Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 11:48, курсовая работа
Біріккен кәсіпорын дегеніміз екі немесе одан да көп тараптардың бір экономикалық ұйымға біріккен шаруашылық жүргізуші субъект болып табылады және олар бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Олардың еліміздің нарықтық экономика жағдайында алатын орны ерекше. Себебі қазіргі таңда елімізде біріккен кәсіпорындар, әсіресе шетел кәсіпорындары өз қызметін жүзеге асыруда. Оны біз 2004 жылғы 1 қ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ МӘНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1. Біріккен кәсіпорынның мәні
1.2. Біріккен кәсіпорынның құрылымы
ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ ЕСЕП ЕРЕКШЕЛІГІ
Айналымнан тыс активтер мен тауар-материалдық
жинақ есебі
Қаржы инвестициясының есебі
Меншікті капитал, табыстар мен шығыстар есебі
Дебиторлық берешектер мен міндеттемелер есебі
ТАРАУ. БІРІККЕН КӘСІПОРЫННЫҢ АУДИТІ
Аудиторлық тексеру және салықтық есептеу
кезіндегі ерекшелігі
Аудиттің міндеті, әдістері мен талдауда аудит
үшін маңызды нәрселер
Аудиттеу кезінде тексерілетін ақпараттың
көздері мен басшылыққа алынатын нормативтік актлер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
6-кесте
Топ ішінде жасалған, операциялар бойынша кіріс пен шығыстарды шығаратын түзету жазбалары
Бап атауы |
Бас компания |
Еншілес компания |
Түзету жазбасы |
Түзетуден кейінгі шо-ғырландырылған сома | |
Д |
К | ||||
Тауарларды (жұмыс, қызмет) сатудан түсетін табыс |
БТ |
ЕТ |
БТ + ЕТ | ||
Бас компания мен еншілес компанияның арасындағы тауарларды (жұмыс, қызмет) сатудан түскен табыс |
ЖЕТ |
ЖЕТ |
|||
Өткізілген өнімдердің өзіндік құны |
БӨҚ |
ЕӨҚ |
БӨҚ + ЕӨҚ | ||
Бас компания мен еншілес компанияның арасындағы операциялар бойынша өткізілген өнімдердің өзіндік құны |
ЖЕӨҚ |
ЖЕӨҚ |
|||
Жалпы табыс |
|
|
| ||
Кезең шығыстары |
|
|
| ||
Табыс |
| ||||
Табыс салығы бойынша шығыстар |
ТСБШ (табыс салығы бойынша бас компания шығыстары |
ТСБШ |
ЖТСШ (жалпы табыс салығы бойынша шығыстар) |
Түзетуді ескерумен - ЖТСШ |
7-кесте
Кірістер мен шығыстар туралы есептерді шоғырландыру (пайда мен залал)
Бап атауы |
Бас компания |
Еншілес компания |
Түзетілгенге дейінгі шоғырланды-рылған сома |
Түзетуден кейінгі шоғырланды-рылған сома |
Ұзақ мерзімді активтер (инвестициядан басқасы) |
БА |
ЕА |
БА + ЕА |
БА +ЕА |
Тауарлы-материалдық қорлар |
БҚ |
ЕҚ |
||
Бас компания мен
еншілес компанияның арасындағы
операциялар бойынша тауарлы- |
БУҚ |
ВЗМ - өткізілмеген табыс (ӨТ) |
БУҚ - ӨТ | |
Топ ішіндегі есептеулер бойынша дебиторлық берешек (ТД) |
ТД |
ТД |
||
Еншілес компаниядағы инвестиция (ЕК) |
ЕКИ + Г |
ЕКИ + Г |
||
Гудвилл (Г) |
Г | |||
Кредиторлық берешек (К) |
БК |
ЕК |
БК + ЕК |
БК + ЕК |
Топ ішіндегі есеп айырысу бойынша кредиторлық берешек |
|
ТК |
ТК |
|
Азшылық үлесі |
|
|
|
АҮ |
Меншікті капитал (К) |
БӨК |
ЕК =ЕКИ + АҮ |
ӨК + ЕКИ + АҮ |
|
Бөлінбеген пайда |
Түзетулерді қоса ескергенде - ВРПИ | |||
Өткізілмеген табыс |
|
|
ӨТ |
ӨТ |
8-кесте
Топ ішіндегі есептеулерді шығарушы түзетуші жазба
Бап атауы |
Бас компания |
Еншілес компания |
Түзету жазбасы |
Түзетуден кейінгі шо-ғырландырылған сома | |
Д |
К | ||||
Ұзақ мерзімді активтер (инвестициядан басқасы) |
БА |
ЕА |
БА + ЕА | ||
Тауарлы-материалды қорлар |
БҚ |
ЕҚ |
БҚ + ЕҚ | ||
Бас компания мен еншілес компанияның арасындағы операция бойынша тауарлы-материалды қарлар |
БУҚ |
5)УӨТ |
