Қаржының мәні, функциялары және рөлі

Автор: 2********@inbox.ru, 25 Ноября 2011 в 12:12, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуі объективті түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етеді. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелі түрде қамтамасыз етіп отыр. Ақпарат қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстың бір түріне айналды, және де ол айрықша тауар ретінде жалпы ұлттық өнімнің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 БАНКТЕГІ ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНЕ ШОЛУ.....................................................................................................................5
1.1 Дебиторлық борыштар есебінің сипаты....................................................5
1.2 ҚР Ұлттық банкі, оның атқаратын функцияларына сипаттама..............................................................................................................10
1.3 ҚР Ұлттық банкінің дебиторлармен жүргізілетін операциялар есебі........................................................................................................................15
2 ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ..........................................24
2.1 Ақпараттық жүйені құрудың маңыздылығы ........................................24
2.2 ҚР Ұлттық банкіндегі ақпараттық жүйелерінің қолданылуы...........24
2.3 Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар..............................................33
3 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ...........................................................................................................40
3.1 “Іссапарлар шығыстарының есебі” ақпараттық жүйесіндегі тапсырманың қойылымы.................................................................................40
3.2 Ақпараттық база...........................................................................................45
3.3 Тапсырманың математикалық сипаттамасы.....................................................................................................…51
3.4 Программалық жабдықтау.........................................................................52
3.5 Ақпараттық өнімнің анализі және оны пайдалану кеңестері..............59
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................62
ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................................................63
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................65

Работа содержит 1 файл

КР улттык банк.doc

— 503.50 Кб (Скачать)

АТЫНДАҒЫ  ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 

Экономика және бизнес факультеті 

Макро-микроэкономика кафедрасы 
 
 
 
 
 
 

БІТІРУ  ЖҰМЫСЫ 
 

ҚР  ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ 
 
 
 
 
 
 

Орындаушы:

(Қолы, күні)

Ғылыми  жетекші:

(Қолы, күні) 

Норма бақылаушы: 

(Қолы, күні)

Кафедра жетекшісімен

қорғауға  жіберілді: 

(Қолы, күні)

 
 
 
 

Алматы 2005

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

1 БАНКТЕГІ ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНЕ ШОЛУ.....................................................................................................................5

1.1 Дебиторлық борыштар  есебінің сипаты....................................................5

1.2 ҚР Ұлттық банкі,  оның атқаратын функцияларына сипаттама..............................................................................................................10

1.3 ҚР Ұлттық банкінің  дебиторлармен жүргізілетін  операциялар есебі........................................................................................................................15

2 ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ  ЖҮЙЕ..........................................24

2.1 Ақпараттық жүйені құрудың маңыздылығы ........................................24

2.2 ҚР Ұлттық банкіндегі ақпараттық жүйелерінің қолданылуы...........24

2.3 Ақпараттық жүйеге  қойылатын талаптар..............................................33

3 ДЕБИТОРЛЫҚ  БОРЫШТАР  ЕСЕБІНІҢ  АҚПАРАТТЫҚ  ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ...........................................................................................................40

3.1 “Іссапарлар шығыстарының  есебі” ақпараттық  жүйесіндегі тапсырманың  қойылымы.................................................................................40

3.2 Ақпараттық база...........................................................................................45

3.3 Тапсырманың математикалық  сипаттамасы.....................................................................................................…51

3.4 Программалық жабдықтау.........................................................................52

3.5 Ақпараттық өнімнің  анализі және оны  пайдалану кеңестері..............59

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................62

ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................................................63

ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................65 
 
 
 

КІРІСПЕ

     Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуі объективті түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етеді. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелі түрде қамтамасыз етіп отыр. Ақпарат қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстың бір түріне айналды, және де ол айрықша тауар ретінде жалпы ұлттық өнімнің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.

     Қазақстан Республикасы экономикасының ақпараттық аспектісінің қызмет етуі мен дамуы уақыт өте келе аса маңызды орын алуда, сондықтан экономиканың барлық нақты жағдайларын ақпараттық кеңістікте жариялау арқылы, оны Қазақстан Республикасының барлық ресурстарының тиімді әсерлесуін қамтамасыз ететін ғылымға негізделген ақпараттық технологиялардың көмегімен басқаруға мүмкіндік береді.

     Көптеген  кәсіпорындар нарықтық жағдайда ақпаратты  кез келген мүлік секілді сақтауды, қорғауды және пайдалануды талап  ететін бағалы ресурс ретінде қарастырады. Өндірістік және шаруашылық қызметті басқаруға қажетті ақпарат алу мақсатында кәсіпорын бухгалтерлік ақпараттық жүйесін құрады.

