Автор: e*****************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 14:48, курсовая работа
Қазақстан Республикасы таяу болашақта әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан орын алуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Ал осы межеге жету едәуір дәрежеде ақша-несие саясатының тұрақтылығына байланысты.
Еліміздегі ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган ретінде Қазақстан Ұлттық банкісінің алдына Елбасымыз өз жолдауында келесі міндеттерді қояды:
КІРІСПЕ …………………………………………………………………………..5
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ..................7
1.1 Ақша-несие саясатының мәні және стратегиялық мақсаты .....................7
1.2 Ақша-несие саясатының құралдары мен әдістері....................................10
1.3 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары...................14
2 ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ
2.2 Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуді талдау...............................37
2.3 Ақша-несие саясатын құралдары мен операцияларын талдау................44
3 МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАСЫН РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ
САЯСАТЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ БАҒЫТТАРЫ ........................................49
3.1 ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі даму бағыттары.......................................................................................................….. 49 3.2 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстанның ақша-несие саясатының даму стратегиясы........................................……………………………………..58
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................…..................73
Бір баррель үшін 60 АҚШ долларынан аспайтын мұнайға деген әлемдік баға деңгейінде тауарларды және көрсетілетін қызметтерді экспорттаудың өсу қарқыны 2007 жылы шамамен 7%-ды, ал 2008-2009 жылдары 4-6%-ды құрайтын болады. Тауарлар мен халықаралық қызметтер балансының профициті сыртқы борыштық міндеттемелері бойынша төлемдердің және тікелей шетелдік инвесторларға төленетін төлемдердің өсуін өтейтін болады. Ағымдағы операциялар бойынша баланс 2007 жылы оңынан қалыптасып (шамамен ІЖӨ-ге шаққанда 0,4%), 2009 жылы ІЖӨ-ге шаққанда 1%-ға дейін ұлғаяды деп күтілуде.
Мұнай
және газ кен орындарын зерттеудің
көбірек капитал салынатын
Шетел
капиталының және экспорттық валюта
түсімінің әкелінуі теңгенің ықтимал
нығаюының негізгі
Бұл сценарий бойынша банктердің активтері алдағы үш жылдық кезеңде орташа алғанда жылына 27%-ға өсетін болады. Банктердің резидент еместер алдындағы міндеттемелері шамамен жылына 9,5-10 млрд. АҚШ долларына өсетін болады.
Ұлттық қордың халықаралық резервтері мен активтерінің орташа жылдық өсу қарқыны қарастырылатын кезеңде тиісінше 10% және 23%-ды құрайтын болады.
Осы сценарий үшін инфляция болжамдарының рұқсат етілген мәнін алуға мүмкіндік беретін ақша-несие саясатының негізгі құралдарының 2007-2009 жылдарға арналған орташа жылдық мәндері мынадай деңгейде таңдалған: банктердің Ұлттық Банктегі аударылатын депозиттері – 790 млрд.теңге, банктердің Ұлттық Банктегі басқа депозиттері – 320 млрд. теңге, айналыстағы ноталар көлемі – 270 млрд.теңге.
«Капиталдың көп әкелінуі
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер экспортының өсу қарқыны капиталдың әкелінуіне байланысты болмағандықтан олар алдыңғы сценарийдегідей бола береді.
Банктердің активтері алдыңғы үш жылдық кезеңде жылына орташа алғанда 32%-ға өсетін болады. Банктердің резидент еместер алдындағы міндеттемелерінің өсуі жылына шамамен 10-12 млрд. АҚШ долларын құрайтын болады.
Ұлттық қордың халықаралық резервтері мен активтерінің орташа жылдық өсу қарқыны қаралатын кезеңде тиісінше 19% және 23% болады.
Осы сценарий үшін инфляция болжамдарының рұқсат етілген мәнін алуға мүмкіндік беретін ақша-несие саясатының негізгі құралдарының 2007-2009 жылдарға арналған орташа жылдық мәндері мынадай деңгейде таңдалған: банктердің Ұлттық Банктегі аударылатын депозиттері – 860 млрд.теңге, банктердің Ұлттық Банктегі басқа депозиттері –640 млрд. теңге, айналыстағы ноталар көлемі – 317 млрд.теңге.
«Мұнайға жоғары баға»
Мұнай
бағасының жоғары деңгейі және шетелдік
инвесторлар сенімінің тұрақты
түрде жоғары болуы мұнай-газ
жобаларын қосымша
Ұлттық қордың халықаралық резервтері мен активтерінің орташа жылдық өсу қарқыны 25-26% болады. Бұл қалыпты баға сценарийімен салыстырғанда теңгенің айырбас бағамына оның нығаю жағына қарай үлкен қысым жасайтын болады. Осы сценарий барысында Ұлттық қордың халықаралық резервтері мен активтерінің өсу қарқыны қалыпты баға сценарийлерімен салыстырғанда 3-6 пайыздық тармаққа жоғары болады. [34]
Сонымен қатар мұнайға жоғары баға жағдайында банк активтерінің одан әрі өсуі 2007 жылы одан кейінгі жылдары жыл сайынғы өсу қарқыны 30-40%-ға дейін біртіндеп баяулай отырып шамамен 50%-ды құрайды.
