпапратты  алуға болады.

  Казкоммерц банк  тұтыну  несиесінің   түрлерінің  ішінен  үй  іші  тауарларына  арналған  тұтыну  несиенің  бағдарламасын  енгізді.   Мұндай  несие  түрі  үй  ішінің  жайлығын  келтіруге  арналған.    Енді  үйге  арналған керекті  заттарды   арзан  бағамен,  минималды  құжаттар  тізімімен  алуға. Казкоммерцбанктің  көптеген  қалаларда  партнерлері  бар. Солардың  сауда роындарында  казкоммерцбанктің  несиемен  тауатларды  алуға  болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.       Тұтыну  несиесінің  проблемелеры  мен   жетілдіру   жолдары

 

    1. Тұтыну  несиесінің  қазіргі  проблемалары

 

Кез  келген дамыған  нарық  тұтыну  несиесінің  барын  жобалайды.   Бүгінгі  күні  туындаған негізгі  мәсәлелер,яғни  бір  жағынан  тұрғылықты  халықтың  табыстарын  толық  көрсетпеуі  мен   ертеңгі күнге сенімнің  болмауы, екінші  жағынан жалпы ұлттық  психология  тұтыну  несиесіне дамуына кедергі болып отыр. Бірақ ақырғы  жылдары    нарықта жаңа   қатысушылардың,  жаңа  орындардың   пайда болуы   және  осы орындарды өзгертуде  жаңа  банктердің  пайда  болуы   нарықтың  жағдайын  өзгертіп  жатыр. Соның  нәтижесінде  тұтыну  несиесін  беретін  банктердің  көбеюінен  тұтыну  несиесінің  жағдайының  өзгертуімен  пайда  болатын  мәселелердің    көлемі  де  артып  келеді. Бірақ  бұл  мәселелер әлі  де  шешілмеген  қалпында  қалып  отыр.  Бұл  жағдайлар  шет  мемлекеттерінде  де   негізге  алынып  отыр.

Тұтынушылық   несие  нарығы  жағдайының жақсаруы  бір  жағынан   тұтынушыларды  қуантады.  Бірақ  екінші  жағынан  мұндай  өсуді  мемлекет  тарапынан  реттеудің  болмауы  үлкен  қатерге  ұшыратады  және  нарықтың  әрі  қарай  дамуына  кедергі  келтіреді.

Мемлекет  тарапынан  реттеудің  болмауы    Оңтүстік  Кореядағы  және  Гонконгтегі  «қайта  несиелендіру»  дағдарысы   мысал бола  алады.  Мұнда  тұрғындар  бірнеше  несиелік  шот  ашып,  бір  несиелерді  келесі  несиелер  есебінен  жауып  отырған. Осы  болған  жағдай  басқа  мемлекеттерді  белгілі  шешімдерге  итермелеуге  тиісті.

Көптеген  банктер  несиені  беруде  несие  ұйымының  қызметін  тиімді  орындайды. Біріншіден қарапайым    нарықтық  орындарды  толтырулардан  бастайды. Мұндай  орындар корпоративті  клиенттермен  автонесиелеуді  қамтиды. Ал  ипотекалық  несиелеу   мемлекет   тарапынан  реттеуді  қажет  ететіндіктен, бұл нарықтың  дамуы ең  алдымен заңмен анықталады.  Тұтыну  несиесін  беруде  кез келген  несиелік  ұйым  кейбір  мәселерге кездеседі. Олар:

  • Клиенттер  шығындарының  айқынсыздығы;
  • Клиенттер  табыстарының айқынсыздығы;
  • Клиентпен  қарым қатынас  тарихының  болмауы;
  • Кленттерді  неселеу  мерзіміндегі  табыстар   кепілінің  болмауы;

Әдетте  несиелік  тәуеклді  шешу  үшін   банктер  мақсатты  тұтыну  несиесін  қолданады. Бірақ  мұнда  туындайтын  мәселе  несиенің  жоспарланған  уақыттың ішінді  берілмеуі. Корпоративті  несиелерді  берудегі қабылданған шешімдердің  автоматизация  болса,   мақсатты  тұтыну  несиесін  берудегі  қабылданған  шешімдердің   автоматизациян  қажет  етеді.  Тұтыну  несиесін  рәсімдеу процесі   ұзақ  уақытты  алуы ,  көбіне  клиенттердің  несие  алуға  деген  қызығушылығын  кемітеді.  Ал  несиені  алған  күннің  өзінде  оған  жиналатын  құжаттар  тізімін  өте  көп. Оларды  жинау  процесі көп  уақытты  алады.  Ал  несиені   банктен беруі  жайлы  несиелік  комитеттің   шешімін    алу  көп  уақытты алады.

Сонымен  қатар   тағы  да  тіркелетін  мәселердің  бірі ол  несие   қарыз  алушыда  тарихының  болмауы. Несие  тарих  туралы  ақпарат  бұл  банк  пен  клиенттің  қарым  қатынасы. Көбіне мұндай  ақпарат  болмайды.   Несиелік  тарихтың  болмауынан  көптеген  қарыз  алушылар  несиені  ала алмады. Нәтижесінде  банкке  деген  сенімнің  болмауынан көбінесе  қарызды  жақын  адамдарынан  алады. Банк  тұрғындарға  ақша  алудың  соңғы  инстанциясы  болып  табылады.  Несиелік тарих  туралы  ақпаратты    бәсәкәлес  банктер әдетте  бермейді.

