Банктік тәуекелдерді басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 19:08, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
I. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері ......................................................8
1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі……............................................................18
1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері........................................................34

II. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ («Дана банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру....................47
2.2 Банктік тәуекелді бағалау және басқару жолдары......................................51

III. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибиесі............................67
3.2 Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу
жолдары..................................................................................................................75

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................85

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТ...............................................

Работа содержит 1 файл

Банктік тәуекелдерді басқару.doc

— 497.00 Кб (Скачать)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

Тақырыбы: «Банктік тәуекелдерді басқару»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3

I. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ      

1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері ......................................................8

1.2  Банктік тәуекелдердің жіктелуі……............................................................18

1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері........................................................34

 

II. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ («Дана банк» мәлеметтерінен алынған)

2.1 Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру....................47

2.2 Банктік тәуекелді бағалау және басқару жолдары......................................51

 

III. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ

3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибиесі............................67

3.2 Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу

жолдары..................................................................................................................75

 

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................85

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТ...........................................................................89

 

ҚОСЫМША.........................................................................................................91

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

Қазіргі уақытта банктік нарықты тәуекелдің болмауы мүмкін емес. Ол кез келген операцияларда көрініс табады, бірақ та әртүрлі көлемде кездеседі. Сол себептен де банк қызметі үшін бастысы – тәуекелді мүлдем жою емес, оны болжау және ең төменгі деңгейіне жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасында барлық қызметтер саласында экономикалық қайта құрулар процесі жүргізілуде.

Банкте кездесетін тәуекелдердің бәрі банк саясатының және де Қазақстан Республикасының Ұлтық Банкінің бекіткен нормативтерінің бұзылуына жол бермейтін қатаң басқару жүйесінде болуы тиіс. Банктік тәуекелдерді басқару негізінде тәуекелдің деңгейін төмендету бойынша мақсатты бағытталған іздестірулер мен жұмыстарды ұйымдастыру,  табыстылық пен тәуекелдің тиімді қарым – қатынасын табу, белгісіз қаржылық – шаруашылық жағдайындағы пайданы табу және оны көбейту өнері жатыр. Біздің республикамыздың ірі банктері үшін қызметтерінің барлығы тәуекелмен байланысты мақсатты бағытталған деп айтуға болады.

Тәуекелді басқаруға жүйелі тәсілді қолдану және оны ірі банктің активтері мен пассивтерін басқару жүйесін қалыптастыру кезінде (алдағы уақытта дамуы ішін де) қолданылуын есептеуге болады.

Тәуекел  әрқашанда  адам  қызметінің  кез  келген  аясында  бірге болады  және  оның  қызметінің  табыстылығы  тәуекел  мәселесін  жақсы шешуіне  байланысты  болады.

Тәуекел қаржылық операциялардың кез – келген жағдайында пайда болуы мүмкін, бірақ әр түрлі масштабта. Банктік қызметтің мақсаты тәуекелді алдын ала жолдарын ойластыру, пайда болған тәуекелдің деңгейін  алдын ала болжау және төмендету.

Тәуекел – деп белгілі бір қаржылық операцияларды жүргізу нәтижесінде банктің қосымша шығындалатын өздерінің қаражат көзін жоғалту қаупі немесе ықтималдылығы.

Тәуекел  экономикалық  категория  ретінде  кез  келген  кәсіпкердің қызметімен, соның  ішінде  банктің  қызметімен  байланысты  болатын, оның нәтижелігінің  анықсыздығын  және  сәтсіздік  жағдайында  қолайсыз  нәтиже  мүмкіндігін  көрсететін  жағдайдағы  сипаттама  болып  табылады. Қолайсыз  жағдай  орын  алғанда  үш  экономикалық  нәтиже  болуы  мүмкін: кері (ұтылу, жоғалту, шығын); нөлдік  және  оңды (ұтыс, табыс, пайда).

