Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 14:32, отчет по практике
Диплом алдындағы практиканың негізгі объектісі «АТФБанк»АҚ – өз клиенттеріне банктік қызмет көрсету және пайда табу мақсатында банктік шаруашылықты жүзеге асыру. Практиканы өту барысында маған тапсырма берілді- банк шаруашылығымен танысу және жүйені түсіну , сонымен қатар банк өнімдерін терең зерттеу.
Практиканың мақсаты- дипломдық жұмысты жазуға материалдар жинау және өндірістік кәсіпорын шаруашылығымен танысу болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсатын зерттеу мыналардан тұрады:
Кіріспе……………………………………………………………………….… 3
І. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының жалпы сипаттамасы........................4
1.1. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының даму тарихы..........................4
1.2. Банкті басқарудың ұйымдастыру құрылымы....................................8
1.3. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының Еншілес компаниялары......8
1.4. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының көрсететін қызмет түрлері....................................................................................................................14
ІІ. «АТФБанк» Акционерлік Қоғамының қаржылық көрсеткiштерiне
жалпы талдау........................................................................................................20
2.1. Негiзгi қаржылық көрсеткiштерi.............................................................20
2.2. АТФБанк активтерыне қаржылық талдау.............................................22
2.3. Кредиттік саясат. Тұтынушылық кредит беру......................................36
2.4. Шағын және орта бизнес. Заңды тұлғалар............................................41
Қорытынды............................................................................................................44
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................45
Директорлар кеңесі АТФБанктің қызметіне жалпы басшылық жүргізеді және 6 адамнан тұрады.
Директорлар кеңесінің Төрағасы: Эрик Хэмпел
Директорлар кеңесінің мүшелері: Томас Гросс
«АТФБанк»АҚ басқармасы оперативтік басқару және АТФБанктің стратегиялық жоспарын жүзеге асырады, оларды 5 адам құрайды:
АТФБанк акционерлік қоғамының бес елде еншілес ұйымдары бар – Нидерланды Корольдігінде, Тәжікстан Республикасында, Қырғыз Республикасында, Ресей Федерациясы мен Қазақстанда. АТФБанктің еншілес ұйымдары рынокта көптеген жылдар бойы жемісті еңбек ете отырып, клиенттерге мына қызмет түрлерін көрсетеді: банктік операциялар, делдалдық қызметтер, капиталды сенімгерлікпен басқару, қаржылық/
қаржылық емес активтерді инвестициялау, облигациялар шығару арқылы қарызға алу және қаржыландыру, банкноттардың, монеталардың, құндылықтардың инкассациясы және жауапкершілікті сақтау. 2010 жылдың қорытындысы бойынша АТФБанктің еншілес ұйымдары табысты арттырып қана қоймай, бәсекелестік жағдайында өз позицияларын сақтап қалды, ал кейбіреулері рейтинг бойынша жоғары көтерілді. Банк Қазақстан мен шетелдерде өз беделін нығайта отырып және клиенттерге жоғары деңгейде қызмет көрсете отырып, мақсат-мүддесі бір команда болып жұмыс атқаруда.
АТФБанктің Қазақстан мен көршілес елдерде кең ауқымды филиалдық торы бар.
Қазақстан бойынша банктік филиалдар:
Алматы, Астана, Ақсай, Актау, Ақтөбе, Атырау, Жетіқара, Қаскелен, Қарағанды,Қапшағай, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавловск, Рудный, Семей, Тараз, Теміртау, Талдықорған, Өскемен, Орал, Шымкент, Щучинск қ.