Бұл  мәселе  бұрыннан  бері   қалыптасқан. Кепілсіз,  кепіл  беруші  тұлғасыз  берілетін  барлық  несиелерді  көптеген  банктер  береді. Қарыз  алушы  жарнамадағы  несие  мөлшерлемесіне  сүйеніп,  келісім  шартқа  қол қояды. Бірақ кейіннен  несие бойынша төленетін   пайыздың  жарнамадағы пайыздан  көп есе артық екенін кейін көреді.

Сонымен  қатар   тұтыну  несиесінің  қайтарылмау тәуекелінен қорғану үшін  банктер несие бойынша пайыздарды   қатты   жоғарылатып  қояды.      Яғни   қайтарылмайтын  несиелердің  орнын   жоғарылатылған пайыздар  арқылы  қайтарып  алу. Бүгінгі  күні көптеген  банктер осы  жолмен  несиелерді  беріп  отыр.  Егер Ұлттық банк  тарапынан  екінші  деңгейлі  банктердің  резерв  талаптарын  өзгертетін  болса,  банктер  капиталдығ  жекіліктілік  нормасын  жасамаса,  бұл  ьанктің  лицензиясы  қайтарылып  алынады. Нәтижесінде  банктердің  рейтингілері  түседі. Сөйтіп  банк жүйесінің  құлдырауына  әкеледі.

Бүгінгі  банкер  тарапынан  брокерлер  санының  көп  болуы, алдамшы  брокерлердің  пайда  болуына  әкелді.  Көптеген  тұрғындар  осындай  брокерлерге  алданып  жатыр. Қарыз  алушы  банктен  алынған  несиені  қайтармаған  кезде  оның паспортына  мемлекет  шекарасынан  шығу  туралы  шек  қойылғаны  жайлы  мөр  қойылады. Кейде  ондай  тұлғаларға  автокөлік  жүргізуге  тыйым  салынады. Тұтыну  нарығындағы  қаржылар  басқа  да  қаржылық  нарықтармен  салыстырғанда 2001  жылдан  бастап екі  еселеніп  отырған. 

Банктер  тұтыну  нарығын  кеңейту  мақсатында  тұтыну  несиесін  берілуіне  көп  көңіл бөліп  отырады. Бірақ  банктер  қандай  мөлшерде  және  қандай  пайыз  мөлшерлемесімен  беруі  жайлы  әлі  білмейді.

Тұтыну  несиелерінің  мақсатты  берілмеуі  тағы  да  қосымша  мәселелерді  туындатады. Мысалы, банк  клиентке    оқу  шығындарын  өтеу  үшін  несие  береді  соның   нәтижесінде  өз  пайдасын  ұлғайтуды  көздейді.   Бірақ  қарыз  алушы   алынған  несиесін  тұтыну  техникасын  алуға  жұмсады.  Мұндай  жағдайда  банк  несиенің  мақсатты  қолдануына  реттеу  қоялмайды.

Банктік  тәжірибеде  тұтынушыға  қарсы  соттық  шағымдалу  болады. Банкке үшін   бұл  жағдайлар  жағымды  болмайды. Өйткені  сот   процесінің  уақытына  заңгерлердің  уақыты,  сонымен  қатар   сот  шығындары   сот  арқылы  алынатын  несие  сомасынан  асып  түсуі  мүмкін.

Тұтыну  несиесінде  енді  бір  мәселені  туғызатын   кедергі ол   несиеге  қойылатын  кепіл  зат немесе   мүлік.  Кепіл  мүлігі  несиені қамтамасыз  етудің   кең  тараған  формасы  болғанмен, бұл  кепіл  мүлікті  кепілге қою прцесі  өте күрделі болып табылады.  Кепіл мүлік туралы  азаматтық кодекстк  қарастырылмағандықтан,  көп жағдайларда қарыз алушы кепілге қоятын  мүлкін басқа банкте  немесе   ұйымда  кепілге қоюы,  сатуы   мүмкін.    Кейіннен банктер  кепіл  мүлікті   алған  жағдайда  қиындыққа  тіреледі. Сонымен  қатар тұтынушылардың  көбінде  кепідге  қоятын  мүлкі  болмайды.  Кепіл  мүліктің  болмауынан банктерде  несие  тәуекелі  жоғарылайды.

Бүгінгі  күнді  көптеген  банктер  тұтыну  несиесінің  жеңіл  формасын  ұсынады, яғни  табыстарды  расттамайтын  несие  формасын. Бірақ  банктер  осындай  несие  формаларын  жоғарғы  пайызбен  береді. Тұтыну  несиесіндегі  жоғарғы  пайыздар  өзекті  мәселердің  бірі  болып  табылады.

Тұтынушы  тарапынан  туындайтын  мәселелер де  өте көп. Мысалы,  көп жағдайларда банктер   клиентке  несие бойынша пайыздарды  жалған  немесе  қиын  жолмен  есептеп береді.  Клиент осы кезде нақты несиенің  құнын есептей алмайды.   Нәтижесінде несие клиентке   қымбат  болып  шығады.

Тұтынушылар  тұтыну  тауарларын  несиеге  алғанды  бұл  тауардың  сапасына  көңіл  бөлмейді. Сапасыз  тауарлардың  айырбасталуын  азаматтық  кодекстк  қарастырғанмен  несиеге  алынған  тауарлармен  қалай  болатынын  қарастырмаған. 

Қарыз  алушы  банкпен  несиелік келісім  шартқа   отырғаннан  кейін  артық  бостандығынан  несиені  өтегеге  дейін  айырылады. Ал  несиелік  келісім  шартты  бұза  алмайды  және  несиені  мерзімінен  бұрын  өтегені  үшін  айыппұлдар  төлейді.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы