Ақша несие саясаты

Автор: e*****************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 14:48, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы таяу болашақта әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан орын алуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Ал осы межеге жету едәуір дәрежеде ақша-несие саясатының тұрақтылығына байланысты.
Еліміздегі ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган ретінде Қазақстан Ұлттық банкісінің алдына Елбасымыз өз жолдауында келесі міндеттерді қояды:

Содержание

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………..5
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ..................7
1.1 Ақша-несие саясатының мәні және стратегиялық мақсаты .....................7
1.2 Ақша-несие саясатының құралдары мен әдістері....................................10
1.3 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары...................14
2 ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ
2.2 Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуді талдау...............................37
2.3 Ақша-несие саясатын құралдары мен операцияларын талдау................44
3 МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАСЫН РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ
САЯСАТЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ БАҒЫТТАРЫ ........................................49
3.1 ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі даму бағыттары.......................................................................................................….. 49 3.2 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстанның ақша-несие саясатының даму стратегиясы........................................……………………………………..58
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................…..................73

Работа содержит 1 файл

АҚША-НЕСИЕ САЯСАТ.doc

— 260.00 Кб (Скачать)

   Ұлттық  Банк 2002 жылдан бастап ақша-несие саясатының бағдарларын жыл сайын нақтылай отырып үш жыл бұрын айқындайды, бұл экономикадағы және қаржы  нарықтарындағы ахуалды ескере отырып неғұрлым ұзақ кезеңге арналған болжамдарды  және стратегиялық бағыттарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, елдегі салыстырмалы макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге байланысты. Мақсаттық көрсеткіштер тұтыну бағаларының индексін пайдаланумен белгіленеді. Олармен қатар ішкі талдау үшін 2004 жылдан бастап «базалық инфляция» индексі пайдаланылады, ол монетарлық емес факторлар бағаларының деңгейіне күйрете әсер етуді жояды және инфляциялық процестердің негізгі үрдістерін көрсетеді. 2004 жылдан бастап тоқсан сайынғы есеп - Инфляцияға шолу жасалды. [15] 

   2006 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2006-2008 жылдарға арналған Ақша-несие саясатының негізгі бағыттары қабылданды. Ұлттық Банк баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-несие саясатын жүзеге асыруды өз қызметінің басым бағыты ретінде айқындайды. Тиісінше, инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу бойынша жұмыс жалғасады. Бұл инфляция бойынша мақсатты бағдарларға сүйене отырып ақша-несие саясатының негізгі өлшемдерінің болжамын құруды жобалайды.

   Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің басқару құрылымы төмендегі 1- суретте көрсетілген және Ұлттық Банктің құрылымына мыналар кіреді:

   - 11 департаменттен (1 департамент Астана  қаласында), 10 жеке басқармадан  және 1 жеке бөлімнен тұратын орталық аппарат;

   - 16 аумақтық филиал және Алматы  қаласындағы екі филиал - Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы және Ұлттық Банктің қызметін қамтамасыз ету орталығы;

   - Ұлттық Банктің Ресей Федерациясындағы  өкілдігі;

   - 4 есеп беретін ұйым:

   - «Қазақстан Республикасы Ұлттық  Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

   - «Қазақстан Республикасы Ұлттық  Банкінің Банктік сервис бюросы»  шаруашылық жүргізу құқығы бар  республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

   - «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

   - «Қазақстан Республикасы Ұлттық  Банкінің Банкнот фабрикасы»  шаруашылық жүргізу құқығы бар  республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

   Ұлттық  Банк:

   - «Қазақстанның салымдарға кепілдік беру қоры»;

   - «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік  беру қоры»;

   - «Қазақстанның ипотекалық несиеге  кепілдік беру қоры»;

   -«Қазақстан  Актуалдық орталығы» акционерлік қоғамдарының құрылтайшысы болып табылады.

