Отчет по практике в АО "АТФ банк"

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 14:32, отчет по практике

Описание работы

Диплом алдындағы практиканың негізгі объектісі «АТФБанк»АҚ – өз клиенттеріне банктік қызмет көрсету және пайда табу мақсатында банктік шаруашылықты жүзеге асыру. Практиканы өту барысында маған тапсырма берілді- банк шаруашылығымен танысу және жүйені түсіну , сонымен қатар банк өнімдерін терең зерттеу.
Практиканың мақсаты- дипломдық жұмысты жазуға материалдар жинау және өндірістік кәсіпорын шаруашылығымен танысу болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсатын зерттеу мыналардан тұрады:

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………….… 3

І. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының жалпы сипаттамасы........................4
1.1. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының даму тарихы..........................4
1.2. Банкті басқарудың ұйымдастыру құрылымы....................................8
1.3. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының Еншілес компаниялары......8
1.4. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының көрсететін қызмет түрлері....................................................................................................................14

ІІ. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының қаржылық көрсеткiштерiне
жалпы талдау........................................................................................................20
2.1. Негiзгi қаржылық көрсеткiштерi.............................................................20
2.2. АТФБанк активтерыне қаржылық талдау.............................................22
2.3. Кредиттік саясат. Тұтынушылық кредит беру......................................36
2.4. Шағын және орта бизнес. Заңды тұлғалар............................................41

Қорытынды............................................................................................................44

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................45

Работа содержит 1 файл

Отчет_Готовый_на_распечатку.docx

— 225.09 Кб (Скачать)

 

Депозит шарттарының артықшылығы мол, бәсекеге

қабілетті және қосымша жеңілдіктері бар:

 

-сыйақыны жоғалтпай, депозитті бір валютадан екінші валютаға айырбастау, төлем карточкасын жеңілдік шарттарымен алу. Банк жеке тұлғалар салымы рыногында 4-ші орын алады. Депозиттік қоржын көлемі 2011 жылғы 01 қаңтарда 131 979 млн. теңгені құрады, депозиттік қоржынның өсімі 69 097 млн. теңгені халықтың салымын ұлғайтуға айтарлықтай мүмкіндік туғызды, өйткені ірі еуропалық Банктің және топтың беделі мен рейтингісі біздің халықтың салым қауіпсіздігіне үлкен сенім туғызды.

 

Халықаралық қаржы  институттарымен өзара әрекеттестiк

2010 жылғы елеулі оқиға – АТФБанктің австриялық Bank Austria-ның

мажоритарлық акция пакеттерін сатып алу арқылы еуропалық UniCredit Group құрамына енуі. Осы мәміленің сәтті аяқталуына байланысты, халықаралық рейтинг агенттіктерінің үшеуі де АТФБанктің кредиттік рейтингісін 2-3 деңгейден Қазақстан Республикасы еліндегі ең жоғарғы деңгейіне дейін көтерді. Осылайша, Moody’s агенттігі АТФБанктің

ұзақ мерзімді кредиттік  рейтингісін «Вa1»-дан «Вaa2»-ға дейін, «Тұрақты» деген болжаммен, Standard & Poor’s агенттігі «В+»-дан «ВВ+»-ға дейін, 3-деңгейге,«Тұрақты» деген  болжаммен, ал Fitch Ratings агенттігі «BB-»-дан  «BBB+»-ға дейін, Қазақстан Республикасы еліндегі ең жоғарғы деңгейіне көтерді.

2010 жылғы тамыз айында Голландия мен Германияның даму инсти-

туттарымен Орта мерзімді келісімдер бекітілгенін айта кеткен жөн:

FMO (Nederlandse Financierings – Maatschappijvoor Ontwikkelingslanden N.V.) және DEG (Deutsche Investitions – und Entwicklungsgesellschaft mbH), жалпы сомасы 207 млн. АҚШ доллары. Мұндай шешімге АТФБанктің жоғарыда аталған даму институттарымен ұзақ мерзімді қарым-қатынастары себеп болды.2010 жылғы қазанда Банк Deutsche Bank AG және Raiffeisen Zentralbank Osterreich AG ұйымдастыруы бойынша 550 млн. АҚШ

доллары көлемінде, 370 күндік мерзімге 2009 жылғы қазан айында алған синдицирленген заемын сәтті өтеді. Осы заем бойынша қатысушы-банктер саны Таяу Шығыс, Еуропа, АҚШ және Азия елдерінің 50 банкісінен астамын құрайды. Сонымен қатар 2010 жылғы қазан айында 550 млн. АҚШ доллары көлемінде, 6 ай мерзімге заем тартылған болатын. Аталған мәміленің ұйымдастырушылары мен кредит берушілері Raiffeisen Zentralbank Osterreich AG және Bank Austria болды.Экономиканың нақты секторы шетел серіктестерімен транзакция жүргізуге қызығушылықтың өсуін есепке ала отырып, АТФБанк өз клиенттері мен контрагенттеріне жоғары класты қаржы институттарымен бірігіп, сауданың барлық түрлерін қаржыландыруды ұсынды. Қазіргі таңда, Банктің кредиттік желісінің жалпы сомасы 500 млн. АҚШ долларын құрайды. Банктің 2010 жылы сауданы қаржыландыруға тартылған қаражаттарының жалпы көлемі 256,3 млн. АҚШ долларынан астам соманы құрады.Сондай-ақ 2010 жылғы сәуір айында Оңтүстік Кореяның Export-Import Bank of Korea («KEXIM») мемлекеттік банкімен 2009 жылғы 20 шілдеде жасалғанКредиттік Келісімге АТФБанкке қатысты бұрын бекітілген кредиттік желінің 10 млн. АҚШ долларынан 30млн. АҚШ долларына дейін артқаны туралы Қосымша Келісім жасалғанын атап өткен жөн. Аталған жедел кредиттік желінің өсуінің негізгі себебі, Оңтүстік Кореядан жеткізілетін тауарларға АТФБанк клиенттерінің импорт жобаларын қаржыландыруы бойынша, KEXIM тарапынан АТФБанкпен бұдан әрі серіктес болуға үлкен қызығушылық білдіруі болды. Бір жыл ішінде Банк халықаралық даму институттары – ЕҚДБ, FMO, DEG, KfW және Дүниежүзілік банкпен белсенді ынтымақтастықта болды.

Біз Еуропалық қайта құру және даму банкімен серіктестіктің едәуір жоғары деңгейіне қол жеткіздік, оның шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бойынша бағдарламасы Қазақстанда 1998 жылдан бері сәтті іске асырылуда. ШОБ субъектілеріне кредит беру бағдарламасы банктің барлық филиалдарында таралған. АТФБанк ЕҚДБ шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру бағдарламасын іске асыру бойынша өкілеттік берген Қазақстандағы алғашқы банк болғандығын атап өтуге болады.

Банк келесі бағыттар бойынша  ЕҚДБ-мен белсенді түрде жұмыс  жасауда:

       • Сауданы Қаржыландыру Бағдарламасы (Trade Facilitation Programme) аясында Банк клиенттерінің сауда жобаларын 45 млн. АҚШ долларына дейін қаржыландыру.

       • ЕҚДБ-мен біріге отырып, Қазақстанның Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету бағдарламасы (KSBP II) аясында, 10 млн. АҚШ доллары көлемінде шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыру.

       • Лизинг және ауыл шаруашылық құрал-жабдықтарын сатып алу жобаларын 10 млн. АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру.Қазіргі таңда Банк ЕҚДБ және IFC-пен шағын және орта бизнес секторын қаржыландыруға қатысты келіссөздер жүргізуде.

АТФБанк еуропалық және азиялық  инвесторлармен, сондай-ақ АҚШ инвесторларымен  жақсы таныс, 2004-2010жж.аралығында Банк халықаралық капитал рыногына еурооблигацияларды жеті рет шығарып, өзінің бағалы қағаздарын сомасы 1,600 млн. АҚШ долларында орналастырды:

   -2004 жылғы мамыр айында Банк жалпы сомасы 100 млн. АҚШ долларына,

3 жыл мерзімге еурооблигациялардың  бірінші шығарылымын жүзеге асырды.

Купон – 8,5 %. Шығарылымның жетекші  ұйымдастырушысы – ING Bank болды.2004 жылғы  қараша айында АТФБанк 200 млн. АҚШ доллары  сомасына, 5 жыл мерзімге еурооблигациялардың  екінші шығарылымын жүзеге асырды. Купон – 8,875%. Жетекші менеджерлер  – Credit Suisse First Boston және HSBC болды.

   -2005 жылғы сәуір айында Банк алғаш рет өзінің еурооблигацияларын американдық инвесторлар арасындағы Reg S/144A Ережесі бойынша

200 млн. АҚШ доллары сомасына, 7 жыл мерзімге орналастырды.

Купон – 9,25%. Жалғыз жетекші  менеджер – Credit Suisse First Boston болды.

Сол жылғы қазан айында АТФБанк Еуропа мен Азия инвесторлары арасында еурооблигацияларын 200 млн. АҚШ  долларына,5 жыл мерзімге орналастырып, рынокқа қайта шықты. Купон – 8,125%. Жетекші менеджер – HSBC және Deutsche Bank AG болды.

   -2009 жылғы мамыр айында Банк өзінің ең «ұзын» еурооблигацияларын Reg S/144A Ережесі бойынша 10 жыл айналым мерзіміне 350 млн. АҚШ доллары жалпы сомасында орналастырды. Купон – 9,0%.Жетекші менеджер – ING Bank және Deutsche Bank AG болды. 2009 жылғы қараша айында, жоғарыда құрылымы арқылы жалпы сомасы 100 млн. АҚШ долларына, мерзімі шектелмеген еурооблигациялардың алтыншы шығарылымы жүзеге асырылған болатын.Купон – 10,0%. Жетекші менеджерлер – ING Bank және HSBC болды.

   -2010 жылғы ақпан айында жалпы сомасы 450 млн. АҚШ долларына Еурооблигациялар орналастырылды. Купон – 9,25%. Аталған шығарылым алдыңғылар құрылымы арқылы жүзеге асырылды.Жетекші менеджер – Citigroup және ING Wholesale Banking болды.Банк құжаттамалық операцияларды,экспортқа дейiнгi және экспорттан кейiнгi қаржыландыруды растау бойынша қызметтердi ұсынады және көрсетедi

 

Аймақтық даму

2010 жылы аймақтық желіні дамытуға маңызды қадам жасалды, республикадағы бірнеше аймақта Банк орындары ашылды. 4 жаңа филиал мен 83 қосымша офис қызмет жасай бастады. Бір жыл ішінде филиалдық желіні айтарлықтай ынталандыру жүргізілді, Банктің 6 филиалы қосымша офистер ретінде қайта құрылды. Банктің Стратегиясына сәйкес, аймақтық

желіні бұдан әрі де дамыту және Банктің Қазақстан Республикасындағы 

экономикалық маңызды  аймақтарында болуын және аймақтардағы рыноктарда бәсекелестік позициясын кеңейтуді жүзеге асыру қарастырылған.

 

Тәуекелдi басқару

UniCredit Group-тың қуатты ресурстары, менеджменттің жоғары стандарты  АТФБанктің Қазақстандағы позициясын кеңейтуге және күшейтуге мүмкіндік береді. Еуропалық банк жүйесіндегі көшбасшы UniCredit Group-тың тәжірибесі АТФБанктің дамуына айтарлықтай әсер етті және Банктің көп жылдарға дейінгі серіктесі болады.Топтың саясаты – қаржылық институттарды дамыту және нығайту болып табылады. Қазіргі уақытта банкте UniCredit тобының талаптарын ескере отырып, бизнес процесстерді қайта ұйымдастыру жүргізіліп жатыр.

Департамент құрылымында  жаңа ұйымдастырылған формаға кредиттік  тәуекел блогы кірді, тиісті басқармалар кредит берудің негізгі бағыттары бойынша топталған:

   - корпоративті қаржыландыру, ШОБ және Бөлшек бизнес. Бұдан әрі дамыған несиелік қоржын тәуекелін талдау басқармасы, дамуын атап айтар болсақ, нысаналы тәуекелдер талдауының белгілі бір сегментіне бағытталған бөлімдер ашу.

   -кредит беру бойынша жинақталған тәжірибені, кредиттік тәуекелді азайту

бойынша халықаралық тәжірибе мен UniCredit тобының талаптарын ескере отырып, Банкте кредит беру ережелері  мен рәсімдерін жетілдіру процесі  жалғасуда.

Тәуекел менеджменті институттары банктің барлық филиалдары мен еншілес  компанияларында, сонымен қатар  «АТФБанк-Қырғыстан» ААҚ (Бішкек қ.Қырғызстан) және «Банк-Сибирь» ЖАҚ (Омск қ. Ресей Федерациясы), дамуын жалғастырып келе жатыр. Филиалдар мен еншілес компаниялардың тәуекел менеджерлері кредиттік тәуекелдерге адекватты бағалау мен бақылауды қамтамасыз етеді және өз жұмыстарында Тәуекел менеджменті департаментіне бағынады. Кредит тәуекелін басқару Basel II талаптарына сәйкес, стандартты негізде жүзеге асады. UniCredit Group кредитті тәуекелдерді басқарудың жалпы стратегиясы аясындағы ішкі рейтингтер моделі негізінде кредитті тәуекелдерді басқаруға бұдан ары көшу бойынша дайындық жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Банкте тоқсан сайынғы негізде, банктің несиелік қоржынының сезімталдығына әртүрлі факторлардың әсер етуіне, мысалы мерзімі өткен кешіктірілудің деңгейінің

көтерілуі мен жылжымайтын  мүліктің бағасының түсуіне талдау жүргізіледі.

Стресс-тестілеу нәтижесі банкке осы факторлардың жағымсыз салдарына 

қарсы қорғаныс бойынша іс-шараларды  шұғыл қабылдауға мүмкіндік береді.

2010 жыл «АТФБанк» АҚ-тың қызметкерлері үшін өркендеу мен дамудың маңызды белесі болды. АТФБанк дамуының негізгі стратегиялық бағыттары – филиал желілерін кеңейту, клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру және «АТФБанк» АҚ-тың Кадрлық саясатымен тығыз байланысты АТФБанктің халықаралық UniCredit Group-қа қосылуы. 2010 жылы АТФБанктің Кадрлық саясатының басымдылық бағыттарында қызметкерлерді іріктеу және оқыту мақсат етілді, әсіресе клиенттермен тиімді жұмыс жүргізу және басқару дағдылары салаларында. Өзгерістер процесі мен Банктің қабылдаған өркендеу стратегиясына байланысты басты міндеттердің бірі – корпоративтік мәдениетті нығайту және дамыту болды.

2011 жылы басымдылықта болатын басты бағыттардың бірі ретінде қызметкерлерді жұмыста ұстап қалу болмақ. АТФБанк өз қызметінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігіне де назар аударуда.

2010 жылы АТФБанк демеушілік және мейірімділік бағдарламалары бойынша белсенді және нысаналы жұмыстар атқарды. Еліміздің рухани және әлеуметтік дамуы АТФБанк үшін маңызды фактор болғандықтан, корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктің негізгі құрама бөлшегі ретінде мейірімділік және гуманитарлық инвестициялау болып табылады.

Әлеуметтік жауапкершілік  идеясы 2010 жылы жүзеге асырылған бірқатар жобаларда өз көрінісін тапты. UniCredit Group өз қызметінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін басты орынға қойып отырғандықтан, АТФБанк 2011 жылы өзінің таңдап алған бағыты бойынша қызметін жалғастырды және демеушілік пен мейірімділік жобаларына одан әрі де қолдау көрсетпек.

 

Адам ресурстарын  басқару

      АТФБанктің 2009 жылдағыдай 2010 ж.Кадрлық саясатындағы басты бағыты – персоналдарды іріктеу және оқыту, сонымен қатар корпоративті мәдениетті нығайту мен дамыту, ол Банктің қабылдаған дамустратегиясымен қамтамасыз етілген. Персонал тұрақтылығы да маңызды мәселе

