Банктік тәуекелдерді басқару

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 19:08, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
I. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері ......................................................8
1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі……............................................................18
1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері........................................................34

II. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ («Дана банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру....................47
2.2 Банктік тәуекелді бағалау және басқару жолдары......................................51

III. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибиесі............................67
3.2 Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу
жолдары..................................................................................................................75

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................85

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТ...............................................

Работа содержит 1 файл

Банктік тәуекелдерді басқару.doc

— 497.00 Кб (Скачать)

              2) Басқа да қарыз алушылар үшін 0,25 – тен аспауға тиіс (соның ішінде 0,10 – баланстан тыс міндеттемелермен қамтамасыз етілмеген банктік несиелер, сондай – ақ офшорлық аймақ аумағында тіркелген Қазақсатн Республикасының  бейрезиденттерге берілген несиелер бойынша).

              Мемлекет тарапынан несиелік тәуекелді реттеу шараларының ішіндегі келесі бір құралы – міндетті резервтер нормасын құру.  Проблемалық несиелрдің туындауы – кейбір банктермен жалпы мемлекеттің тұрақты проблемаларының бірі болып табылады. Банктік жүйенің тұрақтылығ мен сенімділігін арттыру, кредиторлар мен банк салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Қазақсатн Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 16 қарашадағы № 465 қаулысымен бекітілген «Активтердің, шартты міндеттемелердің жіктелуі және оларды күмәнді және үмітсіз санаттарға жатқыза отырып, оларға қарсы  провизиялар құру туралы» ережесін бекітті. Бұл ереженің көмегімен – екінші деңгейлі банктердің несиелік портфельдерінің сапасы бақыланады; несиелер тәуекел дәрежесіне қарай жіктелінеді; және мүмкін боларлық несиелік тәуекелдерге қарсы провизиялар құрылады. Сол ережегі сәйкес тәуекел дәрежесіне қарай несилер былай жіктелініп, оларға қарсы провизиялар құрылады:

1) Стандартты несиелер – қайтарылу уақыты жетпеген, бірақ қайтарылуында ешқандай күмән жоқ несиелер.

2) Күмәнді несиелер – қайтарылу  мерзімі ұзартылған, қайтарылуында күмән бар несиелер:                                                                                                                                                                                          

а) Күмәнді 1 категория – қайтарылу мерзімі 30 күнге дейін кешіктіріліп, қайтару мерзімі бір рет ұзартылған, банкке біршама тәуекел әкелетін несиені білдіреді. Мұндай несиенің түрі бойынша негізгі қарыз сомасынан 5% мөлшерінде провизия құрады.

б) Күмәнді 2 категория – қайтару мерзімі 30 – 60 күнге дейін кешіктірілген, мерзімі бір реттен жоғары ұзартылған банк үшін тәуекел тудыратын несиені білдіреді. Мұндай несие бойынша негізгі қарыз сомасынан  20% провизия құралады.

с)   Күмәнді 3 категория – қайтару мерзімі 60 – 90 күнге дейін кешіктірілген, мерзімі бір реттен жоғары ұзартылған, банк үшін тәуекел тудыратын несиені білдіреді. Мұндай несие бойынша негізгі қарыз сомасынан 20% провизия құрылады.

д) Күмәнді 4 категория – қайтару мерзімі 90 – 120 күнге дейін кешіктірілген, мерзімі бір реттен жоғары ұзартылған, банк үшін үлкен тәуекел тудыратын несиені білдіреді. Мұндай несие бойынша негізгі қарыз сомасынан 25% провизия құрылады.

е) Күмәнді 5 категория – қайтару мерзімі 120 – 150 күнге дейін кешіктірілген, бір реттен жоғары мерзімге ұзартылған, банк үшін үлкен тәуекел әкелетін несиені білдіреді. Мұндай несие бойынша 50 % провизия құрылады.

3) Үмітсіз несиелер – қайтару мерзімі 180 күнге дейін және одан жоғары мерзімге кешіктірілген, банк үшін қауіпті, яғни пайдасы есебінен шегерімге жататын несиені білдіреді. Мұндай несие үшін 100% мөлшерінде провизия құрылады.[16]

Қазақсатн Республикасының екінші деңгейдегі банктердің 2005 жылдағы берген несиелері бойынша нақты құрған провизиялары   1 – суретте көрсетілген:

 

4 – кесте Екінші деңгейлі банктердің 2005 жылы құрған                                                                      провизиялары *

Несиелердің

жіктелуі

Нақты

қарыз

Нақты

құрылған

провизиялар

Нақты

қарыз

Нақты

құрылған

апровизиялар

Нақты

қарыз

 

Нақты

Қарыз

провизиялар

Барлығы

01.05

01.05

03.05

03.05

06.05

06.05

7444432

43079

738053

41490

827117

43569

1.Стандартты

үлесі,

                       %

531013

 

71,3

1868

 

4,3

524580

 

71,1

1860

 

4,5

56756

 

68,6

182

 

0,4

2. Күмәнді үлесі,

                        %

200278

26,9

26554

61,7

201510

27,3

26217

63,2

241934

29,2

25555

58,7

1категория үлесі,

                       %

122286

61,0

6252

23,5

123344

61,2

6328

24,1

155117

64,1

7760

30,4

2катнгория үлесі,

                       %

21188

10,6

2137

8,1

24798

12,3

2498

9,5

31065

12,8

3107

12,2

3категория үлесі,                                                                                                                                    

                   %

31994

16,0

6847

25,8

25470

12,7

5556

21,2

32858

13,6

6571

25,7

4категория үлесі,                                                

                   %

7766

3,9

1971

7,4

11116

5,5

2872

11,0

23326

5,5

3332

13,0

5категория үлесі,

                      %

17044

8,5

9346

35,2

16.81

8,3

8962

34,2

9569

4,0

4786

18,7

3. Үмітсіз үлес,                                    

                  %

13140

1,8

14658

34,0

11963

1,6

13413

32,3

17826

2,2

17831

40,9

 

*ҚРҰБ – ң статистикалық бюллетені. 25 – бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III - тарау. Нарықтық экономика жағдайында банктік тәуекелді басқару                                                              әдістерін жетілдіру

 

3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибесі

 

Несиелер бойынша банктердің зиянға ұшырауының өсуіне біршама әсер ететін факторларға жасалған талдау, батыстың банкирлеріне мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Дүние жүзілік банктің мәліметтеріне сәйкес, несиелер бойынша банктердің зиян шегуінің басты себебіне, 67% - ішкі факторлар, ал 33% - ы сыртқы факторлар үлесі кіреді.

 

5 – кесте         Несиелердің барлығы банктің зиян шегуіне әкелетін

факторлар*

Ішкі факторлар

67%

Сыртқы факторлар

33%

Қамтамасыз етудің жетіспеушілігі

22%

Компанияның банкроттығы

12%

Несиеге деген өтінішті оқып үйрену

барысында ақпаратты дұрыс бағалау

21%

Кредиторлық қарызды

қайтаруын талап ету

11%

Алдын ала ескерту белгісіне кеш көңіл бөлуі

және операциялық бақылаудың әлсіздігі

18%

Жұмыссыздық/Жанұя

мәселелері

6%

Қамтамасыз етілудің сапасының нашарлығы

5%

Ұрлық/Алдау

4%

 

*Көзі: ҚазҰУ хабаршысы №4 (44) 2004, 74 – бет.

 

Несие бойынша банктердің зиян шегуіне себеп болатын сыртқы факторлар қатарында бірінші орында компаниялардың банкроттығының тұруы тегін емес. Банктің кез келген қарыз алушысы мұндай факторлардыбасынан кешуі мүмкін. Сондықтан да қарыз алушының несилік қабілетін талдай отырып, банк қызметкерлері міндетті түрде оның қаржылық жағдайын толық анықтап білуге тиіс. Банкроттықтың басты себептеріне басқарудағы жетіспеушілік, тиімді басқаратын ақпараттар жүйесінің болмауы, нарық жағдайларындағы өзгерістер мен бәсекеге төселе алмауы, өз мүмкіндіктері шамадан тыс көбейіп кетуі, яғни ресурстардың жоқтығына қарамастан компанияның жылдам кеңеюі, акционерлік капиталдың жетіспеушілігі және заемдық қаражаттардың үлесінің жоғарылығы жатады.

Несиелердің қамтамасыз ету құнына, барлық несиелік құжаттардың дұрыстығына байланысты несиелрді мынадай тәуекел топтарына жіктейді:

-         ең төменгі тәуекелі бар несиелер (жіктеуге жатпайтын несиелер);

-         ең жоғарғы тәуекелі бар несиелер;

-         шектеулі тәуекелі бар несиелер;

-         ережеден шығу барысында берілген несиелер (стандартты емес несиелер).

