Қаржының мәні, функциялары және рөлі

Автор: 2********@inbox.ru, 25 Ноября 2011 в 12:12, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуі объективті түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етеді. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелі түрде қамтамасыз етіп отыр. Ақпарат қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстың бір түріне айналды, және де ол айрықша тауар ретінде жалпы ұлттық өнімнің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 БАНКТЕГІ ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНЕ ШОЛУ.....................................................................................................................5
1.1 Дебиторлық борыштар есебінің сипаты....................................................5
1.2 ҚР Ұлттық банкі, оның атқаратын функцияларына сипаттама..............................................................................................................10
1.3 ҚР Ұлттық банкінің дебиторлармен жүргізілетін операциялар есебі........................................................................................................................15
2 ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ..........................................24
2.1 Ақпараттық жүйені құрудың маңыздылығы ........................................24
2.2 ҚР Ұлттық банкіндегі ақпараттық жүйелерінің қолданылуы...........24
2.3 Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар..............................................33
3 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ...........................................................................................................40
3.1 “Іссапарлар шығыстарының есебі” ақпараттық жүйесіндегі тапсырманың қойылымы.................................................................................40
3.2 Ақпараттық база...........................................................................................45
3.3 Тапсырманың математикалық сипаттамасы.....................................................................................................…51
3.4 Программалық жабдықтау.........................................................................52
3.5 Ақпараттық өнімнің анализі және оны пайдалану кеңестері..............59
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................62
ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................................................63
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................65

Работа содержит 1 файл

КР улттык банк.doc

— 503.50 Кб (Скачать)

     Ұлттық  банк бойынша бұйрықтарға сәйкес Ұлттық банктің жұмысшыларына аванс Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған көлемде төленеді.

     Сонымен қатар, бэк-офистің жауапты атқарушысы франт-офистен алынған есеп айырысу-төлемдерінің ведомостері негізінде келесідей  проводканы орындайды:

     Дт  – 273 30

     Кт  – 101 00 / немесе Кт – 466 10 жинақтауға аударған жағдайда.

     Ұлттық  банк жұмысшыларымен жалақы бойынша  толық есеп айырысу әр айдың аяғында  жұмыс істелген уақыт пен алдында  берілген авансты есепке алу арқылы жүзеге асырылады. Франт-офиспен дайындалған  есеп айырысу-төлемі ведомості негізінде бэк-офистің жауапты атқарушысы келесідей проводкаларды орындайды:

      а)  бір ай бойынша есептелген жалақы соммасына:

      Дт  – 961 00, 962 00, 963 00, 964 00

      Кт  – 473 30;

      ә)  алдында берілген аванс соммасына:

      Дт  – 473 30

      Кт  – 273 30;

      б)  табыс салығы соммасына:

      Дт  – 473 30

      Кт  – 473 40;

      в)  үшінші тұлғалар пайдасына төлемдер соммасына:

      Дт  – 473 30

      Кт  – 473 20;

      г)  төленген жалақы соммасына:

      Дт  – 473 30

      Кт  – 101 00 / немесе Кт – 466 10 жинақтауға аударған жағдайда.

     Жұмысшы жалақысын беру күнінен кейшнгі  үш кннде алынбаған жалақы соммасы  депондауға жатады. Осындай жағдайда бэк-офистің жауапты атқарушысы кассирдің берген есебі негізінде келесідей байланысты орындайды:

     Дт  – 473 30

     Кт  – 473 10.

         
 
 

 

2. ЭКОНОМИКАДАҒЫ  АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

2.1 Ақпараттық жүйені  құрудың маңыздылығы

     Жобаланып жатқан программалық жабдықтар кешені дебиторлық борыштар есебін автоматтандыруға арналған. Программаның пайдаланылуы арқылы бухгалтердің жұмысы іссапарлар шығыстары есебінің автоматтандырылуы есебінен кәдімгідей жеңілдетіліп, жеделдетілуі тиіс.

    “Іссапарлар шығыстарының есебі” ақпараттық жүйесінің  негізгі мақсаттары мыналар:

    • іссапарлар шығыстары есебінің операцияларын жоғары тиімділікпен қамтамасыз ететін бухгалтерлік ақпараттық жүйені жобалау және енгізу;
    • банк жұмысшыларының есептеу жүйесін жақсарту.

