Отчет по практике в АО "АТФ банк"

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 14:32, отчет по практике

Описание работы

Диплом алдындағы практиканың негізгі объектісі «АТФБанк»АҚ – өз клиенттеріне банктік қызмет көрсету және пайда табу мақсатында банктік шаруашылықты жүзеге асыру. Практиканы өту барысында маған тапсырма берілді- банк шаруашылығымен танысу және жүйені түсіну , сонымен қатар банк өнімдерін терең зерттеу.
Практиканың мақсаты- дипломдық жұмысты жазуға материалдар жинау және өндірістік кәсіпорын шаруашылығымен танысу болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсатын зерттеу мыналардан тұрады:

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………….… 3

І. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының жалпы сипаттамасы........................4
1.1. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының даму тарихы..........................4
1.2. Банкті басқарудың ұйымдастыру құрылымы....................................8
1.3. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының Еншілес компаниялары......8
1.4. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының көрсететін қызмет түрлері....................................................................................................................14

ІІ. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының қаржылық көрсеткiштерiне
жалпы талдау........................................................................................................20
2.1. Негiзгi қаржылық көрсеткiштерi.............................................................20
2.2. АТФБанк активтерыне қаржылық талдау.............................................22
2.3. Кредиттік саясат. Тұтынушылық кредит беру......................................36
2.4. Шағын және орта бизнес. Заңды тұлғалар............................................41

Қорытынды............................................................................................................44

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................45

Работа содержит 1 файл

Отчет_Готовый_на_распечатку.docx

— 225.09 Кб (Скачать)

Қаржылық және қор нарығында  Банктің операциялары 2011 жылы корпоративті бағалы қағазадар мен шет ел эмитенттерінің бағалы қағаздары үлесін арттыру  есебінен бағалы қағаздар портфелі біршама  өсті және құрылымы қайта қарастырылды. Портфельдің көлемі 2011 жыл соңында 2,37 есе ұлғайып, 90143 млн. теңге құрады. Банктің бағалы қағаздардың жалпы  портфелінде корпоративті бағалы қағаздардың  үлесі 15%, шет ел эмитенттерінің бағалы қағаздарының үлесі 48% құрады.

Бағалы қағаздар портфелін  құру кезінде банк жалпы портфель мемлекеттік бағалы қағаздар, корпоративтік  және шет ел бағалы қағаздар үлесіне  шектер бекіту саясатын қолданады. Банктің  портфелінде ұзақ мерзімді бағалы қағаздар үлесінің артуымен байланысты 2011 жылдың аяғына портфельдің дюрациясы 3,75 %-ға дейін артты.

Банктің бағалы қағаздар портфеліндегі  мемлекеттік бағалы қағаздары 5 кестеде  берілген.

 

Кесте-5. 2011ж. «АТФ Банк» АҚ-ның бағалы қағаздар портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздары

Бағалы қағаздар атауы

Саны

Номиналды құны, млн. теңге

Стапы алған кезде

табыстылық, %

МЕОКАМ 24

1 000 000

1 000,0

5,80

МЕОКАМ 36

1 755 633

1 755,6

4,41

МЕОКАМ 48

9 810

9,8

4,90

МЕОКАМ 60

850 000

850,0

4,91

МЕОКАМ72

2 100 000

2 100,0

2,49

МЕОКАМ 84

700 000

700,0

5,75

МЕОКАМ 120

700 000

700,0

5,29

ҚР ҰБ ноталары

234 378 496

23 437,8

2,19

Астана қаласының муниципалды  облигациялары

500 000

45,0

8,50

4-эмиссияның ҚР Еуроноталары

13 460 000

1 800,9

3,22

МЕОКАМ 24

1 000 000

1 000,0

5,80

Барлығы

255 453 939

32 399,1

-

Қайнар көзі:: 2011ж. «АТФ Банк»  АҚ қаржылық есептемесінен алынды


 

Банктің бағалы қағаздар портфеліндегі  корпоративтік бағалы қағаздары 6 кестеде  берілген.

 

Кесте-6. 2011ж. «АТФ Банк» АҚ-ның бағалы қағаздар портфеліндегі корпоративтік бағалы қағаздары

Бағалы қағаздар атауы

Саны

Номиналды құны, млн. теңге

Стапы алған кезде

табыстылық, %

"Қазақстан Даму Банкі" АҚ облигациялары

48 000

48,0

9,00

"Банк Центркредит" АҚ облигациялары

428 020 751

1 921,1

8,50

"Алматы Құс" АҚ облигациялары

81 785

1 094,3

11,05

"НұрБанк" АҚ облигациялары

150 008 875

292,0

8,78

"Халық Банкі" АҚ облигациялары

570 010 891

702,6

8,21

"Тексака Банк" АҚ облигациялары

430 980 000

430,9

9,64

"RG Brands" АҚ облигациялары

250 000 000

250,0

9,00


 

 

 

 

6- кестенің жалғасы

Бағалы қағаздар атауы

Саны

Номиналды құны, млн. теңге

Стапы алған кезде

табыстылық, %

"БТА" АҚ облигациялары

27 099

273,9

7,89

"БТА Ипотека" АҚ облигациялары

26 040 600

2 604,1

8,69

"Валют Транзит Банк" АҚ облигациялары

90 000

90,0

9,00

"КИК" АҚ облигациялары

565 834 862

565,8

8,14

"УМЗ" АҚ облигациялары

100 000

100,0

8,25

"Казатомпром" АҚ облигациялары

3 864 000

386,4

9,11

"Казпочта" АҚ облигациялары

150 000

150,0

7,97

"КазкомерцБанк" АҚ облигациялары

1 146

171,9

8,97

"KazTransCom" АҚ облигациялары

425 000 000

425,0

8,19

"Казахстан Кагазы" АҚ облигациялары

600 000 000

600,0

10,89

BT Finance B.V. еурооблигациялары

1 000 000

133,8

5,71

Kaz Int B.V. еурооблигациялары

5 000 000

669,0

7,96

 

"Халық Банкі" АҚ еурооблигациялары

2 000 000

267,6

6,93

"НұрБанк" АҚ еурооблигациялары

50 000

669,0

9,00

Барлығы

2880148598

11845,4

-

Қайнар көзі:  2009 – 2011 жылдар аралығында «АТФ Банк» АҚ қаржылық есептемесінен алынды.


 

Банктің бағалы қағаздар портфеліндегі  шет ел эмитентерінің бағалы қағаздары 7 кестеде берілген.

2011 жылы жалпы көлемі 93,927 млн. АҚШ долларына 11 форвардтық  келісімдер жасалды. Форвардтық  келісім бойынша жалпы табыс  91,710 млн. теңге құрады.

Алғашқы нарықта сатып  алынған бағалы қағаздар көлемі – 123777,53 млн. теңге. Екінші деңгейлі нарықта  сатылған бағалы қағаздар көлемі – 18146,2 млн. теңге. 2011 жылы бағалы қағаздар бойынша  жалпы табыс 2694,0 млн. теңге құрады.

 

Кесте-7. 2011ж. «АТФ Банк» АҚ-ның бағалы қағаздар портфеліндегі шет ел эмитенттерінің бағалы қағаздары

Бағалы қағаздар атауы

Саны

Номиналды құны, млн. теңге

Стапы алған кезде

табыстылық, %

АҚШ облигациялары

1 450 000

19 401,0

3,71

Treasury Strips/Bill (USA)

156 030

20 876,8

4,73

KFW StrNt. Құрылымдық облигациялар

200 400

5 352,0

7,57

Banque Europeenne Облигациялары

50 000

669,0

4,29

Польша Республикасының облигациялары

3 000

135,0

4,58

Германия Республикасының еуроноталары

100 000 000

158,5

3,27

Барлығы

101 859 430

46 592,3

-

Қайнар көзі: 2011ж. «АТФ Банк»  АҚ қаржылық есептемесінен алынды


 

Сонымен қатар, банк корпоративті бағалы қағаздарды қолданумен операциялар  жүргізді. Банктің 2011 жылы бағалы қағаздар портфелі бойынша жалпы табысы 694,0 млн. теңге құрады.

4 кестеден «АТФ Банк»  АҚ бойынша жүргізілген операциялардың  ішінде ең көп табыс әкелген  операциялар – несиелік операциялар  екенін көрдік. «АТФ Банк» АҚ-ның  несиелік портфелі 2011 жылы 238%-ға  немесе 3,4 есе артты. 2011 жылы басында  банктің несиелік портфелі 54315,5 млн.  теңге, ал 2011 жыл соңында 183454,2 млн. теңге құрады. Банктің несиелік  портфелінің  өсімі және активтерде  банктің несиелік портфелі 36 және 37 суреттерде бейнеленген.

                                                 2010ж                                  2011ж

 

Сурет-3. «АТФ Банк» АҚ несиелік портфелінің өсімі динамикасы

    Қайнар көзі: 2011ж.  «АТФ Банк» АҚ қаржылық есептемесінен  алынды.

 

4 суретте Банктің активтеріндегі несиелік портфелі, активтердегі портфель үлесі 2011 жылдың басында 55,1%, ал жыл бойындағы өзгерістер жоғарылау жағына 9,9% құрады.

Берілген қарыздар көлемінің  өсуі ең алдымен бөлшек бизнестің  дамуына, ірі инвестицияларды тартуға, жаңа банктік өнімдерді өткізуге, филиалдық жүйені кеңейтуге бағытталған  Банктің жаңа даму стратегиясымен байланысты. 2011 жылы бөлшек несиелеу, шағын орта бизнес бағадарламасы бойынша, факторинг, форфейтинг, лизинг және басқа өнімдер  сияқты жаңа өнімдер енгізілген.

 

                                           2010ж.                                   2011ж.

Сурет-4. «АТФ Банк» АҚ-ның активтеріндегі несиелік портфелі

Қайнар көзі: 2011ж. «АТФ Банк»  АҚ қаржылық есептемесінен алынды.

2011 жылы жеке тұлғаларға  келесі өнімдер мен бағдарламалар  бойынша қарыздар берілген:

- АТФ ипотека (КИК) –  сомасы 859,9 млн. теңге;

- Сомасы 8372,1 млн. теңге  құрайтын экспресс ипотека;

- Сомасы 1388,6 млн. теңге  құрайтын ипотека класс;

- Сомасы 225,3 млн. теңге  құрайтын мемлекеттік бағдарлама;

- Сомасы 54655,2 млн теңге  құрайтын тұтынушылық несиелер.

Мәліметтері бойынша экономика салалары бойынша несиелік портфельдің диверсификациясы жақсарғанын көруге болады. Берілген қарыздардың құрылымы теңдестірілген, банктің несиелік ресурстары экономиканың барлық секторларында орнатылған. Банктің жаңа қарыз алушыларының көбі бөлшек сауда сектор болып табылады және бұл секторға берілген қарыздар үлесі 14,2 %, құрылыс – 10,8 %, жылжымайтын мүлікпен операциялар – 7,3 %, өнеркәсіп секторы – 2,3 %, жеке тұлғалар - 24 %, бөлшек сауда – 4,4 %, қызмет – 13,4 % құрады.

Салалық диверсификация құрылымында  көрсеткіштердің сапалы жақсаруы бейне  тапты, яғни көтерме сауда секторында берілген қарыздар үлесі 2010 жылы 15 %-дан 2011 жылы 14,2 %-ға дейін төмендеді.

Өткен жылда несиелік портфельмен  салыстырғанда несиелік салымдардың  құрылымы өзгерді. Қызметке салымдар үлесі 11,5 %-дан 13,4 %-ға дейін және жылжымайтын  мүлікпен операцияларға салымдар үлесі 5,5 %-дан 7,3 %-ға дейін артты. 2010 жылға  қарағанда есепті кезеңде жалпы  берілген қарыздар 2,57 есе өсті.

Шағын және орта бизнесті несиелендіруге ерекше назар аударылды. Осы секторға берілген қарыздар сомасы берілген қарыздардың  жалпы көлемінде 22,8% құрады.

Бұл банктің несиелік портфелінде  жеке тұлғаларға берілген қарыздар үлесінің артуымен байланысты 2011 жылы берілген қарыздар бойынша орташа мөлшерлеме 15,22 % құрады.

 

2.2. Кредиттік саясат

Құрамында республиканың  түрлі аймақтарында орналасқан ірі сауда және өнеркәсіптік кәсіпорындары бар заңды тұлғаларға кредит беру – «АТФБанк» АҚ дамуының басым бағыттарының бірі. Кредит беру саясатындағы басымдылық – экономиканың нақты бір салаларын қаржылай қолдау, өнеркәсіптік, құрылыс, сауда, ауылшаруашылығы кәсіпорындарымен тығыз ынтымақтастық жасау, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды

қаржыландыру болып табылады. Негізгі міндеті ретінде, банк ұсынатын барлық қызмет түрлерін белсенді пайдаланатын сенімді және рентабельді клиент–  қарыз алушылардың тұрақты ортасын қалыптастыруды мақсат тұтты.Заем капиталдарының қайтарылуына сенімді кепілдіктен басқа, банктің кредит беру стратегиясы есептік жылы ірі бизнеске кредит беру және тұтыну тауарлары мен қызметтерді іске асыруға бағытталған шағын және орта кәсіпорындарға кредит беру сияқты басты екі бағыты бойынша іске асырылды.

       2010 жылғы кредит беру ісінің негізгі міндеттерінің бірі – кредиттік қоржын сапасын кредиттік қатынастар субъектілері, қарыз алушылардың салалық тиесілігі, кредит беру мерзімі мен ұсынылған қамтамасыз етулердің түрлері бойынша саралап, жақсарту. Бұл міндет кредит алуға берілген өтінімдерді алдын ала мұқият іріктеу, қарыз алушыларды және кредиттік мәліметтерді кешенді талдау, кредит беру мерзімі ішінде қарыз алушылардың қаржылық жағдайындағы өзгерістердің мониторингісін өткізу,

проблемалық кредиттердің туындау  белгілерін бастапқы кезеңде анықтау  мен оларды өтеу жөніндегі жұмыстар арқылы, сондай-ақ кредит берудің әрбір кезеңінде тәуекелдерді бақылаудың қолданыстағы жүйесі арқылы шешілді. Ресурстық базаны кеңейту – банкке, көбінесе экономиканың негізгі

бөлігін кредит беруге бағдарлауға  мүмкіндік берді. Экономиканың нақты

саласына кредит берудің  артуы бірқатар факторларға байланысты. Бір 

жағынан, бұл кәсіпорындардың  негізгі құралдарды сатып алуға, сондай-ақ

айналым капиталын толтыру  үшін өндірістік белсенділікті қаржыландыру мақсатында кредиттерге сұраныстың артуын білдіреді. Екінші жағынан, бұл  – банк рыногындағы бәсекелес  ортаның болуынан банктің ресурстар  мөлшерінің кеңеюі мен жеделдігінің артуынан, біршама тұрақты макроэкономикалық жағдайында экономиканың негізгі бөлігінің кәсіпорындарына кредит берудің жүйелі тәуекелінің кемуінен кредит беру

Информация о работе Отчет по практике в АО "АТФ банк"