Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Февраля 2013 в 11:11, дипломная работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты тұтыну несиесінің дамуна талдау жасау және туындаған мәселерге шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыста қойылған міндеттері келесідей:
1. Тұтыну несиесінің теориялық негізін білу, оның ішінде: тұтыну несиесіне жалпылама сипаттама беру, оның мәні мен қажеттілігіне талдау жасау.
2. Тұтыну несиесінің түрлерін талдау және оларға сипаттама беру.
3. Тұтыну несиесінің шетел мемлекеттеріндегі даму қарқынын анықтау және олардың тұтыну несие нарығындағы туындайтын мәселерге қолданатын әдістерін талдау, ол әдістерді отандық нарықта қолдану тәжірибесін талдау;
4. Тұтыну несие нарығында туындаған мәселелерін анықтап көрсету.
5. Тұтыну несиесінің мәселелеріне шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың обьектісі тұтыну несиесінің дамуы мен мен оның мәселелері болып табылады. Ал куртсық жұмыстың ақпараттық базасы негізінде өндірістік тәжірибе өткен, Қазақстан Халық Жинақ Банкісі болды.

Содержание

Кіріспе
1. Тұтыну несиесінің экономикалық мәні
1.1 Тұтыну несиесіне жалпы түсінік , оның қажеттілігі мен мәні
1.2 Тұтыну несиесінің түрлері
1.3 Шетел мемлекеттеріндегі тұтыну несиесінің даму ерекшеліктері
2. Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы
2.1 Қазақстан Халық Жинақ Банкінің экономикалық сипаттамасы2010 -2012жж. қаржылық жағдайына сиппаттама
2.2 Қазақстан Республикасы бойынша 2004-2006жж берілген тұтыну несиесінің даму қарқыны
3. Тұтыну несиесінің проблемелеры мен жетілдіру жолдары
3.1 Тұтыну несиесінің қазіргі проблемалары
3.2 Тұтыну несиесін жетілдіру жолдару
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Тутынут несиесі.doc

— 390.50 Кб (Скачать)

Мазмұны

Кіріспе     ...............................................................................................................  3

  1. Тұтыну несиесінің экономикалық мәні

1.1 Тұтыну  несиесіне жалпы түсінік , оның  қажеттілігі мен мәні ............... 5-8

1.2 Тұтыну несиесінің түрлері ....................................................................... 9-17

1.3 Шетел мемлекеттеріндегі  тұтыну несиесінің даму ерекшеліктері...... 17-25

 

  1. Қазақстан  Республикасындағы  тұтыну несиесінің дамуы

2.1 Қазақстан  Халық Жинақ Банкінің экономикалық  сипаттамасы2010 -2012жж. қаржылық жағдайына сиппаттама. ..............................................26-32

2.2 Қазақстан Республикасы бойынша 2004-2006жж берілген тұтыну                        несиесінің   даму   қарқыны ...........................................................................32-34

 

  1. Тұтыну  несиесінің  проблемелеры  мен   жетілдіру   жолдары

3.1 Тұтыну  несиесінің  қазіргі  проблемалары.............................................35-37

3.2 Тұтыну  несиесін  жетілдіру  жолдару.....................................................37-42

 

Қорытынды ....................................................................................................43-44

 

Қолданылған  әдебиеттер  тізімі .................................................................45-46

  

                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Банктік жүйе  нарықтық  экономиканың  негізгі  бір  құрылымдық  бөліктерінің  бірі    болып  табылады.  Тұтыну  несиесі  банктік   жүйенің  дамуында  ролі орасан зор. Сондықтан тұтыну  несиесіне талдау жасау банктің    басқа да  қаржылық  көрсеткіштеріне және  қызметтеріне   талдауынан  кем түспейді.  Бүгінгі күнде тұтыну  несиесі банктер   қызметінің бірінші орнында   тұрады. Өйткені  банктер  табысның  негізгі  көзін  несие  операциялары  құрайды.  Сондықтан  тұтыну  несиесіне  талдау  жасау   арқылы  банктердің  табысын  және  бәсекелес  банктердің  арасында,  жалпы  нарықтағы   позициясын  анықтауға  көмектеседі.

 Кейінгі  жылдары   Қазақстан  Республикасында  тұтыну  несиесінің   даму  қарқыны жоғары  болып  отыр. Бүгінгі  күні  тұтыну  несиесімен тек  қоғамның  жоғарғы  сатысы  ғана  емес,  сонымен қатар  орташа  тұратын  жеке  тұлғалар  қолдана  алады.  Тұтыну  несиесін  басында  алу біршама  күрделі  болған. Ал  бүгінгі  күні   бұл  несие  түрін  алу  кез  келген  тұтынушының  қолынан  келеді  және несиені  алу  үшін  минималды  құжаттар тізімі  керек.  Қазақстан  Республикасында  банк  жүйесінің  дамуы,  тұтыну  несиесінің  дамуына  әкеледі.   Өйткені  тұтыну  несиесін  беретін  банктер саны  бүгінгі  күні  көп.

Ақырғы  жылдары  несиелендіру  нарығының  қатысушылар  саны  айтарлықтай  көбейген. Алдымен бұл өзгерістерді   нарықтағы  потенциалды  тұтынушылардың  көбейгенімен, нәтижесінде банктер   табысының  ұлғаюымен  байланыстыруға  болады.   Соған  байланысты  тұтыну  нарығындағы  әр  түрлі  мәселелердің  пайда  болуына  әкелді.   Тұтыну  несиесін  беруде банктер  мен клиенттердің  арасында  туындайтын  мәселелер банктердің  позициясын төмендетеді. Нарықтағы тұтынушылардың көбеюімен  байланысты   тұтыну  несиесінің  берілу  шарттары  жеңілдеді. Бірақ  ол  банктерді  үлкен  тәуекелге  апарады.

 Соңғы   жылдары  несие  нарығы,  қаржы  нарығының  ең  дамыған  сегменті  болып табылады,  соған  байланысты  банктердің несиелік саясаты  болып,  тұрғындардың  несиеленуі  болып табылады.  Негізінен  банк  секторын  бірлескен клиенттер  қамтып  отырғандықтан.  Енді  банктер  өздерінің клиенттік  базасын  кеңейту  үшін  бөлшек  бизнеске  ауыса  бастады.  Бұл  қаржы  секторының  тұрақтылығы,  экономикалық  өсу,  тұрғындардың  кіріс  дәрежелерінің  жоғарылауымен  қамтамасыз  етіледі.

Сонымен  қатар    жеке  қарыз   алушыларды  несиелеуге  байланысты  әр   қилы  заңдар  қолданылады,  алайда,  олардың  бәрін  баршаға  ортақ  нұсқаманың  біріктіруі  тұтынушылардың  өмір сүру деңгейін арттыруға қажетті  мөлшерінде  несиеге  қол  жеткізеді.   Тұтынушы  құқықтары және  оны  қорғау  туралы  заңдар тұтыну  несиесінде  тұтынушы  құқықтарын  қорғайтын  нормалар заңнаманың  түрлі  саласын  қамтиды,  сондықтан  тұтыну  құқықтары  туралы  мәселелер  өзекті  болып  табылады.

 Курстық жұмыстың  негізгі   мақсаты   тұтыну  несиесінің   дамуна    талдау  жасау және  туындаған мәселерге шешу  жолдарын қарастыру.

Курстық   жұмыста қойылған  міндеттері  келесідей:

  • Тұтыну  несиесінің  теориялық негізін білу,  оның  ішінде:  тұтыну  несиесіне жалпылама сипаттама беру, оның мәні  мен қажеттілігіне талдау  жасау.
  • Тұтыну  несиесінің   түрлерін  талдау  және  оларға сипаттама беру. 
  • Тұтыну  несиесінің  шетел  мемлекеттеріндегі   даму  қарқынын  анықтау   және  олардың  тұтыну  несие нарығындағы  туындайтын  мәселерге  қолданатын  әдістерін  талдау, ол әдістерді  отандық  нарықта қолдану тәжірибесін  талдау;
  • Тұтыну  несие  нарығында  туындаған  мәселелерін   анықтап  көрсету.
  • Тұтыну  несиесінің  мәселелеріне  шешу  жолдарын  қарастыру.

Курстық  жұмыстың  обьектісі   тұтыну  несиесінің  дамуы мен   мен оның  мәселелері  болып табылады.  Ал куртсық  жұмыстың  ақпараттық  базасы негізінде  өндірістік  тәжірибе өткен, Қазақстан  Халық  Жинақ  Банкісі  болды. 

Шетел  мемлекеттерінде  тұтыну  несиесінің  ерекшеліктерін анықтауға сонымен  қатар   елімізде   тұтыну  несиесінің  дамуын,  банктің   жалпы  мемлекеттің  жағдайына  әсері  қызықтырғандықтан   бұл  тақырыпты  таңдадық.  Қойылған  сұрақтарға   біз  бұл  еңбекте  Қазақстан    Республикасының    қаржылық   нарығының  жағдайын  есепке  ала   отырып  жауап  беруге  тырыстық.

Бірінші  бөлімді  тұтыну  несиесіне   оның  түрлеріне  түсінік  беруге, шетелдегі  тұтыну  несиесі  нарығының  дамун  анықтауға    арнадық.

Жұмыстың  екінші  бөлімі  Қазақстан  Республикасындағы  2004-2006  жылдарындағы  тұтыну  несиесінің  даму  деңгейін   анықтауға, соның  ішінде  Қазақстан Халық Жинақ Банкісінің  қаржылық  жағдайын  анықтауға,  соның ішінде  берілген  тұтыну  несиесінің  үлесі  мен жалпы жағдайын  анықтауға арналған.

 Жұмыстың  үшінші  бөлімінде   тұтыну  несиесінің  мәселелерін  олардың   пайда  болу  себебі,  тұтыну  несиесінің  жағдайын  жетілдіру  жолдары  қарастырылған.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Тұтыну несиесінің экономикалық мәні

 

1.1 Тұтыну несиесіне жалпы түсінік , оның қажеттілігі мен мәні

Банктер өз саясатын  қайта  қарастыра  отырып және несиенің  берілуі  мен  қызметтің  басқа  түрлері арасындағы  қолайлы  арақатынасты  табуға   тырысады. Мысалы,  қаржылық инженеринг  жүйесі  әр  түрлі  экономикалық  кеңес  беруді  қоса  алғандағы,  қаржылай  қызмет   көрсетулердің  толық  комплектісін  ұсыну  дамытып  отыр.

 Несие беруші ретінде   банктердің  рөлі   біршама   төмендегеніне  қарамастан ,  ол  едәуір  шамада  қысқаруын   мүмкін деп есептеуге негіз  жоқ.  Өйткені  көптеген  кәсіпорынның   қосымша қаражаттарға деген   қажеттіліктері , бірінші  кезекте,  банктік несие  есебінен  қанағаттандырылуы  мүмкін,  ол  өнеркәсіп  компаниялары  үшін,  жеке  тұлғалар  үшін  де қарыз  қаражаттарын  алудың  анағұрлым ыңғайлы  формасы  болып  келеді. Осылайша,  несиелік  жүйенің   негізін  ірі  банктер  құрайды, ал банктік несие  өзінің  басымдық  жағдайында  қалады.