Шет елдердегі еншілес ұйымдары:
1.«АТФ Финанс» АҚ
2. АТФИнкассация» ЖШС
3.«Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ
4.«Сохибкорбанк» ААҚ ( Худжанд қаласы, Тәжікстан Республикасы)
5.ATF Capital B.V. (Нидерланд Корольдігі)
6. «Банк Сибирь» ЖАҚ (Омск қ., Ресей Федерациясы)
7.«АТФБанк-Қырғызстан»
1.«АТФ Финанс» АҚ
Қазақстандағы қор рыногының дамуы мемлекет назарында болуына байланысты, және клиенттердің қаражатты альтернативті әдіспен салуға
қызығушылығына байланысты, Банк 2010 жылы «АТФ Финанс» АҚ еншілес ұйымын құрды. «АТФ Финанс» АҚ Жарғылық капиталы 1 млрд. теңгені құрайды. «АТФ Финанс» АҚ құру мақсаты VIP-клиенттерге көрсетілетін қаржы қызметтері бойынша қатаң құпиялылық пен арнайы шарттарға кепілдік бере отырып, клиентке жеке қызмет көрсетіп, қаржылық сервистің ең жоғары деңгейінде делдалдық және капиталды сенімгерлікпен басқару қызметтері болып табылады. «АТФ Финанс» АҚ өз клиенттеріне келесі
қызмет түрлерін ұсынады:
• Клиенттің бұйрығы бойынша бағалы қағаздарды және басқа да активтерді сатып алу және сату, РЕПО операциялары;
• Сенімгерлік басқару – уақытша бос қаражатты табысты қаржылық
құралдарға орналастыру;
• Жеке инвестициялық қоржынды қалыптастыру;
• Жеке капиталды басқару бойынша қаржылық кеңес беру, аналитикалық қызмет көрсету және салықтық кеңес беру;
• Ақпараттық-кеңес қызметтері;
• Бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру бойынша қызметтер;
• Қосылулар мен ендірулерді дайындау және өткізу;
• «Қазақстан қор биржасы» АҚ сауда жүйесіндегі бағалы қағаздардың екі жақты котировкасын қолдау бойынша маркет-мейкер қызметі;
• Басқа қаржылық активтерді инвестициялаулар, мысалы тікелей және стратегиялық салымдар, бірлескен кәсіпорындар мен қорлар;
• Қаржылық емес активтерді инвестициялаулар: жылжымайтын мүлік, өнер, құнды металдар, коллекция құрастыру.
2.«АТФИнкассация» ЖШС
Өздерінің тәуекелдерін төмендету үшін банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банк пен ұйымдардың қызметтерін өркениетті түрде пайдалануды қалайтын, әлеуетті клиенттер санының артуына байланысты, Банк 2010 жылы екінші деңгейдегі банктерге, әртүрлі формадағы меншік ұйымдарына, сонымен қатар жеке тұлғаларға монеталар мен құндылықтарды, банкноттарды инкассолау бойынша қызмет көрсететін
«АТФИнкассация» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігін құрды.
«АТФИнкассация» ЖШС өз клиенттеріне келесі қызмет түрлерін ұсынады:
• ақшалай түсімі бар сөмкені инкассолау және кейін қайта есептеу үшін банкке жеткізу;
• материалды-жауапты тұлғаға ілесіп жүру;
• екінші деңгейлі банктердің операциялық кассаларына күшейтулер жеткізу;
• екінші деңгейлі банктердің облыстық филиалдарына күшейтулер жеткізу;
• Қазақстан бойынша заңды тұлғалардың филиалдарына қолма-қол
ақшаны жеткізу;
• Клиенттің «Шаруашылық органдарының» ақшалай түсімдері бар
сөмкелерді инкассолау және оларды клиенттің орталық кассасына өткізу;
• қолма-қол ақша салынған сөмкені арнайы жабдықталған сақтау орындарында жауаптылық негізінде сақтау және оны клиентке жеткізу.
3.«Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ
«Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының зейнетақы қызметі нарығында 2001 жылы 1 қарашада пайда болды, осы нарықта табан тіреп үлгеріп, салымшылардың сый-құрметіне ие болып отыр. 2004 жылы сәуірде «Отан» АЗЖҚ» АҚ акционерлерінің құрамына «АТФБанк» АҚ кірді. 2011 жылғы 01 қаңтардағы мәлімет бойынша «АТФБанк» АҚ үлесі 83,08% құрап отыр. Зейнетақы жарналарын тарту және
зейнетақы төлеу қызметіне арналған 1.11.2001 жылғы №0000020 мемлекеттік бас лицензияны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген.
2009 жылғы 6 желтоқсанда «Отан» зейнетақы жинақтау қоры Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі берген № 0412200263 зейнетақы активтерін дербес басқару лицензиясын алды. Зейнетақы қаржысын тарту мен инвестициялауға бірыңғай басшылық жасау Қор қызметінің тиімділігін арттыруға, инвестициялардың барынша ақпараттық айқындығы мен сапалы болуына мүмкіндік береді. Инвестициялық саясаттың басты қағидасы – аз тәуекелмен тұрақты табысты қамтамасыз ету.
«Отан» АЗЖҚ» акционерлік қоғамының 2011 жылғы 1 қаңтардағы қаржылық көрсеткіштері:
• жарғылық капиталы – 1 625 млн. теңге;
• активтері – 2 023 млн. теңге;
• бөлінбеген табысы – 382 млн. теңге.
«Отан» АЗЖҚ» акционерлік
қоғамының зейнетақы
4.«Сохибкорбанк» ААҚ ( Худжанд қаласы, Тәжікстан Республикасы)
«Сохибкорбанк» ашық акционерлік қоғамы 1999 тамыз айында Тәжікстанның жетекші іскер тобымен негізі қаланған. Қызметкерлер
контингенті Тәжікстанның басқа банктерінде жұмыс тәжірибесі болған
қызметкерлер. «Сохибкорбанк» өз стратегиясын коммерциялық банк бизнесіне негізінде құруда және назарды қаржы өнімдерінің кең спектрін ұсына отырып, келесі секторларға аударады, ол: корпоративтік сектор, көтерме сауда, шағын және орта өндіріс және әртүрлі банктік қызмет түрлері.
