Автор: 2********@inbox.ru, 25 Ноября 2011 в 12:12, курсовая работа
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуі объективті түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етеді. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелі түрде қамтамасыз етіп отыр. Ақпарат қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстың бір түріне айналды, және де ол айрықша тауар ретінде жалпы ұлттық өнімнің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 БАНКТЕГІ ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНЕ ШОЛУ.....................................................................................................................5
1.1 Дебиторлық борыштар есебінің сипаты....................................................5
1.2 ҚР Ұлттық банкі, оның атқаратын функцияларына сипаттама..............................................................................................................10
1.3 ҚР Ұлттық банкінің дебиторлармен жүргізілетін операциялар есебі........................................................................................................................15
2 ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ..........................................24
2.1 Ақпараттық жүйені құрудың маңыздылығы ........................................24
2.2 ҚР Ұлттық банкіндегі ақпараттық жүйелерінің қолданылуы...........24
2.3 Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар..............................................33
3 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ...........................................................................................................40
3.1 “Іссапарлар шығыстарының есебі” ақпараттық жүйесіндегі тапсырманың қойылымы.................................................................................40
3.2 Ақпараттық база...........................................................................................45
3.3 Тапсырманың математикалық сипаттамасы.....................................................................................................…51
3.4 Программалық жабдықтау.........................................................................52
3.5 Ақпараттық өнімнің анализі және оны пайдалану кеңестері..............59
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................62
ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................................................63
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................65
Іссапарда жүрген уақытта іссапрадың әр күніне бекітілген көлемде (заңмен бекітілген 50%-дық минималды есептік көрсеткіш бойынша) тәулікақы төленіп тұрады. Демалыс күндері, мереке күндері, сонымен қатар, жолда өткізген күндер де, соның ішінде жолда тоқтауға мәжбүр болған уақыт та ескерілуі тиіс.
Пәтер жалдау бойынша шығыстарды өтеу бекітілген мөлшерден аспайтын көрсетілген шоттар негізінде жүзеге асырылады. Іссапар орнында болуды Іссапарда болған орындарды айқындау мақсатында іссапар куәлігі толтырылып отырады. Іссапар уақыты жол жүруге кеткен уақытты есептемегендегі берілген мерзімнен аспауы тиіс. Пәтер жалдау бойынша шығыстары өтеу құжаттары көрсетілген жағдайда қызметтік іссапарлар тәулікақысының 50%-дық нормасы көлемінде өтеледі. Ал егер іссапар орнына бару мен қайтудың жол жүру құжаттары болмаса, онда шығыстарды өтеу мәселесі жетекшімен бекітілген тәртіп бойынша шешіледі.
Егер де жұмысшы іссапарға шетелге жіберілетін болса, онда іссапарға кету күні мен қайтып оралу күні бір күнге есептеледі. 333 “Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары” шот дебеті бойынша жазбалар келесі шоттардың кредиттерінен алынады: 451 Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша” – кассадан есеп беру арқылы аванстық есеп беруді төлеген кезде; 441 “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” шотынан – аванстарды есеп беру арқылы поштадан аударғанда; 334 “ Басқа да дебиторлық борыштар” шотынан – есеп беру арқылы аванстық чек кітапшаларын беру кезінде; 451 Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша” шотынан – мемлекеттік баж салығының маркаларын, пошталық маркаларды және т.б. есеп беру арқылы беру кезінде. 333 “Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары” шотының кредиті бойынша жазбалар келесі шоттардың дебетерінен алынады: “Материалдар” бөлімшесінің шоттары (201 – 206, 208) бойынша 222 “Сатып алынған тауарлар”, 223 “Басқа да тауарлар” шоттардан – тауарлы материалдық құндылықтарды сатып алу мен транспорттық даярлауды жіргүзуге кеткен шығыстар соммасы; 821 “Жалпы және әкімшілік шығыстар” шоттан – іссапарлық, пошталық, телеграфтық және т.б. шығыстар үшін; 451 Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша” шотынан – авансты кассаға қайтарған кездегі; 681 “Персоналмен жалақы бойынша есеп айырысулар” шотынан – авансты жалақыдан ұстап қалу кезінде; 333 “Жұмысшылар мен басқа да тұлғалардың борыштары” шотынан – есеп беруші тұлғаны жауапқа тарту кезінде, егер де жұмсалған ақшаны оның жалақысынан ұстап қалу мүмкін болмаған жағдайда.
Есеп беруші тұлғалармен (шетелдегі қызметтік іссапарлар, өкілеттік және т.б. шығыстар бойынша) есеп айырысулар шетел валютасымен жүзеге асырылады. Есеп беру арқылы валюта беру бойынша 333 шот пен “Есеп беретін тұлғалармен шетел валютасымен есеп айырысу” қосалқы шоты арқылы дебеттелсе, 451 “ Кассадағы шетел валютасындағы қолма-қол ақша” шоты бойынша кредиттеледі. Шығыстарды шығарып тастау 821 “Жалпы және әкімшілік шығыстар”, 935 “Басқа да шығыстар” шоттарының және т.б. дебеттері бойынша және 333 шоттың кредиті бойынша жүргізіледі.
333
және 452 шоттар бойынша валюталық
операциялар теңгелік
Кредитке сатылған тауарлар бойынша жұмысшылармен есеп айырысулар
Бірінші нұсқа. Кәсіпорын өз жұмысшыларымен міндеттеме тапсырмасы негізінде олардың жалақыларынан кезекті төлемдерді ұстап қалып, оларды сауда ұйымдарына аударады. Бұл операциялар сәйкесінше, 681 “Персоналмен жалақы бойынша есеп айырысулар” шоты мен 333 шот дебеттерінде және 333 шот пен 441 “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” шотының кредиттерінде көрсетіледі.
Екінші нұсқа. Кәсіпорын сауда ұйымдарына кредитке сатылған тауарлар бойынша жұмыс істейтін жұмысшыларынан тиісті соммаларды толығымен өтейді. Мұндай төлемдер үшін кәсіпорын банктен жұмысшылардың жалақыларынан кезекті ұсталымдар мөлшерінде төленіп тұратын несие алуы мүмкін. Әдетте, банкпен берген кредитіне байланысты жүргізілетін сауда ұйымдарының кредитке сатылған тауарлар бойынша есеп айырысу құжаттарын төлеу кезінде 333 шот дебеттеледі де, 603 “Басқа да кредиттер” шоты кредиттеледі. Ал жұмысшылар жалақысынан кезекті төлемдерді ұстап қалу кезінде 681 “Персоналмен жалақы бойынша есеп айырысулар” шоты дебеттеледі де, 333 шот кредиттеледі. Банкке борыштарды өтеу төлемдерін аудару 603 “Басқа да кредиттер” шоты дебетінде және 451 шоттың немесе 441 шоттың кредитінде көрсетіледі.
Тауарларды
кредитке сатып алған тұлғалар басқа
кәсіпорынға ауысқан кезде
Берілген қарыздар бойынша есеп айырысулар
Бұл есеп айырысулар жеке үй құрылысына, бақша үйлерін салуға және т.б. жеке қажеттіліктерге берілген қарыздар бойынша жүргізіледі. Қарыздар бекітілген пайыздық қойылыммен беріледі.
Егер
де құрылыс салушы қарызды басқа
мақсатта пайдаланатын болса, онда кәсіпорын
жедел түрде берілген қарыздың толығымен
қайтарылуын талап етуге
Материалды залалды өтеу бойынша есеп айырысулар
Бухгалтерия ақша құралдарын, тауарлы-материалдық және т.б. құндылықтар түрлерін қатаң бақылауға және сақтауды қамтамасыз етуге, жетіспеушіліктер мен жоғалымдарға кінәлі тұлғаларды анықтап, оларды жауапкершілікке тартуға міндетті. 333 шотта және “Материалды залалды өтеу бойынша есеп айырысу” қосалқы шотында ақша құралдары мен тауарлы-материалды құндылықтардың жетіспеушіліктері мен жоғалымдарының өтеу бойынша есеп айырысу ескеріледі. Кәсіпорынға жетіспеушіліктері мен жоғалымдар бойынша тигізілген залалдар соммасы бөлшек сауда бағасымен есептеледі, егер заңмен тигізілген залалды анықтаудың басқа да реттері қарастырылмаса.
Кінәлі
тұлғалардан ұстап қалынатын
төлем шаралары 333 шоттың дебетінде
және мынадай бөлімшелердің
Жетіспейтін,
жұмсалған және жоғалған соммалар кінәлі
тұлғалардан олардың төлем
Борышкерлердің төлем қабітеттілігінің болмауынан борыштардың сызылып тасталуы оның толық жойылуы деп саналмайды. Сонымен қатар, соммалар 007 “Төлем қабілеттілігі жоқ борышкерлердің залалдарға сызылып тасталған борышы” баланстық шотында сызылғаннан кейінгі бес жыл ішінде көрсетілуі тиіс. Бухгалтерия борышкерлердің мүліктік жағдайы өзгерген жағдайда, айып төлеу шараларын жүргізу мүмкіндіктерін қарастыруы тиіс.
1.2 ҚР Ұлттық банкі, оның атқаратын функцияларына сипаттама
Елімізде
қабылданған банктік
ҚР Ұлттық банкі – мемлекеттік орталық банк ретінде бірінші деңгейді білдіреді.
Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) – екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс жүзінде екінші деңгейдегі банктер деп атайды.
Бүгінгі таңдағы Қазақстанда қызмет ететін банктік жүйенің не бары он үш жылдық тарихы бар. Бұл жүйенің қалыптасуына КСРО-ның ыдырауының нәтижесінде еліміздің өз тәуелсіздігін алуының себеп болғандығын айта кету керек. Содан бері банк жүйесінде түбегейлі реформалау жалғасуда. Ондағы мақсат – отандық банктеріміздің қызметін халықаралық стандартқа өткізу болып отырғандығы да жасырын емес. Бұл талаптарға жауап бермейтін банктерге басқа банктерге қосылу не банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар болып құрылу қажеттігі ұсынылады.
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып, Орталық банк экономикамызда басты орын алады./10.48б/
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, Орталық банктің мемлекетпен біріктірілген кең көлемдегі өкілеттілігі екі деңгейдегі банктік жүйенің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етеді.
Орталық
банктің тарапынан ақша-
Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие ала алады.
Ұлттық
банк – бұл ақшалай резервтерді
құрайтын, оған қоса меншікті алтын
валюта резервтерден, басқа да материалдық
бағалықтардан тұратын
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әр түрлі мынадай құқылық формалары кездеседі:
АҚШ-та орталық банктердің мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық банктердің қосқан жарнасынан тұрады./25.77б/
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері – 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік-құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиесілі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.
Ұлттық
банк резервтік және басқа да қорларды
құрайды. Резервтік қор жарғылық
қор көлемінде құралып, меншікті
пайда есебімен толықтырылады және
жүргізген операцияларға
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде, банкнот пен монеталарды қоса алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады.
Ұлттық
банктің таза табысы жарғылық қорды
және резервтік қорды абсолюттік
соммада құрауға бағытталады. Таза
табыстың қалған бөлігі келесі қаржы
жылындағы республикалық
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің басты міндеті – ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Сол сияқты Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі: