Отчет по практике в АО "АТФ банк"

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 14:32, отчет по практике

Описание работы

Диплом алдындағы практиканың негізгі объектісі «АТФБанк»АҚ – өз клиенттеріне банктік қызмет көрсету және пайда табу мақсатында банктік шаруашылықты жүзеге асыру. Практиканы өту барысында маған тапсырма берілді- банк шаруашылығымен танысу және жүйені түсіну , сонымен қатар банк өнімдерін терең зерттеу.
Практиканың мақсаты- дипломдық жұмысты жазуға материалдар жинау және өндірістік кәсіпорын шаруашылығымен танысу болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсатын зерттеу мыналардан тұрады:

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………….… 3

І. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының жалпы сипаттамасы........................4
1.1. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының даму тарихы..........................4
1.2. Банкті басқарудың ұйымдастыру құрылымы....................................8
1.3. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының Еншілес компаниялары......8
1.4. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының көрсететін қызмет түрлері....................................................................................................................14

ІІ. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының қаржылық көрсеткiштерiне
жалпы талдау........................................................................................................20
2.1. Негiзгi қаржылық көрсеткiштерi.............................................................20
2.2. АТФБанк активтерыне қаржылық талдау.............................................22
2.3. Кредиттік саясат. Тұтынушылық кредит беру......................................36
2.4. Шағын және орта бизнес. Заңды тұлғалар............................................41

Қорытынды............................................................................................................44

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................45

Работа содержит 1 файл

Отчет_Готовый_на_распечатку.docx

— 225.09 Кб (Скачать)

Қырғызстан» ААҚ-тың 2011 жылдың 1 қаңтарындағы қаржы көрсеткіштері:

                  • Жарғылық капиталы – 500,0 млн. сом;

                  • Активтері– 4 446,0 млн. сом;

                  • Кредиттік қоржыны – 2 852 млн. сом;

                  • Бөлінбеген табысы – 265 млн. сом.

 

  «АТФБанк-Қырғызстан» ААҚ өз клиенттеріне халықаралық стандарттарға сәйкес жоғары дәрежедегі банк қызметін ұсынады. Компания жұмыс жетістіктерінің критерийлері:

  • қаржы көрсеткіштерінің өсуі, активтер көлемі, жаңа банк технологияларының болуы, өнімдер мен қызметтерді ұдайы жаңарту ұтымды басқару жүйесі, филиал желісі жұмысының тиімділігі, сонымен қатар клиент базаларының үздіксіз өсуі болып табылады.

Қазіргі уақытта «АТФБанк-Қырғызстан»  ААҚ Қырғызстанның 9 қаласында

орналасқан;

      Бішкек, Ош, Жалалабат, Қаракөл, Балықчи, Талас, Қара Балта,Тоқмақ, Шолпонатада.

«АТФБанк-Қырғызстан» ААҚ  клиенттерге жеке қызмет көрсетуге  және қызмет көрсетудің сапасын арттыруға, банктік жаңа технологияларды пайдалануға, бәсекеге қабілеттілік тарифін жасауға қатысты мәселелерге ерекше көңіл бөледі. Жоғары білікті мамандар банктің ақша қаражатын әртүрлі қаржы құралдарына сенімділік және өтімділік талаптарына сәйкес, табысты және қауіпсіз инвестициялауды қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

1.4.  «АТФБанк»  Акционерлік Қоғамының көрсететін  қызмет түрлері

Ағымдағы банктiк  шоттарға кассалық қызмет көрсету

 

       Ұлттық валютадағы кассалық операциялар банк өнімдерінің таралу рейтингісі бойынша екінші орында. Жалпы алғанда, кассалық операциялар бойынша жалпы айналым 720 млрд. теңгені құрады.Төменде 2009-2010жж. кіріс және шығыс операцияларының арақатынасын айғақтайтын құрылымдық диаграмма көрсетілген. Есептік жылы кіріске, сондай-ақ шығысқа да қатысты операциялар бойынша кассалық операциялар айналымының едәуір артуы байқалады. Заңды тұлғалардың кассалық айналымы бойынша орташа өсу көрсеткіші 2010 жылы – 38,8% құрады. Кіріс кассалық операциялары 115,8 млрд.теңгеге, шығыс – 85,6 млрд. теңгеге артты, мұның өзі Банк клиенттерінен қолма-қол ақша ресурстарының тұрақты тартылуын көрсетеді.

       2010 жылы Банк филиалдар желісін белсенді түрде жетілдіруді жалғастырды. Жылдың басында филиалдар мен қосымша офистер саны 54 болса, жылдың соңында олардың саны 140-қа дейін көбейді. Банктің Қазақстан Республикасының барлық облысында танылған, жан-жақты таратылған аймақтық желісі бар. Салынып жатқан жаңа орталықтарда біздің клиенттерге қолайлы жағдайлар жасалған және қызмет көрсетудің еуропалық деңгейі көрініс береді.Сонымен қатар, Банк бөлшек кредитке, шағын және орта бизнеске (ШОБ) аса көңіл бөлу арқылы кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге тырысады, өйткені жеке кәсіпкерлермен шағын серіктестіктер – қоғам мен мемлекеттің береке-бірлігінің негізі. Өткен жылы АТФБанк ШОБ-ты қаржыландыруды 102,9%-ға, бөлшек кредит беруді 80,5%-ға арттырды. ШОБ бойынша несие қоржыны жылдың соңында 1 435,5 млн. АҚШ долларын, бөлшек кредит бойынша 1 001,9 млн. АҚШ долларын құрады.

Банктің кредит қоржынында ШОБ пен бөлшект кредиттердiң  үлесі артып, 39%-ды құрады. АТФБанк халықаралық UniCredit Group-қа енгеннен кейінгі

2–3 жыл ішінде банктік  қызметтер бойынша отандық рыноктың 15–16% иеленуді жоспарлап отыр, соның iшiнде бірінші кезекте бөлшек бизнес пен ШОБ сияқты басты сегменттерді.

 

Аударым операциялары

       Қазіргі кезде банктің жан-жақты таратылған корреспонденттік пен

филиалдық желісі Қазақстанның кез келген нүктесінен әлемнің кез келген

жеріне жылдам есеп айырысуды  жылдам жүзеге асыруға мүмкіндік  береді.

Корреспонденттік қарым-қатынасты, тармақталған филиалдық желіні, қазіргі

заман байланыс құралдарын пайдалану бір жұмыс күні ішінде көптеген

валюта түрлері бойынша  төлемдер мен аударымдарды үздіксіз жүзеге

асыруды қамтамасыз етеді. Валюталық  заңнаманы ырықтандыру жеке

тұлғалардың шетел валютасындағы  аударым операцияларының көлемін 

нығайтуға оң әсер етті.

Бұл біздің клиенттерімізге  шот ашпай-ақ және шоттан ақша аудару қызметтерін ұсынуға мүмкіндік  берді:

       • Банктің филиалдық желілері бойынша;

       • CONTACT жүйесі бойынша, ол арқылы Қазақстан Республикасының

аумағынан тыс әлемнің 70 астам еліне аударымдар жүзегасырылады. Аударым уақыты – 4-тен 24 сағатқа дейін;

       • Western Union жүйесі бойынша инфрақұрылым арқылы – әлемнің 190 еліне; Аударым уақыты 20 минут;

       •  SWIFT жүйесі бойынша. Жеке тұлғалардың аударымдарының жалпы көлеміндегі маңызды үлес теңгедегі аударымдарға тиесілі, ол жалпы көлемнің 80,69% алып жатыр. Шетел валютасындағы аударымдар SWIFT жүйесі бойынша -10,11%, Contact жүйесі бойынша – 6,3%, Western Union жүйесі бойынша – 2,9% құрайды. Банктің 2010 жылғы жеке тұлғалардың аударым операциялары бойынша табысы 2009 жылға қарағанда 1,6 есеге ұлғайған және 508 111,6 мың теңгені құрап отыр,оның ішінде:

 

       •  «SWIFT» жүйесі бойынша аударымдардан – 293 163,2 мың теңге;

       •  «Contact» жүйесі бойынша аударымдардан – 27 834,1 мың теңге;

       •  «Western Union» жүйесі бойынша аударымдардан – 13 176,3 мың теңге;

       • Ұлттық валютадағы аударымдардан – 173 937,9 мың теңге.

       Шетелдік жетекші банктермен тығыз әріптестік қарым-қатынас әлемнің кез келген жеріне қаражат аударымдарын жасауға мүмкiндiк бередi.

 

American Express

Жол Чектері

        Бөлшек банкингтің бір түрі American Express Жол Чектерін сату болып табылады. American Express Company-мен келісіп барып, банк АҚШ долларымен және еуромен консигнация шарттары мен Жол Чектерін алады.

2010 жылы жалпы алғанда, 12 092 250 еурода және 30 715 550 USD сомасында жол чектері сатылған, ол 2009 жылмен салыстырғанда көлемі жағынан еурода екі есе, АҚШ долларында екі есе көп. Жылдық сатудан түскен пайда 238 399 АҚШ долларын құрады. Жол чектерін сатудан басқа, банк қолма-қол төлем жасау арқылы American Express Company, Thomas Cook, Master International Service Association жол чектерін сатып алады.

 

ТӨЛЕМ КАРТОЧКАЛАРЫ

       Master Card International халықаралық төлем жүйелерінің Принципиалды мүшесі бола отырып, 2010 жылы банк қызметінің тиімді саласының бірі карточкалық бизнесті белсенді түрде дамытып, Қазақстан нарығында карточкалық бизнесі бойынша жетекші орынға ие болды. Бұған банктің

2010 жылғы төмендегідей іс-шараларды жүргізуі себеп болды:

 I.   Maestro, MasterCard Standard, MasterCard Gold, MasterCard Business

  – сияқты жаңа карточкалық өнімдерді шығару;

II.   Жеке тұлғалар-дебет  карточкаларын ұстаушыларына, еңбекақы  жобасына қатысушыларға және Банк қызметкерлеріне револьверлік кредит

 беру бойынша бағдарлама шығару;

 III.  Төлем карточкаларын ұстаушы әлеуеттік клиенттері үшін карточкалық өнімдердің артықшылықтарын арттыруға және Банк карточкаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қосымша қызметтерді дайындау және енгізу, Internet Banking-ті енгізу;

  IV. Банктік қызметтегі кросс-сатуды жүзеге асыру – Банктің қызметін ұсыну үшін кешенді ыңғай таныту, соған сәйкес «Еңбекақылық жоба» қозғалысымен қоса «АТФБанк» АҚ VISA International және, клиентке басқа да өнімдер жеңілдік шарттарымен ұсынылады, оларға ұйым қызметкерлеріне

тұтынушылық кредит беру, револьверлік кредит беру де кіреді;

  V.  Қызмет көрсету желісін арттыру, банкоматтарды сатып алуға тендер

өткізу;

  VI.  Жаңа өнімдер бойынша нормативті база дайындау және төлем карточкаларымен операция бойынша нормативті материалдарды жаңарту;

  VII.  Жаңа карточкалық өнімдерді тарату үшін акциялар жүргізу;

  VIII. Банк клиенттерінің төлемге қабілеттілігін бағалау бойынша скорингтік бағдарламаны сатып алу және кредиттік карточкалар бойынша заемдар бергенде, тәуекелдерді басқару;

        Бүгінгі таңда, «АТФБанк» АҚ клиенттердің кез келген тобын бәсекеге қабілетті карточкалық өнімдермен қамтамасыз етеді. Бұндай карточкалар арқылы клиенттер тауарлар мен қызметтердің төлемдерін кез келген мемлекеттегі сауда және қызмет көрсету органдарында және бүкіл әлемдік тор Интернет торы арқылы жүргізе алады. Сонымен қатар, банк дәулетті клиенттерге Visa Gold, MasterCard Gold, Visa Platinum, American Express тәрізді карточкаларды ұсынады. Банктің маңызды міндеттерінің бірі

корпоративтік және бөлшектік  бизнесте карточкалық өнімдерді  кешенді 

жобалармен біріктіру  болып табылады. Оның құрамына еңбекақы, сақтандыру, тұтынушылық кредит беру, депозиттік бағдарламалары бойынша cross-selling т.б. жобалары кіреді. «АТФБанк» АҚ-тың басты стратегиясы – банк клиенттерінің төлем карточкаларына қатысты қосымша мынадай қызметтерді ұсыну: бонусты бағдарламалар, төлем карточкаларының иелері мен бүкіл әлемді саяхаттаушыларға сақтандыру

қызметтерін ұсыну, кабельді теледидар мен ұялы байланыс қызметтерінің 

төлемдерін банкомат арқылы жүргізу, карточка иелеріне тауарлар мен

қызметтердің төлемдерін кредит арқылы төлеуге мүмкіндік  беретін кредиттік лимиттер мен  кредиттік желілерді ұсыну. Техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды кешенді түрде жүргізу – төлем карточкаларын барлық салада пайдалану көрсеткішінің өсуіне ықпал етті.  2010 жылғы 31 желтоқсандағы мәлімет бойынша айналымда 113 746

төлем карточкасы болған, оның 2009 жылмен салыстырғандағы өсімі 64,10%

құрап отыр. Филиалдар үшін 2010 жылы 78 000 төлем карточкаларын

шығару жоспарланған, орындалуы 74 927 карточканы немесе 96,6% құрап

отыр. Карточкамен қолма-қол емес төлемдердің көлемі 2009 ж. 2 942,6 млн. теңгеден 2010 ж. 4 224,8 млн. теңгеге дейін өсіп, өсімі 43,56% құрады. Ал, қолма-қол ақшаны беру көлемі 2009 жылғы 15 764,6 млн. теңгеден 35 915,5 млн. теңгеге дейін өсті немесе 128% пайызды құрады.

       Шығарылып жатқан карталар санының өсуіне байланысты, карточкалық шоттағы қалдықтың өсуі есебінен ресурстар тартылған. Карточкалық шоттағы орташа айлық қалдықтар 2009 жылмен салыстырғанда, 196% өсіп, 2010 жылы 3 056,5 млн. теңгені құрады, ал ол 2009 жылы 1 560,4млн. теңгені құраған болатын.

       Табыстар бойынша 667,4 млн. теңге сомасында белгіленген жоспар

513,5 млн. теңге сомасында  орындалған, ол дегеніміз, орындалуы  77% құрады деген сөз. Шығындар  бойынша жоспарды орындау 80% құрады.

Төлем карточкалары бойынша  кредит лимиттерін бөлу – төлем карточкаларын ұстаушыларға бөлінген төлем кредиттік лимиттері мен кредиттік желілерді пайдаланудан түскен пайыздық табысты алуға мүмкіндік берді. 2009 жылмен салыстырғанда, пайыздық табыстың 54%өсімі байқалады (2010 жылы пайыздық табыстар 38,6 млн. теңгені құрады, ал 2009 жылы 25,0 млн. теңгені құраған), бірақ пайыздық табыс бойынша жоспарды орындау

48,6 млн. теңге жоспарында 79,4% құрады.

       Экспириан  Скорекс компаниясының скорингтік жүйесі қондырылған және тестіден өткізілген, ол жеке тұлғалардың карточкалары бойынша кредиттік желі беру үшін пайдаланылады және 2011 жылдың бірінші жартысында қолданысқа енгізіледі. Төлем карточкаларын шығару және олар арқылы БҚО/БО сервис-менеджерлердің қызмет көрсетуі бойынша пилотты жобаны шығару бағдарламасы дайындалған, ол Астана және Алматы қалаларындағы филиалдарда 16.01.08. қолданысқа енгізілді. Ипотекалық кредит беру бағдарламасы бойынша заем алған қарыз алушылар және Банкте басқа банктен алынған ипотекалық заемды қайта қаржыландыратын қарыз алушыларға револьверлік карточка алуы бойынша Техникалық тәртіп дайындалған және бекітілген. «Кредит Плюс» бағдарламасы пилотты нұсқада Алматы қаласындағы №1 БО-да 2011 жылғы қаңтар айының 01 жұлдызында қолданысқа енгізілген.Төлем карточкасын ұстаушылар үшін жаңа – «Internet Banking», «SMS хабарлама». «Mobile Banking» қызмет түрлері жаңа тестілік пилотты жобада енгізілген. Ұйымдарды еңбекақылық жобаға тартуда кешенді қызмет көрсету түрлері басталған. Клиенттерге Бөлшек бизнес департаментінің қатысуымен дайындалған бірлескен ұсыныстар жіберіледі және клиенттер келесі қызмет түрлерін пайдалана алады:

           • қамтамасыз етуді бермей-ақ, 5000 АҚШ долларына дейін тұтынушылық кредит беру. 16.11.2009 ж. 40/1 Хаттамасы арқылы ұйым қызметкерлеріне қамтамасыз етусіз тұтынушылық кредит беру туралы шешім қабылдау өкілеттілігі Филиалдардың Кредиттік комитеттеріне берілген.

            • 5 еңбекақы мөлшеріндегі кредиттік желісі бар револьверлік карточкаларды шығару, макс. сомасы – 10 000 АҚШ доллары.

       Ұйымдарды еңбекақы жобаларына тарту үшін, қызметкерлердің еңбекақыларын Банктің төлем карточкаларына есептеудің Шартын ұйыммен жасау және тартуға әрекет жасаған агенттің материалды сыйақысын қарастыратын, Агенттік келісім дайындалып, енгізілді. «MasterCard Worldwide» карточкаларының эмиссияларын көбейту және қолма-қол

емес төлемдерді ынталандыру  үшін ар-найы акциялар өткізілді, Банк сонымен қатар, Visa International халықаралық  төлем жүйесі өткізген ауқымды акция  «Сауда фестиваліне» қатысты. Жаңадан ашылып жатқан БҚО/БО жұмыстарын ынталандыру үшін, БҚО/БО тартқан төлем карточкаларын ұстаушылар үшін жеңілдік тарифтерін қарастыратын акция дайындалып, қолданысқа енгізілген.Филиал мамандарымен 2010 жылдың

жұмыс қорытындысы бойынша  семинар өткізілді. Астана және Шымкент қ. Филиалдарына төлем карточкаларымен жұмыс жасау үшін консультациялық және практикалық көмек көрсетуге мамандар жіберілген.

 

       Банк және төлем картасын ұстаушылар үшін тәуекелді азайту мақсатында, алаяқтық және тәуекелді басқару мәселелеріне 2010 жылы Банктік карточкалар департаменті тарапынан бұрын да болғандай, көңіл бөлініп отыр. Осы мақсатта келесі іс-шаралар өткізіліп жатыр:

• қолма-қол ақшаны төлем карточкаларымен банкомат арқылы алуға шектеу

енгізілді;

• «АТФБанк карточкаларын ұстаушылар үшін ұсыныстар. Алаяқтықтан қалай қорғануға болады» буклеті дайындалып, жарияланды;

• Банктің веб-сайтында қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат жаңартылды.

      Банктің төлем карточкалар рыногындағы үлесі 01.01.08 ж. 2,6% құрады (бұл көрсеткіш 01.10.06 ж. 2% құраған). «АТФБанк» АҚ сауда және қызмет

көрсету саласындағы ірі  кәсіпорындармен дәстүрлі түрде  жұмыс жасай отырып, Қазақстан Республикасында VISA, MasterCard, ALTYN, JCB и DINERS CLUB қызмет көрсету карточкалары бойынша дамыған желілердің біріне ие. Біздің Банктің клиенттері – төлемге төлем карточкаларын қабылдайтын әртүрлі дүкендер, кафелер, мейрамханалар мен басқа да кәсіпорындар. «АТФБанк» АҚ төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету үшін шарт жасасқан сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарынан түсетін комиссиялық табыс артты. Коммерсанттар саны 287–ден 2010 жылы 417–ні құрады, бұл жердегі өсім 145,3% көрсетеді. Есеп беру кезеңінде

Информация о работе Отчет по практике в АО "АТФ банк"