2009 жылғы қазан айында «Сохибкорбанк» ААҚ акционерлер құрамына «АТФБанк» АҚ кірді. 2011 жылғы 01 қаңтар айындағы мәлімет бойынша «АТФБанк» АҚ үлесі 75,1% құрайды. «Сохибкорбанк» Тәжікстандағы алғашқы банктердің бірі болып Вестерн Юнион компаниясымен жеке тұлғалардың аударымдары бойынша қызмет көрсету жөнінен келісім-шартқа отырды. Банк 2004 жылдың басында, бір уақытта GUTA-SPRINT, EXPRESS-TRANSFER (жедел пошта), МИГОМ, БАЙЛАНЫС банктік желілерінің жаңа нысандарын енгізді, өйткені банктік
қызметтің осы түрлері қазіргі кезде тұрақты табысты қамтамасыз етеді.
2011 ж. 01 қаңтарындағы «Сохибкорбанк» ААҚ қаржылық көрсеткіштері:
• Жарғылық капиталы – 14,019 млн.сомони;
• Активтері – 60,113 млн. сомони;
• Кредиттік қоржыны – 33,673 млн. сомони
5.ATF Capital B.V. (Нидерланд Корольдігі)
ATF Capital B.V. еншілес компаниясы «АТФБанк» АҚ 2009 жылы сәуірде 100% жарғылық капиталға қатысуымен құрылды. Компанияның негізгі қызмет түрі – банктік қаржыландыру мен облигацияларды шығару арқылы қаржыландыру және қарызға ақша беру.
ATF Capital B.V. еншілес компаниясының 2011 жылдың 1 қаңтарындағы қаржылық көрсеткіштері:
• Капиталы мен қоры – 3 390,5 мың АҚШ доллары;
• Активтері – 547 450,7 мың АҚШ доллары;
• Бөлінбеген табысы – 716,9 мың АҚШ доллары.
6.«Банк Сибирь» ЖАҚ (Омск қ., Ресей Федерациясы)
Сібір Банкі 1989 жылы құрылған және бірінші Омск коммерциялық банкі болып табылады. Кеңес Одағы кезінде құрылса да, Банк уақыт сынағына төтеп берді. Икемділік саясатына сәйкес, Сібір Банкі жаңа жағдайларда табысқа жетті және барлық экономикалық дағдарыстардан сәтті өтіп, 17 жыл ішінде тұрақты және сенімді Банк деген беделге ие болды. Банк Ресей Орталық Банкінің лицензияларына сәйкес пайда табу мен банк қызметін (банк операцияларын жүргізу) іске асыру, сонымен қатар аймақтың кәсіпкерлік пен шағын бизнесін дамытуға жәрдемдесу барысында құрылды. 2005 жылы «АТФБанк» АҚ «Сибирь» ОКБ ЖАҚ-тың жалғыз акционері болды.
«Банк Сибирь» ЖАҚ-тың 2011 жылдың 1 қаңтарындағы қаржылық көрсеткіштері:
• Жарғылық капиталы – 849,800 млн.руб.;
• Активтері – 4 028,543 млн. руб.;
• Кредиттік қоржыны – 3 173,462 млн.руб.;
• Бөлінбеген табысы – 39,7 млн. руб.
«Банк Сибирь» ЖАҚ-тың негізгі қызметі коммерциялық банк қызметімен депозиттермен, шетел валюталарымен, құндықағаздармен операцияларды жүзеге асыру, несие мен кепілдік беру болып табылады. 2011 жылғы 01 қаңтардағы мәлімет бойынша, банктің 2 қосымша офисі бар.
7.«АТФБанк-Қырғызстан» ААҚ
«АТФБанк-Қырғызстан» ААҚ (Бішкек, Қырғызстан Республикасы) «АТФБанк-Қырғызстан» ашық акционерлік қоғамы («АТФБанк Қырғызстан» ААҚ) өз қызметін Қырғыз Республикасында 1992 жылдың 7 мамырынан бастап жүзеге асыруда. 2004 жылы «АТФБанк-Қырғызстан» ААҚ акционерлері құрамына «АТФБанк» АҚ кірді. «АТФБанк» АҚ үлесі 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 94,18%. Банктің негізгі қызметі – депозиттермен, шетел валюталарымен, құнды қағаздармен операцияларды жүзеге асыру, несие және кепілдік беру болып табылады.«АТФБанк