     Бухгалтерлік  есептегі ақпараттық жүйе – бұл  экономикалық объектті басқаруға қажетті  ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу, қайта өңдеу және оны сыртқа шығару жүйесі.

     Бухгалтерлік  есептегі ақпараттық жүйесінің қазіргі  нарығы өте үлкен қарқынмен дамуда. Оның даму тенденциясын келесідей факторлар  арқылы айқындауға болады.

     Біріншісі Қазақстан Республикасының экономикалық басқару құрылымдарын қайта құрумен  және қайта ұйымдастырумен, яғни көптеген шағын кәсіпорындардың, фирмалардың және әр түрлі мүлік нысанындағы банктердің пайда болуымен байланысты.

     Екіншісі  барлық есеп саясатының, есеп әдістемелері мен әдістерінің өзгеруіне алып келген халықаралық есеп талаптарына сай, Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп стандарттарының жасалуы мен енгізілуіне байланысты.

     Үшіншісі  – бұл қарқынды түрде дербес компьютерлер мен программалық өнімдердің сырттан  әкелінуі.

     Төртіншісі  – бұл телекоммуникация құралдарын пайдалану арқылы техникалық және программалық-ақпараттық платформалардың енгізілуіне негізделген жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы.

     Бұл бітіру жұмысы іс-сапарлар шығыстары  есебінің ақпараттық жүйесіне негізделген.

     Бітіру  жұмыстың мақсаты – кез келген уақытта пайдаланушының сұранысына байланысты ақпаратты алып беруді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, бухгалтерияда ақпаратты өңдеуді автоматтандыруға арналған іссапарлар шығыстары есебінің ақпараттық жүйесін құру.

     Бітіру  жұмысы кіріспеден, банктегі дебиторлық борыштар есебі, экономикадағы ақпараттық жүйе және дебиторлық борыштар есебінің “іссапарлар шығыстарының есебі” ақпараттық жүйесін жобалау бөлімдерінен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

     Банктегі  дебиторлық борыштар есебі бөлімінде пәндік облыс, ҚР Ұлттық банкі мен оның атқаратын функцияларына сипаттама, ҚР Ұлттық банкінің  дебиторлармен жүргізілетін операциялар есебі келтірілген.

     Экономикадағы ақпараттық жүйе бөлімінде ақпараттық жүйені құрудың маңыздылығы, ҚР Ұлттық банкіндегі ақпараттық жүйелерінің қолданылуы, оның ақпараттық, программалық, техникалық, математикалық, лингвистикалық және ұйымдастырушылық жабдықтаулардың құрылымына қойылатын талаптар мен дебиторлық борыштар есебінің“Іссапарлар шығыстарының есебі” ақпараттық жүйесінің концептуалды схемасы берілген.

     Дебиторлық  борыштар есебінің ақпаратық жүйесі бөлімінде “Іссапарлар шығыстарының есебі” есептер кешенінің орны анықталып, ақпараттық базаға, математикалық жабдықтау, программалық жабдықтау және пайдаланушы  нұсқаулары жазылған. 
 
 
 

 

1. БАНКТЕГІ ДЕБИТОРЛЫҚ  БОРЫШТАР ЕСЕБІНЕ  ШОЛУ

1.1 Дебиторлық борыштар  есебінің сипаты

     Дебиторлық  борыш – заңды немесе жеке тұлғамен өзара шаруашылық қатынастың қорытындысында олардан кәсіпорынға, ұйымға, мекемеге есептелген төленбеген борыштың сомасы. Кәсіпорынның дебиторлық борышының болуы кәсіпорын қаражатының тікелей көзделген мақсаттан басқа мақсатқа жұмсалғандығы ретінде, демек, кәсіпорын жұмысындағы елеулі кемшілік ретінде қаралады.

     Бухгалтерлік  есеп бойынша ұлттық комиссияның 13.11.96 ж. № 2 “Концептуалды негізде қаржылық есептерді дайындау және тапсыру туралы” Жарғысында “дебиторлық борыш заңдық құқықтарымен қоса, иелік ету құқығымен байланысты актив болып табылады” делінген.

     Жалпы актив ұғымымен мүлік, мүліктік немесе мүліктік емес игліктер және құндық бағаға ие тұлғаның құқықтары түсінділеріледі. Актив түріндегі болашақ экономикалық пайда – бұл тұлғаның ақшалай құрал-жабдықтарының айналымына салынған потенциалды тікелей немесе жанама салым.

     Осыдан  шығатыны, дебиторлық борыш – бұл  заңдық құқықтарымен қоса, иелік ету құқығымен байланысты актив түріндегі болашақ экономикалық пайда. /15.78б/

     1997 ж. қабылданған Бухгалтерлік есеп  шоттарының бас жоспарының 3-бөлімі  қаржылық-шаруашылық жүргізуші субъектілердің  дебиторлық борыштарына арналған. Ол келесідей бөлімшелерден тұрады:

  • 30 “Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борыштары ”;
  • 31 “Күмәнді борыштар резервтері”;
  • 32 “Еншілес серіктестіктердің дебиторлық борыштары”;
  • 33 “Басқа да дебиторлық борыштар ”;
  • 34 “Болашақ кезеңдердің шығыстары”;
  • 35 “Берілген аванстар”.

33 “Басқа да дебиторлық борыштар” бөлімшесіне келесідей шоттар кіреді:

    • Өтеуге қосылған құн салығы (331);
    • Есептелген пайыздар (332);
    • Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары (333);
    • Басқа да дебиторлық борыштар (334).

     Нақты 333 “Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары” шотына тоқталайық. Бұл шотта келесідей дебиторлық борыштар есепке алынады:

    • есеп беретін тұлғалармен есеп айырысу;
    • қарыздар беру;
    • материалдық залалдардарды өтеу.

Есеп  беретін тұлғалармен  есеп айырысулар есебі

     Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі аясында жұмысшыларын қызметтік іссапарларға жіберіп отырады, дүкеннен кеңсе бұйымдарын сатып алады, пошталық аударымдарды төлейді және т.с.с. басқа да шығыстары болады. Осындай шығыстарды ылғи да банк мекемелерімен қолма-қолсыз есеп айырысу арқылы төлеу мүмкін емес. Сондықтан жоғарыда көрсетілген және т.б. шығыстарды төлеу үшін жұмысшыларға олардың есеп берулері арқылы қолма-қол ақша беріледі. Ақша кәсіпорын жетекшісімен бекітілген есеп айырысуға сәйкес беріледі. Аванстар нақты шығыстарды өтеуге қажетті кезде ғана жетекшінің тапсыруымен есеп беру арқылы алынған сомманы жұмсауға рұқсат етілген қызметкерлерге, сонымен қатар, қызметтік іссапарға жіберілген тұлғаларға беріледі. Қызметтік іссапарға ақша іссапарға жіберілген тұлғаларға екі жақты жол ақысын төлеуге, тәуліктік шығындарды және іссапар мерзімі бойы пәтер жалдауға кеткен шығындарды өтеу үшін беріледі. Есеп беру арқылы алынған сомманы жұмсау бухгалтерияға белгіленген мерзімінде тапсырылатын сәйкес құжаттар бойынша, жалпылама түрде аванстық есеп беру арқылы жүзеге асырылады.

     Аванстарды  кассадан беру тек алдыңғы берілген аванстармен толық есеп айырылысқаннан кейін ғана жүзеге асырылады. Есеп айырыспаған  немесе белгіленген мерзімде алдыңғы  есеп беру арқылы алынған сомманың жұмсалмаған бөлігін қайтармаған тұлғалар дисциплинарлық жауапкершілікке, қажет болған жағдайда, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Тұлға аванстың уақытында қайтарылмаған бөлігін жұмысшының жалақысынан ұстап қалуға хұқылы, егер де жұмысшы ұсталымның негізі мен көлеміне қарсы болмаса. Ұсталымдар дәл сол уақытта немесе кейінірек жұмысшы жалақысының қай бөлігінің басқа да төлем шараларынан бос болуына қарамастан жүргізілуі мүмкін. Ұсталымдарды жүргізуге бұйрық авансты қайтаруға бекітілген уақыттан кейін бір ай ішінде берілуі қажет. Бұл мерзімді өткізіп алған жағдайда әкімшілік сәйкес соммаларды ұстап қалу құқығынан айырылады. Осындай жағдайда немесе жұмысшы ұсталымның негізі мен көлеміне қарсы болған жағдайда, төлем шаралары сот шешімімен жүзеге асырылады. Аванстық есеп берумен жұмсалған соммалар жұмысшыға кассадан беріледі. Аванстық есеп берулер бухгалтериямен тексеріледі және содан кейін кәсіпорын жетекшісімен бекітіледі. Дұрыс жасалмаған аванстық есеп берулер мен оған қосымша құжаттар есеп беруші тұлғаларға қайта дайындауы үшін қайтарылады. Аванстық есеп беруге қосымша құжаттар мөрмен немесе қолмен жазылған “Төленді” немесе “Өтелді” деген жазулар мен датаның (жылдың, күннің және айдың) көрсетілуімен бекітіледі.

Информация о работе Қаржының мәні, функциялары және рөлі