   Ұлттық  Банк сондай-ақ «Ұлттық процессинг орталығы» акционерлік қоғамы құрылтайшыларының бірі болып табылады.

   

   Сурет 1 – ҚР Ұлттық Банктің басқару  құрылымы 

    Ұлттық  Банк «МЖЗҚ» Акционерлік Қоғамы акционерлерінің  бірі болып табылады.

    Қазақстан Ұлттық Банкі инфляциялық процестерді жанама ақша-несиелік реттеу әдістерімен тоқтату болмаған жағдайда тікелей сандық шектеулер қолдануға құқылы болып табылады.

    Қорытындылай  келсек,  Қазақстан  Ұлттық  банкі  ақша-несие  саясатын  қалыптастырады  және  жүзеге  асырады, коммерциялық  банктерінің іс-әрекетін  қадағалайды және  ұйымдастырады.  Ақша-несие саясатын  анықтайтын  және  жүзеге  асыратын  орган ретінде ақша-несие саясатын  келесі  құралдарының  көмегімен реттейді:

    - қайта  қаржыландыру  мөлшерлемесі:  ресми  мүдделендіру  мөлшерлемесі  деңгейін  белгілеу;

    - ҚҰБ-те  жинақталатын  ең  төменгі   міндетті  резервтер  нормасын  белгілеу,  оның  ішінде  сырттан   тартылған  қаражаттарды  мерзіміне,  көлеміне  және  түрлеріне   байланысты  жіктеу;

    - мемлекеттің  бағалы  қағаздарын  сатып  алу  және  сату  бойынша  ақша  нарығындағы  операцияларды  жүргізу;

    - банктерге  және үкіметке  несие   беру;

    - ресми  есепке  алу  (дисконттық)  мөлшерлемесі;

    - валюталық  нарықты  интервенциялау;

    - кейбір  жағдайларда  несиелік  операциялардың  жекелеген  түрлерінің  деңгейі  мен  көлеміне  тікелей  сандық  шектеулер  енгізу. [21] 

    Ақша  құралдарының  көмегімен  мемлекетті реттеудің маңызы - бұл бос ақшалардың  сандық өзгеруі немесе "несие  бағасының" өзгеруі - пайыздық, яғни қарыз  капиталының сұранымын анықтау болып табылады.

    Басқа сөзбен айтқанда , ақша-несиелік  құралдардың  көмегімен ссудалық  капиталмен ұсынылған бағасы (пайыз ставкасы) мен санына әсер ету. Өйткені, мемлекеттің  экономикалық  саясатының мақсаттарымен  сәйкес келетін, халық шаруашылығындағы несиелерді қолдану механизмі мен сұранымына ықпал ету.

       Ақша эмиссиясының функциясы  және оның ерекшеліктері 1- кестеде  көрсетілген.

    Кесте 1- Ақша эмиссиясының функциялары

Функцияның  аты Ерекшеліктері
1. Экономиканың  айналым әдістерімен, төлеммен, жинақпен, әлемдік ақшамен қамтамассыздандыру -функциялардың  негізгісі болып табылды және  халық шаруашылығына  қажетті   ақша санын, ақша  айналымы  мен  тауарлар және қызметтердің  белгілі  кезеңі арқылы барлық  өндірістік құндылықтарының соммасын есептеп шығарады.
2. Тапшылықты  жабу  Тапшылықты  жабу басқа  қайнар көздері  болмағанда,  дағдарыс жағдайындағы мемлекеттік  бюджеттің  тапшылығын жабу керек. Себебі, қандай зардабы болса да,  мемлекеттік  қаржыны құтқару  қажет. Ақшаны көп шығарудың зардаптары - инфляцияға, өзіндік ұдайы өндіріске оңай көшетін инфляцияға, баға өсіміне, әлеуметтік шиеленісушілікке әкеледі. Айналымдағы Ақша  санының артық шығарылуы жалғыз емес, дегенмен инфляцияның пайда болуына жол ашатын себептердің бірі.
3. Мемлекет шегіндегі  ақша эмиссиясын жоғарылату Мемлекет шегіндегі  ақша эмиссиясын жоғарылату немесе  төмендету жолымен экономиканың жаңдануына жағдай жасайды, яғни коньюктураның  тежелуін,  бағаның өсуімен күресуін - бұл функция реттеп отырады.

 

      

        Қазақстандағы Ұлттық Банктің  өкілеттілігі, функциялары мен міндеттері. Қазіргі  таңда  көптеген  мемлекеттердің  нарықтық  экономикасымен  үкіметке  тәуелді  емес үлкен  немесе  кіші деңгейдегі  мемлекеттің   экономикалық  саясатының  субъектілері жүзеге асырылады. Ал конституция  бойынша - толық тәуелді емес. Тек монопольдық  құқығы бар Орталық банк қана ақша эмиссиясын жүзеге  асырады. Орталық банк экономиканы мемкеттек реттеу құралдарының  несиесін қолданатын басты инстанция болып табылады.

    "ҚР  Ұлттық банкісі  туралы"  ҚР Президентінің  Жарғысына  сәйкес біздің мемлекет екі   деңгейлі бантердің жүйесіне  ие. ҚР Ұлттық банкісі  ҚР-ның   орталық  банкісі болып табылады  және ҚР - ның банктік  жүйелерінің   жоғарғы  деңгейін құрайды.  Қазақстанның  Ұлттық  банкісі ҚР-ның  орталық банктермен  және  де түрлі  басқа мемлекеттердің банкілерімен, халықаралық  банктерде,  қаржы - несиелік  несиелік  ұйымдардың  қарым - қатынасының  қызығушылықтарын қамтиды. [22] 

    Қазақстанның  Ұлттық  банкісінің  негізі  міндетті болып  ҚР -ның ұлттық  валютасынық  ішкі  және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз  ету  табылады.

       Есептік  ставканың  өзгеруінің  экономикаға әсері.  Қазақстанның  Ұлттық   банкісі  қайта қаржыландырудың   пайыздық  ставкасын ресми түрде  құрайды. Яғни,  ерекше  операцияларға  байланысты  жоғарғы  бір немесе  бірнеше  ставкаларды   қосуына  болады.  Сонымен қатар,  жалпы  ақша  нарығына  тәуелді  қайта қаржыландырудың  ресми пайыздық  ставкасы  арқылы  және несие  бойынша  ұсыным мен сұраным, инфляция  деңгейі  мен инфляциялық  күтулер  бекітіледі.

   Минималды  резервтердің  міндеттерінің маңызы - кез-келген  мемлекет орталық банктердің  шотындағы амалдарды  меншіктеу  мен  депонирлеу  кезіндегі банктік  мекемелердің   белгілі бір  бөлігін  ұстауға  міндеттеледі.  Орталық банк экономиканы мемкеттек реттеудің мақсаттары мен конюктура  жағдайына  тәуелді  минималды  резервтердің  нормаларын  периодикалық түрде өзгерте алады.

    
 
 
 
 

2 ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ  АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН  ТАЛДАУ 

2.2 Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуді талдау 

    Ақша  базасы 2006 жылы  402,9 млрд. теңгеге  дейін 3,7% ұлғайды. Оның ұлғаюының негізгі  факторлары таза халықаралық резервтердің де және сол сияқты Ұлттық Банктің  таза ішкі активтерінің де өсуі болды. Ал ағымдағы жылдың өткен тоқсандарында таза ішкі активтер төмендеуді көрсеткен еді