     Берілген  есепті шешуді автоматтандыру мүмкіндік  береді:

    • есепті шешудің мерзімдерін қысқартуға;
    • есептеудердің күрделілігін төмендетуге;
    • операциялардың сапасын жақсартуға және оған кететін уақытты үнемдеуге;
    • құжаттарды өңдеудің дәлдігін жоғарылатуға;
    • банк қызметінің шығындарын қысқартуға мүмкіндік жасайтын құжат айналысын азайтады;
    • берілетін ақпараттарды қорғау мен  сенімділігіне қойылатын барлық талаптар кешенін орындауға;
    • ақпаратты жедел жинау, бақылау, өңдеу және жектізу бойынша жұмыстарды жақсартуға.

     Автоматтандырылған  ақпараттық жүйенің мақсаты бастапқы ақпаратты жинауға мүмкіндік беруден, шығарылатын формаларды құрудан, байланыстарда бейнелеуден, соммаларды жедел және тура есептеулерден, енгізілетін және шығарылатын формаларды (жетіспеушіліктер мен артықшылықтар) салыстырудан, алынған нәтижелер анализінен және шығарылатын ақпараттардан құралады.

     Компьютермен  жұмыс істеу кезіндегі ыңғайлы  интерфейс мамндардың еңбек өнімділігі мен жұмыс сапасын жоғарылатады./2.243б/

     Ақпараттық  жүйені пайдалану процессі кезінде  оның одан арғы дамытылуына мүмкіндік  те қарастырылуы қажет.

2.2 ҚР Ұлттық банкіндегі  ақпараттық жүйелерінің  қолданылуы

     Жобалау процессі жұмыс тобы мен координарлық жүргізуші комиссияның уақытпен реттелген, өзара байланысқан және бірлескен жұмыстар мен тапсырмалардың сатылары мен кезеңдерінен тұрады. Жобаны өз күшімен жобалау кезінде жоба жетекшісімен мүдделі бөлімшелерден мамандарды тарту арқылы жүзеге асырылады.

     2003 жылдың 30 қазанында Қазақстан Республикасы  Ұлттық банкінің директорлар  кеңесінің қаулысымен бекітілген  “Қазақстан Республикасы Ұлттық  банкінің қызметін автоматтандыру Ережелерінде” Ұлттық банкте бағыныңқы жүйені жобалаудың келесідей сатылары бекітілген:

  1. жобалау алдында зерттеулер жүргізу;
  2. техникалық тапсырманы жобалау;
  3. техникалық жобаны жасау;
  4. жұмыс жобасын жасау;
  5. енгізу.

     Бағыныңқы жүйені жобалау процессінің әр сатысы бойынша тапсырыс беруші мен атқарушы арасында орындалатын жұмыстардың құрамы, орындалу реті және аяқталу формасы бекітілген. Сатылар мен кезеңдердің орындалу міндеттілігі (жоғарыда аталған Ережелердің 15-қосымшасына сәйкес) бағыныңқы жүйенің типіне байланысты және шарттапсырма бойынша жүргізілетін жұмыстардың жоспар-графигінде көрсетіледі./3.154б/

     Техникалық  жобаны жасау мен жұмыс жобасын  жасау сатыларын тапсырыс берушімен  келісу арқылы техножұмыс жобасына біріктіруге  болады.

     Сатылар мен кезеңдердің жұмыстары автоматтандырылатын объектілердің ерекшеліктеріне тән бағыныңқы жүйенің типіне байланысты, және де олардың толықтырылуы, біріктірілуі немесе алынып тасталулары да мүмкін. Жоғарыда аталған Ережелерге сәйкес, бағыныңқы жүйе келесідей типтердің біреуіне жатқызылуы мүмкін:

    1. ерекше бағыныңқы жүйе, яғни бөлімшелердің несесе Ұлттық банктің тұтас тапсырысы бойынша, сонымен қатар, ақпараттық технологиялар бөлімшесінің бастамасымен, Ұлттық банк пен оның ведомстволық ұйымдарының автоматтандырылу деңгейін арттыру мақсатында жасалатын бағыныңқы жүйе;
    2. сатып алынатын және өзгертулерсіз (немесе маңызды емес өзгертулермен) енгізілетін стандартты қолданбалы программалар пакеті, отандық және шетелдік фирмалармен жасалатын, және соңғы пайдаланушы үшін дайын өнім ретінде сатылатын программалық жабдықтаулар;
    3. Ақпараттық технологиялар бөлімшесімен және территориялық филиалда компьютерлік жүйелерді пайдалану бөлімшесімен Ұлттық банк бөлімшелерінің тапсырысы бойынша, олардың жеке функцияларын автоматтандыру мақсатында жасалатын локальді тапсырмалары.

