Қаржының мәні, функциялары және рөлі

Автор: 2********@inbox.ru, 25 Ноября 2011 в 12:12, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуі объективті түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етеді. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелі түрде қамтамасыз етіп отыр. Ақпарат қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстың бір түріне айналды, және де ол айрықша тауар ретінде жалпы ұлттық өнімнің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 БАНКТЕГІ ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНЕ ШОЛУ.....................................................................................................................5
1.1 Дебиторлық борыштар есебінің сипаты....................................................5
1.2 ҚР Ұлттық банкі, оның атқаратын функцияларына сипаттама..............................................................................................................10
1.3 ҚР Ұлттық банкінің дебиторлармен жүргізілетін операциялар есебі........................................................................................................................15
2 ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ..........................................24
2.1 Ақпараттық жүйені құрудың маңыздылығы ........................................24
2.2 ҚР Ұлттық банкіндегі ақпараттық жүйелерінің қолданылуы...........24
2.3 Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар..............................................33
3 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ...........................................................................................................40
3.1 “Іссапарлар шығыстарының есебі” ақпараттық жүйесіндегі тапсырманың қойылымы.................................................................................40
3.2 Ақпараттық база...........................................................................................45
3.3 Тапсырманың математикалық сипаттамасы.....................................................................................................…51
3.4 Программалық жабдықтау.........................................................................52
3.5 Ақпараттық өнімнің анализі және оны пайдалану кеңестері..............59
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................62
ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................................................63
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................65

Работа содержит 1 файл

КР улттык банк.doc

— 503.50 Кб (Скачать)

     Ұлттық  банктің несиелік ресурсы мынадай  көздерден құралады:

  • меншікті қаражат есебінен;
  • басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
  • ҚР төңірегінде тартылған қаражаттардан;
  • арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттары есебінен./24.53б/

  Ұлттық банктің  басқару құрылымы

     Қазақстанның  Ұлттық банкі жоғарыдан басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің  басқару органына: Басқарма және Директорлар  Кеңесі (Директорат) жатады.

     ҚҰБ-нің  жоғары басқару органы Басқарма болып  табылады және басқармаға мынадай негізгі қызметтер жүктеледі:

    • мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;
    • банк қызметіне қатысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;
    • Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
    • банктердің ашылуына рұқсат беру және оларды қайтарып алу туралы шешім қабылдау;
    • жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы шешім қабылдау;
    • банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;
    • алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
    • ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
    • ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің бекітуіне беру;
    • ҚҰБ-нің жылдық балансын және табыс мен зияны туралы есебін қарау және бекіту;
    • ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті, департамент директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
    • банктер үшін пруденциалдық нормативтер ме басқа да міндетті нормаларды және шектерді бекіту;
    • еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және бекіту;
    • ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шешім қабылдау;
    • Директорлар Кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;
    • бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-не арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау.

     Ұлттық  банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады. Ұлттық банктің Басқармасының құрамына:

  • ҚҰБ төрағасы және бес лауазымды тұлғалар;
  • ҚР Президентінен бір өкіл;
  • ҚР Үкіметінен екі өкіл кіреді.

     Ұлттық  банктің оперативтік басқару  органы Директорлар кеңесі болып  табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.

     Ұлттық  банк тек қана ҚР Президентінің алдында  есеп береді. Есеп беру мыналарды білдіреді:

  • Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚҰБ-нің төрағасын 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;
  • ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ төрағасының ұсынуымен ҚР Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;
  • ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Президенті бекітеді;
  • Ұлттық валютаның – теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті бекітеді;
  • ҚҰБ-нің ҚР Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпараттарды беріп отырады.

     Ұлттық  банк өзінің негізгі қызметтерін  жергілікті жерлердегі облыстық басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіктері өз қызметтерін ҚҰБ бекіткен өкілеттігі шегінде ғана жүзеге асырады.

     Ұлттық  банктің функционалдық құрылымына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден  тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілеттіліктері мен ұйымдары кіреді.