БУҚ – УӨТ | ||
Топ ішіндегі есептеулер бойынша дебиторлық берешек (ТД) |
ТД |
1)ТД |
|||
Еншілес компаниядағы инвестициялар (ЕК) |
ЕКИ + Г |
2)ЕКИ 3)Г |
|||
Гудвилл (Г) |
|
|
3)Г |
| |
Кредитолық берешек (К) |
БКБ |
ЕКБ |
БКБ + ЕКБ | ||
Топ ішіндегі есептеулер бойынша кредиторлық берешек (ТК) |
ТК |
1)ТК |
| ||
Мерзімі ұзартылған табыс салығы |
6) РПН |
ВРПН | |||
Азшылық үлесі (АҮ) |
4)АҮ |
АҮ | |||
Меншікті капитал (МК) |
БМК |
ЕК = ЕКИ + АҮ |
2)ЕКИ 4)АҮ 5)УӨТ |
БК | |
Өткізілмеген табыс |
УӨТ |
Материалдық емес активтер
Материалдық емес активтер - өндірісте ұзақ мерзім пайдалануға болатын (бір жылдан астам), физикалық негізі жоқ ақшаға жатпайтын, бірақ қандайда бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан субъектіге үнемі қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, кәсіпорын тарапынан бақылауда болып, оны пайдаланудан кәсіпорын болашақ экономикалық тиімділік күтеді. Бұл анықтама біріккен кәсіпорынға да тән. Біріккен кәсіпорынның материалдық емес активтерін физикалық негізсіз және оларды материалды немесе материалды емес активтер құрамына кіргізуге болады.
Мысалы, біріккен кәсіпорынның жабдықтары
технологиялық басқаруға
Біріккен кәсіпорынның материалдық емес активтеріне: лицензиялық келісім; компьютерлік бағдарламамен қамтамасыздандыру, патенттер, авторлық құқық, басқа жақтардан алынған тауарлар белгісі, фирмалық атаулар, ноу-хоу, табиғи ресурстарды пайдалану құқығы және тағы басқалар жатады.
Біріккен кәсіпорынның материалдық емес активтерін бағалау:
Біріккен шаруашылық субъектісінде материалдық емес активтер есебі Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есебінің 28-стандартына сәйкес және субъектілердегі қаржы-шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебі бас шоттар жоспарындағы бірінші “Айналымнан тыс активтер” - деп аталатын бөлімнің 10-бас шотының 101-шот – Лицензиялық келісімдер, 102-шот – Программамен жабдықтау, 103-шот – Патенттер, 104-шот – Ұйымдастырру шығындары, 105-шот – Гудвилл, 106-шот – Басқадай материалдық емес активтер – деп аталатын бөлімше шоттарында жүргізіледі.
Материалдық емес активтердің біріккен кәсіпорынға келіп түсуі мен шығуы бір данада жасақталған №1 нысанындағы “Материалдық емес активтерді қабылдау-өткізу актісінде көрсетіледі.
Актлерде материалдық емес активтердің дәл атауы, кәсіпорынға дәл өткізілген (келіп түскен) күні, объектінің сипаттамасы, бастапқы құны, амортизация нормасы көрсетіледі.
Біріккен кәсіпорынның материалдық емес активтері басқа кәсіпорынға табыс етілгенде (сатылғанда, өтеусіз берілгенде) акт екі данада жасалады; өткізуші және қабылдаушы кәсіпорындарға. 10-бөлімшенің шоттары бойынша талдамалы есеп материалдық емес активтерді есепке алудың №2 МЕА нысанындағы инвентарлық карточкасында жүргізеді. Инвентарлық карточкалардың деректерін материалдық емес активтерді есепке алу ведомосінде топтастырады, онда материалдық емес активтердің атауы, ай басындағы және соңындағы қалдықтары, ай ішіндегі қозғалысы келтіріледі. Есеп компьютерленген жағдайда осындай принциппен машинограммада жасалды.
Біріккен кәсіпорынға материалдық емес активтердің келіп түсуі.
Басқа заңды және жеке тұлғадардан сатып алынғанда сатып алынған материалдық емес активтердің келісім құнына (ҚҚС-сыз) Д-т 101-103,106 К-т 671, ҚҚС сомасына Д-т 331 К-т 671, ҚҚС-ты есепке алғанда Д-т 633 К-т 331, ұсынылған шотты төлегенде Д-т 671 К-т 441, 431, 451, 452жазулары жазылады.
