Ақша несие саясаты

Автор: e*****************@mail.ru, 28 Ноября 2011 в 14:48, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы таяу болашақта әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттің қатарынан орын алуды мақсат етіп отырғаны белгілі. Ал осы межеге жету едәуір дәрежеде ақша-несие саясатының тұрақтылығына байланысты.
Еліміздегі ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган ретінде Қазақстан Ұлттық банкісінің алдына Елбасымыз өз жолдауында келесі міндеттерді қояды:

Содержание

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………..5
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ..................7
1.1 Ақша-несие саясатының мәні және стратегиялық мақсаты .....................7
1.2 Ақша-несие саясатының құралдары мен әдістері....................................10
1.3 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары...................14
2 ҰЛТТЫҚ БАНКТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ТАЛДАУ
2.2 Мемлекеттің ақша-несие саясатын жүргізуді талдау...............................37
2.3 Ақша-несие саясатын құралдары мен операцияларын талдау................44
3 МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАСЫН РЕТТЕУДЕГІ АҚША-НЕСИЕ
САЯСАТЫНЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ БАҒЫТТАРЫ ........................................49
3.1 ҚР Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі даму бағыттары.......................................................................................................….. 49 3.2 2007-2009 жылдарға арналған Қазақстанның ақша-несие саясатының даму стратегиясы........................................……………………………………..58
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................70
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...................................…..................73

Работа содержит 1 файл

АҚША-НЕСИЕ САЯСАТ.doc

— 260.00 Кб (Скачать)

    Қазақстан Ұлттық Банкінің  пайыз  саясатының  басты  мақсаты – айналыстағы  теңге  деңгейін  көтере  отырып,  несиеге  деген  сұранысты  азайту,  соның  нәтижесінде  ақша  жиыны  және  инфляцияның  өсуін  төмендетуді  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Жоғары  пайыз  мөлшерлемесі,  шын  мәнісінде  пайыз  үшін  төлемдер  өз  кезегінде  шығынның  көлемін  құрайды.  Демек,  жаңа  пайыз  саясаты  алдағы  уақытта  немесе  белгілі  бір  уақыт  аралығында  өзінің  нәтижелеріне  қол  жеткізуі  тиіс.

    Міндетті  резервтеркоммерциялық  банктер  Орталық  банкке  пайыз  мөлшерлемесі  есептелмейтін  салым  ретінде  ақшаны  сақтайды.  Бұл  депозиттегі  ақшаларының  белгілі  бір  бөлігі,  мұны  міндетті  резервтер  деп  атайды.

    Ақша  нарығындағы  тепе-теңдікті  қамтамасыз  етуде,  банктерге  берілетін  несие  көлемін  реттеуде  және  олардың  міндеттемелері  бойынша  төлемсіздікті  төмендетуде,  сол  сияқты  банктің  салым  иелері  мен  акционерлерінің  мүдделерін  қорғау  мақсатында  Ұлттық  банк  ең төменгі пайыздық мөлшерде ақша құралдарымен қамтамасыз етеді.

    Ақша-несие  саясатының құралыдары  1993 жылы  1  қаңтарда  енгізілген  «ҚР  коммерциялық,  кооперативтік  және  жеке  банктердің  қызметін  реттеу туралы»  нұсқауға  сәйкес,  міндетті  резерв  нормативі  18-20%  мөлшерінде  бекітілген  болатын.  Қазіргі  уақытта  ол  төмендеп,  10,5%-ды  құрайды.  Банктер резервтерінің  артық  болуы  яғни  ұлттық  банктегі  корреспонденттік  шоттардағы  қаражаттардың  өсуіне  байланысты  резервтік  талаптар  шамасын  төмендетіп  қана  қоймай,  сол  сияқты  резервтеудің  баламалы  тәртібіне  өтеуге,  яғни  бұл  банктердің  нормативтерін  орындау  барысында  корреспонденттік  шоттағы  қаражаттар  сомасын  ең  төменгі  резервтер  мөлшеріне  төмен  болмауын  сақтап  отыруға  тиістілігін  білдіреді. [4] 

    Әлемдік  тәжірибеде  міндетті  резервтердің  өте  жоғары  деңгейде  болуы,  банк  жүйесінің  қаржы  делдалдары  ретіндегі  тиімділігін  нашарлатып,  ал  ең  төменгі  резервтер  нормасының  артуы  несиелік  ресурстардың  экономикаға  құйылуына  тосқауыл  болатындығын  көрсетеді.