              Шығындардың  пайда  болуы  мен  пайданы  жоғалту  сияқты  қолайсыз  нәтижелер  мүмкіндігі  берілген  несиелер  бойынша  төлем жасалмауы, ресурстық  базаның  қысқаруы, баланстан  тыс  операциялар бойынша  төлемдерді  жүзеге  асыру  нәтижесінде  пайда  болуы  мүмкін. Қазіргі  банктік  сектор  тәуекелсіз  болуы  мүмкін  емес, өйткені  әр  банк операциясында  бар, бірақ  белгілі  бір  тәуекелдің  жіктелуі  әр  түрлі  болуы мүмкін. Тәуекелден  құтылу  мүмкін  емес. Сондықтан  кез  келген  кәсіпкер тәуекел  деңгейін  минимумға  түсіруге  тырысады  және  бірнеше альтернативті  шешімдер  ішінен  тәуекел  деңгейі  минималды  шешімді таңдайды, сондай – ақ  тәуекел  деңгейі  мен  табыс  шамасының  оптималды қатынасын  таңдауға  тырысады. Осыған  байланысты  Қазақстандық банкирлерге  банктік  қызмет  нарығында  қалыптасқан  жағдайды  бағалау және  батыс  тәжірибесіндегі  банктік  тәуекел  басқару  мен  мониторингіне көңіл  аудару  керек.

Банк ісіндегі тәуекел – бұл банкті шығындарға және банкроттылыққа әкеп соқтыратын, жоспарланған  қаржылық  операцияларды  жүзеге асыру  нәтижесінде  қосымша  шығындардың  пайда  болуы,  табыстардың толығымен  алмауы  немесе  банктің  өз  ақша – қаражаттарын  жоғалту мүмкіндігі.

              Банктің  өз  қызметі  процесінде  тәуекел  түрлерінің  әр түрлі жиынтығымен  кездеседі. Осы  жинақтар  бір – біріне  пайда  болу  уақыты мен  орны, экзогендік  факторлар  жиынтығы (яғни  экономикалық  орта, коньюктурамен  байланысты «сыртқы») және  экзогендік  факторлар  банктің (өзіндік  қате  қызметінен  пайда  болатын «ішкі») бойынша  ажыратылады. Сонымен  бірге, барлық  тәуекел  бір – бірімен  байланысты  және  банк қызметіне  әсер  етеді.

Банк  қызметі  табысты  болу  үшін,  банк  тәуекелді  бөлшектеу  және нақты  тәуекел  түріне  ең  жақсы  басқару  тәсілін  қолдану  қажет.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі мақсаты банктік тәуекелдер әдістерін талдау негізінде оларды бағалау, басқару тетіктерін жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.

Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылады:

- банктік тәуекелдің экономикалық мәнін, түрлерін зерттеу және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы «банктік тәуекел» түсінігінің тұжырымын анықтау;

              -  банктік тәуекелінің жіктелуі: несиелік тәуекел, валюталық тәуекел, пайыз тәуекелдерін басқару әдістерін анықтау;             

-  коммерциялық банктерде тәуекелдің басқарылу жолдары;

              - банктік тәуекелді басқарудыың шетелдік тәжірибесі;

              - банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу жолдары, Қазақстанда несиелік бюроны құрудағы ұсыныстар қарастыру.

              Жұмысымның құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Бірінші тарауда, банктік тәуекелдердің мәні мен мазмұны, түрлері, банктік тәуекелдердің жіктелуі және банктік тәуекелдерді басқару әдістері қарастырылады.

Екінші тарауда, Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру, банктік тәуекелдерді бағалау және басқару жолдары қарастырылады.

Үшінші тарауда, банктік тәуекелді басқарудағы шетелдік тәжірибесі және банктік тәуекелді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу жолдары соның ішінде несиелік бюро қарастырылады.