Несие  тұтынушыға  келесілерді  береді:

  • Мүмкіндік - несие арқылы  кез келген  тауарды сатып алу;
  • Икемділігі - қолда нақты ақшаның болмаған  жағдайында  кез келген  уақытта,  кез келген  жерде   ұтымды  шарттармен  тауар сатып алу;
  • Көмек – несие көзделмеген шығындарды  өтеуге  көмектеседі (мысалы, көлік апатынан кейінгі көлікті жөндеу  жұмыстары)

Тұтыну несиесі – бұл   тұрғындарға  тұтыну  тауарларын сатып алу  және  тұрмыстық қызметтерді төлеу үшін коммерциялық  (бөлшек  сауда орындары арқылы  төлемді  кейінге  қалдыра отырып, тауарды  сату)  және  банктік (тұтыну  мақсатындағы  қарыздар) формада берілетін несие. Тұтыну   несиесінің  негізгі   міндеті – тұрғындарға тауарларды сатуға қолдау  көрсету. Бұл несие бөлшек  саудамен  тығыз  байланысты:  бір  жағынан – тауар  айналымының  ұлғаюымен  несиенің  көлемі де  өседі,  өйткені  тауарларға  болған  сұраныс  несиеге  де сұраныс тудырады; екінші  жағынан  тұрғындарды  несиелеудің  өсуі  төлем  қабілетіне  сұранысты  күшейтеді.  Бұл  тәуелділік, әсіресе, қазіргі  уақытта  нарықтың тауарлармен  толығу  жағдайынан  көрінеді.  Тұтыну несиесінің негізгі қызметі – халықтың   әр  түрлі тұтынушылық қажетіліктерін қанағаттандыру.  Тұтыну  несиесінде  қарыз  алушыға  жеке  тұлға,  ал   несие  берушіге  несие мекемесі,  сондай-ақ, әр  түрлі меншік  формасындағы  кәсіпорындар  мен ұйымдар  жатады.   Экономикасы  дамыған    елдерде халыққа қызмет  көрсетудің  қолайлы әрі пайдалы формасы ретінде тұтыну  несиесі  экономикада  үлкен  рөл  ойнайды.   Содықтан  да  ол  мемлекет  тарапынан  белсенді  түрде  реттеледі.  Реттеу  несие  берудің  және  оны  пайдаланудың  деңгейінде  жүзеге  асырылады  әрі  бұл   реттеу  несиеленетін  операцияға  өзіндік  қаражатпен  бастапқы  қатысу,  несие  мерзімі,  пайыз  мөлшерлемесі  арқылы  түпкілікті тұтынушының  несиеленуін   мақұлдаудан  немесе  несиелеу  режимін қатайтудан  көрінеді  Біздің  елімізде  қайта  құру   процесіне  дейін  (1987 жылға дейін) экономикада  екі түрлі тұтыну  несиесі басымдылыққа ие  болды:

  • ұзақ  уақыт  пайдалануға  жарамды тауарларды  сатып  алуға                                             арналған  несие;

  • тұрғын  үй  құрылысының ( жеке  және  кооперативті) несиесі.

Ұзақ  уақыт  пайдалануға  жарамды тауарларды  сатып  алуға                                             арналған  несие  жанама  сипатта  болады,  өйткені  оны  Мемлекеттік  банктің  делдалдығымен  арқылы  әр  түрлі  сауда  ұйымдары беріп  келеді.

Тұрғын  үй құрылысының ( жеке  және  кооперативті) несиесін  несие  мекемелері  (Мемлекеттік   банк  және  Құрылыс банкі) тікелей береді.

Басқа  несие  формаларына  қарағанда  тұтыну  несиесінің   обьектісі  -  ақша  да,  тауар  да  бола  алады.   Мемлекет экономикасында несие келесі қызметтерді атқарады:

  • Еңбек   тиімділігін  арттырады;

  • Тауар  сауда  нарығын  кеңейтеді;
  • Тауар  өтімділік  процесі  мен  пайда  алуды   жылдамдатады ;
  • Капитал концентрациясы  мен  қорлану  процесін  жылдамдатады;
  • Тауар  мен  ақша  айналысымен  байланысты  шығындардың  қысқаруын  қамтамасыз  етеді;
  • Шаруашылық  салаларының  арасында  капиталдарды  қайта       орналастыра  отырып, пайданың  орташа  мөлшерінің  қалыптасуына     негіз  болады.

