Отчет по практике в АО "АТФ банк"

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 14:32, отчет по практике

Описание работы

Диплом алдындағы практиканың негізгі объектісі «АТФБанк»АҚ – өз клиенттеріне банктік қызмет көрсету және пайда табу мақсатында банктік шаруашылықты жүзеге асыру. Практиканы өту барысында маған тапсырма берілді- банк шаруашылығымен танысу және жүйені түсіну , сонымен қатар банк өнімдерін терең зерттеу.
Практиканың мақсаты- дипломдық жұмысты жазуға материалдар жинау және өндірістік кәсіпорын шаруашылығымен танысу болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсатын зерттеу мыналардан тұрады:

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………….… 3

І. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының жалпы сипаттамасы........................4
1.1. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының даму тарихы..........................4
1.2. Банкті басқарудың ұйымдастыру құрылымы....................................8
1.3. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының Еншілес компаниялары......8
1.4. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының көрсететін қызмет түрлері....................................................................................................................14

ІІ. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының қаржылық көрсеткiштерiне
жалпы талдау........................................................................................................20
2.1. Негiзгi қаржылық көрсеткiштерi.............................................................20
2.2. АТФБанк активтерыне қаржылық талдау.............................................22
2.3. Кредиттік саясат. Тұтынушылық кредит беру......................................36
2.4. Шағын және орта бизнес. Заңды тұлғалар............................................41

Қорытынды............................................................................................................44

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................45

Работа содержит 1 файл

Отчет_Готовый_на_распечатку.docx

— 225.09 Кб (Скачать)

коммерсанттардан түскен комиссиялық табыс 58 435 032 млн. Теңгені құрады және 2009 жылға қарағанда, 196,09% (28 635 032 теңге) өсті.

Өзінің және басқа төлем  карточкалары бойынша ақша бергенде, жеке банкоматтарды пайдаланғаны үшін түсетін табыстар көбейді. 2010 жылы 134 банкомат қондырылды және олардың жалпы саны 188 банкоматты құрады. 2010 жылы банкоматтардан 65 820 947.00 теңге көлемінде табыс түсті, ол 2009 жылмен салыстырғанда 45 212 535 теңге өсімді көрсетеді. Банк және карта ұстаушылар үшін тәуекелді барынша азайту мақсатында, алаяқтық және тәуекелді басқару мәселелеріне 2010 жылы 2009 жылғыдай, көңіл бөліп отыр.

Осы мақсатта келесі іс-шаралар  өткізіліп жатыр:

    1.   Карточка клиентке берілген мерзімде ғана, филиал карточканы іске қосады;

      2.   ПОС-терминалдардың жұмыс уақыты шектеледі;

      3.   Банктің төлем карточкаларын операцияларының және Банк жүйесінде басқа банктердің төлем карточкалары бойынша жүргізілген операциялардың күнделікті мониторингісі жүргізіледі;

       4.   телефон/пошта сұраныстарын Интернет арқылы карточкамен жүргізетін операцияларға шектеу қойылуда;

        5.   Интернет арқылы жүргізетін төлем операциялары үшін виртуалды карточкалар (Visa Virtuon) шығарылуда.

        6.   ҚР аумағында және оның сыртында карточкалар бойынша қолма-қол

ақшаларды алу үшін лимиттер белгіленуде;

        7.   Алаяқтардан болатын тәуекел көрсеткіші жоғары елдерде карточкалармен операциялар жүргізілген жағдайда, карточкалар жаңа нөмірмен және жаңа ПИН-кодпен қайта жасалып шығарылады.

       8.   Банктің төлем карточкаларын ұстаушыларға сауда және қызмет көрсету орындарында POS-терминалдарда (импринтерлерде), банкоматтарда қызмет көрсетілген жағдайда, негізгі қауіпсіздік шаралары туралы хабардар ету және кеңес беру жүргізіледі.

         9.   Банктің веб-сайттарында, буклеттерінде қауіпсіздік шаралары жөнінде мәліметтер беріледі.

        10. Банктің сауда және қызмет көрсету жүйесінде күмәнді операциялар байқалса, эмитент-банктерге факсимилді сұрау жіберу арқылы тергеу жүргізіледі (транзакцияның заңдылығы жөнінде растау алу).

       11. Шетел банктерінің төлем карточкаларымен 5 000,00 (бес мың) АҚШ долларынан жоғары қаражат алғанда, белгілі бір критерийлерге қатысты қосымша тексеріс жүргізіледі.

        12. Сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарының қызметкерлеріне төлем карточкалары арқылы қызмет көрсету үйретіледі. Банкпен төлем карточкаларына қызмет көрсету жөнінде келісім жасаған сауда және қызмет көрсету кәсіпорындарына жоспарлы/жоспарсыз тексеру жүргізіледі.

Жұмысты қорытындылай келе, «АТФБанк» АҚ еуропалық UniCredit Group құрамына енгендігін ескере отырып, Банк төлем карточкаларын шығару қарқынын өсіруді, қызмет көрсету желілерін көбейтуді және карточкалық өнімдер мен қызметтер аясын кеңейтуді көздеп отыр.

 

 

Кастодиандық  қызмет

         Кастодиандық қызметтер құнды қағазға меншік құқығын белгілеу мен есептеу бойынша және кастодиан банктерде есеп жүргізуге рұқсат етілген басқа да қаржы құралдарына ұсынылатын қызметтерді білдіреді. Кастодиандық қызметтің мәні қаржы құралдарының, мәмілелер туралы контрагенттердің, мәмілелерді, қаржы құралдарының эмиссиясын (шығарылымын), олардың нарықтық құнын тіркеуді жүзеге асыратын есептік

институттардың саны бойынша  ақпаратты қоса алғанда, клиент қоржынына  алынған немесе клиент қоржынынан сатып  алынған қаржы құралдары бойынша  ақпаратты түсіндіру, сақтау, өңдеу  және жинақтаудан тұрады.

Кастодиандық қызмет аясында  банк келесі қызметтерді жүзеге асырады:

1.   клиенттердің бағалы  қағаздарымен мәмілелердің орындалуына  бақылау 

жасау;

2.   клиенттердің ақшасы  мен бағалы қағаздарын есепке  алу жүйесінің

ұйымдастырылуы мен сақталуын  қамтамасыз ету;

3.   атаулы бағалы  қағаздарды есепке алу;

 

4.   клиенттердің бұйрықтары  бойынша мәмілелердің орындалуы  мен есеп 

айырысудың орындалуын бақылау;

5.   клиент эмитентінен  ақпарат жеткізу;

6.   бағалы қағаздардың  нақты жеткізілуін және оларды  клиенттердің алуы мен берілуін  ұйымдастыру;

7.   операция күнінің  жабылуы кезінде бақылау жүргізу,  көшірмелерді құрастыру және  басып шығару;

8.   шот операторлары  мен брокерлер үшін статистикалық  есеп беру;

9.   клиенттердің бағалы  қағаздарымен жасалатын мәмілелер  бойынша төлем 

агентінің қызметін жүзеге асыру;

10.  бағалы қағаздардың  атаулы иесі ретіндегі қызметтерін  жүзеге асыру;

11. клиенттердің бағалы  қағаздарын және ақшаларын аудару  мен алу бойынша бұйрықтарды  орындау;

12. бағалы қағаздардан  табыс алу мен оларды клиенттердің  шотына аудару;

13. сақтауға түскен бағалы  қағаздарды тіркеу;

14. клиентке ақпарат беру  қызметін көрсету;

15. клиент бұйрығы бойынша  ақшалай қаражатты төлеу.

       31.12.2010 ж. мәлімет бойынша клиенттер активтері жиынтығының бағасы 480,857,027,721.04 теңгені (салыстыру үшін, 31.12.2009 ж. клиенттер активі жиынтығының бағасы 340,186,551,645.68 теңгені) құрады.

Кастодиандық қызмет көрсету  барысында, 2010ж. банктің кірісі 168,657,520.90 теңгені, ал 2009 ж. кіріс 87,749,456.82 теңгені көрсетті.

 

 

ІІ.  «АТФБанк»  Акционерлік Қоғамының қаржылық көрсеткiштерiне

жалпы талдау

 

2.1.  Негiзгi қаржылық көрсеткiштерi

 

        Соңғы жылдарда топтың қарқынды өсуінен соң, 2010 жылы бұл көрсеткіштер едәуір баяулап, екінші жарты жылдықта банктің өсу қарқыны біршама төмендеді.Мұндай баяулаудың негізгі себебі тек қана банктерге ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның банктер қауымдастығы мен әлемдік қаржы жүйесіне әсер еткен өтімділік дағдарысы болды. 2009 жылы үш есеге дейінгі өсу қарқынынан соң,2010 жылы валюта балансының мөлшері төмендеп, 2009 жылғы 1 047,3 млрд.теңгеден 2010 жылы 984,7 млрд. теңгеге дейін төмендеді

  Активтер көлемі бойынша «АТФБанк» АҚ-тың Қазақстан банк жүйесіндегі үлесі 8,5% құрады.Топтың несие қоржынының өсу қарқыны алдыңғы 3жылмен салыстырғанда (2004 жылы – 85,3%, 2005 жылы – 118,5%, 2009 жылы – 113,8%) біршама төмендеп, 49,6% құрады. Дегенмен өсім көлемі жоғары, нақты айтсақ – 259,6 млрд. теңге. 2010 жылы несие қоржыны

үлесінің 50,0-ден 79,5%-ға өсуі есебінен баланс активтері қайта  құрылды, сонымен бірге барлық өтімділік  коэффициенттері белгіленген пруденциалдық нормативтер шамасында қалды.

     2010 жылы топ тартқан клиент қаражаттарының көлемі өсті. Оның ішінде клиент қаражаттарының баланс пассивіндегі үлесі 38,7%, ал 2009 жылмен салыстырғанда 4,3% құрайды.Клиент қаражаттарының құрамындағы ағымдағы шоттар мен депозиттердің талап етілгенге дейінгі үлесі – 16,3%,

клиенттердің жедел қаражаттарының үлесі – 83,7%. Заңды тұлғалардың  кли-

енттер алдындағы берешек  қаржысы – 63,6%, ал жеке тұлғалардың  қаржысы 

– 36,4% құрады.

    2010 жылы кредиттiк мекемелерден тартылған қаражат көлемі 34,6% төмендеді. Мұндай төмендеу қысқа мерзімді міндеттемелер көлемінің азаюынан болды. 2010 жылғы қазан айында 550,0 млн. долл. сомасында синдицирленген заем өтеліп, оның орны негізгі компанияның қаражаты есебінен жабылған болатын

      2010 жылы табыс салығын төлегеннен кейінгі АТФБанк АҚ-тың таза табыс көлемі 7 244 млн. теңгені құрады, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 68,6% артық

           Банк 2010 жылы халықаралық даму институттары – Еуропалық Қайта құру және Даму Банкімен (ЕҚДБ), Nederlandse Financierings Maatschappij vorr Ontwikkelingslanden (FMO), Deutsche Investitions und Entwicklungsgesellschaft mbH (DEG), Kreditanstalt fur Wiederaufbau (KfW), Export-Import Bank of Korea (KEXIM), Дүниежүзілік банкпен және басқа да жоғары дәрежелі ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта бола отырып, өз клиенттері мен контрагенттеріне саудалық қаржыландырудың барлық түрлерін ұсынды. АТФБанк шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыру бағдарламасын 1998 жылдан бері Банктің барлық филиалдарында ойдағыдай жүзеге асырып отырған, ЕҚДБ өкілеттік берген Қазақстандағы тұңғыш банк.

Банктің ТМД және Балтық елдерінің рыногындағы 2010 жылғы қызметі туралы айтар болсақ, АТФБанк Ресей мен Украинаның «Локо-Банк» КБ, Ресей; «Ва-Банк» ААҚ, Украина; «Славинвестбанк» ЖШҚ, Ресей; «Форум» АКБ, Украина; «БинБанк» АКБ, Ресей; «МБСП» ААҚ, Ресей, Связь-Банк АКБ ААҚ үшін ұйымдастырылған сегіз синдицирленген заемдарына белсенді түрде қатысты.Кредиттік қоржынды диверсификациялау саясатын жүзеге асыра отырып, Банк 2010 жылы мұнай мен мұнай өнімдерін өндіру және сату, көтерме және бөлшек сауда, тұрғын үй және коммерциялық құрылыс жүргізу, өнеркәсіп, ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру және қайта өңдеу және кәсіпорындарға қызмет көрсету бағыттары бойынша жұмыс істейтін компанияларды қаржыландыруды одан әрі жалғастырды.

Бүгінгі таңда Банк корпоративтік  кредит беру рыногында нық орын алды деп 

айтуға болады. 2010 жылдың нәтижелері кредит беру саясаты тұрақтылығының, тәуекелдік мүмкіндіктерін бағалауда консервативті көзқарастың дәлелі ретінде корпоративтік кредит беру 32%-ға өскенін көрсете тұра, мұның бәрі жаңа клиенттерді белсенді түрде тартуға және қарыз алушылардың бизнес-жобаларын жедел тәртіпте қарастыруға мүмкіндік береді.Сонымен қатар, Банк ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен (АШМ) бірлесе отырып,табысты жұмыс атқаруда. Конкурстың қатаң және жоғары бәсекелестік шарттарына қарамастан,

Банк АШМ тарапынан  көмек қаражат бөлу арқылы ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілерді қаржыландыру бағдарламасына қатысу тендерін бірнеше  жыл қатарынан ұтып алуда.Корпоративтік  кредит беру қаржы институтының активтері  мен табысын жинақтайтын Банк локомотиві болып табылады.Корпоративтік  блоктың басты мақсаты – жаңа корпоративтік клиенттерді тарту  және осы мақсат 2011 жылы да сақталады.

 

2.2. АТФБанк активтерыне қаржылық  талдау.

 

 «АТФ Банк» АҚ Қазақстан  Республикасының екінші деңгейлі  жетекші банктерінің бірі болып  табылады. Банктің қаржылық жылды  сәтті аяқтауы қызметтің сәйкес  көрсеткіштерімен дәлелденеді:

 

     Сурет 31.  Активтер

Қайнар көзі: АТФ Банк қаржылық есептің мәлеметтері бойынша.

 

Банк активтері 2009 жылдан 2011 жыл аяғына дейін 7,7 есе өсті, яғни  2009 жылы активтер 119 млрд. теңге, ал 2011 жылы 921 млрд. теңге құрады.

 

Сурет 32.  Міндеттемелер

Қайнар көзі: АТФ Банк қаржылық есептің мәлеметтері бойынша.

 

Банктің міндеттемелері есепті 2011 жылы 2009 жылға қарағанда 8,13 есе  өсіп, 838 млрд. теңге құрады.

Сурет 33. Меншік капитал

Қайнар көзі: АТФ Банк қаржылық есептің мәлеметтері бойынша.

 

     Банктің міндеттемелерінің  өсуі меншік капиталдың өсімімен  бірге келеді. Бұл көрсеткіш 2009 жылы 15 млрд. теңге болса,  2011 жылы 82 млрд теңге болды.

Сурет 34. Несиелік портфель

Қайнар көзі: АТФ Банк қаржылық есептің мәлеметтері бойынша.

АТФ Банктің негізгі қызметі  несиелендіру болып қала береді. Несиелік портфель 2009 жылмен салыстырғанда 11,6 есе  өсіп, 2011 жылы ол 620,7 млрд. теңгеге жетті.

 

Сурет 35.  Депозиттік портфель

Қайнар көзі: АТФ Банк қаржылық есептің мәлеметтері бойынша.

АТФ Банктің қызметіне  өсіп келген сенім дәлелденіп отыр, ол депозиттік базаның өсуінен көрінеді. Депозиттік портфель 2009 жылмен салыстырғанда 3,6 есе өсіп, 2011 жылы 243,2 млрд. теңгеге  дейін жетті.

Банктің табыстары мен  шығындар туралы есептемесіне келетін  болсақ, Банк табыстары 2011 жылы 23954,1 млн. теңге құрады. Табыстар 2009 жылғы  көрсеткіштермен салыстырғанда 151%-ға өсті.

Табыстардың негізгі бөлігін  пайыздық табыстар құрайды. 2011 жыл қорытындылары  бойынша Банктің пайыздық табысы 17562,5 млн. теңге құрады, бұл көрсеткіш 2009 жылғы көрсеткішке қарағанда 143%-ға көп. Табыстардың жалпы сомасындағы  пайыздық табыстың үлесі 2011 жылы 73,3% болса, 2009 жылы  бұл көрсеткіш 75,6% құрады.

2011 жылдың қорытындылары  бойынша 2009 жылмен салыстырғанда  пайыздық табыстың құрылымында   корреспонденттік шоттар және  орналастырылған салымдар, сонымен  қатар РЕПО (0,4%-дан 1,4%-ға дейін)  операциялары бойынша табыстар  үлесі артты. Клиенттердің қарыздары  бойынша табыстар 2009 жылға қарағанда  142,5%-ға өсті және 14330,4 млн. теңге  құрады.

Пайыздық табыста бағалы қағаздар бойынша табыстар үлесі 2009 жылмен салыстырғанда (16,1%-дан 14,8%-ға дейін) төмендеді.

2011 жылда Банктің таза  операциондық табысы 4723,9 млн. теңге  құрады. Пайыздық емес табыстардың  өсуіне Банктің жинақтары мен  комиссиялары бойынша табыстарының  маңызды өсімі ықпал етті. 2011 жылда  жинақтар мен комиссиялар бойынша  табыстардың неттосы 2,4 есе өсіп, 2974,9 млн. теңге құрады. 2011 жылы  шетел валютасымен операциялар  бойынша таза табыс 1108,9 млн. теңге құрады. Бағалы қағаздар бойынша нетто табыс 219,3 млн. теңге құрады. Банктің таза операциялық табысының сомасында басқа табыстар сомасы 2009 жылмен салыстырғанда 252%ға артып, 2010 жылы 856,6 млн. теңге болды.

Таза операциялық табыста  басқа құрамдастардың төмендеуі  жағымсыз әсерін тигізді. Сонымен, шетел  валютасында бейнеленген қаржылық активтердің таза шығысы 2011 жылы 488,5 млн.теңге болып, 2009 жылы бұл көрсеткіш 2009 жылы 182,8%-ға жоғары болған.

Информация о работе Отчет по практике в АО "АТФ банк"