              Жұмыстың методологиялық негізі. Қазақстанда  банктік тәуекелді басқару әдістерін қолдану және дамыту мәселелері де жан жақты зерттеуді қажет ететіндіктен туындаған ғылыми ізденістер мен жарық көрген жұмыстар баршылық. Соның ішінде К.О. Шаяхметова, М.Н. Молдахметова, Д.Н. Акежанов, Н.Н. Хамитов, М. Имрамзиева, Ш.Г. Чинибаева, С.Б. Мақыш, Л.П. Корнилова және т.б. отандық экономист – ғалымдардың еңбектерін еліміздегі банктік тәуекелдерді басқаруды жетілдіруге мүмкіндік беретіндіктен атап айту орынды. 

Банктік тәуекелдерді басқаруға жүйелі ықпал ету негізінде шет елдік тәжірибенің негізінде зерттелген жалпыға белгілі қағидалар жатыр.

Бұл қағидалар банктердің өз тәуекелдерін басқару мен бөлуіне болатын және басшылар басқарма мен заңгерлер жақсы жұмыс тәжірибесіне салыстырмалы талдау жасау үшін қолдануына болатын жалпы құрылымды білдіреді.

Қазақстан Республикасының банктік тәуекелді реттеудегі мемлекеттің рөлі туралы заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттар, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің анықтамалық материалдары мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк статистикалық деректері және бүгінгі күнгі банктік тәуекелді басқару жайлы сұрақтарды қамтитін жергілікті және жақын шетелдердегі баспасөз басылымдарындағы мақалалар және т.б. пайдаланылады. 

I ТАРАУ. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ

 

1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері

 

Тәуекел  әрқашанда  адам  қызметінің  кез  келген  аясында  бірге болады  және  оның  қызметінің  табыстылығы  тәуекел  мәселесін  жақсы шешуіне  байланысты  болады.

              Тәуекел – бұл  табиғаттың  әр  түрлі  құбылыстарынан  және  адамның қызмет  түрлерінен  пайда  болатын  жоғалтулар  қаупінің  мүмкіндігі. Тәуекел – тарихи  және  экономикалық  категория  болып  табылады.

              Тәуекел  тарихи  категория  ретінде  қоғам  дамуымен  байланысты болып  және  адамның  болашақта  болатын  қаупі  түсінуімен  байланысты болады. Қоғамның  даму  барысында  тәуекел  экономикалық  категорияға айналады.

              Тәуекел  экономикалық  категория  ретінде  кез  келген  кәсіпкердің қызметімен, соның  ішінде  банктің  қызметімен  байланысты  болатын, оның нәтижелігінің  анықсыздығын  және  сәтсіздік  жағдайында  қолайсыз  нәтиже  мүмкіндігін  көрсететін  жағдайдағы  сипаттама  болып  табылады. Қолайсыз  жағдай  орын  алғанда  үш  экономикалық  нәтиже  болуы  мүмкін: кері (ұтылу, жоғалту, шығын); нөлдік  және  оңды (ұтыс, табыс, пайда).

              Шығындардың  пайда  болуы  мен  пайданы  жоғалту  сияқты  қолайсыз  нәтижелер  мүмкіндігі  берілген  несиелер  бойынша  төлем жасалмауы, ресурстық  базаның  қысқаруы, баланстан  тыс  операциялар бойынша  төлемдерді  жүзеге  асыру  нәтижесінде  пайда  болуы  мүмкін. Қазіргі  банктік  сектор  тәуекелсіз  болуы  мүмкін  емес, өйткені  әр  банк операциясында  бар, бірақ  белгілі  бір  тәуекелдің  жіктелуі  әр  түрлі  болуы мүмкін. Тәуекелден  құтылу  мүмкін  емес. Сондықтан  кез  келген  кәсіпкер тәуекел  деңгейін  минимумға  түсіруге  тырысады  және  бірнеше альтернативті  шешімдер  ішінен  тәуекел  деңгейі  минималды  шешімді таңдайды, сондай – ақ  тәуекел  деңгейі  мен  табыс  шамасының  оптималды қатынасын  таңдауға  тырысады. Осыған  байланысты  Қазақстандық банкирлерге  банктік  қызмет  нарығында  қалыптасқан  жағдайды  бағалау және  батыс  тәжірибесіндегі  банктік  тәуекел  басқару  мен  мониторингіне көңіл  аудару  керек.

