Қаржының мәні, функциялары және рөлі

Автор: 2********@inbox.ru, 25 Ноября 2011 в 12:12, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуі объективті түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етеді. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелі түрде қамтамасыз етіп отыр. Ақпарат қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстың бір түріне айналды, және де ол айрықша тауар ретінде жалпы ұлттық өнімнің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 БАНКТЕГІ ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНЕ ШОЛУ.....................................................................................................................5
1.1 Дебиторлық борыштар есебінің сипаты....................................................5
1.2 ҚР Ұлттық банкі, оның атқаратын функцияларына сипаттама..............................................................................................................10
1.3 ҚР Ұлттық банкінің дебиторлармен жүргізілетін операциялар есебі........................................................................................................................15
2 ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ..........................................24
2.1 Ақпараттық жүйені құрудың маңыздылығы ........................................24
2.2 ҚР Ұлттық банкіндегі ақпараттық жүйелерінің қолданылуы...........24
2.3 Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар..............................................33
3 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ...........................................................................................................40
3.1 “Іссапарлар шығыстарының есебі” ақпараттық жүйесіндегі тапсырманың қойылымы.................................................................................40
3.2 Ақпараттық база...........................................................................................45
3.3 Тапсырманың математикалық сипаттамасы.....................................................................................................…51
3.4 Программалық жабдықтау.........................................................................52
3.5 Ақпараттық өнімнің анализі және оны пайдалану кеңестері..............59
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................62
ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................................................63
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................65

Работа содержит 1 файл

КР улттык банк.doc

— 503.50 Кб (Скачать)

     Ұлттық  банк жұмысшыларына тиісті еңбек  жағдайларын жасау мақсатында әртүрлі қызметтерді пайдалану үшін қызметтерді көрсететін ұйымдармен Ұлттық банк арасында шарттар жасалады. Шарт екі данада дайындалып, франт-офис жетекшісімен және заң қызметі жетекшісімен визаланады, Ұлттық банк төрағасының жетекшілік жасайтын орынбасарының (немесе Ұлттық банк бөлімшесі жетекшісінің) және қызмет көрсетумен жабдықтаушы  ұйымның өкілетті тұлғасының қолдары қойылып, екі жақтың мөрлерімен бекітіледі.

     Бір данасы қызмет көрсетумен жабдықтаушы  ұйымға беріледі, ал екіншісі Ұлттық банктің заң қызметіне тіркеу мен сақтауға тапсырылады. Шарттан үш көшірме алынады: бірінші көшірме бас бухгалтерияға берілсе, екінші көшірме франт-офис үшін құжаттарда қалады, ал үшіншісі бэк-офиске тапсырылады.

       Ұлттық банк қызметкелеріне жалақы  төлеу бойынша дебиторлармен және кредиторлармен операцияларды орындайтын Ұлттық банк бөлімшесінің франт-офисінің негізгі функциясы алғашқы құжаттар (жұмыс уақытын есептеу табельдері, бұйрықтар, ауру қағаздары және басқа да құжаттар) негізінде жалақыны уақытында және дұрыс есептеу, әр жұмысшы бойынша аяқталған айға деректерді журналды көрсету және есеп айырысу-төлем ведомостін жасау. Ведомосте франт-офис жетекшісінің және төрағаның жетекшілік ететін орынбасарының қолдары қойылады, ал Ұлттық банктің бөлімшелерінде – оның жетекшісінің және бас бухгалтердің қолдары қойылады. Ведомость бэк-офиске беріледі, ал көшірмесі франт-офисте қалады.

     Ұлттық  банктің қызметкерлерінің қарыздық борыштары болған жағдайда франт-офис борыштарды жабу, осы борыштар бойынша  есептелген пайыздарды төлеу және қарыз бойынша басқа да төлемдер мақсатында жалақыдан ұсталатын ұсталымдар бойынша есеп айырысуларды жүргізеді.

     Қызмет  етуші заңнамаға сәйкес Ұлттық банк жалақы қорымен есеп айырысу бойынша, абсолютті соммада, міндетті сақтандыру төлемдерін келесідей мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға аударып отырады:

    1. Қазақстан Республикасының зейнетақы қоры;
    2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;
    3. Қазақстан Республикасының Үкіметінің қол астындағы міндетті медициналық сақтандыру қоры;
    4. мемлекеттік жұмыспен қамтылуға әрекет ету қоры.

     Ұлттық  банк қызметкелеріне жалақы төлеу бойынша  дебиторлармен және кредиторлармен операцияларды орындайтын Ұлттық банк бөлімшесінің франт-офисі міндетті төлемдерді есептеп, олардың шығыстар шоттарында көрсетілуі мен сақтандыру төлемдерін аудару операцияларын жүргізу үшін құжаттар бэк-офиске тапсырылады.

     Егер  де қайта есеп айырысу нәтижесінде  сақтандыру төлемдерінде жетіспеушілік  бекітілсе, онда жетіспейтін төлемдер қайта есеп айырысылатын күні мемлекеттік  бюджеттен тыс қорларға аударылады. Егер де қайта есеп айырысуда артық төлемдер бекітілсе, келесі сақтандыру төлемі артық төленген соммаға азайтылады.