Материалдық емес активті кәсіпорынның өзі жасаса (бағдарламалық қамтамасыз ету, интеллектуалды құн объектісін құру, сауда белгілерін әзірлеу), жұмсалған материалдардың құнына Д-т 901 К-т 201-206, әзірлеушілердің жалақысына Д-т 902 К-т 681, жалақыдан аударым сомасына Д-т 903 К-т 635, материалдық емес активтерді жасау жөніндегі шығындарға Д-т 900 К- т 901, 902, 903, жасалған материалдық емес активтің нақты құнына (оны балансқа алған кезде) Д-т 102, 106 К-т 900 жазулары жазылады.
Біріккен кәсіпорындардың материалдық емес активтерін жасауға байланысты шығындарды оның түрі мен оны жасаумен айналысатын бөлімшеге байланысты 92, 93-бөлімшелердің шоттарында ескеруге болады.
Біріккен кәсіпорындарға материалдық емес активтердің жарғылық капиталға салым ретінде түскенде мәлімделген жарғылық капиталдың сомасына Д-т 511 К-т 501-503 жазуы, ал келіп түскен материалдық емес активтердің сомасына Д-т 101-103, 106 К-т 511жазуы жазылады.
Шаруашылық серіктестіктер туралы
Қазақстан Республикасының
Біріккен кәсіпорындардың материалдық емес активтерінің есептен шығарылғанда басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталына салынса материалдық емес активтердің баланстық құнына Д-т 841 К-т 101-103, бұрын есептелген тозудың сомасына Д-т 111-113, 116 К-т 101-103, 106, келісім құнына Д-т 141-144 К-т 721, ҚҚС сомасына (айырмашылықтан) Д-т 821 К-т 633, жыл соңында барлығы жиынтық кірістің кемуіне Д-т 571 К-т 841, 842, жиынтық кірістің артуына Д-т841, 821 К-т 571 жазулары беріледі.
Моральдық тозуына және кәсіпорынға пайда әкелу қабілетін жоғалтуына байланысты материалдық емес активтердің есептен шығарылғанда материалдық емес активтердің баланстық құнына Д-т 841 К-т 101-103,106, бұрын есептелген тозудың сомасына Д-т 111-113, 116 К-т 101-103, 106, жыл соңында Д-т 571 К-т 841 жазулары жазылады.
Сатуға байланысты материалдық емес активтерді есептен шығарғанда материалдық емес активтердің баланстық құнына Д-т 841 К-т 101-103, 106, бұрын есептелген тозудың сомасына Д-т 111-113, 116 К-т 101-103, 106, сатылған активтердің келісім құнына (ҚҚС-сыз): Д-т 301 К-т 721, ҚҚС сомасына: Д-т 301 К-т 633, ҚҚС бюджетке төленгенде Д-т 633 К-т 441, сатып алушы шотты төлегенде Д-т 431, 441, 451, 452 К-т 301, жыл соңында Д-т 571 К-т841, зиян шеккенде Д-т 721 К-т 571 жазулары жазылады.
Өтеусіз берілсе баланстық құнға Д-т 841 К-т 101-103, 106, материалдақ емес активтердің баланстық құнына Д-т 111-113, 116 К-т 101-103, 106, ҚҚС сомасына Д-т 821 К-т 633, жыл соңында Д-т 571 К-т 841, 821 жазуы көрсетіледі.
Біріккен кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызмет процесінде материалдық емес активтер моральдық тозуға ұшырайды.
Есептелген тозудың мақсаты – пайдаланудың белгіленген мерзімі ішінде тозуды өндіріс пен айналымның шығындарына қосу есебінен олардың құнын өтеу үшін көздерді қалыптастыру. Материалдық емес активтердің амортизациясын есепке алу үшін 11-“Материалдық емес активтердің амортизациясы” бөлімшесінің 111-116-шоттары көзделген. Бұл шоттар пассивтік әрі реттеуші сипаттағы шоттар. 111-116-шоттарының кредиті бойынша материалдық емес активтер амортизациясының (тозуының) ай басындағы қалдығын, ай ішіндегі есептелгенін және есепті айдың соңындағы қалдығын көрсетеді, ал 111-116 шоттарының дебеті бойынша МЕА амортизациясының (тозуының) есептен шығарылуы (кемуі) көрсетіледі.
Біріккен кәсіпорынның материалдық емес активтері бойынша амортизация бастапқы құнынан есептелген нормалар және МЕА болжамды ұтымды пайдалану мерзімі бойынша ай сайын есептейді. Амортизация нормасының мерзімін анықтау мүмкін емес. МЕА бойынша мерзім 10 жылға, бірақ кәсіпорынның жарғыда белгіленген қызметінен аспайтындай болып белгіленеді.
Мысалы: Субъект ЭЕМ-ге бағдарламалық қамтамасыз ету сатып алды, құны 120,0, ұтымды пайдалану мерзімі 5 жыл (60 ай) болып белгіленген.