Әр тәуекел кластарына өтелмеген тәуекелдер үшін, өтелмеген несиелердің өзіндік үлесі белгіленеді.

Несиелік тәуекелді төмендетудің ең басты тәсіліне – потенциалды қарыз алушыларды таңдау жатады. Қарыз алушының қаржылық жағдайын талдауда және оның алған қарызды банкке уақытылы қайтаруына байланысты сенімділігін бағалауда көптеген әдістер қолданылуды.

Шетелдік банктердің тәжірибесінде қарыз алушының несиелік қабілетін жете бағалау несиелік тәуекелді төмендетуде басты шара болып табылады.

Қарыз алушыға кандидатты бағалау жүйесінде ағылшынның клирингтік банктерінде кеңінен пайдаланып келетін әдістердің біріне  PARSER немесе CAMPARI әдістерін жатқызуға болады.

PARSER:    

P – Person – потенциалды қарыз алушу туралы ақпарат, оның беделі;

A – Amount – сұрайтын несие сомасының негіздемесі;

R – Repayment – несиені қайтару мүмкіндігі;

S – Security – қамтамасыз ету құралы;

E – Expediency – несиенің мақсаттылығы;

R - Remuneration – несиені беру тәуекелі үшін банктің пайыз мөлшерлемесі.

CAMPARI:

C – Character – қарыз алушының беделі;

A – Ability – қарыз алушының бизнесін бағалау;

M – Means – ссудаға деген қажеттілігін талдау;

P – Purpous – несиенің мақсаты;

A – Amount – несие сомасының негізделуі;

R – Repayment – несиені қайтару мүмкіндігі;

I – Insurance – несиелік тәуекелден сақтандыру әдісі.

              Американдық банктер тәжірибесінде потенциалды қарыз алушыларды дұрыс таңдай білуде «алты си ережесі» қолданылады:

-         character (қарыз алушының сипаты);

-         capacity (қаржылық мүмкіндігі);

-         cash (ақшалай қаражаты);

-         collateral (қамтамасыз етуі);

-         conditions (жалпы экономикалық жағдай);

-         control (бақылау).

Қарыз алушының сипаты бұл оның беделін, жауапкершілік дәрежесін, қарызды өтеуге дайындығын және қалуын білдіреді.

Қарыз алушының қаржылық жағдайы оның несие қайтару қабілетін сипаттайды. Ол оның кірістері мен шығыстары және олардың алдағы уақыттардағы өзгеру перспективаларын нақты талдау көмегімен анықталады.

Ақшалай қаражаты. Жалпы қарыз алушының алған несиені қайтаруын үш көзі болады:

1.      Нақты ақшалар тасқыны;

2.      Активтерді сату;

3.      Қаржыларды тарту.

Көрсетілген көздердің кез келген несиені қайтаруға арналған қаражаттың қалдық сомасын қамтамасыз ете алады. Бірақ та банктер несиені қайтарудың негізгі көзі ретінде нақты ақшалар тасқынын маңызды санайды, себебі активтерді сату қарыз алушының баланстын нашарлатып жіберуі мүмкін деп санаса, ал қосымша қаражат тарту банктің кредитор ретіндегі позициясын бәсеңдетеді.

              Нақты ақшалардың жетіспеуі қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлығын сипаттайтын басты көрсеткіш болып табылады.

Нақты ақшалар тасқыны мынадай түрде анықталады:

Нақты ақшалар тасқыны = Таза пайда + Амортизация + Кредиторлық қарыз – Тауарлы – материалды құндылықтар қоры және дебиторлық қарыз.

              Бұл формуланын артықшылығы – оның көмегімен несиелік қызметкер қарыз алушының менеджерлерінің біліктілігін және тәжірибесін, сол сияқты қарыз алушының жұмыс жасайтын нарығының жағдайын анықтай алады.[17]

Қамтамасыз етуі. Сондай – ақ банк қарыздың қамтамасыз етілуі яғни, оның жеткіліктілігіне, сапасына және қарыздың қайтарылмау жағдайында оның өтімділік дәрежесіне мән береді.

Экономикалық жағдай. Несиеге деген өтінішті қарау барысында банк жалпы шарт ретінде елдегі іскерлік жағдай және оның банк жұмысына, сол сияқты қарыз алушының жағдайына тигізер ықпалын сипаттайтын экономикалық коньюктуралық жағдай, бәсекелестерінің болуы, салық, баға, және т.б. қарастырылады.

Информация о работе Банктік тәуекелдерді басқару