Банктік тәуекелдерді басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 19:08, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
I. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері ......................................................8
1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі……............................................................18
1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері........................................................34

II. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ («Дана банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру....................47
2.2 Банктік тәуекелді бағалау және басқару жолдары......................................51

III. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибиесі............................67
3.2 Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу
жолдары..................................................................................................................75

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................85

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТ...............................................

Работа содержит 1 файл

Банктік тәуекелдерді басқару.doc

— 497.00 Кб (Скачать)

Форс - мажорлы  жағдайлардың тәуекелі дегеніміз – бұл белгілі бір жағдайларда болатын аяқ асты және алдын алу мүмкін емес жайттардың болу ықтималдылығы (стихиялық толқулар: су тасқыны, жер сілкінісі, қоғамдық құбылыстар, төңкеріс, әскери қатысулар, ереуілдер және т.б), олар өз кезегінде несиелік келісім – шарт жағдайларының орындалуына үлкен әсер етеді. Форс – мажорлық міндеттемелердің ерекшелігі – олардың пайда болуы келісім – шартты бекітуші жақтардың еркінен тыс болуында.

Форс – мажорлы жағдайлар болған кезде келісім – шартты бекітуші жақтар жауапкершіліктен босайды, ол жөнінде БҰҰ конвенциясының тауарларды сатып алу – сатудың халықарлық келісім – шартты туралы 79 – шы бабында, сондай – ақ әр түрлі елдердің азаматтық кодекстерінде тікелей көрсетілген.

Әдетте форс-мажорлы міндеттемелердің тәуекелі банк мүліктерін сақтандыру компанияларында сақтандыру әдістерімен шектеледі.

 

 

1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері

 

Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты қүрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

Қазіргі уақытта банктік нарықты тәуекелдің болмауы мүмкін емес. Ол кез келген операцияларда көрініс табады, бірақ та әртүрлі көлемде кездеседі. Сол себептен де банк қызметі үшін бастысы – тәуекелді мүлдем жою емес, оны болжау және ең төменгі деңгейіне жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасында барлық қызметтер саласында экономикалық қайта құрулар процесі жүргізілуде.

Банк ісіндегі тәуекел – бұл банкті шығындарға және банкроттылыққа әкеп соқтыратын, банк қызметіне байланысты немесе байланысты емес жағымсыз жағдайлардың нәтижесінде мүмкін болатын шығындарды айтамыз.

Пайыз тәуекелі басқа да тәуекелдер сияқты өзінің  белгісіздігімен сипатталады. Бұл жердегі белгісіздік пайыздық мөлшерлеменің қозғалсы мен деңгейінің болашақтағы бағытымен байланысты болады.

Пайыздық мөлшерлеме өзгергенде банктің табыстары мен шығындары, активтердің нарықтық құны, пассивтер және баланстан тыс шоттары да өзгереді. Бұл өзгерістердің нәтижесі банктің пайдасы мен капиталына әсер етеді. Өзінің табиғаты бойынша пайыздық тәуекелдер спекулятивті қаржылық тәуекел болып табылады. Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі пайдаға немесе шығындарға алып келеді. Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруі экономикаға мемлекеттің араласуын төмендету және банктік өнімдердің санын ұлғайту пайыздық тәуекелдерді басқаруды банктің қызметінде маңызды салаға айналдырды. Осымен байланысты банктегі реттеуші және бақылаушы органдар пайыздық тәуекелге банктердің ұшырауын бағалауға үлкен көңіл бөледі және тәуекелді есепке алғандағы капиталға деген талаптар бойынша Базельдік Коммитетінің ұсыныстар соңғы уақытта өте өзекті мәселе болып табылады.

Пайыздық тәуекелдің формуласы Фишер моделі деп аталады және былай сипатталады:

і = r + p

мұндағы:

і – пайыздық нарық мөлшерлемесі;

r – нақты пайыздық мөлшерлеме;

р – инфляцияның күтілетін қарқыны.

Номиналдық  және нақты пайыздық мөлшерлемелерді айыру қажет.

Номиналдық пайыздық мөлшерлеме = күтілетін, нақты тәуекелі жоқ пайыздық мөлшерлеме + инфляцияның күтілетін деңгейі + тәуекел – түзу (мерзімді сақтамау, қарызды өтемеу тәуекелі);

Нақты пайыздық мөлшерлеме – бұл тұтынушыны, оның табысының бір бөлігін сақтауға қызығушылығын арттыру үшін қажетті пайыздық мөлшерлеменің деңгейі.

Базалық тәуекел – пайыздық мөлшерлеменің құрылымдағы болатын өзгерістер. Ол банк депозиттерде тартылған қаражаттардың пайыздық мөлшерлемесі осы ресурстарды орналастырған кездегі базалық мөлшерлемеге сәйкес келмегенде пайда болады. Базалық тәуекел күрт өседі, егер банк базалық мөлшерлеме боынша қаражаттарды тартса, аз өзгермелі мөлшерлеме бойынша орналастырса.

Уақытша «үзіліс» тәуекелі ресурстарды бірдей базалық мөлшерлеме бойынша тартқан және орналастырған кезде болады, бірақ оларды қарастыру мерзімі бір – бірінен уақытша үзіліспен жүреді. Тәуекел оларды қарастыру мерзімдерін таңдаумен байланысты болады.

Пайыздық тәуекелдің сыртқы көрінісі маржаның төмендеуі кезінде көрінеді. Пайыздық тәуекелді басқару активтерді және міндеттемелерді басқарудан тұрады. Активтерді басқару, банктің тәуекелді активтер портфелінің құрылымын анықтауға көмектесетін, өтімділіктің тапқырлығымен және қарызды өтемеу тәуекелімен шектеледі. Сонымен қатар, несиелерге бағалардың құрылысын анықтауда банктің еркіндігін шектейтін басқа банкілер тарапынан бағалық бәсекелестіктің болуы. Міндеттерді басқару келесідей шектеулерге тап болады:

-         банк кез келген уақытта өзінің салымшылары мен басқа да кредиторлар арасында сәттілікпен орналастыра алатын қарыздық құралдардың таңдауын және мөлшерін шектеу;

-         бір қаражаттарға басқа банктілер тарапынан бағалық бәсекелестік кезінде болады.

Пайыздық тәуекелдерді басқаруда келесідей сақтандыру әдістері қолданылады:

1.      пайыздық мөлшерлеменің деңгейін болжау;

2.      қайтару мерзімін және пайыздық мөлшерлемені бекіту әдісі бойынша активтер мен пассивтердің үйлесімділігі;

3.      пайыздық своптарды жүргізу;

4.      резервтерді және провизияларды құру;

5.      фьючерстер және опциондар арқылы хеджирлеу және т.б.

Өзгермелі пайыздық мөлшерлемеде берілген несие қарыз алушыны пайыздық мөлшерлеменің өсуінен шығындар тәуекеліне алып келеді. Ол әрине, тіркелген ставкасы бар несиені алуы мүмкін бірақ бұндай мөлшерлемемен несиелер не болмайды, не өте қымбат пайызбен беріледі. Онда қарыз алушы своп мәмілесін қолдану мүмкін. Ол өзгермелі пайыздық мөлшерлемедегі міндеттемесін тіркелген мөлшерлемедегі міндеттемеге ауыстырып және ол адпмға белгілі бір сыйақы сомасын төлейді.

Қазақстанда инфляцияның қарқынын болжау соңғы уақытта пайыздық мөлшерлеменің динамикасын анықтауда шешуші фактор болып табылады. Пайыз тәуекелін хеджирлеу үшін әртүрлі әдістердің жиынтығын қолдану қажет. Тек сол уақытта ғана тәуекелді басқару нәтижелері қанағаттанарлық болады.

Пайыз тәуекелін басқарудың келесідей концепциялары бар:

1. банктің пайыздық маржасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым пайыздық тәуекелдің деңгейі төмен болады.

2. «СПРЕД» концепциясы немесе таза пайыздық маржа (NIM). Ол бойынша өлшенген орташа мөлшерлеме мен пассивтер бойынша төленген мөлшерлеме арасында айырма талданады.

3. «Үзіліс» концепциясы. GAP = RSA – RSL, мұндағы

RSA – пайыздық мөлшерлеменің деңгейіне сезімтал активтер:

          RSL – пайыздық мөлшерлеменің деңгейіне сезімтал пассивтер.

              «Үзіліс» концепциясы банктің тіркелген және өзгермелі пайыздық мөлшерлемедегі активтер мен пассивтердің теңсіздігіне талдаудан тұрады. GAP пайыздық мөлшерлеменің өзгеріне сезімтал активтер мен пассивтердің берілген деңгейін басқарумен түсіндіріледі. Пайыздық тәуекелдің дәрежесі пайыздық маржаға және  спред – ке әсер ететіндіктен, пайыздық мөлшерлеменің үзілістің мөлшеріне және бағытына, жылдамдығына және ұзақтылығына тәуелді болады. GAP – тің үзіліс шамасы пайыздық мөлшерлеменің деңгейінің өзгеруін хеджирлеуге, не  GAP мөлшерлеменің спекулятивті өзгеруі үшін қолданылады.

              Пайыздық тәуекелдің деңгейі келесілерге тәуелді болады.

      Активтер портфеліндегі өзгерістерге;

      Пайыздық мөлшерлеменің динамикасына.

Пайыздық тәуекелдің деңгейін бақылаужәне басқару үшін нақты жағдайларға байланысты банкпен нақты стратегиялар құрастырылады.