     Бағыныңқы жүйенің типін анықтау автоматтандырылатын  объектілерді зерттеу кезінде және жобалау алдында зерттеулер жүргізу  сатысындағы  бағыныңқы жүйеге қойылатын  талаптарды құру кезінде жүргізіледі.

  Жобалау алдында  зерттеулер жүргізу сатысы

     Автоматтандырылатын объектілерді зерттеу кезінде ақпараттық технологиялар бөлімшесімен немесе басқа ұйыммен ақпараттық технологиялар  бөлімшесінің қатысуымен дайын программалар пакеті негізінде жобаны іске асырудың мақсаттарын, тапсырмаларын және стратегияларын анықталады, және де программалық жабдықтауды жүргізуді тапсыру немесе немесе жобалауды өз күшімен жүргізу мәселелері ақпараттық технологиялар бөлімшесі жетекшілігінің қарауына беріледі.

     Ақпараттық  технологиялар бөлімшесінің жұмыс жоспарына кіретін бағыныңқы жүйені жасауға/дамытуға тапсырыс бойынша қойылатын талаптардың, нормативті-құқықтық актілердің дұрыстығына, дәл уақыттылығына және толықтылығына мүдделі бөлімше жетекшісіне жеке жауапкершілік жүктеледі./4.202б/

     Автоматтандырылатын объектілерді зерттеу кезінде келесідей жұмыстар атқарылады:

    1. объектілердің автоматтандырылу көзқарасы бойынша ерекшеліктері бекітіледі;
    2. алғашқы деректер мен жасалатын көрсеткіштер құрамы анықталады;
    3. қолданылатын деректерді өңдеу мен есептеу түрлері;
    4. пайдаланушылардың болашақта қолданылатын бағыныңқы жүйеге, енгізілетін және шығарылатын формаларға қойылатын талаптары жасалады;
    5. енгізілетін және шығарылатын, сонымен қатар, өңделетін деректердің түрлері мен көлемі бағаланады;
    6. бағыныңқы жүйенің сыртқы байланыстары орнатылады;
    7. автоматтандырылатын объектіде ұйымдастырылатын бизнес-процестердің тиімділігіне анализ жасалады және бағаланады.

     Қолда бар жобалық шешімдер мен маркетингтік зерттеулерге анализ жасалады. Маркетингтік зерттеулерді жүргізу кезінде мыналардың ақпарат көздері болулары мүмкін: арнайы әдебиет пен компьютерлік периодика, көрмелер, ақпараттық сайттар, тікелей ұйым өкілдерінен – орындаушылары мен дилерлерінен алынған ақпарат.

     Зерттеулер  нәтижелері есеп беру түрінде немесе жұмыстың орындалуына қойылатын талаптар бойынша дайындалады. Есеп беруде жүргізілген маркетингтік зерттеулер нәтижелерінен жиналған деректер және қолда бар жобалық шешімдерді зерттеу нәтижелері, объекттің бизнес-процестерін автоматтандырудың қазіргі жағдайы, пайдаланылатын нормативті-анықтамалық ақпарат, объекттің қызмет ету сапасының бағасы, пайдаланушылардың бағыныңқы жүйеге қоятын жалпы талаптары, бизнес-процестердің реинженерингісі бойынша ұсыныстар, басқа бағыныңқы жүйелермен интеграциялану және бағыныңқы жүйе жасау мүмкіндіктері туралы мәліметтер болуы тиіс.

     Зерттеулер  нәтижесінде жоба жетекшісімен мынадай  мақсаттар үшін реинжениринг ұсынысы  жасалады:

    1. енгізілген ақпараттарды өңдеу уақытын қысқарту;
    2. бөлімшелердың функцияларын ірілендіру мен топтастыру және жұмыс ағындарын орындауға өте қатаң бағытталу;
    3. бөлімшелер арасында және/немесе басқа ұйымдармен байланыстарды оптимизациялау;
    4. өнімділікті арттыру және өндірістік шығындарды азайту немесе жоғалту;
    5. рыноктың сыртқы факторларының өзгерістеріне икемділікті және/немесе ептілікті қамтамасыз ету.

