Банктік тәуекелдерді басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 19:08, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
I. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері ......................................................8
1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі……............................................................18
1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері........................................................34

II. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ («Дана банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру....................47
2.2 Банктік тәуекелді бағалау және басқару жолдары......................................51

III. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибиесі............................67
3.2 Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу
жолдары..................................................................................................................75

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................85

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТ...............................................

Работа содержит 1 файл

Банктік тәуекелдерді басқару.doc

— 497.00 Кб (Скачать)

1)     Орташа нарықтан көп көбірек көрсеткіш;

2)     Орташа нарықтан көбірек көрсеткіш;

3)     Орташа нарықтан сәл ғана көп көрсеткіш;

4)     Орташа нарықтан төмен көрсеткіш;

5)     Аз болжамданған тәуекел.

Келесі себептерге байланысты, мұндай бағалау әдісіне көп көңіл бөлу керек:

1)     Бағалы қағаздармен мәмілелер көлемі аз, ол мәмілелердің өзі бір қалыпта емес акция бағамының дұрыс қалыптасу механизмі жоқ болғанда бағалы қағаздар нарығының бұл кезеңінде бұл көрсеткіштің нақты анықталуы мүмкін емес;

2)     Алғашқы екі топтың банктерінің жоғары тәуекелділігі олардың жоғары табыстылығымен орнын басады.

Өмір циклі тәуекелі: әр түрлі салардың тәуекел деңгейі мен сипатталады және әрбір сала өзінің даму кезеңінде алдын ала белгіленген кезеңдерден өтеді. Бұл жерде алғашқы даму жедел өсу, қалыптасқан өсу, өсу темпінің төмендеуі және жойылу кезеңдері қарастырылады.[3]

Ішкі салалық бәсеке тәуекелі кәсіпорын саласының өмір сүру қабілеттілігіне әсер етеді:

-         бағалық емес бәсекенің қатаю деңгейі;

-         салаға кіру және шығудың жеңілдігі немесе күрделілігі;

-         белгелі бір саладағы өнімнің басқа өнімдермен салыстырмалы  өнімдермен баға бойынша бәсекелес қабілеттілігінің бар немесе жоқ болуы;

-         тауарлық құқығының жоқ болуы;

-         жабдықтаушылар және тұтынушылардың нарықтық күші;

-         кәсіпорын саласының қызмет жасайтын саяси және әлеуметтік ортасы.

Бұдан басқа салалық банктерге мемлекеттік (аймақтық) және жалпы сыртқы тәуекелдер үлкен әсер етеді және әрбір сала форс – мажорлық тәуекелдерге ұшырауы мүмкін, сондықтан қазіргі таңда салалық банктерді тәуекелі жоғары банктер қатарына жатқызуға болады.[4]

Әмбебап банктер өздерінің қызметтерінде барлық тәуекелдерді есепке алу керек. Әмбебап банктерге көбінесе құрылымдық басқару, басқарушылардың жеке қабілеттірімен байланысты тәуекелдер тән. Аймақтық белгілері бойынша және ерекше тәуекелдер түрлеріне байланысты болады:

-         аймақтық банктер – аймақтық сыртқы тәуекелдер;

-         аймақаралық – аймақтық тәуекелдер жиынтығы;

-         мемлекетаралық – елдік тәуекелдер;

Әртүрі несиелік мекемелерге өздеріне тән тәуекелдер түрлері болады. Мысалы, Зейнетақы қорларына саяси тәуекелдер, депозиттік операциялар бойынша тәуекелдер, жобалар, аймақтық тәуекелдер, аударымдар тәуекелі тән. [5]           

              Өзара несиелеу қоғамдастары және өзара көмек көрсету кассаларына салымдық, депозиттік, несиелік тәуекелдер тән. Ломбардтарға технологиялық операциондық, лизингтік компанияларға есеп айырысу, несиелік, кепілдік, нарықтық, іскерлік тәуекелдер тән.

 

1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі

 

Банктік тәуекелдер белгілі бір жүйеге сәйкес және ерекшеліктеріне байланысты тәуекелдер төмендегідей жіктелінеді:

Ел (мемлекеттік) тәуекел – ел тәуекелдері банктің өз қызметін  байланыстырып отырған мемлекеттің өзінің қызметін жүргізуінің ұлттық ерекшеліктеріне байланысты пайда болады. Бұл тәуекелдің шығу көзіне (туындысына) бір аймақ елдерінің тәуекелі болып табылады, яғни аймақтық тәуекел, мысалы: Еуропалық одақ елдері немесе Латын Америка  елдері, т.с.с Олар шетел ел капиталының қатысуымен құрылған барлық банктер және ортақ лицензиясы бар банктер үшін маңызды.

Банктің басшалығымен жіберілетін негізгі қателер шетел контрагенттердің қаржылық тұрақтылығын дұрыс бағалаумен байланысты.

Ел тәуекелі ең бірінші 1982 жылы Мексикада 90 млрд.$ мөлшеріндегі несиелік төлемдерді 400 Солтүстік Америка, Еуропа және Жапон банктеріне төлеу қабілеттілігі  жоқ екендігін жариялаған уақытта пайда болды. 90 – жылдардың басында Бразилия мен Мексика 200 млрд.$, Оңтүстік Американың басқа елдері әлі 150 млрд.$ қарыз болды.

Африка елдері арасындағы алдыңғы қатарлы қарызгер Нигерия болып табылады, оның қарызы 20 млрд.$ бағаланады. Потенциалды түрде ел тәуекелі бар деп саналатын елдердің тізіміне Иран, Ирак, Кувейт, Ауғаныстан, Салвадор және тағы басқа елдер жатқызылады.

Ел тәуекелі деген түсініктің өзі мемлекеттің және басқа қарыз алушылардың сыртқы қарыз міндеттемелерін орындау мүмкіншіліктеріне әсер ете алатындай деңгейдегі мемлекеттің экономикалық, саяси және құқықтық жағдайларының өзгеру тәуекелін білдіреді.

Ел тәуекелін анықтайтын себептермен жағдайларға байланысты тәуекелдің келесі категорияларын анықтау керек:

Саяси – бұл мемлекет құырылысының ерекшелігімен байланысты, мемлекеттің билік органдары қызметтерінің тұрақсыздығы (мысалы, үкіметтің тез ауысуы, басқару және саяси режимдерінің өзгеруі), үкіметтің экономикалық және басқа да саясаттарды дұрыс жүргізбеуі (национализация, жекешелендіру, т.б.), этникалық және аймақтық мәселелер, әлеуметтік топ мүдделерінің поляризациясы т.б.; [6]

Құқықтық – банк қызметіне қатысты заңдық және басқа да нормативті шектеулер (мысалы, экспортты немесе импортты шектеу, шетел банктері қызметін лицензиялау, шетел инвестициясын лимиттеу);

Экономикалық:

-         жалпы экономикалық тәуекелдер – экономикалық қиындықтар экономикалық саясатпет байланысты, ЖҰӨ өсуінің ұзақ мерзімді төмендеуі, импорттың экспорттан жоғары болуы, энспорттан тусетін табыстың азаюы;

-         қаржылық тәуекелдер – ақша–несие жүйесінің дағдарысы, инфляция, сыртқы қарыздың күрт өсуі, сыртқы қарызды өтеу көлемінің төмендеуі, сыртқы қарызға жаппай мораторий, трансфертті тәуекел, елде несие мен займдар бойынша төлемдер жасау үшін қажетті мөлшерде шетел валютасының болмауы, сондай – ақ импортпен салыстырғанда шетел резервтерінің азаюы, жаңа экономикалық нормативтер, салықтар, алымдар, баждар, тарифтер мен квоталардың енгізілуі;

-         техникалық – бану саласындағы іскер техникалық стандарттармен байланысты (негізінде ақша аудару саласындағы қаражат инновациялары, қауіпсіздік, т.б.);

-         басқа да тәуекелдер – мысалы, қаржы саласындығы криминогендік жағдай, бюрократиялық машинаның үлкендігі.

Көптеген авторлар сияқты, мемлекеттік тәуекелді сипаттайтын жиыньық тәуекелдерді талдау кезінде саяси, құқықтық, экономикалық, әлеуметтік, демографиялық және басқа тәуекелдерді жеке қарастыруға болмайды, өйткені барлық ұлттық факторлары өзара байланысты. (13)

                 Сондай – ақ соңғы кездерде саяси емес, экономикалық және құқықтық тәуекелдерге көңіл аудару керек, яғни мемлекеттің ұлттық экономиканы тиімді басқару мүмкіндігіне.

              Тәуекел дңгейін талдауда әр түрлі әдістер қолданылады, бірақ көп ретте, белгілі мемлекетті зерттейтін сарапшылар мен мамндарды тартады; осы елдің тәжірибесін зерттейді, статистикалық математикалық есептерді қолданады, елдің дамуын анықтайтын факторлардың үлес салмағының жалпы жиынын қолданады, елдің дамуын анықтайтын факторлардың үлес салмағының жалпы жиынын қолданады.

              Мемлекет тәуекелінің деңгейін талдаудың ұсынылатын әдістерінің бірі герман фирмасы «Бум» шығарған Бум индексі. Мұны 100 сарапшы экспертті бағалаулардың әр түрлі әдісін қолдана отырып, жылына 4 рет талдау жүргізеді.

          [7]Осылайша серіктес елдегі экономикалық және саяси жағдайлары жан – жақты талданады. Әр түрлі елдің мамандары белгісіз түрде жауап беретін анкетада 15 баға критерийлері бар. Олардың әр қайсысының үлес салмағы жалпы сомамен 100 – ге тең (1 - кесте).

 

1 – кесте       Саяси және экономикалық жағдайларды талдау*

 

 

Бағалау критерийлері

 

Үлес салмағы

Саяси тұрақтылық

Шетел инвестициясымен пайда қатынасы

Ұлт меншігіне айналдыру деңгейі

Валюта девальвациясының деңгейі мен ықтималдығы және оған әсер ететін ішкі және сыртқы факторларға талдау

Төлем балансының жай – күйі, сондай – ақ ұлттық және шетел салымшыларының тобына әр түрлі факторлардың әсері

Мемлекеттік реттеу деңгейі ақша-несие жүйесінің тиімділігі

Экономикалық өсу қарқыны

Жалпы өнім өсуінің қарқыны:  

                                                   Жылына 3 % - тен төмен

                                                   3 % – тен 6 % дейін

                                                   6 % - тен 10 % дейін

                                                   Одан жоғары 10 %

Валюта айырбастылымдылығы

Келесі міндеттемелердің орындаудың талдауы

Жалақы шығындары, еңбек өнімділігі деңгейі

Мемлекет органдары мен қоғамдық ұйымдардың өзара байланысы

Қысқа мерзімді несие алу шарттары

Ұзақ мерзімді несие мен жеке капиталды алу мен қолданудың шарттары

12%

6%

6%

 

6%

 

6%

10%

10%

 

2,5%

5%

7,5%

10%
10%

6%

8%

 

4%

8%

 

8%

 

*Көзі: «Банктік тәуекелді басқару» Алматы.:2004, 21 – бет.

Әр сұрақ балл  бойынша бағаланады – пайыз шкаласы бойынша және жауаптардың 0 – ден (min) 4 – ке (max) дейін бес варианттары бар.

              Мемлекеттік тәуекел талдауына басқа фирмалар қатары да көңіл аударуда. «International Reports» жыл сайын мемлекеттік тәуекел бойынша халықаралық анықтама шығарады. Онда 47 елге 1 жылға болжам ұсынылады, тәуекелдер топтарға бөлінеді: саяси – 13, қаржылық – 5, экономикалық – 6, ең көп сома 100 балл.

              «Business International» фирмасы балдық жүйемен бағаланатын, өзінің үлес салмағы бар 70 мемлекетте аналитикалық материалдарын шығаратын мемлекеттік тәуекелдің 56 көрсеткішін қолданады. Оның ішінде 5 жылға арналған жыл сайынғы мемлекеттік тәуекел.

              «National Westminster Bank» мелекеттік  тәуекелдің талдаудың әдістемесінде жеке бір елді несиелеу тәуекелінің (қатердің) 50 пайызы қаржылық факторлармен анықталады. 20 пайызы құрлымдық экономикалық диспропорцияларымен, 30 пайызы ішкі және сыртқы саяси факторлармен анықталады деп көрсетіледі. Болжанатын кезең көп болған сайын, мемлекеттік тәуекелді туыратын үлес салмағы аз болады, керісінше жағдайда жобаланатын кезеңнің 20 жылға өсуімен қаржы факторларының үлес салмағы аз болады, керісінше жағдайда жобаланатын кезеңнің 20 жылға өсуімен қаржы факторларының үлес салмағы 25 пайызға, ал саяси факторлар 50 пайызға дейін өскен  деген қорытындыға келген.[8]

              «Гермес» герман сақтандыру фирмасы мемлекеттік тәуекел деңгейін талдауда барлық елдерді 5 категорияға бөледі:

1)     аз ғана тәуекелді елдер, негізінде ОСЕД елдері;

2)     салыстырмалы түрде аз саяси тәуекелді елдер, олармен жұмыс істеу тіжірибесі жақсы және төлем проблемаларының пайда болу қаупі төменірек;

