Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 19:08, курсовая работа
Жұмыстың өзектілігі. Нарықтық құрылымдар жүйесінде коммерциялық банктер маңызды орынға ие. Олардың қызметінің дамуы нарықтық механизмді нақты құрудың қажетті жағдайы болып отыр. Қазіргі уақытта банктер тәуекелмен байланысты операцияларды атқарады. Сондықтан да тәуекелдер шектеулі, бағаланған және банктің қаржылық мүмкіндіктер шеңберінде болуы керек.
КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3
I. БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1.1 Банктік тәуекелдердің мәні мен түрлері ......................................................8
1.2 Банктік тәуекелдердің жіктелуі……............................................................18
1.3 Банктік тәуекелдерді басқару әдістері........................................................34
II. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ БАСҚАРЫЛУЫН ТАЛДАУ («Дана банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қазақстан Республикасында басқару жүйесін ұйымдастыру....................47
2.2 Банктік тәуекелді бағалау және басқару жолдары......................................51
III. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНКТІК ТӘУЕКЕЛДІ БАСҚАРУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Банктік тәуекелдерді басқарудың шетелдік тәжірибиесі............................67
3.2 Банктік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдерінің жетілу
жолдары..................................................................................................................75
ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................85
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДИБИЕТ...............................................
Әлеуметтік факторлар азаматтық соғыс, табыстардың бірдей бөлінбеуінен, идеологиялық және діни көзқарастардың қайшылықтары, ұлттық қақтығыстар, көтерілістер жағдайларынан туындайды.
Құқықтық факторлар келесіде: заңдылықтардың өзгеруі, оның бұзылуы.
Бәсекелестік факторлар: банктің және банктік мекемелердің қосылуы, банктік операциялар мен мәмілелердің жаңа түрінің пайда болуы, басқа банктердің қызмет құнының төмендеуі, банктік қызмет сапасына деген талаптардың жоғарылауы, жаңа банктік мекемелер пайда болуының жеңілдігі, банктің банкротқа ұшырау қиындығы мүмкіндігімен байланысты болады. Қаржылық факторлар тәуекелдігі – жалпы ішкі өнім, сыртқы қарыздың экспортқа қатысты қызмет көрсетуінің көлемі, ЖІӨ - ге ағымдағы баланстың дефицитінің сыртқы қарызға қолайсыз қатынасы.
Банктің өзінің қызметіне байланысты және ол тәуекел жағдайларды белсенді түрде басқару мүмкіндігін иеленеді. Ішкі тәуекелдерге берілген жекеленген коммерциялық банк иеленетін кәсіпкерлік артықшылықтар әсер етеді. Атап айтсақ, қаржылық нарықтың берілген аясында банктің қызмет көрсетуін ұйымдастыру кезінде оның басшылары мен дұрыс таңдалған стратегиясымен саясаты. Банктік операциялар технологиялық процестерімен маманданған қызметкерлер жеткілікті минимумын оптималды басқару, тиімді маркетингтік стратегияны және тактиканы таңдау және т.б факторлар. Ішкі тәуекелдер банктің өз қызметінен клиенттердің қарыз алушылардың немесе оның берілген контр серіктестіктер қызметіне байланысты. Олардың деңгейіне банк басшыларының іскерлік белсенділігі, басқарудың тиімділігі мен тактикасы және басқадай факторлар үлкен әсер етеді. Осыдан келе тәуекелдер келесідей бөлінеді:
- банк активтерімен байланысты (несиелік, валюталық, нарықтық, лизингтік, кассалық, есеп айырысулық, факторингтік, корреспонденттік шот бойынша, қаржылық және инвестиция бойынша тәуекел және т.б.);
- банк пассивімен байланысты (салым және депозит бойынша, банкаралық несиелерді тарту тәуекелдері және диверсификация тәуекелі);
- банктің өзінің активтерімен пассивтерін басқару сапасымен байланысты (пайыздық тәуекел, өтімділік тәуекелі, төлем қабілетсіздігі, капитал құрылымы тәуекелі, банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелі);
- қаржылық қызмет жүзеге асу тәуекелімен байланысты (операциондық, технологиялық тәуекелдік, жаңа енгізулер тәуекелдігі, стратегиялық, бухгалтерлік, әкімшілік тәуекелдігі, қауіпсіздік тәуекелі).
Банк клиенттерінің құрамының тәуекелдігі банктік қызмет маркетингпен, қоғаммен қарым – қатынас жасаумен байланысты. Кіші орта және ірі клиенттердің талаптарының әр түрлілігі сол тәуекелдің деңгейін анықтайды, яғни ұсақ қарыз алушы ірі қарыз алушыға қарағанда нарықтық экономиканың кездейсоқ жағдайларына көбірек тәуелді болады. Сонымен қатар бір қарыз алушыға немесе бір – бірімен байланысты қарыз алушылар тобына, салаға және аймаққа немесе мемлекетке берілген үлкен несиелер көп жағдайда банктің банкротқа ұшырауының негізгі себебі болады.
Банк үшін таңдамалы клиентті дұрыс таңдау үлкен маңызға ие. Әдетте осындай серіктестіктерде қаржылық тұрақтылықтарын жоғары деңгейі бар және өтімділік пен баланс төлем қабілеттігінің жақсы көрсеткіштері, табыстылық деңгейінің жеткіліктілігімен қамтамасыз етілген меншікті қаражаты бар кәсіпорындар жатқызылады. Нарықтық қатынастың дамуына байланысты банктік жүйенің тұрақсыздығы күшейеді, ал ол өз кезегінде экономика мен кәсіпорынның әр салалар жағдайына әсер етеді. Шаруашылық субъектілер өзіндік қаражаттар мен резервтерді қысқарта бастайды. Бұл несие ресурстар дұрыс айналымының бұзылуына және банк операцияларының тәуекелдерінің өсуіне алып келіп соғады.
Банк операциялар есебінің сипаттамасы тәуекелдерді келесідей бөлуді ұсынады: баланстық және баланстан тыс операциялар бойынша, активтік және пассивтік операциялар бойынша тәуекелдер. Бірақ, айта кететін жайт, баланстық операциялар бойынша пайда болатын тәуекелдер көбінесе баланстан тыс операцияларға таралады.
Банктік баланс тәуекеліне келесілер жатады:
- несиелік тәуекел (негізгі ссуда бойынша қарыздың қайтарылмау тәуекелі);
- пайыздық тәуекел (берілген ссуда бойынша пайыздың алынбау тәуекелі);
- өтімділік тәуекелі (банктің өз міндеттемелерін уақытында орындамау тәуекелі, өтімділік нормативтерін бұзу тәуекелі);
- капитал құрылымының тәуекелі (капитал жеткіліктілік нормативінің банк орындамау тәуекелі, оның капитал құрылымының рационалды емес ұйымдастыру тәуекелі).
Соңғысы банктің қосымша капиталы (несиелік тәуекелдерді жабуға арналған резервтер, бағалы қағаздардың құнсыздануынан резервтер және т.б.) негізгі капиталынан асып түскенде пайда болады.
Баланстан тыс тәуекелдер банктің келесідей жағдайларға қызмет көрсете алмау мүмкіндігі:
- берілген кепілдер бойынша;
- шығарылған бағалы қағаздар, бағалы қағаздармен жасалған келісім – шарт бойынша;
- несиелік міндеттемелер бойынша;
- валюталық мәмілеге отыру бойынша.
Сонымен қатар, банктік тәуекелдер деңгейі лизингтік және факторлық операцияларды, бартерлік және клирингтік мәмілелерді жүзеге асырған кезде пайда болуы мүмкін.
Лизинг –жаңа техника және технологияны дамытуды қаржыландыру, нақты негізгі капиталдың жеке элементтерді жедел түрде енгізу қажеттілік кезеңінде құрал – жабдықтарды сатуды ұлғайту, тауардың өмір циклін қысқарту тәсілі.
Лизингтік мәмілелердің тәуекелін төмендету үшін амортизациялық аударымдар нормаларын жедел түрде өңдеу немесе оларды мерзімінен бұрын аударуды пайдалану керек. Қазіргі уақытта лизинг тәуекелі жоғары операция болып саналады. Сондықтан да одан келетін шығындарды жабу банктің резервтік қор есебінен мақсатты түрде жүзеге асырылуы керек.
Лизингтік операцияларды жүзеге асыратын субъектілер арасындағы қатынас формасына байланысты ол оперативтік, қаржылық, қайтарымды және халықаралық бола алады.