     Ұлттық  банктің орталық аппаратында  мыгадай департаменттер мен дербес басқармалары бар:

    • зерттеу және статистика жүргізу департаменті;
    • төлем балансы және валюталық реттеу департаменті;
    • заң қызметі департаменті;
    • монетарлық операциялар департаменті;
    • бухгалтерлік есеп департаменті;
    • ақпараттық технологиялар департаменті;
    • ішкі аудит департаменті;
    • персоналдармен жұмыс жасау департаменті;
    • қолма-қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;
    • халықаралық қатынастар басқармасы;
    • төлем жүйесі басқармасы;
    • Ұлттық банк жетекшілігін қамтамасыз ету басқармасы;
    • операциондық басқарма;
    • бюджетті жоспарлау және бақылау басқармасы;
    • автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйелерді енгізу басқармасы;
    • қауіпсіздік басқармасы;
    • құжаттық қамтамасыз ету мен бақылау басқармасы;
    • шаруашылық жүргізу басқармасы;
    • координация басқармасы (Астана қаласында)
    • бірінші бөлімше.

     Сонымен қатар, ҚҰБ құрылымына мынадайдербес  бөлімшелер де кіреді:

    • Мемлекеттік сақтау қоймасы;
    • Ресей Федерациясындағы Ұлттық банк өкілеттілігі;
    • Банкноттық фабрика;
    • Қазақстан банкаралық есеп-айырысу орталығы (ҚБЕО);
    • Қазақстан ипотекалық компаниясы;
    • Процессингтік орталық;
    • Актуарлық орталық;
    • Банктік сервистік бюро;
    • Ұлттық ақпараттар технологиясы;
    • Автобаза./27/

          Ұлттық банктің  қызметтері мен  операциялары

     Ұлттық  банк мынадай негізгі қызметтерді  атқарады:

  • айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен республикада мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді және монеталардың монополиялық элементі болып табылады, бағалы қағаздарды эмиссиялайды;
  • ҚР Үкіметінің мемлекеттік қағаздарына қызмет етуге қатынасады;
  • Қазақстан аумағында банктердің, еншілес банктердің ашылуына және филиалдары мен өкілеттіліктің ашылуына, сол сияқты банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға рұқсат береді;
  • белгіленген тәртіпте банктердің бағалы қағаздарының эмиссиялау проспектісіне мемлекеттік бағалы қағаздардың эмиссиялау проспектісіне тіркеуге дейін міндетті сараптама жүргізеді;
  • банктердің қызметін бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады және пруденциалдық нормативтер белгілейді;
  • ҚР-да несиелер бойынша сыйақы (мүдделендіру) пайыз мөлшерлемесін реттеуді жүзеге асырады.

     Ұлттық  банк мынадай операцияларды жүргізеді:

  • бірінші кластық эмитенттермен шығарылатын алты айлық қайтару мерзіміндегі міндеттемелерді қайта есепке алады;
  • мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
  • депозиттік сертификаттармен қайтару мерзімі бір жылға жататын борыштық бағалы қағаздарды сатып алады және сатады;
  • депозиттік және есеп-айырысу операцияларын жүргізе отырып, бағалы қағаздарды, басқа да құндылықтарды сақтауға және басқаруға қабылдайды;
  • қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;
  • қажет кезінде банктерде және қаржы ұйымдарында шоттар ашады;
  • чектерді жазып, вексельдерді береді;
  • жарғыға қайшы келмейтін өз міндеттемелеріне сай келетін басқа да банктік операцияларды жүзеге асырады./18.105б/

1.3 ҚР Ұлттық банкінің  дебиторлармен жүргізілетін  операциялар есебі

  Дебиторлармен жүргізілетін  операциялардың жалпы  сипаттамасы

     Шаруашылық  операциялар мен жалақы төлеу  бойынша дебиторлармен жүргізілетін операциялар есебі келесідей қызметтермен жүзеге асырылады:

    1. франт-офисімен;
    2. бэк-офисімен;
    3. Ұлттық банктің бухгалтерлік есеп департаментінің бас бухгалтериясымен.

     Франт-офис – әкімшілік-шаруашылық операциясын  жүргізетін Ұлттық банктің орталық  аппаратының немесе филиалының бөлімшесі, және Ұлттық банк жұмысшыларымен жалақы бойынша қаржылық есеп айырысуды жүргізетін Ұлттық банктің орталық аппаратының бөлімшесі.

     Ұлттық  банктің бэк-офисі – көмекші  бухгалтерлік есеп жүргізетін операциялық  басқармасы.

     Бас бухгалтерия – Ұлттық банктің Бас бухгалтерлік кітабы деңгейінде дебиторлармен және кредиторлармен жүргізілген операциялардың дұрыс көрсетілуін бақылайтын Ұлттық банктің бухгалтерлік есеп департаментінің бөлімшесі.

     Франт-офис қамтамасыз етеді:

    1. бөлімше қызметкерлерінің тізімдік құрамын есепке алу, франт-офис арнайы бөлімшелерінің назарына Ұлттық банк жұмысшыларымен жалақы бойынша есеп айырысуға қатысты бұйрықтар мен басқа да құжаттарды жеткізу;
    2. алғашқы құжаттарды дайындау;
    3. жалақы мен одан ұсталатын ұсталымдар бойынша барлық есеп айырысуларды орындау;
    4. міндетті аударымдар бойынша есеп айырысуларды орындау;
    5. көрсетілетін және қабылданатын қызмет көрсетулер бойынша шарттардың дайындалуы және жасалуы.

     Франт-офиспен  дайындалған алғашқы құжаттарда құжаттың аталуы, оның нөмірі, датасы, Ұлттық банктің дебиторының аты, шаруашылық операцияның қысқаша мазмұны, оның натуралды және ақшалай көрінісі, өкілетті тұлғаларды қолдары болуы тиіс./1.233б/

     Алғашқы құжаттардың тексті мен сандық деректерін өшіру мен оларға өзгертулер енгізуге тиым салынған.

       Бэк-офис көмекші есеп жүргізеді  және құжаттардың қайтадан қайтарылуымен  франт-офистен алынған бас бухгалтерияға  көмекші бухгалтерия есептері  бойынша операциялар көрсетілген  алғашқы құжаттар негізінде дебиторлармен  шаруашылық, әкімшілік-басқару қызметтері бойынша және Ұлттық банктің жұмысшыларымен жалақы бойынша есеп айырысу операцияларының  жүргізілуіне бақылау жасайды.

     Бэк-офис бюджет жіктемесінің кодтары мен  Ұлттық банктің бухгалтерлік есебінің шоттарының жоспары бойынша тиісті операциялардың уақытында көрсетілуіне жауап береді.

       Ұлттық банктің кірістері мен  шығыстарын орталықтандыру кезеңінен  бері барлық кірістер, шығыстар  және тұрақсыздық айыппұлдар  Ұлттық банктің бухгалтерлік  есеп департаментінің Әкімшілік  шығыстар басқармасына аударылады.

     Франт-офис пен бэк-офис жетекшілері көмекші есепті жүргізу кезінде шаруашылық жүргізу мен Ұлттық банк қызметкелеріне жалақы төлеу бойынша дебиторлармен және кредиторлармен операциялардың орындалуына жауапкершілікті жұмысшылар арасында дәл тура бөліп беруге қажет, сонымен қатар, құжаттарды бекітетін және визалайтын тұлғалар құрамын анықтауы тиіс./8.114б/

       Франт-офис пен бэк-офис жетекшілері  операциялардың орындалуына, есептік  құжаттардағы деректердің толықтылығына  және туралылығына, құжаттардың  дайындалуына, тексерілуіне және уақытында бас бухгалтерияға тапсырылуына ішкі бақылау жүргізеді.

       Бас бухгалтерия шаруашылық жүргізу  мен Ұлттық банк қызметкелеріне  жалақы төлеу бойынша дебиторлармен  және кредиторлармен орындалған  операциялардың жалпы есебін  жасайды және көмекші бухгалтерияда дұрыс көрсетілуін қамтамасыз етеді, сонымен қатар, табылған қателерді түзету шараларын іске асырады.

     Бас бухгалтерия бэк-офистен алынған  өтінімдер негізінде шаруашылық жүргізу мен Ұлттық банк қызметкелеріне жалақы төлеу бойынша дебиторлармен және кредиторлармен орындалған операциялар есептеу мен көрсету үшін көмекші бухгалтерияда жеке шоттар ашады.

     Дебиторлармен және  кредиторлармен көмекші  есеп операцияларын  жүргізудегі франт-офистің  функциялары

     Дебиторлармен және кредиторлармен операцияларды орындайтын Ұлттық банк бөлімшесінің франт-офисі Ұлттық банктің бюджетін жоспарлауға қатысады. Дебиторлармен және кредиторлармен орындалатын операциялар бекітілген бюджет көлемінде жүргізіледі.

     Шаруашылық  жүргізу бойынша дебиторлармен  және кредиторлармен операцияларды орындайтын Ұлттық банк бөлімшесінің франт-офисінің негізгі функциясы әртүрлі қызметтерді көрсету мен пайдалану туралы шарт жасасу және олардың орындалуын бақылау болып табылады.

Информация о работе Қаржының мәні, функциялары және рөлі