болып табылады. Банктің 2010 ж. стратегиясының негізгі бағыттарының бірі филиалдық желілерді дамыту, Қазақстан аймақтарындағы позицияны дамыту болғандықтан, персонал санының өсуі заңдылық, оны 1-сур. көруге болады. Банк персоналының сапалы құрамы туралы айтқанда, Банктегі позициясына байланысты және гендерлік ерекшелігін ескере отырып, қызметкерлердің орташа жасы бойынша диаграмманы көруге болады. Ескере кететін жайт, Сандық құрамы жағынан әйелдер ер-азаматтардан басымырақ. АТФБанк персоналы құрамының тағы бір сапа көрсеткіші –білімі. Персоналды қабылдаған кезде, әрине, жоғары білімді және тиісті профильдегі кандидаттарға басымырақ көңіл бөлінеді. Банктің негізгі құрамы – жоғары білімді, МБА дәрежесіндегі, және экономикалық профильдегі қызметкерлер.

Персоналды оқыту және дамыту тұрғысынан стратегиялық бағыттарға көп көңіл бөлінеді, ол:

-клиенттерге сапалы қызмет көрсету және олардың кәсіби білімдері мен дағдылары. Банкте 2009 жылдан бастап клиенттермен тиімді жұмыс жасау үшін қажетті, сонымен қатар бірінші кезекте Банк филиалдарындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған басқару дағдыларын дамыту бойынша үздіксіз оқытатын бағдарламалар жұмыс істейді.

 

 

 

Әлеуметтік жауапкершілік

      Кез келген компания даму барысында уақыт өте келе өз пайдасы туралы ғана емес, қоғам өмірінде алатын орны туралы ойланатын кез келеді. АТФБанк өз қызметінде мәдени және әлеуметтік жобаларды қолдауға және

демеушілікке үлкен көңіл  бөлуде. 2004 жылдан бері АТФБанк Шектеулі

мүмкіндіктегі балалар мен  жастарға арналған сауықтыру орталығын  құра отырып, Мүгедек балалардың ата-аналар ассоциациясын (МБАА) қамқорлыққа алды. Бүгінгі таңда МБАА туа біткен церебралды сал ауруы мен дене бітімі және менталды дамудың күрделі  ауытқушылықтары бар 

мүгедек балаларды тәрбиелеп  отырған 350 отбасын біріктіріп отыр. Орталықта кешенді психологиялық  және дене бітімін сауықтыру жүргізіледі, бастауыш және орта білім беру мектебінің, творчестволық даму мен  тұрмысқа бейімделудің арнайы бағдарламасы жасалған.

      Банк жыл сайын, 9 Мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай, болашақ ұрпақтарға бейбіт өмір, бостандық пен бірлік сыйлаған Ұлы Отан Соғысының Ардагерлеріне қаржылық мейірімділік қолдау шарасын жүргізеді.Сонымен бірге, АТФБанк «Terra Vita» желкені астында тұңғыш Қазақстандық жер шарын айналу экспедициясының ресми серіктес банкі болды. Жер шарын айналу теңіз саяхатының ұйымдастырушысы – Орталық Азия Географиялық Қоғамы. Жер шарын айналу экспедициясы 2010 жылы Еуразия континентінің дәл орталығынан басталып, жолында көптеген мемлекеттердің су шекараларынан өтпек. Бұл жоба бүгінгі Қазақстанның теңіз державасы ретіндегі бейнесін әлемге паш ете отырып, оның мәдени, индустриалық және қаржылық әлеуетін көрсетеді. Бүгінгі таңда, Орталық Азияның бірде-бір мемлекеті мұндай ауқымдағы жобаларды жүзеге асырған жоқ деп сенімді түрде тұжырымдай келе, Қазақстан мен қазақстандықтар бұл бағытта тұңғыш жол салушы екенін мақтанышпен айта аламыз. Дүние жүзінде ешкім материктің орталығынан жер шарын айналу теңіз экспедициясына шықпаған, бұл жағдайда да Қазақстан тұңғыш жол салушы. Жобаның мақсаты – Қазақстанның теңіз державасы ретіндегі мәртебесін растау. Шетелдерді Қазақстанның мәдени, экономикалық, қаржылық және іскерлік әлеуетімен таныстыру. Қазақстан өздігінше осыншалықты ауқымды шараны тұңғыш рет ұйымдастыруда. АТФБанк болашақта да еліміздің мәдени және әлеуметтік өміріне өз үлесін қоса бермек.

Информация о работе Отчет по практике в АО "АТФ банк"