     Есеп  мүдделі бөлімшенің жетекшісімен келісіледі. Келісімнен кейін, есеп ақпараттық технологиялар  бөлімшесіне жетекшілік ететін Төрағаның  орынбасарымен бекітіледі де, жоғарыда аталған Ережелердің 13-қосымшасына  сәйкес тапсыру актісі бойынша программалық қорға тапсырылады. Есеп материалдары техникалық тапсырма дайындау үшін, мемлекеттік сатып алымдар кезінде, конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды даярлау мақсатында қолданылады.

     Зерттеулер  мен бизнес процестерінің анализі  нәтижесі, сонымен қатар, ақпараттық технологияларды дамыту мен қаржыландырудың стратегиялық мәселелері бойынша ұсыныстар қажет болған жағдайда, ақпараттық технологиялар бөлімшесінің жетекшісімен Ақпараттандыру кеңесіне ұсынылады.

     Бағыныңқы жүйенің дамытылуы кезінде бағыныңқы жүйенің жаңа нұсқасын жасау туралы шешімді ақпараттық технологиялар бөлімшесінің жетекшісі төмендегі жағдайлардың біреуі орындалғанда қабылдайды:

    1. бағыныңқы жүйенің программалық жабдықтауының алдыңғы текстінің 25 % -дан асатын бөлігі өзгертілетін болса;
    2. бағыныңқы жүйенің программалық жабдықтауының модификациясы деректер базасының және/немесе бшрнеше модульдердің өзгертілуін талап етсе;
    3. жалпы жүйелік платформаны өзгертуді талап етсе.

Техникалық  тапсырманы жобалау  сатысы

     Техникалық  тапсырманы жобалау сатысы орындаушымен бағыныңқы жүйені жобалаудың таңдалған тәсіліне байланысты жүргізіледі, сонымен бірге, техникалық тапсырмада жасалғандар мүдделі бөлімшелермен келісіледі.

     Автоматтандырылатын объектті зерттеу есебінде көрсетілген, ұсынылған шешімдерге сәйкес орындаушы жобаланып жатқан бағыныңқы жүйеге пайдаланушылар талаптарының төмендегідей анықталған анализін өткізеді:

    1. бағыныңқы жүйенің функционалды құрамы анықталады;
    2. бағыныңқы жүйені жобалаумен байланысты тәуекелділіктер идентификацияланады;
    3. жинақталған автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің (ЖААЖ) бағыныңқы жүйелерімен және басқа да ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен өзара әрекеттесу мәселелері қарастырылады;
    4. ЖААЖ унификациялану мен қолданылу пәні және басқа да бағыныңқы жүйелерден алынуы айқындалған,  қажетті нормативті-анықтамалық ақпараттардың анықтамаларының (жіктегіштердің) саны мен құрылымы анықталады;
    5. енгізілетін және шығарылатын құжаттар анықталады;
    6. енгізілетін ақпараттарды жинау мен бақылауға және шығарылатын формаға (форматқа, жеткізу құралдарына) қойылатын талаптарды анықтау;
    7. жасалынып жатқан жоба бойынша деректерді айқындау анализі жасалады, және бағыныңқы жүйені жобалаудың техникалық тапсырмасына кіретін бағыныңқы жүйені құру талаптары қарастырылады;
    8. бағыныңқы жүйенің құрылымы мен қызмет етуіне, қызметшілердің саны мен жіктемесіне, қауіпсіздігіне, ақпараттың қорғалуы мен оның сенімділігіне, архивтендірілуі мен жүйелік сүйемелделенуіне, сыртқы жүйелермен өзара әрекеттесуіне қойылатын талаптар анықталады;
    9. автоматтандырылатын объектті бағыныңқы жүйеге іске қосу бойынша жүргізілетін жұмыстардың құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар анықталады;
    10. құжаттарға қойылатын талаптар анықталады;
    11. экрандық формаларға және интерфейске, жалпы жүйелік программалық жабдықтауға, техникалық жабдықтауға, желіге, транспорттық ортаға және ақпаратты қорғауға қойылатын талаптар жасалады.

Информация о работе Қаржының мәні, функциялары және рөлі