    Федералды  резервтік  жүйе  экономикалық  құлдырау  кезеңінде  міндетті  резервтердің  іскерлік  белсенділігін  арттыру  және  ынталандыру  үшін  міндетті  резервтің  деңгейін  жиі  қысқартып  отырған.  Ұлттық  банк  екінші  деңгейдегі  банктер  үшін,  олардың  нормативтерді  орындауына  байланысты  ең  төменгі  резервтік  талаптарды  орындау  барысында  банктерге  келесідей  екі  тәсілді  қолданады:

    - міндетті  резервтер;

    - резервтеудің  баламалы  тәртібі.

    Орталық  банк  неғұрлым  міндетті  резервтердің  нормасын  жоғары  тағайындалған  сайын,  коммерциялық  банктердің  операцияларды  жүзеге  асыруға  пайдаланатын  қаражаты  аз  болады.  Резерв  нормасының  өсуі  (rr)  ақша  мультипликаторын  төмендетіп,  ақша  жиынының  азаюына алып  келеді.  Сонымен Орталық банк  міндеті резерв  нормасын  өзгерте отырып,  ақша  ұсынысының  динамикасына  әсер  етеді.

    Несиелік  операцияларнесиелеу  және  қаржыландыру  операцияларына  соңғы  жылдары  Ұлттық  банк  қызметінің  алдағы  уақыттарда  классикалық  қызметіне  жақындауына  байланысты  тиісті  шаралар  қолданды.  Қазіргі  уақытта  екінші  деңгейдегі  банктерді  несиелеу  тек  қана  олардың  өтімділігін  сақтау  мақсатында  жүзеге  асырылады.  Бюджет  тапшылығын  жабу  үшін  Үкіметке  несие  беру  бюджет  саясаты  аумағында,  яғни  Ұлттық  банктің  республикалық  бюджетті  несиелеуден  бас  тарту  мақсатында  жүргізілді.

    Ақша  нарығындағы  операциялар – Ұлттық  банктің  айналыстағы ақша  жиынының  көлемін реттеу  мақсатында  екінші  реттегі нарықта мемлекеттің бағалы  қағаздарын  сату  және  сатып алумен  байланысты  операцияларын білдіреді.

    Осы  айтылғандардың  бәрін  Орталық  банк  коммерциялық  банктердің  несиелік  мүмкіндіктерін  реттеу  мақсатында  жүргізеді.  Егер  Орталық  банк  алдында  сатып  алған  бағалы  қағаздарын  қайта  сату  көлемі  жаңа  партия  көлемінен  көп  болса,  банктердің  несие  ресурстарының  мөлшері  шектеледі  не  керісінше.

    Ақша-несие саясатын iске асыру мақсатында Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай операция түрлерiн жүзеге асырады:

    - қарыздар беру;

    - депозиттер қабылдау;

    - валюталық интервенциялар;

    - Қазақстан  Ұлттық  Банкiнiң  қысқа  мерзiмдi  ноталарын   шығару;

    - мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;

    - коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;

    -Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.

    Қазақстан Ұлттық Банкiнiң валюталық интервенциялары  жалпы ақша-несие саясаты шеңберiнде жүргiзiледi.

    Депозиттердi тарту мен өтеу тәртiбiн, талаптарын, мерзiмдерiн және тарту лимиттерiн  Қазақстан Ұлттық Банкi айқындайды.

    Қазақстан Ұлттық Банкi ұлттық валютамен де, шетел  валютасымен де депозиттер тартуға  құқылы.

    Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталары - Қазақстан Ұлттық Банкi  эмиссиялайтын  мемлекеттiк бағалы қағаздар.[5] 

    Қысқа мерзiмдi ноталарды шығару, орналастыру, айналысқа жiберу және өтеу  тәртiбi  мен  талаптарын  Қазақстан  Ұлттық  Банкi  айқындайды. 

    1.3 Ұлттық Банктің  ақша-несие саясатының  негізгі бағыттары 

   Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан  әрі  Ұлттық Банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.

   Ұлттық  Банктің міндеттері, қызметінің қағидаттары, құқықтық мәртебесі және өкілеттігі «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.

   Ұлттық  Банк өзінің құзыреті шегінде банк қызметінің жекелеген мәселелері бойынша  реттеуді және қадағалауды жүзеге асырады  және банктер мен банк операцияларының  жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс істеуі үшін жалпы жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызады.

   Ұлттық  Банктің банктер мен банк операцияларының  жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты реттеу және қадағалау  функциялары Қазақстан Республикасының  ақша-несие саясатының тұрақтылығын ұстап тұруға, банктер кредиторларының, олардың салымшыларының және клиенттерінің мүддесін қорғауға бағытталған.

   Ұлттық  Банк өзінің құзыреті шегінде басқа  елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.

   Орталық Банк өзінің міндеттерін орындау  кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.

   Ұлттық  Банк Қазақстан Республикасының  Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.

   Ұлттық  Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының  Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп  отырады және егер өзінің негізгі  функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.

   Банк  сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.

   Ұлттық  Банктің негізгі мақсаты Қазақстан  Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі  мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:

   - мемлекеттің ақша-несие саясатын  әзірлеу және жүргізу;

   - төлем жүйесінің жұмыс істеуін  қамтамасыз ету;

   - валюталық реттеуді және валюталық  бақылауды жүзеге асыру;

   - қаржы жүйесінің тұрақтылығын  қамтамасыз етуге жәрдемдесу. [11] 

   Ұлттық  Банк өзiне жүктелген мiндеттерге  сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:

   - Қазақстан Республикасында мемлекеттiк  ақша-несие саясатын жүргiзедi;

   - Қазақстан Республикасының аумағында  банкноталар мен монеталардың  эмиссиясын жүзеге асырады;

   - банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;

   - Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;

   - төлем жүйесінің жұмыс істеуін  ұйымдастырады;

   - Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;

   - Ұлттық Банктің алтын валюта  активтерiн басқарады;

   - қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды  және қадағалауды, сондай-ақ олардың  Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған  мәселелер бойынша қызметін реттеуді  және басқасын жүзеге асырады.

   Ұлттық  Банк мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзу мақсатында:

   - ақша нарығының жалпы жай-күйіне, заемдар бойынша сұраныстар мен  ұсыныстарға, инфляция деңгейіне  және инфляциялық күтулерге байланысты  ресми қайта қаржыландыру ставкасын  белгілейді;

   - жүзеге асырылатын ақша-несие саясаты шеңберінде қаржы нарығындағы нарықтық сыйақы ставкаларына әсер ету мақсатында ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейін белгілейді;

   - ең төменгі резервтік талаптардың  нормативтерін белгілейді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

   - инфляциялық процестердi ақша-несиелiк реттеудiң жанама әдiстерiмен тоқтату мүмкiн болмаған ерекше жағдайларда, Ұлттық Банк жекелеген салаларды ынталандыру және олардың дамуын ұстап тұру мақсатында несиелеудің лимиттерін белгілеу, олар бойынша сыйақы ставкаларын тоқтатып қою, операциялардың жекелеген түрлері мен мәмілелер бойынша ең жоғарғы ставкаларды белгілеу және несиенің нақты түрлерін тікелей реттеу арқылы операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тiкелей сандық шектеу қоюға құқылы;

     - ақша-несие саясатының қабылданған  бағдарларына сәйкес банктердің  Ұлттық Банктен қарыз алуының  жалпы көлемін реттейді, сондай-ақ  банктерге берілген заемдарды  тартудың және өтеудің тәртібін, талаптарын, мерзімдері мен лимиттерін айқындайды;

      - депозиттерді қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ Ұлттық Банкте депозиттер берудің және өтеудің тәртібін, талаптарын, тартудың түрлерін, мерзімдері мен лимиттерін айқындайды;

   - валюта нарығындағы басымдықты, сондай-ақ ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс пен ұсыныстың көздерін бағалауды және талдауы жүзеге асырады;

   - мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын, меншікті бағалы қағаздар - Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығаруды жүзеге асырады, сондай-ақ қысқа мерзімді ноталарды шығарудың, орналастырудың, айналысының және өтеудің тәртібін, талаптарын айқындайды;

   - жүзеге асырылатын ақша-несие саясаты шеңберінде мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;

   - ресми қайта қаржыландыру ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді, сондай-ақ коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу тәртібін және коммерциялық вексельдерді Ұлттық Банктің қайта есепке алуы үшін ұсынылатын талаптарды белгілейді.

Информация о работе Ақша несие саясаты