     Алғашқы құжаттарды жасау міндеттемелері жүктелген  франт-офис жұмысшылары олардың  дайындалуына, уақытында бэк-офиске тапсырылуына және ондағы деректердің дұрыстығына жауап береді.

     Екінші  денгейдегі банктерде дебиторлар мен  кредиторлармен  жүргізетің операцияларды, есеп берудің барлық  түрі, банктің  өзінің бухгалтерлік деректер базасында, ақпаратты сақтайтын программаларда,  көруге болады, олардын мынадай түрлері бар: Paradox, Access, Oracle және тағы сол сияқтылары. Мысалы БанкЦентрКредиттің Internet Explorer арқылы банк ішінде МодульДебиторы Кредиторы сияқты программасы банктің есеп берудің барлық түрін XLS(EXCEL) және HTM форматтарында бере алады.      

Ақшалық аванстар бойынша  операциялар есебі

     Ұлттық  банк бөлімшелері қызметкерлерінің іссапар шығыстарына аванстар беру тікелей бөлімшелердің өздерімен  жүзеге асырылады.

     Іссапар туралы бұйрық пен Ұлттық банк бөлімшесі  жұмысшысының ақшалық аванс беру өтінішімен Қазақстан Республикасының іссапар шығыстары туралы бекітілген нормаларына сәйкес, іссапарға жіберілетін жұмысшыға оның есеп беруі арқылы қолма-қол ақша беріледі. Іссапар шығыстарына аванс беру өтінішіне Ұлттық банктің бэк-офисі бөлімшесінің өкілетті қызметтегі тұлғасының қолы қойылады.

     Осындай жағдайда іссапар шығыстарына аванс  беру соммасына келесідей проводка орындалады:

     Дт  – 273 11

     Кт  – 101 00.

     Ерекше  жағдайда Ұлттық банк басшылығының хаттық рұқсаты мен қайтару датасы көрсетіле отырып, берілген уақыттан кейін бір айдан көп кешіктірілмей ақшаны қайтару туралы хаттық міндеттеме бойынша берілуі мүмкін.

     Ұлтық банк бөлімшесінің жұмысшысы іссапардан қайтып келгеннен кейінгі үш жұмыс  күнінен кешіктірмей аванстық есеп беруді және оған қосымша мынадай құжаттарды қоса тапсыруы қажет: іссапарға бару мен одан қайту жазбалары көрсетілген іссапар куәлігі және құралдарды жұмсауды дәлелдейтін құжаттардың оригиналдары.

     Тапсырылған құжаттар негізінде шығыстардың  келесідей түрлері бойынша проводкалар орындалады:

      а)  жолақы бойынша шығыстар:

      Дт  – 969 12

      Кт  – 273 11;

      ә)  тәуліқақы бойынша шығыстар:

      Дт  – 969 11

      Кт  – 273 11;

      б)  пәтерақы бойынша шығыстар:

      Дт  – 969 13

      Кт  – 273 11;

      в)  басқа да шығыстар бойынша есеп айырысулар:

      Дт  – 979 00

      Кт  – 273 11.

     Іссапар шығыстарына берілген аванстан асыра  жұмсауды дәлелдейтін құжаттар болса, іссапарға жіберілген тұлғаға аванстан асыра жұмсаған соммасы төленеді. Мұндай жағдайда келесідей проводкалар  орындалады:

      а)  жолақы бойынша іссапарлық шығыстар:

      Дт  – 969 12

      Кт  – 101 00;

      ә)  тәуліқақы бойынша іссапарлық шығыстар:

      Дт  – 969 11

      Кт  – 101 00;

      б)  пәтерақы бойынша іссапарлық шығыстар:

      Дт  – 969 13

      Кт  – 101 00;

      в)  басқа да іссапарлық шығыстар бойынша  есеп айырысулар:

      Дт  – 979 00

      Кт  – 101 00.

     Есеп  беру арқылы алынған сомманың жұмсалмаған бөлігі іссапардан қайтып келгеннен кейін көп кешіктірілмей, кассаға қайтарылуы тиіс. Жұмсалмаған аванс бөлігіне келесідей проводка орындалады:

     Дт  – 101 00

     Кт  – 273 11.

     Іссапарға бару тапсырысы алынып тасталған  жағдайда, есеп беру арқыл алынған сомма жедел кассаға қайтарылуы тиіс. Жаңа аванс алдында берілген аванс бойынша толық есеп айырысылғаннан кейін ғана беріледі. Тек есеп беретін тұлғаға оның орындайтын тапсырмасы бойнша қолма-қол ақша қажет болған болған жағдайда ғана Ұлттық банк бөлімшесінің бастығымен бекітіліп, қолма-қол ақша беріледі.

     Іссапар мерзімін есепке алу арқылы шетел  іссапарының шығыстарына аванстар Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің бекіткен нормаларына сәйкес, аванс  беруге өтініш толтырылған датадағы шетел валютасының теңгеге шаққандағы Ұлттық банкпен бекітілген бағамы бойынша шетелдік валютаға эквивалент соммада теңгемен беріледі.