Жоғарыды көрсетілген лизингтің әрбір түрлері тікелей және жанама, шұғыл және қайта қалпына келетін (рефольверлік), таза және толық бола алады. [1]
Клиринг – ақша (валюта) аударымсыз тауарларды айырбастауды жүргізетін мемлекеттер, экономикалық бірліктер, екі банк арасындағы дара төлеу. Клирингтік операциялар маңызы келесідей көріністе: арнайы клирингтік келісім – шарт негізінде белгілі бір календарлық кезеңдегі, көбінесе бір жылдағы өзара сауда сомасы әр түрлі сауда – саттықпен айналысатын елдердің белгілі бір банктік шоттарында айналыста жүреді. Клирингті жүзеге асыра отырып, әрбір экспортер жақ экспортқа шығаратын тауар сомасын өз банкісінен алады. Банк өз жағынан банк – импортердің аударымын күтпейді, керісінше клирингтік шотты дебиттейді және импортермен байланысты сәйкес банкке дебиттік авизо жібереді. Өзара жеткізуіндегі балансты жүзеге асыруға тырысқанға қарамастан, көбінесе кезең соңында бір жақ өз пайдасынан асып түседі. Яғни, авуарға ие болады. Ол өзінің серіктесінен тауар алғысы келмейді немесе оған ақша қажет. Бұл жағдайда жақ делдалдау көмегімен үшінші елге өзінің авуарын сата алады. Бұл жерде клирингтік валюта құны мен еркін айырбасталатын валюта құны арасында пайда болады. Сандық сипатта бұл айырманы дизажио деп атайды. Мысалы, 100 клирингтік долларды 85 еркін айырбасталатын валютаға айырбастаса, онда дизажио 15 % - ды құрайды. Клирингтік валютаны сату суитч деп аталады (ағылшын тілінен аударғанда «switch» - ауыстыру, көшу). Бұл термин сауда мәмілерінің субъектісін немесе объектісін айырбастаған кезде қолданылады. Мысалы, беделі төмен бағалы қағаздарды сатуда, несиелік мәміле жағдайында серіктестіктерді ауыстырғанда және т.б жағдайларда болады.
Бартерлік мәмілелер – тауарды ақшамен емес, тауармен төленетін өтелу формасы. Олар фирмааралық және мемлекетаралық бола алады. Фирмааралық бартерлік мәмілелер әр түрлі делдалдар көмегімен жүзеге асырылады. Халықаралық бартерлік мәмілелер клиринг сияқты прайс – беттермен, техникалық несиемен, тауар құнын қайта санау валютасымен байланысты, бірақ белгілі бір уақыт кезеңімен байланысты емес және бартерлік келісім – шарт ұзақтылығы нақты прайс – беттерде көрсетілген тауар құны мен санына байланысты.[2]
Факторингтік операциялар бойынша тәуекелді төмендету үшін қарыз алушының төлем қабілеттілігін, оның шаруашылық байланысының сипатын және жабдықтаушылармен қарым – қатынасын, төлемдер құрылымын, өнімнің бәсекелес қабілеттілігін, оның қайтару жағдайлары санын және т.б қорытындылау керек. Банктің факторингтік бөлімімен вексельді сатып алғанда, жабдықтаушылардың қола вексельді (яғни, тауармен өтелмейтін вексель) ие болуда қосымша тәуекелдің пайда болуына соғады.