3)     саяси тәуекел деңгейі жоғары елдерге – герман сақтандыру фирмасы «гермес» сақтандыруды жүзеге асыратын елдер, мысалы, дамушы елдер,

4)     жоғары тәуекелді елдерге, әсіресе сыртқы қарызды өтеуді кейінге қалдыруға рұқсат етілген елдермен халықаралық несиелерді жоюда проблемалары бар елдер;

5)     жоғары тәуекелді елде, оның ішінде қысқа мерзімді несие бойынша;

Әрбір нақты коммерциялық банк өз қызметі барысында қаржылық тұрақтылықты төмендетпеу үшін және күйреуге жол бермес үшін кез–келген әдістемелерді ескеруі қажет.

Банк операцияларының әртараптандыру тәуекелділігі - әртараптандыру банк үшін бір фактордың тәуекелділігіне қаншалықты аз тәуелділігі мүмкіншілігімен шығады. Егер қаржыландыру көзінің кең көлемді жеткіліктілігімен банктің инвестицияларды орналастыру орны бар болса, банк тәуекелділігі біршама аз болар еді.

Арнайы операцияларға немесе өз қызметіндегі қызметі қандай да бір факторға азырақ бағыттан банктер анағұрлым тұрақты әрі табысты болып табылады.

Экономикалық дамудың қазіргі кезеңдегі шартты - әрдайым өзгерісте болатын нарық коньюктурасындағы жағдайларды әрдайым қабылдауды талап етеді және жеке факторлар тобына тәуелділігі қаншалықты аз болған сайын, ол көп әрі ұзығырақ тұрақты және өмірлік болады.

Банк операцияларын әртараптандыру мыналардан тұрады:

-         банк клиенттерін әртараптандыру;

-         тартылған қаражаттарды әртараптандыру;

-         аумағы бойынша банкті әртараптандыру;

-         қолданылатын инструменттерін әртараптандыру;

-         активтік операцияларды әртараптандыру;

-         банк клиенттері бойынша ссудалық портфельді әртараптандыру.

Осыған орай, банк операцияларын әртараптандыру тәуекелділігін болдырмау немесе төмендету үшін банк өзінің барлық операцияларын әртараптандыруды ең жоғары деңгейде, яғни қаржыны тартудан бастап, оны орналастыруға дейін жүргізу қажет.

Өтімділік тәуекелі – кез келген банкті басқару процесіндегі ең маңызды міндет - өтімділіктің бара – бар (адекватный) деңгейін қамтамыз ету болып табылады.

              Банктің өтімділігі оның мерзімі мен сапасы бойынша актив пен пассивтің теңгерілімімен анықталатын өзінің міндеттерін өз уақытында орындай алу қабілеттіліг түсіндіріледі.

              Әлемдік банктік теорияда және тәжірибеде өтімділікті «қор» немесе «ағым» ретінде түсіну қалыптасқан. Бұл жағдайда өтімділік «қор» ретінде банктің қандай да бір жағдайда клиенттері алдында өз міндеттемесін актив құрылымын оның ең жоғары өтімді статьяларының көмегімен өзгенту арқылы орындау мүмкіншілік деңгейін анықтауды білдіреді.

              Өтімділік «ағым» ретінде банктің белгіленген уақыт мерзімі ішінде өтімділіктің тиімсіз деігейін немесе өтімділіктің объективтік қажетті деңгейіне қол жеткізілген мөлшетін сақтап, активтер мен пассивтердің сәйкес баптарын басқару, қарызға қосымша қаражаттар тарту, банктің қаржылық тұрақтылығын табысты өсіру жолы есебімен жүргізе алу қабілеттілігін бағалауды түсіндіреді.

              Банктер төлем жүйесінің орталығы болып табылатындықтан егер де банк өтімділік жағынан мәселелерге түрілсе және клиенттің «төлем жүргіз» деген өтінішін орындай алмаса, онда бұл банктің беделі азаяды. Салымшылардың көп бөлігі өз шотынан барлық қаражаттарын алуға ұмтылады. «Жаппай қашу» деп аталатын мұндай тосын жағдай көбінесе банктің жабылуына әкеледі. Бұл мәселенің күрделене түсуі банктің «жаппай қашу» салдарынан жабылуы барлық банктің жүйеге деген қоғам сенімінің төмендеуіне және басқа банктерден салымшылардың «жаппай қашуына» әкеледі.[9]

Информация о работе Банктік тәуекелдерді басқару