Осы сценарий үшін инфляция болжамдарының рұқсат етілген мәнін алуға мүмкіндік беретін ақша-несие саясатының негізгі құралдарының 2007-2009 жылдарға арналған орташа жылдық мәндері мынадай деңгейде таңдалған: банктердің Ұлттық Банктегі аударылатын депозиттері – 990 млрд.теңге, банктердің Ұлттық Банктегі басқа депозиттері – 860 млрд. теңге, айналыстағы ноталардың көлемі – 530 млрд.теңге.
Мұнайға жоғары баға сценарийі үшін нақты сектор және ақша-несие саясаты құралдары көрсеткіштерінің болашақтағы динамикасына қатысты жасалған болжамдарды орындау кезінде 2007-2009 жылдарға мынадай болжамдар алынды. Көрсетілген кезеңде ақша базасының, ақша массасының, экономикаға берілетін несиелерінің және банк жүйесіндегі депозиттердің орташа жылдық өсуі 40% – 41%-ды құрайды. Инфляция 2007 жылы 8,2%-9,2%, 2008 жылы – 8,0%-9,0%, 2009 жылы – 8,0%-9,0% шегінде болады.
Ұлттық Банктің 2007-2009 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі мақсаты орташа жылдық инфляцияны мынадай деңгейде ұстап тұру болады:
- «капиталдың қалыпты әкелінуі жағдайындағы мұнайға қалыпты баға» сценарийін іске асыру кезінде 2007 жылы 6,2%-7,2%, 2008 жылы – 6,0%-7,0%, 2009 жылы – 6,0%-7,0% шегінде;
-«капиталдың
көп әкелінуі жағдайындағы
- «мұнайға жоғары баға» сценарийін іске асыру кезінде 2007 жылы 8,2%-9,2%, 2008 жылы – 8,0%-9,0%, 2009 жылы – 8,0%-9,0% шегінде.
ІЖӨ, мемлекеттік шығыстар және Орта мерзімді жоспарда көзделген басқа да көрсеткіштер ұлғайту жағына қарай қайта қаралатын болса, инфляция болжамының да көтерілетіндігін айта кету қажет. Сонымен қатар валюта жоғары баға сценарийі көрсеткіштерінен қарқынды асып әкелінген және халықтың кірісі Орта мерзімде жоспарда белгіленген көрсеткіштерден жоғары өскен жағдайда ақша ұсынысы инфляцияның мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізуге қажетті шектен шығып кетуі мүмкін.
Бұл құжатта мұнайға қалапты баға сценарийі үшін, негізінен 2007 жылға арналған ақша-несие саясаты, оның ішінде ақша-несие саясатын қатаңдату шаралары атап көрсетілген. Одан кейінгі жылдарға арналған шаралар 2007 жылдың нәтижелері бойынша нақтыланады. Мұнайға жоғары баға сценарийі іске асырылған жағдайда ақша-несие саясатының шаралары одан да күшті қатаңданатын болады.
Мұнайға қалыпты баға сценарийі іске асырылған жағдайда ақша-несие саясатының 2007 жылға арналған шаралары.
Ақша-несие саясаты саласында 2007 жылы Ұлттық Банк өз қызметінде орташа жылдық инфляцияны төмен деңгейде ұстауға бағытталған ақша-кредит саясатын жүзеге асыруды басым бағыты ретінде айқындайды.
Ақша-несие операцияларын пайдаланудың тиімділігін арттыру және ақша нарығының ахуалына әсер ету үшін қолданылатын шараларды одан әрі күшейту, ақша-несие саясаты құралдарының әр түрлері бойынша ставкаларды келісу жөніндегі жұмыстар жалғаса береді. Сыйақының нарықтық ставкаларына жасалатын қысқа мерзімді ставкалардың реттеу рөлін көтеру жөніндегі шаралар ставкалар дәлізін тарылту (төменгі ставка – депозиттерді тарту жөніндегі ставка, жоғарғы ставка – заемдар беру жөніндегі ставка) арқылы жүргізіледі.
Қайта
қаржыландырудың ресми
Екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі қысқа мерзімді ноталары мен депозиттері қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай-ақ банктердің артық өтімділігін жүйелеудің негізгі құралдары болып қала береді.
Қажет болған жағдайда қысқа мерзімді қисық кірістілікті қалыптастыру үшін ноталарды айналысқа шығару мерзімін ұзарту және көлемін ұлғайту мүмкіндігі қаралады, ол Ұлттық Банктің біраз шығындануын талап етеді. Ұлттық Банк бұл мүмкіндікті зерттеп, қаржы нарығындағы ахуалға қарай тиісті шешім қабылдайды. Осы жұмыс шеңберінде Ұлттық Банк қисық кірістіліктің қалыптасу мәселелерін шешу жөнінде Қаржы министрлігімен бірге жүргізілетін жұмысты үйлестіруді күшейту қажет деп санайды. Бұл проблеманың Ұлттық Банкке теріс ықпалы ашық нарықта операциялар жүргізу мүмкіндіктерінің шектелуінен және ақша-несие саясаты құралдарының негізгі макрокөрсеткіштерге әсер етуінің әлсіреуінен көрінеді.
Банк жүйесінің артық өтімділігі мәселелерінің өткірлігі сақталған жағдайда Ұлттық Банк ақша-несие саясатын қатаңдата береді. Банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін банктік заемдарды беру механизмі, репо операциялары және қайта есепке алу операциялары жетілдіріледі, атап айтқанда кепіл құралдарының тізбесін кеңейту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар өтімділікті беру құралдарын (қайта қаржыландыру заемдары және вексельдерді қайта есепке алу секілді) пайдаланудың тиімділігін күшейту мақсатында олардың мерзімдерін бірегейлендіру мүмкіндігі қарастырылады.
Инфляцияны төмендету үшін шектеулі ақша-несие саясатын жүргізумен қатар, әсіресе, жиынтық сұранысты дамытудың, өсуін шектеудің бюджеті бөлігінде, бюджет саясатын қатаңдандыру, сондай-ақ отандық өндірушілер тарапынан тауарлар мен көрсетілетін қызметтер ұсыныстарын ынталандыру қажет. Инфляциялық үдерістерге қысымды азайту мақсатында бюджет саясатын қатаңдату бюджет шығыстарының, оның ішінде инвестициялық шығыстардың өсуін шектеу, мемлекеттің мұнайдан түскен кірістерді кепілдік берілген трансферт түрінде пайдалануын шектеу, сондай-ақ салық ауыртпалығын сақтау саясатынан бас тарту бағытында жүргізілуі қажет.
Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі бойынша қаржылық емес корпорациялар секторының, қалыптасқан экономикалық конъюнктураның және кәсіпорындардың қаржылық ахуалының даму үрдістерін және бағыттарын бағалауды қалыптастыруға, сондай-ақ проценттік, валюталық саясатты айқындау, ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу, қаржы тұрақтылығы туралы есептерді жасау кезінде Ұлттық Банк қызметіндегі мониторинг нәтижелерін іс жүзінде пайдалануды кеңейтуге бағытталған жұмыстар жалғаса береді.
Ұлттық Банк теңгенің еркін айырбас бағамы режимін ұстанатын болады, яғни теңгенің ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына қатысты номиналды бағамының динамикасы осы шетел валютасына деген сұраныс пен ұсынысқа қарай белгіленеді. Ұлттық Банк теңге бағамының ауытқуына бағдарлар немесе дәліздер жасамайды. Ұлттық Банк ішкі валюта нарығындағы өзінің қатысуын қысқартуға ниетті.
Ұлттық Банк валюта нарығындағы операцияларды, негізінен, Ұлттық қор үшін жүзеге асыратын болады, өйткені, Ұлттық Банк Ұлттық қордың активтерін айырбастау және қайта айырбастаудың жаңа ережесіне сәйкес Ұлттық қор үшін Ұлттық Банктің халықаралық резервтерінен шетел валютасын сатумен бірге ішкі нарықтағы шетел валютасын да сатып ала алады.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» ҚР Заңына сәйкес 2007 жылғы 1қаңтардан бастап күрделі операциялар бойынша пайдаланылып жүрген шектеулердің күші толығымен жойылады. Сол сәттен бастап ағымдағы және күрделі операциялар бойынша валюталық шектеулер болмаған жағдайда теңгенің айырбасталуы толық қамтамасыз етілетін болады.
Валюталық шектеулердің болмауы капиталдың әкелінуінің жоғары деңгейдегі жұмылдырылуын білдіреді, ол валюталық және қаржы нарықтарындағы ахуалдың тұрақсыздануына әлуетті қауіп тудыруы мүмкін. Мұндай жағдайларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі капиталдың қозғалысымен байланысты валюталық операциялардың мониторингін күшейтеді, сыртқы экономикалық операциялар және ішкі валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс көздеріне талдау жасау бойынша ақпарат базасын жетілдіру жұмыстарын жалғастыра береді.
Төлем
жүйелері саласында Қазақстан
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету саласында Ұлттық Банк өз қызметін ҚҚА-мен тығыз үйлестіретін болады. Бұл ретте Қаржы тұрақтылығы туралы есепті одан әрі жетілдіру жұмыстарын жүргізетін болады. Ұлттық Банк пен ҚҚА-нің алдымыздағы кезеңдегі міндеттерінің бірі – қаржы тұрақтылығы индикаторларының жүйесін қалыптастыру, қаржы жүйесінің тұрақтылығына теріс әсер етуі мүмкін жағдайларды анықтау және алдын алу. Дағдарыс жағдайларының дамуын болдырмайтын құралдар әзірленеді. Талдау жұмыстарының нәтижелерін бұқара халықтың тұрақты түрде пайдалануын қамтамасыз ету Қазақстанның қаржы жүйесіне деген сенімді күшейтуге себебін тигізетін осы жұмыстардың маңызды бөлігі болып табылады.