Тұтыну  несиесі  тауардың  сақталуы  мен  қапталуымен  байланысты шығындарды, тауар  өтімділігін  жылдамдатады. Соған  байланысты,  несие  металл   ақша  мен  тауар  айналысымен  байланысты  шығындарды азайтуда  ролі  өте  зор.

 Әр  түрлі  елдерде  жеке  қарыз   алушыларды  несиелеуге  байланысты  әр   қилы  заңдар  қолданылады,  алайда,  олардың бәрін баршаға ортақ нұсқама біріктіреді:  тұтынушылардың  өмір  деңгейін арттыруға қажетті мөлшерінде  несиеге қол жеткізу.   Тұтынушы  құқықтары және  оны қорғау  туралы  заңдар  тұтынушы  құқықтарын  қорғайтын нормалар заңнаманың  түрлі  саласын  қамтиды. Аталмыш  нормативтік  актілер Конститутциядан  бастау  алып, Азаматтық  кодекс, Қазақстан Республикасының “Тұтынушылар  құқықтарын  қорғау  туралы” заңынан (бұдан  әрі “Тұтынушылар  туралы”  заң)  және  өзге  де  нормативтік  актілерден  жалғасын  тапқан.  Осы  нормативтік актілерде  көрсетілген тұтынушылардың  құқықтары  түрлі себептермен  (мысалы:  сатушының   тұтынушы  алдындағы  өз  міндетін  білмеу, олардың  құқықтық  білместікті пайдалануы,  тұтынушылардың құқықтарын  қорғау  бойынша  қабылданған  заңдарды  елемеуі  салдарынан)  жиі  бұзылуда. Бірақ,  бұларды  субьективтік  сипаттағы  себептерге  жатқызуға  болады.  Тұтынушы  құқықтатының бұзылуына обьективті  себептер де  болуы  мүмкін. Мұндай  обьективті  себеп  екеу. Біріншіден,  біздің  нарықтық экономикамыздың “қожайыны”  әзірге  монополист. Қатаң  бәсеке  болмағандықтан әрбір тұтынушының  игілігі  үшін  күрес  жүргізудің  қажеті  жоқ,  сондықтан ол нарықта  өз  билігін  жүргізуде.

Екіншіден,  халқымыздың  құқықтық  санасы  төмен.  Егер,  біз  яғни  тұтынушылар, қандай құқықтарымыз  бар  екендігін  білмек  түгілі,  “Тұтынушылар  туралы”  заңның  бар  екендігін  білмесек,  сатушы  бізбен  қалай  “санаспақ”.

Негізінен, “Тұтынушылар  туралы”  заң тұтынушылардың  тауар  туралы  ақпарат  алу,  сапалы  өнім  алу,  ол  тауардың айырбастап  алу құқықтарын,  сондай-ақ  тұтынушыларға сапасыз тауар  сатқан жағдайда өз  құқықтарын  жүзеге  асыру,  тұтынушы оның  өмірі мен денсаулығына кенетін қауіпқатерден қорғау  саласындағы  құқықтық қатынастарды  реттейді.“Тұтынушылар  туралы”  заң,  осы  заңмен реттелетін құқықтық  қатынас  туындауын  мүмкін  қатысушы  тұлғалардың  түсінігін  ашып   көрсеткенімен,  нақты қандай  қатынастар реттеуге  жататынын  белгілемеген.  Бұған  қоса, Қазақстан Республикасы  Жоғарғы   сотының 1996  жылғы 25 шілдедегі “Тұтынушылар  құқығын қорғау  туралы заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі  туралы  №7  нормативтік қаулысында  тек “Тұтынушылар  туралы” заңмен реттелетін  құқықтық  қатынастардың белгілері  ғана  атап  көрсетілген.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің дамуы