    Шетел валютасын едәуір әкелінуіне негізделген, шетел валютасына ұсыныстың сұраныстан асып түсуі Ұлттық Банктің халықаралық  резервтерінің өсуіне мүмкіндік  жасауын жалғастыруда. 4 – кестеден таза халықаралық резервтер 2006 жылдың соңына таман 2,9% ұлғая отырып, 6823,9 млн. долларға жетті. Қаржы министрлігінің сыртқы қарызын өтеу және ұлттық қордың активтерін толықтыру ішкі нарықта валютаны сатып алумен және Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына шетел валютасының түсуімен бейтараптандырылды. Нәтижесінде, таза валюта қорлары 2,5% ұлғайды. Алтын түріндегі активтер оның әлемдік нарықтағы бағасының 4,7% өсуі нәтижесінде 6,4% ұлғайғанын көріп отырмыз.

    Таза  ішкі активтер құрылымында Үкіметке таза талаптар біршама төмендеді, бұл Үкіметтің Ұлттық Банктегі депозиттерінің 6,4% өсуінен туындады.

    Тұтастай  алғанда 2006 жылғы ақша базасының  құрамдас бөіктерінің динамикасы өткен  тоқсандарға қарағанда неғұрлым бірқалыпты өзгерістермен сипатталды.

      Ақша массасы. 2006 жылы «ақша массасы 1312,2 млрд. теңгеге дейін 9,3%) өсті, бірақ ол өткен жылдың осындай кезеңіндегі өсу қарқынынан біршама төмен (10,4%). Оның өсуінің негізгі факторы депозиттік ұйымдардың ішкі активтерінің ұлғаюы болды.

    Депозиттік  ұйымдардың Үкіметке таза талаптарының жоғары өсу қарқыны (8,3есе) есепті кезеңнің айрықша ерекшелігі болды, ол ақша массасының өсуіне де себепші болды. Бұл Қаржы министрлігінің ішкі қарыз алу көлемін ұлғайтуымен түсіндіріледі. Нәтижесінде банк жүйесінің және несиелік серіктестіктердің ішкі активтері есепті кезеңде 20% өскенін көрсетеді

    Депозиттік  ұйымдардың ресурстық базасы өсуінің  жалғасуы олардың несие нарығындағы  қызметін жандандыруға мүмкіндік жасады. Тиісінше, ақша массасының есептік  кезеңдегі динамикасы айтарлықтай  дәрежеде экономиканың қаржылық емес секторын несиелеу көлемінің өсуінің жалғасуымен анықталды. Депозиттік ұйымдардың экономикаға талаптарының 2006 жылы өсуі өткен кезеңмен салыстырғанда 12,6%) болды.                      

    2006 жылы  айналыстағы қолма-қол ақшаның  өсу қарқынының резиденттердің банк жүйесіндегі және несиелік серіктестіктердегі депозиттерінің өсу қарқынымен    салыстырғанда    алға    шығуы,    соңғыларының    ақша    массасының құрылымындағы үлесінің 76,6%-дан 76,2%-ға дейін төмендеуіне себеп болды. Сонымен қатар ақша массасының өсу қарқынының ақша базасының кеңею қарқынымен салыстырғанда озық болуы ақша мультипликаторының мәнін 3,09-дан 3,26-га дейін ұлғайтуға алып келді.

    Резиденттердің  депозиттері. Ағымдағы жылы депозит  нарығындағы ахуал өткен жылмен салыстырғанда олардың өсу қарқыны біршама қысқарғанына қарамастан, депозиттік ұйымдарда депозиттердің көбеюімен сипатталады. 2006 жылы резиденттердің депозиттері 1000,1 млрд.теңгеге жетіп, 8,9% өсті.

    Резиденттер депозиттерінің құрылымында нақты  секторды несиелеудің негізгі көзі болып табылатын резиденттердің басқа депозиттерінің жоғары үлесінің сақталуы оң бағаланады. Сонымен, 2006 жылы соңында осы үлес 64,6% құрады, ал аударылатын депозиттердің үлесіне қалған 35,4% тиесілі болды.

Информация о работе Ақша несие саясаты