Ішкі тәуекелдер банктің түріне және ерекшелігіне байланысты. Бұны былайша түсінуге болады: барлық банктерге сыртқы тәуекелдері, қаржылық қызмет көрсету тәуекелі, баланстық және баланстан тыс тәуекелдер тән бола тұра, негізгі зоналар, көлемдері және артықшылықты бағыттар банктің мамандануына байланысты әр түрлі қалыптасады, осыдан келе банк қызметінің әрбір түрі әр түрлі сипатталынады. Тәуекелдер жинағы бұл банктер үшін әр түрлі болады. Ақшалай бос қаражаттарды тарту және оларды басқа да несиелік мекемелерде орналастырумен айналысатын банктер үшін салымдар мен депозиттік операциялар бойынша тәуекелдер тән, сонымен қатар банкаралық несиелердің қайтарылу мүмкіндігі бар. Негізгі бағыттары инновация болып табылатын мамандандырылған банктерге жаңа технологияларды ұзақ және орта мерзімді несиелендірумен байланысты тәуекелдер тән болып келеді. Сондықтан мұндай банктерде бірінші орында инновация тәуекелі (қаржылық қызмет көрсету тәуекелінің элементі ретінде), сонымен қатар маркетингтік тәуекелдер (яғни, жаңа технологияларды енгізетін өнеркәсіпті өнімді өндіруде туындайтын алдын ала болжанбаған қиындықтармен байланысты тәуекелдер). Бұл жағдайда ерекше мағынаға сыртқы жобалық тәуекелдер, яғни, фирмаішілік немесе корпоративтік тәуекел, нарықтық немесе портфельдік тәуекел (банктік саясат және несиелік портфельге сәйкес тәуекел табиғаты және тәуекел географиясы). Бұл жерде алдын ала экономикалық тиімділікті, сапалылығын бағаламай, технологиялық жаңалықты игеруде үлкен тәуекелге тап болады, яғни, жаңа технологияны уақытынан бұрын бастаса, жаңа өнімге тұтынушы сұранысы жоқ немесе аз болса, өндіретін өнімнің белгілі бір бағытта түрі көп болса және т.б. Биржалық банкті қарастырғанда, негізгі екі тәуекел түріне көңіл бөлу керек. Мысалы, тауарлық биржада клиенттің алдын ала берген қаражаты негізінде клирингтік есеп айырысуды қамтамасыз ететін банк үшін есеп айырысу тәуекелі, яғни есеп айырысу операциялары бойынша шығын болады. Егер биржалық банк бағалы қағаздар нарығында клиенттермен бірлесе отырып трасталық және брокерлік қызметтер көрсетсе, онда бағалы қағаздармен байланысты келесідей тәуекелдер болады:
- капиталдық(бағалы қағаздар портфелінің өтімді емес тәуекелі);
- селективтік (бағалы қағаздарды дұрыс таңдамау тәуекелі);
- уақтылығы;
- нарықтық (бағалы қағаздардың құнсыздану тәуекелі);
- іскерлік (эмитенттің бағалы қағаздар бойынша пайыздарды төлемеу тәуекелі);
- қайтарылатын (эмитент облигацияны қайтарып беру тәуекелі).
Сыртқы сауда операцияларына қызмет көрсететін мамандандырылған банк келесідей негізгі тәуекелдерге кездеседі:
- экономикалық (валюта бағамының өзгерісіне байланысты актив және пассив құнының өзгеру тәуекелі);
- аударым (пассив және активтердің шетел валютасында есептегенде айырмашылық тәуекелі);
- мәмілелік (мәміле құнының болашақ ұлттық валютада анықталмағандығының тәуекелі);
- сақтандыру;
- саяси.
Жеке тұлғаларға қызмет көрсететін банктер үшін келесі тәуекелдер тән:
- ипотекалық және тұтыну ссудалы бойынша қаржылық және несиелік тәуекелдер;
- кепілхат бойынша тәуекел (гарантия);
- кепіл тәуекелі (залог).
Ипотекалық банктер көбінесе несиелік кепілдік заңдылық тәуекелдерге ұшырайды.
Салалық банктер қызметтеріне салалар сипатына тән тәуекелдер және олардың орта салалық көлемі әсер етеді. Олар басқа салалармен салыстырғанда қаржылық және экономикалық аспектілеріндегі салалардың өзгергіштігімен, динамизм деңгейімен тікелей байланысты. Салалық тәуекелдердің келесідей түрлері бар:
- бета – тәуекелі (бета - коэффициент);
- саланың өмірлік цикл тәуекелі;
- салаішілік бәсеке тәуекелі.
Бета – тәуекелі – ол жалпы экономикалық қызмет нәтижесімен салыстырғанда сала қызметінің нәтижесі орташа деңгейден жиі ауытқып тұратын жүйелік тәуекел. Егер бета тәуекел 1 – ге тең болса, онда ол мемлекет экономикасының жалпы сипатына сай келетін салаға ауыстыру керек. Бета – тәуекел түсінігін жеке банктерге де пайдалануға болады. Оны Глориябанк (Ресей) аналитикалық орталығы және ПАКК кеңес беру формалар дифференциалды акция портфелі салыстырмалы орташа бағалы қағаздармен байланысты операциялар бойынша жүйелік тәуекелді есептеу үшін қолданады. Сонымен қатар, екінші деңгейлі биржадан тыс рыноктарда акциялары айналыста жүретін банктер қарастырылады. Нәтижесінде, акциялар бойынша бета – тәуекелдің экспорттық бағалы қағаз көрсеткіштері анықталды. Оған сәйкес банктерді келесідей 5 топқа бөліп қарастыруға болады: