Автор: 2********@inbox.ru, 25 Ноября 2011 в 12:12, курсовая работа
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға енуі объективті түрде ақпараттық нарықтың құрылуын талап етеді. Көптеген дамыған елдерде ақпараттық нарық материалдық өндіріс пен қызмет көрсету салаларын нәтижелі түрде қамтамасыз етіп отыр. Ақпарат қазіргі кезде ұлттық стратегиялық ресурстың бір түріне айналды, және де ол айрықша тауар ретінде жалпы ұлттық өнімнің айрылмас бөлігі бола тұра, ақпараттық өнімдер мен қызметтер нарығында өз сұранысы мен ұсынысына ие.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 БАНКТЕГІ ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНЕ ШОЛУ.....................................................................................................................5
1.1 Дебиторлық борыштар есебінің сипаты....................................................5
1.2 ҚР Ұлттық банкі, оның атқаратын функцияларына сипаттама..............................................................................................................10
1.3 ҚР Ұлттық банкінің дебиторлармен жүргізілетін операциялар есебі........................................................................................................................15
2 ЭКОНОМИКАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ..........................................24
2.1 Ақпараттық жүйені құрудың маңыздылығы ........................................24
2.2 ҚР Ұлттық банкіндегі ақпараттық жүйелерінің қолданылуы...........24
2.3 Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптар..............................................33
3 ДЕБИТОРЛЫҚ БОРЫШТАР ЕСЕБІНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖОБАЛАУ...........................................................................................................40
3.1 “Іссапарлар шығыстарының есебі” ақпараттық жүйесіндегі тапсырманың қойылымы.................................................................................40
3.2 Ақпараттық база...........................................................................................45
3.3 Тапсырманың математикалық сипаттамасы.....................................................................................................…51
3.4 Программалық жабдықтау.........................................................................52
3.5 Ақпараттық өнімнің анализі және оны пайдалану кеңестері..............59
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................62
ӘДЕБИЕТТЕР......................................................................................................63
ҚОСЫМШАЛАР.................................................................................................65
Деректер базасын пайдалану деректерді басқаратын деректер базасында орналасқан программалық құралдарды талап етеді, мұндай құралдарды деректер базасын басқару жүйесі деп атайды. Деректер базасын басқару жүйесі – бұл деректерге пайдаланушылардың қолданбалы ақпараттық жүйелерінен қатынауды қамтамасыз ететін енгізу-шығарудың, жүктеудің, ақпараттық массивтерге өзгертулер енгізудің жалпы жүйелік программалар кешені. Деректер базасын деректер базасын басқару жүйесімен қоса деректер банкі деп атайды, яғни деректер банкінің құрылымы екі бөлімнен тұрады: деректер базасы және деректер базасын басқару жүйесі.
Машина ішіндегі ақпараттық база берілген тапсырманың деректер базасы қатқыл және жұмсақ магниттік дискілерде, компакт-дискілерде орналасқан ақпараттар массивінен (файлдардан) тұрады./17.140б/
Машина ішіндегі ақпараттық база Windows операциондық жүйесіндегі FAT32, NTFS файлдық жүйелерінің көмегімен ұйымдастырылады. Файлдық жүйе – бұл ақпараттық жүйенің файлдардан, каталогтардан және оларды табуға және қатынауға қажетті ақпараттардан тұратын белгілі бір бөлігі.
Файлдық жүйе машина ішіндегі ақпараттық базаны пайдаланушы мен программист арасында ыңғайлы әдіспен ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
Жолдарға тікелей қатынау программалық түрде жасалғандықтан, массивтерді өңдеуде уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
Массивтердің
суреттемесі Б-қосымшасында көрсетілген.
3.3 Тапсырманың математикалық сипаттамасы
Іссапарға бару кезінде жұмысшыларға олардың есеп беруі арқылы қолма-қол ақша беріледі. Ақша бухгалтериямен бекітілген есеп айырысу бойынша беріледі.
Іссапарда
жүрген уақытта іссапарадың әр күніне
бекітілген көлемде (заңмен бекітілген
50%-дық минималды есептік
Пәтер жалдау бойынша шығыстарды өтеу бекітілген көлемнен аспайтын көрсетілген шоттар негізінде жүзеге асырылады. Іссапар орнында болуды Іссапарда болған орындарды айқындау мақсатында іссапар куәлігі толтырылып отырады. Іссапар уақыты жол жүруге кеткен уақытты есептемегендегі берілген мерзімнен аспауы тиіс. Пәтер жалдау бойынша шығыстары өтеу құжаттары көрсетілген жағдайда қызметтік іссапарлар тәулікақысының 50%-дық нормасы көлемінде өтеледі. Ал егер іссапар орнына бару мен қайтудың жол жүру құжаттары болмаса, онда шығыстарды өтеу мәселесі жетекшімен бекітілген тәртіп бойынша шешіледі.
Сонымен, есеп айырысу бойынша келесідей сомма беріледі:
SUM=(DAYL+FLAT+TRAV+MISC)*TERM
DAYL – тәулікақы
FLAT – пәтерақы
TRAV – жолақы
MISC – басқа сомма
TERM – іссапарда жүру уақыты
SUM – жалпы сомма
Іссапардан келгеннен кейін есеп беретін тұлға аванстық есеп беру толтырып, оны бухгалтерияға тапсырады. Дұрыс толтырылмаған аванстық есептер мен оған қосымша құжаттар қайта толтыруға есеп беретін тұлғаларға қайтарылады. Аванстық есеп бойынша жалпы сомма келесідей түрде болады:
ASUM=(ADAYL+AFLAT+ATRAV+
ADAYL – тәулікақы
AFLAT – пәтерақы
ATRAV – жолақы
AMISC – басқа сомма
ATERM – іссапарда жүру уақыты
ASUM – жалпы сомма
AVAT – ҚҚС
Егер
жұмсалған сомма аванс
AOES=SUM – ASUM
AOES – артық жұмсалған сомма
SUM – ШКО бойынша берілген аванс соммасы
ASUM – тікелей аванстық есеп бойынша жұмсалған сомма
Егер
жұмсалған сомма аванс
AMS=ASUM – SUM
AMS – жетіспейтін сомма
SUM – ШКО бойынша берілген аванс соммасы
ASUM
– тікелей аванстық есеп бойынша жұмсалған
сомма
3.4 Программалық жабдықтау
Қолданылатын программалық жабдықтарға сипаттама
Программалық жабдықтау ақпараттық жүйенің мақсаттары мен программалар жиынтығын, сонымен қатар, техникалық құралдар кешенінің қызметін жабдықтауын көрсетеді. Программалық жабдықтау жалпыжүйелік және арнайы болып бөлінеді.
Программалық жабдықтаудың құрамына әмбебап құралдармен қоса, әртүрлі жеке мәселелік облыстарға негізделген пакеттер мен программалар да кіреді.
Программалық жабдықтаудың негізгі үш классын бөліп көрсетуге болады:
Программаны орындау ортасын таңдау кезінде мынадай бірнеше факторды ескерген жөн:
Программалық жабдықтаудың құрылымы
Операциялық жүйе компьютердің барлық құрылғыларының жұмысын және программалық жасауды басқару үшін қажет екендігін білеміз. Ол компьютер мен адам арасындағы байланысты қамтамасыз етеді, бұл дегеніміз операциялық жүйе – компьютерді іске қосқан кезде жүктелетін және оның барлық құрылғыларының жұмысын басқаратын арнайы программа.
Операциялық жүйе қолданушымен диалог ұйымдастырады, орындауға басқа программаларды іске қосады, компьютердің ресурстарын (оперативті жад, дискідегі орынды, т.б.) бөледі.
Адамның көзқарасынша, операциялық жүйе компьютердің электрондық құрауыштары, қолданбалы программалар және адам арасында келістіруші болып қызмет етеді. Ол адамға программаларды іске қосуға, барлық мүмкін деректерді оларға беруге және олардан алуға, программаның жұмысын басқаруға, компьютердің параметрлерін және оған қосылған құрылғыларды өзгертуге, ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік береді. Дербес компьютерде жұмыс істеу, шынында да, оның операциялық жүйесімен жұмыс істеу болып табылады.
Дербес компьютерді, яғни олардың операциялық жүйесін дүние жүзі бойынша жүздеген миллион адамдар қолданады. Дербес компьютердің операциялық жүйесімен танысу да телефон арқылы звондау және теледидарды қосу, банкіні және почтаны, сөздіктерді және анықтамаларды қолдана білу сияқты қазіргі қоғамда соншалықты қажетті болып келеді.
Қазіргі
операциялық жүйе – бұл бірнеше
жыл ішінде жүздеген және мыңдаған
құрастырушылар құратын күрделі
программалық комплекстер. Операциялық
жүйенің сипаттамасы қалың
Көптеген
операцияларды орындаған кезде
ОЖ бізден бізді қызықтырмайтын мынадай
әрекеттерді: мысалы, белгілі секторда
оқитын бастиекті қалай орнатуды,
нақты жолшықтан информацияны оқуды,
дискіден бос жерді тауып және
сонда фалды жазуды және т.б. жасырады.
Біз үшін компьютермен қатынасудың ыңғайлы
әдісі – операциялық жүйе қамтамасыз
ететін интерфейс
маңызды.
Жалпы жүйелік программалық жабдықтау
Қазіргі уақытта дербес компьютерде операциялық жүйенің екі типі кең етек алды. Бірінші типке Microsoft компаниясының жеткілікті ұқсас екі жүйесі жатады: WindowsXP және Windows 2000 Server.
Өз тарихында Microsoft компаниясы ең алдымен Windows NT жүйесін құрастырды. Бірақ сол кездегі дербес компьютерлердің қуаттылығы бұл жүйені тиімді қолдану үшін жеткіліксіз болып шықты. Компьютердің қуаттылығына неғұрлым қарапайым талаптары бар жүйенің қысқартылған нұсқасы Windows’95 деген атпен жарыққа шығарылды және бірден кең таралды. Бұл операциялық жүйе ЭЕМ қолданушыларының алдыңғы интерфейстерімен салыстырғанда елеулі ілгері қадам болып саналады.
Windows
жүйесінің ең маңызды
1. Windows тұйық жұмыс ортасы болып табылады.
Бұл операциялық жүйе деңгейінде қолайлы кез келген операцияларды Windows-тан шықпай-ақ орындауға болатынын білдіреді. Қосымша программаларды жүктеу, дискетті форматтау, мәтіндерді баспаға шығару – мұның барлығын Windows-тан шақырып алуға және Windows-қа операция аяқталғаннан кейін қайтып келуге болады.
Терезе және таңбашалар Windows ортасында қолданушы интерфейсінің негізгі түсініктері болып табылады. Windows шеңберінде орындалатынның барлығы не таңбашасымен (пиктограмма) операция, не тереземен (немесе терезеде) операция болып табылады. Барлық сервистік және қолданбалы программалар үшін терезе құрылымы және оларды басқару элементтерінің орналасуы, сервистік программалар үшін менюдің құрылымы және операциялар жиыны, сонымен қатар маустың көмегімен орындалатын операциялар стандартталынған, яғни белгілі бір стандарт бойынша орындалған.
2. Windows өзі графикалық жүйе болып табылады.
MS-DOS-тағыдай
қолданушыға мәтіндік қатар
Windows жүйесімен UNIX типті операциялық жүйе бәсекелеседі.
UNIX – бұл командалық интерфейсі бар көп есепті көп қолданушылы ОЖ.
Ол 20 жылдан астам бұрын сол кездегі жоғарғы сенімділікті талап етуші есептерді шешетін ең қуатты компьютерлер үшін құрастырылған болатын.
UNIX
және Windows типті жүйелермен барлық
операциялық жүйелердің
Деректер базасын басқару жүйесі. Қазіргі таңда ақпараттардың ағымы үнемі ұлғаюда және бүгінгі күнде ешқандай анықтамалар ақпаратты үнемі және өз уақытында жаңартып отырмақ түгіл, оны сыйғыза да алмайды.
Бұл проблеманы шешу үшін көмекке компьютерлік технологиялар келеді. Компьютерде есептеуді жүргізетін, графикалық бейнелерді, мәтіндерді құруға мүмкіндік беретін программалардан басқа, үлкен көлемді ақпараттарды сақтау, өңдеу және іздеу үшін арнайы программалар бар. Мұндай программалар деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деп аталады.
Қазіргі уақытта дербес компьютерлер үшін реляциялық типтегі ДББЖ екіге бөлінеді: локальдік және өндірістік. Локальдік ДББЖ шағын мекемелерде пайдаланылса, өндірістік ДББЖ ірі кәсіпорындарда серверлік жүйелерде қолданылады. Локальдік ДББЖ мынадай түрлері бар: dBASE, FoxPro, Paradox, Access және т.б. Ал өндірістік ДББЖ мынадай түрлері қолданылады: Oracle, MS SQL Server, Informix, InterBase және т.с.с.