Пайыздық мөлшерлеменің тәуекеліне қарсы қорғаушы әдістерің мақсаты – банктік пайданы олардың жағымсыз өзгеруінен қорғау. Бұл мақсатқа жету үшін банк менеджерлері пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал құрылымдарға өзінің бар назарын аудару қажет. Портфельдің активі бөлігінде бұл несиелер мен бағалы қағаздарға инвестициялары болса, пассивте бұл депозиттер мен ақшалай нарықтағы заемдер болып табылады. Банктің пайдасын пайыздық мөлшерлеменің өзгеруінің жағымсыз әсерінің қорғау үшін банктің басқармасы таза пайыздық маржаны тіркелген деңгейде ұстау қажет.

ТПМ = таза пайыздық табыс / барлық табыс әкелетін активтердің құны.

Мысалы, ірі халықаралық банк несиелер мен бағалы қағаздар бойынша пайыздық төлемдер 4 млрд. долларды құраса, тартылған депозиттер мен  басқа да заемдық қаражаттар бойынша пайыздық қаражаттарды төлеу шығындары 2,6 млрд. долларды құрады. Банктің активтерінің жалпы сомасы 40 млрд. доллар болғанда,  ТПМ – ның үлесі қанша?

ТПМ = 100% *($ 4 млрд. – $ 2,6 млрд.) $ 40 млрд. = 3,5 %.

Егер ТПМ – ның бұл көрсеткіші банктің көңілінен шықса, онда ол пайыздық мөлшерлеме өзгеру тәуекелін хеджирлеудің әртүрлі әдістері үшін қолданылады. Пайыздық мөлшерлеменің тәуекелін хеджирлеудің өте кең тараған түрі дисбалансты басқару арқылы жүзеге асырылады. Банк пайыздық мөлшерлеменің жағымсыз өзгеруінен сақтану үшін келесі теңдікті орындау қажет:

Пайыздық мөлшерлеменің                                        пайыздық мөлшерлеменің

өзгеруіне сезімтал                                =                    өзгеруіне сезімтал

активтердің құны                                                       активтердің құны

              Бұл теңдікті сақтау өте күрделі процесс болып табылады. Себебі нарық коньектурасының өзгерістері банктің пайыздық саясатына әрқашан да әсер етіп тұрады. Егер бұл теңдік орындалмаса, онда дисбаланс пайда болады.

              Дисбаланс = пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал активтер – пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал пассивтер. 

              Егер бұл теңсіздіктің мәні вольден жоғары болса, онда оң қалдық, ал ноьден төмен болса, онда кері қалдық болады. Банктің активтері мен пассивтерінің нақты көлеміне дисбалансты басқаруды келесі кестедегі мәліметтер бойынша талдап көрейік. [11]

              Бұл кестеден банктің активтері мен пассивтердің пайыздық мөлшерлемелердің өзгеруі кезіндегі сезімталдығына байланысты пайыздық табыстың өсуін, не кемуін көріп отырмыз.

              Қазіргі уақытта банктер дисбалансты басқару әдістерінің әр түрлі нысандарын қолданады. Бұл үшін банктер келесідей шешімдерді қабылдау қажет:

      Банктің ТМП – ны қалаған деңгейге жету аралығындағы уақыт кезеңдерін таңдау қажет;

      ТМП – ның мақсаттылы мәнін анықтау қажет;

      Егер банк ТМП – ны ұлғайтқысы келсе, онда ол пайыздық мөлшерлеменің нақты болжамын құрастыру қажет, не табыстар мен шығындар деңгейлерінің арасындағы айырманы өсіру мақсатында өзінің активтері мен пассивтерін қайта бөлу үшін тәсілдерді іздеу қажет;

      Пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал активтер мен пассивтердің қалаған көлемін анықтау қажет.

Енді Халық Банкіндегі  пайыздық саясатқа талдау жасап көрейік. 2002 жылы банктің таза пайдасы салықтарды төлегеннен кейін 1871,2 млн.теңгені құрады (2002 жылы – 31,1 млн. теңге). Есепті жылы операциондық табыстардың мөлшері 44,6 % - ға өсті және 19,0 млрд. теңге болды. Таза табыстар 87,5% – ға өсіп, 8,6 млрд. теңгені құрады. Бұл банктің операциондық потенциалының өскендігін білдіреді, яғни активтерді орналастыру мен табыстарды бөлу үшін қаражаттарды тарта алу мүмкіндігінің болуы. (мына мәліметті 4 қосымшадан қараңыз).

                                                                                                           

2 – кесте                                         Операциондық маржа*

                                                                               мың теңге

Таза пайыздық табыс

2005

2004

пайыздық емес табыстар

7 806 738

5 817 353

Барлығы

18 955 188

13 110 373

Капиталмен операциялар

бойынша табыстар

199 415

148 203

Түзетілетін табыс

Резерв құрылмаған пайыздық

емес шығындар

18 755 773

12 962 170

Резерв құрылмаған пайыздық

емес шығындар

10 170 487

8 408 574

Қайта құруға кеткен

шығындар

28 816

40 095

Түзетілген шығындар

10 141 671

8 368 479

Операциондық маржа

8 614 102

4 593 691

Информация о работе Банктік тәуекелдерді басқару