Банктік  тәуекел  дегеніміз  не?

              Банктік  тәуекел – жоспарланған  қаржылық  операцияларды  жүзеге асыру  нәтижесінде  қосымша  шығындардың  пайда  болуы,  табыстардың толығымен  алмауы  немесе  банктің  өз  ақша – қаражаттарын  жоғалту мүмкіндігі.

              Банктің  өз  қызметі  процесінде  тәуекел  түрлерінің  әр түрлі жиынтығымен  кездеседі. Осы  жинақтар  бір – біріне  пайда  болу  уақыты мен  орны, экзогендік  факторлар  жиынтығы (яғни  экономикалық  орта, коньюктурамен  байланысты «сыртқы») және  экзогендік  факторлар  банктің (өзіндік  қате  қызметінен  пайда  болатын «ішкі») бойынша  ажыратылады. Сонымен  бірге, барлық  тәуекел  бір – бірімен  байланысты  және  банк қызметіне  әсер  етеді.

Банк  қызметі  табысты  болу  үшін,  банк  тәуекелді  бөлшектеу  және нақты  тәуекел  түріне  ең  жақсы  басқару  тәсілін  қолдану  қажет.

              Сонымен, банк  тәуекелінің  қызықты  классификациясын қарастырайық, ол  өзіне  категория, топтар, түрлер, түрлер  арсындағы  және тәуекелдің  әртүрлілігін  қамтиды (Қосымша 1).

              Сонымен  банктік  тәуекелдің  қағидалары  мыналар:

1.      Банктік  тәуекелдің  әсер  ету  және  қызмет  ету  аясы.

2.      Банк  клиентерінің  құрамы.

3.      Банктік  операциялар  сипаттамасы.

4.      Коммерциялық  банктердің  түрі.      

Әсер  ету  мен  қызмет ету  аясында  байланысты  банктік  тәуекелдер сыртқы  және  ішкі  болып  бөлінеді (Қосымша 2).

Сыртқы  тәуекелдерге  банктік  қызметке  тікелей  байланысты  емес немесе  берілген  бір  клиентпен  байланысты  емес тәуекелдер  жатқызылады. Банкте  анықталған  ақша – қаражаттары  болғанда, ол  жанама  түрде  сыртқы  тәуекелдерді  алдын  ала  болжай  алады  және оларды  өз  уақытында  басқара  алады. Сыртқы  тәуекелдер  саяси – экономикалық, әлеуметтік – құқықтық, бәсекелестік, қаржылық  және басқадай  факторлардан  пайда  болады.

              Саяси  факторларға  соғыс, жаулап, басып  кіру (оккупация), саяси көтерілістер  мен  тәртіпсіздік, идеологиялық  келіспеушілік, экономикалық  қызығушылық  қақтығыстары, саяси  күштер мен  әлеуметтік топтар  қызығушылықтарының  поляризациясы, саяси  режимнің  ауысуы, ұлттандырылуы, жекешелендірілуі, қарыздарды  жалпылау (консолидация), эмбаргоны  енгізу, импорттық  лицензияны  алып  тастау, тікелей  шеттел инвестициялар  тәуекелі  және т.б. жатқызылады.

Экономикалық  факторларға  мыналар  жатады:  ЖҰӨ-нің  төмендеу  немесе  өсу қарқынының  баяулауы, өнімге  деген  бағаның  тез  өсуі, экспорттан  түсетін табыстың  төмендеуі, инфрақұрылымның  нашар  дамуы  және  т.б.

Информация о работе Банктік тәуекелдерді басқару