     Шетелге іссапар шығыстарына аванс алу  үшін Ұлттық банктің жұмысшысы бэк-офиске келесідей құжаттарды тапсырады:

    1. Ұлттық банк төрағасының немесе оның қызметін атқарушысының қолы қойылған іссапар туралы бұйрық;
    2. шетелдік ұйымдардан шақыру;
    3. төмендегілердің көрсетілуімен аванс беру өтініші:
    • жұмысшының тегі (фамилиясы);
    • жіберілетін орын;
    • іссапар мерзімі;
    • іссапарға жіберілетін тұлғаның қолы.

     Алынған құжаттарға, шетел ваюталары бағамының  бюлетеніне және бекітілген нормаларға сәйкес, бэк-офис аванс беру өтініші  толтырылған датасындағы шетел  валютасының теңгеге шаққандағы Ұлттық банкпен бекітілген бағамы бойынша  шетелмен валютасымен аванстық есеп айырысуды жүргізеді.

     Шетел валютасымен аванс беруге қажетті  құжаттарға жауапты атқарушының, бэк-офис жетекшілерінің қолдары қойылады және шетел валютасын беру үшін Ұлттық банктің арнайы өкілетті бөлімшесіне  тапсырылады. Сол кезде мынадай  проводка орындалады:

     Дт  – 273 12

     Кт  – 466 10.

     Шетел іссапарлары бойынша аванстық есеп берулер Ұлттық банк төрағасының  бюджеттік жоспарлауға (сметаға) жетекшілік ететін орынбасарымен бекітіледі.

     Шетелдік  қызметтік іссапардан қайтып келген тұлғалар бес күн ішінде бэк-офиске жұмсалған соммалар жөнінде аванстық есеп беруді тапсыруы қажет.

     Аванстық  есеп беру іссапарлық куәлік және оған қосымша құжаттар негізінде жасалады және бэк-офиске тапсырылады. Аванстық есеп беруге қосымшаға мынадай құжаттар кіреді:

    • пәтер жалдау бойынша;
    • жол жүру бойынша (таксиді қоса алғанда);
    • өкілдік шығыстары бойынша.

     Аванстық  есеп беру соммасын есептеу дәлелдейтін  құжаттар негізінде аванс беру өтініші  толтырылған датададағы шетел валютасының  теңгеге шаққандағы Ұлттық банкпен  бекітілген бағамы бойынша жүргізіледі.

     Егер  де дәлелдейтін құжаттарға сәйкес асыра  жұмсау немесе жұмсалмаған қалдық болмаса, онда аванстық есеп беруге бэк-офис жетекшісінің және бюджеттік жоспарға жетекшілік ететін төраға орынбаасрының қолдары  қойылады. Бұл бюджеттік жоспар негізінде бэк-офиспен іссапарлық шығыстар бойынша дебиторлық борыштарды алып тастау орындалады:

     Дт  – 969 20, 969 30

     Кт  – 273 12, 273 13.

     Егер  де дәлелдейтін құжаттарда көрсетілген  жұмсалған құралдар соммасы іссапарға  берілген аванс соммасынан аз болатын  болса, онда іссапарға жіберілген тұлға артылған құралдарды іссапар аяқталғаннан кейінгі бес күн ішінде іссапардың аяқталу датасындағы шетел валютасының теңгеге шаққандағы Ұлттық банкпен бекітілген бағамы бойынша шетел валютасында немесе қазақстандық теңгеде қайтарылады.Бес күн ішінде қайтарылмаған іссапарлық шығыстарға аванс беру бойынша валюта құралдарының артықшылығын құраған шетел валютасының теңгеге шаққандағы Ұлттық банкпен бекітілген бағамы бойынша қазақстандық теңгеге енгізіледі. Сол кезде мынадай проводка орындалады:

     Дт  – 101 00

     Кт  – 273 12, 273 13

     Кт  – 779 90.

     Егер  де Ұлттық банктің іссапарға жіберілген тұлғасымен аванс бойынша құралдарды берілген соммадан дәлелдейтін құжаттармен  расталатын асыра жұмсау орын алатын болса, онда іссапарға жіберілген тұлғаға берілуі тиіс сомма іссапардың аяқталу мерзіміне бекітілген шетел валютасының теңгеге шаққандағы Ұлттық банкпен бекітілген бағамы бойынша қазақстандық теңгеде төленеді.

     Бұл кезде келесідей проводкалар  орын алады:

      а)  артық жұмсалған шығыстар соммасына:

      Дт  – 969 30, 969 20

      Кт  – 101 00;

      ә)  аванстық есеп беру соммасына:

      Дт  – 969 30, 969 20

      Кт  – 273 12, 273 13.

         Қазақстан Республикасы  Ұлттық банкінің  жұмысшыларымен жалақы  бойынша есеп айырысу

Информация о работе Қаржының мәні, функциялары және рөлі